Toggle Dropdown
4
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 110 бұйрығына
2-қосымша
Toggle Dropdown
1
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1
1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Бағалау «Б» корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
Toggle Dropdown
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
Toggle Dropdown
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
Toggle Dropdown
«Б» корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.
Toggle Dropdown
Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі «Б» корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Б» корпусы қызметшілері қызметінің бағалауы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің автоматтандырылған бағалау жүйесімен көзделген ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі
Toggle Dropdown
5. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
Toggle Dropdown
«Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған қызметші бағынатын тұлға болып табылады.
Toggle Dropdown
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атқарушы органдары басшыларының бағалауын облыс, астана, республикалық маңызы бар қаланың әкімімен немесе қалып бойынша оның орынбасарларының бірімен жүргізіледі.
Toggle Dropdown
6. Жылдық бағалау:
Toggle Dropdown
1) «Б» корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
Toggle Dropdown
2) Осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.
Toggle Dropdown
7. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, персоналды басқару қызметі оның жұмыс органы болып табылады.
Toggle Dropdown
8. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Toggle Dropdown
Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Toggle Dropdown
10. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Toggle Dropdown
Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы болып персоналды басқару қызметінің қызметшісі табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
Toggle Dropdown
2-тарау. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру
Toggle Dropdown
11. «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары «Б» корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің «Б» корпусы қызметшілері үшін жеке жоспарлардың нысаны мен құрамы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің автоматтандырылған бағалау жүйесімен көзделген ерекшеліктері негізінде электронды түрде құрастырыла алады.
Toggle Dropdown
12. «Б» корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы «Б» корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
Toggle Dropdown
13. «Б» корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.
Toggle Dropdown
14. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана «Б» корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Бағалауды жүргізуге дайындық
Toggle Dropdown
15. Персоналды басқару қызметі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.
Toggle Dropdown
Персоналды басқару қызметі бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.
Toggle Dropdown
4-тарау. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы
Toggle Dropdown
16. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
Toggle Dropdown
17. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
Toggle Dropdown
18. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
Toggle Dropdown
19. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
Toggle Dropdown
Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шкалаға сәйкес «+1»-ден «+5» баллға дейін иеленеді.
Toggle Dropdown
20. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
Toggle Dropdown
21. Орындау тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.
Toggle Dropdown
Орындау тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде құжат айналымы қызметі және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
Toggle Dropdown
22. Еңбек тәртібін бұзуға:
Toggle Dropdown
1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
Toggle Dropdown
2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
Toggle Dropdown
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде персоналды басқару қызметі және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
Toggle Dropdown
23. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін «Б» корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін «-2» мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
Toggle Dropdown
24. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.
Toggle Dropdown
25. Тікелей басшы «Б» корпусы қызметшісінің еңбек және орындау тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару, құжат айналымы қызметтері берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
Toggle Dropdown
26. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына «Б» корпусы қызметшісімен қол қойылады.
Toggle Dropdown
«Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.
Toggle Dropdown
27. Қызметшінің тікелей басшысы «Б» корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:
Toggle Dropdown
– тоқсандық баға;
Toggle Dropdown
a – көтермелеу баллдары;
Toggle Dropdown
в – айыппұл баллдары.
Toggle Dropdown
28. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады: 80 баллдан төмен - «қанағаттанарлықсыз», 80-нен 105 (қоса алғанда) баллға дейін – «қанағаттанарлық», 106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – «тиімді», 130 баллдан астам – «өте жақсы».
Toggle Dropdown
5-тарау. Жылдық бағалау
Toggle Dropdown
29. Жылдық бағалауды өткізу үшін «Б» корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
Toggle Dropdown
30. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
Toggle Dropdown
31. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау мынадай шәкіл бойынша қойылады:
Toggle Dropdown
Жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштердің орындалмағаны үшін 2 балл қойылады;
Toggle Dropdown
Мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;
Toggle Dropdown
Мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;
Toggle Dropdown
Мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл.
Toggle Dropdown
32. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын «Б» корпусының қызметшісі растайды.
Toggle Dropdown
«Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
Toggle Dropdown
33. Персоналды басқару қызметі «Б» корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
Toggle Dropdown
– жылдық баға;
Toggle Dropdown
– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
Toggle Dropdown
Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 28-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
Toggle Dropdown
«қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,
Toggle Dropdown
«қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,
Toggle Dropdown
«тиімді» мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
Toggle Dropdown
«өте жақсы» мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;
Toggle Dropdown
– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).
Toggle Dropdown
34. Жылдың қорытынлы бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»; 3 баллдан бастап 3,9 баллға дейін – «қанағаттанарлық; 4 баллдан бастап 4,9 балға дейін – «тиімді»; 5 балл – «өте жақсы».
Toggle Dropdown
6-тарау. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
Toggle Dropdown
35. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) толтырылған бағалау парақтарын;
Toggle Dropdown
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшін);
Toggle Dropdown
3) «Б» корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;
Toggle Dropdown
4) осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
Toggle Dropdown
36. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
Toggle Dropdown
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
Toggle Dropdown
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Toggle Dropdown
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
Toggle Dropdown
1) егер «Б» корпусы қызметшісінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса. Бұл ретте «Б» корпусы қызметшісінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
Toggle Dropdown
2) «Б» корпусы қызметшісін бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
Toggle Dropdown
37. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде «Б» корпусының қызметшісін таныстырады.
Toggle Dropdown
«Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
«Б» корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
Toggle Dropdown
38. Осы Әдістеменің 35-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
Toggle Dropdown
7-тарау. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
Toggle Dropdown
39. Комиссия шешіміне «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
40. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті «Б» корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
Toggle Dropdown
41. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
Toggle Dropdown
42. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.
Toggle Dropdown
8-тарау. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
Toggle Dropdown
43. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
44. Бонустар «өте жақсы» және «тиімді» бағалау нәтижелері бар «Б» корпусы қызметшілеріне төленеді.
Toggle Dropdown
45. «Б» корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
Toggle Dropdown
«Б» корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.
Toggle Dropdown
46. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған «Б» корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
Toggle Dropdown
47. «Б» корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
Toggle Dropdown
48. «Б» корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.
Toggle Dropdown
«Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың
үлгілік әдістемесіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
Toggle Dropdown
__________________________________жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең) Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))_________________________ Қызметшінің лауазымы: __________________________________________________________ Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:______________________________________ ________________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
|
№ р/с
|
Мақсаттық көрсеткіштер*
|
Күтілетін нәтижелер
|
|
1
|
Мақсаттық көрсеткіш 1
|
|
|
2
|
Мақсаттық көрсеткіш 2
|
|
|
3
|
Мақсаттық көрсеткіш 3
|
|
|
4
|
…
|
|
Toggle Dropdown
Ескертпе:
Toggle Dropdown
* Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Toggle Dropdown
Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.
Toggle Dropdown
Қызметші Тікелей басшы ____________________________ ____________________________ (тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні) күні _______________________ күні _______________________ қолы _______________________ қолы _______________________
Toggle Dropdown
«Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың
үлгілік әдістемесіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Бағалау парағы
Toggle Dropdown
_____________________тоқсан_____жыл (бағаланатын кезең) Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда): ____________________________________________________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _______________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:
Toggle Dropdown
|
№ р/п
|
Қызметшінің өзін-өзі бағалауы
|
Тікелей басшының бағалауы
|
Ескерту
|
|
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
|
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
|
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
|
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер
|
Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер
|
Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер
|
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өзін-өзі бағалау нәтижесі:
|
Бағалау нәтижесі:
|
|
Toggle Dropdown
Қызметші Тікелей басшы ____________________________ _____________________________ (тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні) күні _______________________ күні ________________________ қолы _______________________ қолы ________________________
Toggle Dropdown
«Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың
үлгілік әдістемесіне
3-қосымша
Toggle Dropdown
Бағалау парағы
Toggle Dropdown
_________________ жыл (бағаланатын жыл) Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)____________________________________________________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________________ Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _____________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Жеке жоспарды орындау бағасы
Toggle Dropdown
|
№ р/с
|
Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі
|
Маңызы
|
Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері
|
Басшының бағалау нәтижелері
|
Ескерту
|
|
1
|
1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
|
|
|
2
|
2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
|
|
|
3
|
3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі
|
2-ден 5 ке дейін
|
|
|
|
|
4
|
…
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Қызметші Тікелей басшы ____________________________________ _________________________________ (тегі, аты-жөні) (тегі, аты-жөні) күні _______________________________ күні ____________________________ қолы _______________________________ қолы ____________________________
Toggle Dropdown
«Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың
үлгілік әдістемесіне
4-қосымша
Toggle Dropdown
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) _____________________________________________________________________________________ (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)
Toggle Dropdown
Бағалау нәтижелері
Toggle Dropdown
|
№р/с
|
Қызметшілердің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда
|
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет
|
Комиссияның ұсыныстары
|
|
1.
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
...
|
|
|
|
Toggle Dropdown
Комиссия қорытындысы: _____________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________ Тексерген: Комиссия хатшысы: ___________________________ Күні: _______________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда, қолы) Комиссия төрағасы: ____________________________ Күні: _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы) Комиссия мүшесі: _____________________________ Күні: ______________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда қолы)