• Мое избранное
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Внимание! Документ утратил силу с 14.02.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығына 1-қосымша

«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Әдістеме күшін жойды 2018 жылғы 14 ақпаннан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 16.01.2018 жылғы № 13 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 3-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшілер) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
2. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
  • 1
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімінің 5-тармағына сәйкес, «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері негізінде жылдың қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланатын жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірілмей өткізіледі.
Мемлекеттік органдар «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалауды тоқсанның қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланатын жылдың есепті тоқсанынан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (оныншы желтоқсаннан кешіктірмей бағалау өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда) өткізе алады.
4. Егер «А» корпусы қызметшісінің нақты лауазымда болу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, оның бағалауы өткізілмейді.
Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі «А» корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.
5. Бағалауды «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындау және босату құқығы бар тұлға (орган) (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) жүргізеді.
  • 1
6. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысының және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – Аппарат басшысының қызметін бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі өткізеді.
Аталған тұлғалардың бағалауы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысымен бағаланатын жылдың қаңтарында айқындалатын жұмыс басымдықтары негізінде жүргізіледі.
Осы тармақтың ережелері 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
7. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «А» корпусы қызметшілері қызметінің бағалауы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің автоматтандырылған бағалау жүйесімен көзделген ерекшеліктерін ескере отырып осы Әдістеме негізінде жүргізіледі.
8. Бағалау:
1) «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына қызметшінің тағайындалған сәттен бастап бір ай ішінде осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті тұлғаның қызметшімен жасалған жыл сайынғы келісімнің басымдықтарын, сондай-ақ осы Әдістеменің 6-тармағымен көзделген тұлғаларға қойылған жұмыс басымдықтарын орындауын бағалаудан;
Бұл ретте, келесі бағаланатын жылдың келісімі алдыңғы келісім жасалғаннан кейін бір жыл өтісімен бір ай ішінде қайта жасалады.
2) кәсіби деңгейі мен тұлғалық қасиеттерін бағалаудан құралады.
9. Бағалаудың ұйымдастырушылық сүйемелдеуі мемлекеттік органның персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) не ол болмаған жағдайда – бағалауды жүргізетін тұлғалардың (органдардың) бағыныстылығында тұратын, уәкілетті тұлға айқындайтын өзге құрылымдық бөлімшемен (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) қамтамасыз етіледі.
2-тарау. Қызметті бағалау
10. Қызметті бағалау уәкілетті тұлғамен бағаланатын жылға айқындалған қызметшінің жұмыс басымдықтарына негізделеді және келесілерден шығады:
1) орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының кеңесі аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы, облыстар, астана және республикалық маңызы бар қала әкiмдерiнің аппарат басшылары, жауапты хатшы лауазымы енгізілмеген орталық атқарушы органдардың аппарат басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы үшін:
орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін көрсеткіштерге жетуіне, оның ішінде бюджет қаражаттарын бөлу мен пайдалану тиімділігіне ықпал ету дәрежесі;
2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппараттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшылары үшін:
бағаланатын қызметші басқаратын құрылымдық немесе аумақтық бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру тиімділігі;
3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары үшін:
бағаланатын қызметшінің қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша жұмыс жоспарларының көрсеткіштерге жетуіне ықпал ету дәрежесі;
4) орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары үшін:
бағаланатын қызметшінің қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасы бойынша тиімділік көрсеткіштерге жетуіне ықпал ету дәрежесі;
5) облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері үшін:
бағаланатын қызметшінің өз құзыреті шеңберінде көрсеткіштерге жетуіне, аумақтарды дамыту бағдарламалары, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың көрсеткіштеріне жетуіне ықпал ету дәрежесі;
жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру тиімділігіне;
өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне жету үшін бюджет қаражаттарын бөлу мен пайдалану тиімділігіне өз құзыреті шегінде ықпал ету дәрежесі;
6) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары және мүшелері үшін:
тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі.
11. Басымдықтар қызметшінің уәкілеттіктерін және оның лауазымдық міндеттеріне сәйкес иеленген ресурстарды ескере отырып белгіленеді.
Келісімдегі басымдықтардың саны төрттен көп емес, олардың ең кем дегенде жартысы өлшенетін болады.
12. Осы Әдістеменің 6-тармағымен көзделген тұлғаларды қоспағанда, қызметші белгіленген басымдықтармен келіспеген жағдайда уәкілетті тұлға келісім жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмыс органына (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жолдайды.
Ұлттық комиссияның жұмыс органы келісім жобасын қарайды және қажет болған жағдайда оны Ұлттық комиссияның қарауына енгізеді.
Ұлттық комиссия келісім жобасын қарау қорытындысы бойынша келісімді уәкілетті тұлғаның түзетулері мен қызметшіге қол қоюға немесе келісімді түзету енгізусіз уәкілетті тұлғаға қол қоюға ұсыным береді.
13. Қол қойылған келісім персоналды басқару қызметіне сақтауға беріледі.
3-тарау. Әңгімелесуге дайындық
14. Әңгімелесуге дайындық персоналды басқару қызметі мен жүзеге асырылады және бағалау өткізу үшін қажетті материалдарды дайындауды және бағалау өткізу кестесін айқындауды қамтиды.
15. Персоналды басқару қызметі уәкілетті тұлғаның келісімі бойынша бағалау өткізу кестесін әзірлейді.
  • 1
16. Бағалау өткізу үшін қажетті материалдарға:
1) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, олардың ведомствоға бағынысты ұйымдарының немесе қызметші жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпарат;
2) бағалау кезеңі үшін қызметшінің қызметін сипаттайтын, оның ішінде келісімді іске асыруы туралы мәліметтер кіреді.
Қызметшінің қызметіне жылдық бағалау жүргізілгенде орталық және облыстардың, астананың, республикалық деңгейдегі қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау нәтижелері қолданылады.
17. Кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат болған жағдайда қызметшілер бағалауды өткізгенге дейін мемлекеттік органға ұсынады.
18. Персоналды басқару қызметі қызметшіні әңгімелесу өткізу туралы оны өткізерден жеті жұмыс күн бұрын хабардар етеді.
4-тарау. Әңгімелесу
19. Осы Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген мерзімдерде қызметшімен әңгімелесу өткізіледі.
Әңгімелесуге қызметші, уәкілетті тұлға, персоналды басқару қызметінің өкілі, сондай-ақ уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша қызметшінің тікелей басшысы және қызметшімен қызметтік өзара әрекеттестікті жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлғалар қатысады.
20. Әңгімелесуде осы Әдістеменің 16-тармағында көрсетілген материалдар қарастырылады.
Өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша уәкілетті тұлға келісімді іске асыру бағасының орташа балын, кәсіби деңгейі мен тұлғалық қасиеттері бағасының орташа балын, қорытынды бағаны көрсете отырып, осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтырады және қол қоялады.
21. Бағалау өткізу қорытындысы бойынша уәкілетті тұлға осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысанда қызметшінің қызметі туралы пікірге қол қояды.
Орталық атқарушы орган жауапты хатшысының қызметі туралы пікірге бағаланатын қызметші қызмет ететін мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қояды.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппарат басшысының қызметі туралы пікірге Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қол қояды.
22. Қызметшінің қорытынды бағасы келесі формула бойынша есептеледі: a = 0,6b + 0.4c
a – қызметшінің қорытынды бағасы,
b – келісімде көзделген басымдықтарды іске асыру бағасы балының орташа арифметикалық мәні,
c – кәсіби деңгейі мен тұлғалық қасиеттері бағасы балының орташа арифметикалық мәні.
23. Қорытынды баға келесі мәндегі шкала бойынша қойылады:
0 - 2,99 балл – «қанағаттанарлықсыз»,
3 - 3,99 балл – «қанағаттанарлық»,
4 және одан жоғары – «тиімді».
24. Персоналды басқару қызметі қызметшіні бағалау нәтижелерімен бағалау аяқталған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде таныстырады.
Қызметші бағалау парағына қол қояды.
Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен он жұмыс күні ішінде Ұлттық комиссияға тиісті өтініш жасауға құқылы.
5-тарау. Бағалау нәтижелерін мемлекеттік қызмет істері жөніндегіуәкілетті органға жолдау
25. Қызметшінің қызметін бағалау нәтижесі бонус төлеу, оқыту, ротация, еңбек шартын ұзарту немесе оны бұзу бойынша шешім қабылдау үшін негіз болып табылады.
26. Қызметшінің бағалау нәтижесі оның қызметтік тізіміне персоналды басқару қызметімен енгізіледі.
27. Мемлекеттік орган бағалау аяқталған сәттен соң он жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға мынадай материалдарды жолдайды:
1) персоналды басқару қызметімен куәландырылған қызметшінің бағалау парағының көшірмесін, бұл ретте бағалау парағының түпнұсқасы персоналды басқару қызметінде сақталады;
2) қызметшінің қызметі туралы пікірдің түпнұсқасы, бұл ретте оның көшірмесі персоналды басқару қызметінде сақталады.
28. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган қызметшілердің жылдық бағалауын талдауды жүзеге асырады және 10 ақпаннан кешіктірмей оларды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмыс органына енгізеді.
29. Ұлттық комиссияның жұмыс органы уәкілетті органмен ұсынылған материалдар негізінде оларды Ұлттық комиссияның қарауына шығару туралы шешім қабылдайды.
30. Ұлттық комиссия жұмыс органымен ұсынылған материалдарды қарау және қызметшімен әңгімелесу өткізу қорытындысы бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) атқаратын лауазымына сәйкес;
2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
31. Ұлттық комиссияның шешімі қызметші жұмыс істейтін мемлекеттік органның қызметшімен еңбек шартын ұзарту не оны бұзу туралы шешімді қабылдауға негіз болып табылады.
Қызметшінің қанағаттанарлықсыз бағасы онымен еңбек шартын Ұлттық комиссиямен келісу бойынша бұзуға негіз болып табылады.
«А» корпусы мемлекеттік
Әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
1-қосымша
Нысан
Бағаланатын кезеңге жұмыстың басымдықтары туралы келісім

Басымдық

Ескерту*

1


 


 

2


 


 


 


 

* өлшем бірлігі, іске асыру мерзімі, басымдықтарға жету үшін қажетті шаралар көрсетіледі
 Уәкілетті тұлға___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Лауазымы _________________________________________________________________________ Қолы _______________________ Күні ________________________________________________ Қызметші__________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Қолы _______________________Күні _________________________________________________ Осы келісімнің _____________________________ интернет ресурсында (мемлекеттік органның атауы) жариялануына келісемін ___________________________________________________________ (қызметшінің қолы)
«А» корпусы мемлекеттік
Әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
2-қосымша
Нысан
Бағалау парағы

п/п

Бағаланатын көрсеткіштер

Балл(2-ден 5-ке дейін)

1

2

3

Келісімді іске асыру

1

1 басымдықтың атауы


 

2

2 басымдықтың атауы


 

3

3 басымдықтың атауы


 

4

4 басымдықтың атауы


 

Орташа балл (көрсеткіштер санына бөлінген барлық баллдардың сомасы)


 

Кәсіби деңгей мен тұлғалық қасиеттер

1

Лауазымдық міндеттерін орындау


 

2

Ұжымда қолайлы моральды-психологиялық климат құруға бағытталуы


 

3

Қызмет этикасын сақтауы


 

Орташа балл (көрсеткіштер санына бөлінген барлық баллдардың сомасы)


 

ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА


 

 Уәкілетті тұлғаны жүргізген басшы_______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Лауазымы________________________________________________________________________ Қолы ___________________________Күні____________________________________________ Нәтижелері мен таныстым:________________________________________________________ Қызметші________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Қолы ___________________________Күні____________________________________________ Келіспеген жағдайда негізі _____________________________________________________
«А» корпусы мемлекеттік
Әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Кадр саясаты жөніндегі
ұлттық комиссия
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметі туралы пікір
 ______________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Бағалау кезеңі _______________________________________________________________ (бағалау кезеңі көрсетіледі) Бағалау кезеңі үшін қызметіне бағалауалды ______________________________________________________________________________ (бағалау кезеңіне «А» корпусы қызметшісінің бағасы көрсетіледі) ______________________________________________________________________________ (бағалау кезеңіне «А» корпусы қызметшісінің ______________________________________________________________________________ қызметіне сипаттама беріледі) Қосымша ақпарат: ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ (лауазым, қолы, уәкілетті тұлғаның тегі)