Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» желтоқсандағы № 919 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 2 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 13.11.2018 жылғы № 746 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.12.2017 жылғы № 882 Қаулысына сәйкес (22.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2018 жылы № 16 (28645) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын Бағдарламада көрсетілген мерзімдерде Бағдарламаның бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне Бағдарлама іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат, оның ішінде Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2017 жылғы № 390 Қаулысына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы № 120 (28499) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2017 жылғы № 390 Қаулысына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы № 120 (28499) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. «Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 583-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген үкіметтік бағдарламалардың тізбесінде:
реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
6. |
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
2017 – 2021жылдар ». |
6. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген
"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарлама тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.12.2017 жылғы № 882 Қаулысына сәйкес (22.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2018 жылы № 16 (28645) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Паспорт (негізгі параметрлер)
1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.06.2017 жылғы № 390 Қаулысымен (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы № 120 (28499) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.12.2017 жылғы № 882 Қаулысымен (22.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2018 жылы № 16 (28645) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бөлім өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2018 жылғы № 216 Қаулысымен (26.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Атауы |
"Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген отырысының № 01-7.8 хаттамасы |
Бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік органды көрсету |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі – Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша |
Мақсаты |
Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту |
Міндеттері |
1. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау. |
Іске асыру мерзімдері |
2017 – 2021 жылдар |
Нысаналы индикаторлары |
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау жолымен 2021 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі: |
Қаржыландыру көздері және көлемі |
республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат: 2017 – 40 295 647 мың теңге; 2018 – 67 392 995 мың теңге; 2019 – 41 540 291 мың теңге; 2) жергілікті бюджет есебінен бөлінетін қаражат: 2017 – 45 038 436 мың теңге; 2018 – 45 391 093 мың теңге; 2019 – 45 453 119 мың теңге |
2. Кіріспе
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай прогреске қол жеткізіп, табысы ортадан жоғары деңгейдегі елге айналды.
Дүниежүзілік Банктің деректеріне сәйкес 2000 жылдан бастап мемлекетіміз жан басына шаққанда тұрғындардың табысының 7 пайызға жуық нақты өсуіне қол жеткізіп, әлем экономикасындағы ең тез дамушы 10 елдің тобына кірді.
Мұндай тұрақты өсу кедейлік деңгейін едәуір төмендетуге, тұрғындардың біршама бөлігін неғұрлым нәтижелі жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, адамдардың әл-ауқатының жақсаруына, еңбек өнімділігінің артуына және жұмыссыздардың және нәтижесіз еңбекпен айналысатын адамдардың, әсіресе, ауылды жерлердегі санын азайтуға мүмкіндік берді.
Осы проблемаларды шешу үшін "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 2011 жылдан бастап жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылған тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту жөніндегі шаралар белсенді түрде іске асырылды. "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл жоспарының ("2009 және 2010 жылдардағы жол карталары") логикалық жалғасы болып табылды әрі дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін қамтиды.
Сонымен бірге, экономиканың өсуі аясында, еңбек нарығындағы елеусіз сыйымдылықпен байланысты құрылымдық проблемалардан басқа, сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамту үлесінің жоғарылығына, кәсіптік оқытудағы кемшіліктерге, кәсіпкерлікпен айналысу қолжетімділігіне және еңбек нарығындағы аумақтық теңгерімсіздікке қатысты проблемалар шешімін таппай отыр.
Еңбек нарығында қалыптасқан проблемаларды шешу және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында Мемлекет басшысы 2016 жылғы 9 қыркүйекте Үкімет алдына жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде міндет қойды.
Жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу, адами капитал сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету "Қазақстан – 2050" Стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес даму басымдықтары ретінде айқындалған.
Осыған байланысты "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті және дағдыларды меңгерудің тиімді жүйесін, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағытталған.
2-бөлімнің сегізінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.12.2017 жылғы № 882 Қаулысына сәйкес (22.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2018 жылы № 16 (28645) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
______________________________
Дүниежүзілік Банктің талдау хаты, "Қазақстан: жұмыс орындарын құру стратегиясын әзірлеу жолында" 2016 жылғы маусым
2.1. Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) "АШҚҚҚ" АҚ – "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы;
2) "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – жұмыс берушілер, ізденушілер және жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арасында өзара байланысты қамтамасыз ететін еңбек делдалдығына жәрдемдесу іс-шараларының кешені;
3) әскери техникалық мектеп – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі органдарына ведомстволық бағынысты арнайы оқу орындары;
4) кепілгер – "ҚазАгроКепіл" акционерлік қоғамы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
5) кепілдік – қарыз алушының міндеттемелері бойынша кредитор алдында кепілгердің субсидиарлық жауапкершілігін растайтын құжат;
6) кепілдік шарты – кепілгердің, кредитордың және қарыз алушының арасында кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органдар бекітетін нысандар бойынша кепілдік беру туралы жасалған үшжақты жазбаша келісім;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2017 жылғы № 390 Қаулысына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы № 120 (28499) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) оқытудың екі деңгейлік моделі – техникалық және кәсіптік білім берудің кіріктірілген білім беру бағдарламалары бойынша білікті жұмысшы кадрларды және орта шендегі мамандарды даярлауды көздейтін оқыту жүйесі;
8) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
9) кредитор – микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/кредиттік серіктестіктер/"АШҚҚҚ" АҚ;
10) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға сүйене отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
11) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган – білім беру қызметтерін ұсына отырып, басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
12) ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – ауыл шаруашылығын басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
13) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган –кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін басқару функциясын іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі;
14) кредит/микрокредит – микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)/екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ)/кредиттік серіктестіктер (КС)/"АШҚҚҚ" АҚ ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шарттарында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында кредиттік желімен жаңартылмайтын кредит/микрокредит ұсыну туралы шарт бойынша Бағдарламаға қатысушыға беретін қарыз қаражаты;
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2017 жылғы № 390 Қаулысына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы № 120 (28499) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.12.2017 жылғы № 882 Қаулысына сәйкес (22.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.01.2018 жылы № 16 (28645) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
15) микроқаржы ұйымы – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
16) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – ЕДБ/"АШҚҚҚ" АҚ/микроқаржы ұйымына/кредиттік серіктестіктерге кредит/микрокредит алу үшін өтініш берген уақытқа қарай дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2017 жылғы № 390 Қаулысына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы № 120 (28499) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
17) микрокредит беру ұйымы – "Аграрлық кредиттік корпорация" акционерлік қоғамы, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
18) білім беру ұйымы – оқу орны және/немесе оқу орталығы, әскери-техникалық мектеп және оның филиалдары;
19) Бағдарлама операторлары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
19-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.06.2017 жылғы № 390 Қаулысына сәйкес (29.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы № 120 (28499) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |