• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары (910.00-нысан)
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год
Внимание! Недействующая редакция документа. Посмотреть действующую редакцию

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына 92-қосымша

92-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 21.06.2016 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес (25.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары (910.00-нысан)
Осы редакция 31.10.2016 жылы енгізілген өзгерістерге  дейін қолданылды 
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары (910.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі ) сәйкес әзірленген және жеке (корпоративтік) табыс салығын және әлеуметтік салықтарды, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге арналған шағын бизнес субъектілері үшін салық есептілігі (оңайлатылған декларация) нысанын (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері жасайды.
2. Осы Қағидалар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап салық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының сол жақ бірінші торкөзінде «–» белгісімен көрсетіледі.
5. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
6. Декларация жасау кезінде:
1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық жеткізгіште – нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. 
7. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
8. Декларацияны табыс ету кезінде:
1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы мемлекеттік кірістер органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігін мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігін қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.
2. Декларацияны жасау (910.00 – нысан)
9. «Салық төлеуші (салық агенті) туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші (салық агенті) мынадай деректерді көрсетеді:
1) ЖСН/БСН – салық төлеушінің (салық агентінің) жеке сәйкестендіру нөмері (бизнес-сәйкестендіру нөмері); 
2) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Салық міндеттемесін мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдай) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес сенімгерлікпен басқарушы заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
3) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
4) салық төлеуші санаты. Торкөздер егер салық төлеуші А немесе В. C немесе D торкөздерінде көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді;
А – салық міндеттемесінің орындалуы сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген шартпен мүлікті басқару сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеуші;
В – салық міндеттемесінің орындалуы сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген шартпен мүлікті басқару сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқарушының құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындаудың өзге жағдайларында пайда алушы болып табылатын салық төлеуші;
С - Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді жүзеге асыратын салық төлеуші;
D - Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді жүзеге асырмайтын салық төлеуші; 
5) декларацияның түрі. Тиісті торкөздер декларацияны Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігі түріне жатқызу есебімен белгіленеді;
6) хабарламаның нөмірі мен күні. Торкөздер Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларация түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;
7) «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды;
8) резиденттік белгісі.
А торкөзін Қазақстан Республикасының резидент салық төлеушісі белгілейді.
В торкөзін Қазақстан Республикасының резидент емес салық төлеушісі белгілейді.
10. «Салықтарды есептеу» деген бөлімде:
1) 910.00.001 жолында Салық кодексінің 427-бабы 8-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескеріле отырып, осы баптың 3-тармағына сәйкес белгіленген табыс сомасы көрсетіледі;
2) 910.00.002 жолында «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Трансферттік баға белгілеу туралы Заң) сәйкес айқындалатын табыс көрсетіледі; 
3) 910.00.003 жолында: 
заңды тұлғаның: А+В+С+D+E+F / 6 ай формуласы бойынша айқындаған, мұнда А+В+С+D+E+F - салық кезеңінің әрбір айы үшін қызметкерлердің саны;
дара кәсіпкер ((А+В+С+D+E+F) / 6 ай + 1) формуласы бойынша, дара кәсіпкерді қоса алып, айқындаған салық кезеңі үшін қызметкерлердің орташа тізімдік саны көрсетіледі;
4) 910.00.004 жолында салық кезеңі үшін бір қызметкерге орташа айлық еңбекақысы көрсетіледі;
5) 910.00.005 жолында: 910.00.001 х 3% формуласы бойынша айқындалатын, Салық кодексінің 436-бабы 1-тармағында белгіленген ставка бойынша есептелген салықтардың сомасы көрсетіледі;
6) 910.00.006 жолында Салық кодексінің 436-бабы 2-тармағына сәйкес салықтардың сомасын түзету көрсетіледі, ол заңды тұлғалармен: 910.00.005 (табыстан есептелген салықтардың сомасы х 910.00.003 (қызметкерлердің орташа тізімдік саны) х 1,5% (түзету проценті) формуласы бойынша айқындалады;
дара кәсіпкерлермен: 910.00.005 (табыстан есептелген салықтардың сомасы) х 910.00.003(қызметкерлердің орташа тізімдік саны) х 1,5% (түзету проценті) формуласы бойынша айқындалады.
Бұл жол егер салық кезеңінің қорытындысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы Салық кодексінің 436-бабы 2-тармағына сәйкес дара кәсіпкерлерде кемінде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 2,5 еселенген мөлшерін құраған жағдайда толтырылады;
7) 910.00.007 жолында: 910.00.005 – 910.00.006 формуласы бойынша айқындалатын түзетуден кейінгі салықтардың сомасы көрсетіледі;
8) 910.00.008 жолында: 910.00.007 х 0,5 декларация бойынша есептелген салық сомасынан Ң мөлшерінде бюджетке төленуге жататын жеке (корпоративтік) табыс салығының сомасы көрсетіледі;
9) 910.00.009 жолда: (910.00.007 х 0,5) – 910.00.011 – 910.00.021 формуласы бойынша айқындалатын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі декларация бойынша есептелген салық сомасынан Ң мөлшеріндегі бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі.
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2005 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң) сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде 910.00.009 жолда Салық кодексінің 437-бабы 2-тармағына сәйкес нөлге тең әлеуметтік салық сомасы көрсетіледі.
11. «Дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу» деген бөлімде: