Toggle Dropdown
14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 26.03.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907
қаулысымен бекітілген
Toggle Dropdown
5
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 17-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалатын заңдардың жобаларын, сондай-ақ Заңның 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, орналастыру, жария талқылау, келісу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы – азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасындағы олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын өзгерістер туралы хабардар ету және оларды түсіндіру, сондай-ақ қабылданған заңды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі;
Toggle Dropdown
2) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы (бұдан әрі – ашық НҚА интернет-порталы) – «электрондық үкімет» веб-порталының жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және өзге ақпаратты «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орналастыруды қамтамасыз ететін құрамдасы;
Toggle Dropdown
3) ашық НҚА интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы ұсынатын, баптауларды және ашық НҚА интернет-порталында орналастырылатын контентті басқаруға арналған қосымша;
Toggle Dropdown
4) «Е-заңнама» ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау (мониторинг) жүргізуге, сондай-ақ норма шығарудың жекелеген процестерін автоматтандыруға арналған бірыңғай құқықтық жүйе;
Toggle Dropdown
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
7) нысаналы топ – құқықтары мен мүдделері ұсынылып отырған реттеумен (нормативтік құқықтық актінің жобасымен) қозғалатын тұлға, тұлғалар тобы;
Toggle Dropdown
8) пилоттық жоба – мемлекеттік орган енгізілетін реттеу нәтижесін анықтау мақсатында жүргізетін рәсім;
Toggle Dropdown
9) реттеу субъектілері – нормативтік құқықтық актілердің күші қолданылатын тұлғалар;
Toggle Dropdown
10) реттеушілік жүктеме – Қазақстан Республикасының заңнамасында орындалуы міндетті талаптардың белгіленуіне байланысты уақыт пен адами ресурстар шығындарын қоса алғанда, реттеу субъектілерінің қаржылық ауыртпалығы;
Toggle Dropdown
11) реттеушілік саясат – нормативтік құқықтық актілер арқылы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу;
Toggle Dropdown
12) реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі – консультативтік құжат) – нақты саладағы мемлекеттік реттеу проблемалары, оларды шешу жолдары, заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де ережелер қамтылуға тиіс белгіленген нысандағы құжат;
Toggle Dropdown
13) заң жобасына түсіндірме жазба – заң жобасы туралы жалпы мәліметтер алуға мүмкіндік беретін және жұртшылықтың болашақ реттеушілік саясат туралы хабардар болу деңгейін арттыруға ықпал ететін нысанда жазылған, заң жобасының мақсаттары, міндеттері мен негізгі ережелері егжей-тегжейлі сипатталған, заң жобасын қабылдау қажеттігінің негіздемесін қамтитын, заң жобасына қоса берілетін міндетті құжат;
Toggle Dropdown
14) «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітілген «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Үкімет айқындайтын заңды тұлға.
Toggle Dropdown
3. Қағидалар жобаланатын реттеуден болатын салдарды болжау рәсімдерін, заң жобаларын жария талқылау рәсімдерін және реттеушілік саясаттың басқа да рәсімдерін қоса алғанда, көзделген рәсімдерді дәйекті сақтау арқылы реттеушілік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге және Үкіметтің заң шығару бастамасын іске асырудың бірыңғай тетіктерін қалыптастыруға бағытталған.
Toggle Dropdown
4. Үкіметтің заң шығару жұмысын орталық атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар олармен келісу бойынша жүзеге асырады және ол мыналарды:
Toggle Dropdown
1) консультативтік құжатты әзірлеуді, оны мүдделі органдармен, ұйымдармен және нысаналы топтармен талқылауды;
Toggle Dropdown
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4) консультативтік құжатты жария талқылау, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мүшелерінің ұстанымдарын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Әділет министрлігі) қорытындысын, қоғамдық кеңестердің, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің (бұдан әрі – сараптамалық кеңестер), Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ҰКП) қорытындыларын алу үшін ашық НҚА интернет-порталында осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен орналастыруды;
Toggle Dropdown
5) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6) консультативтік құжатты Комиссия отырысында қарауды;
Toggle Dropdown
7) консультативтік құжатты Комиссия мақұлдаған жағдайда заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құруды;
Toggle Dropdown
8) егер заңның тиісті жобасында оларды қабылдау көзделсе, заң жобасын, оның ішінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді, заң жобасына ілеспе материалдарды келісуге енгізу үшін қажетті актілерді әзірлеуді;
Toggle Dropdown
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
10) егер Кәсіпкерлік кодексте кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралды немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін заң жобасының реттеушілік әсеріне талдау жүргізу қажеттігі көзделген болса, оны жүргізуді;
Toggle Dropdown
11) осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен заң жобасын жария талқылау үшін, ғылыми сараптамалардың (лингвистикалық сараптаманы қоспағанда), қоғамдық кеңестердің, сараптамалық кеңестердің қорытындыларын алу үшін ашық НҚА интернет-порталына орналастыруды;
Toggle Dropdown
12) мемлекеттік органның бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын адамның шешімі бойынша заң жобасы бойынша жария тыңдаулар өткізуді;
Toggle Dropdown
13) заң жобасын Заңға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне (бұдан әрі – Үкімет регламенті) сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуді;
Toggle Dropdown
14) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
15) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
16) заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) енгізуді және оны Үкімет регламентіне сәйкес қарауды;
Toggle Dropdown
17) Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелеріне (бұдан әрі – Заң жобаларын Қазақстан Республикасының Президентімен келісу ережелері) сәйкес заң жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі) келісуді;
Toggle Dropdown
18) заң жобасын Президент Әкімшілігімен, Үкімет Аппаратымен келіскеннен кейін олар Парламенттің қарауына енгізілгенге дейін заң жобасына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді;
Toggle Dropdown
19) заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне (бұдан әрі – Парламент Мәжілісі) енгізуді;
Toggle Dropdown
20) заң жобасын Парламент палаталарында (бұдан әрі – Парламент) қарау кезінде оны ұсынуды және сүйемелдеуді;
Toggle Dropdown
21) қабылданған заңның іске асырылуын Үкімет Регламентіне сәйкес оның ішінде, егер тиісті заң жобасында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау көзделсе, оларды уақтылы бекіту арқылы қамтамасыз етуді;
Toggle Dropdown
22) қабылданған заң бойынша ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен Әділет министрлігіне және БАҚ саласындағы уәкілетті органға келісуге жолдауды;