• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2018 г

Отправить по почте

Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 1135 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 10.12.2018 жылғы № 696 Бұйрығына сәйкес
Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау мақсатында және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығымен бекітілген Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы Б. Нұрымбетов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
міндетін атқарушының
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1135 бұйрығына
қосымша
Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілікке және білім
деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау жөніндегі
комиссияның құрамы

Ақмәди Әділұлы

Сарбасов

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы, Комиссия төрағасы

 

Аслан Жұмағалиұлы

Қаржаубаев

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары

 

Жақсыгүл Жамайқызы

Нүсіпбаева

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің еңбек көші-қонын реттеу басқармасының сарапшысы, Комиссия хатшысы

 

Батыржан Көмекбайұлы

Қаракөзов

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық жобалар департаментінің директоры (келісім бойынша)

 

Сәтжан Сағидоллаұлы

Кәрімов

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша)

 

Әділбек Асанұлы

Әбдіқалықов

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының басшысы (келісім бойынша)

 

Сәрсен Ермекұлы

Дүйсенов

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің еңбек жағдайларын бақылау және еңбекті қорғау басқармасының басшысы

 

Ғалима Мұратқызы

Жазетова

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің еңбекті нормалау басқармасының басшысы

 

Саят Әнуарұлы

Исатов

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы (келісім бойынша)

 

Арайлым Аббасқызы

Мұсаева

-

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаментінің ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы (келісім бойынша)

 

Бану Мұқатайқызы

Нарбекова

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру әдіснамасы және мазмұны басқармасының басшысы (келісім бойынша)

 

Алтынай Нағызханқызы

Смайылова

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің адами ресурстарды және менеджментті дамыту басқармасының басшысы

 

Эльмира Тілләбайқызы

Тәжіханова

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Этникалық және ішкі көші-қонды реттеу басқармасының басшысы

 

Дәулет Дүйсенәліұлы

Төреахметов

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің авиациялық персоналға куәліктер беруді ұйымдастыру және авиациялық медицина жөніндегі басқармасының басшысы (келісім бойынша)

 

Гүлжаһан Нұрасылқызы

Үсенова

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің кадр және әкімшілік жұмыс басқармасының бас сарапшысы (келісім бойынша)

 

Салтанат Кенесханқызы

Ахаева

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің авиациялық персоналға куәліктер беруді ұйымдастыру және авиациялық медицина жөніндегі басқармасының бас сарапшысы (келісім бойынша)

 

Қазбек Сырымбекұлы

Ахметов

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің сыртқы көші-қон басқармасының бас инспекторы (келісім бойынша)

 

Нұрлан Әбішұлы

Байымбетов

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің тау-кен-металлургия өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы (келісім бойынша)

 

Қанағат Әбләқасұлы

Дюсамбаев

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы (келісім бойынша)

 

Шынар Өзбекқызы

Кесікбай

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің темір жол көлігі басқармасының бас сарапшысы (келісім бойынша)

 

Қуанышбек Жанболатұлы

Мұқанғалиев

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті музыкалық өнер басқармасының бас сарапшысы (келісім бойынша)

 

Алмасбек Хамитұлы

Омаров

-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің 2-хатшысы (келісім бойынша)

 

Бақтияр Жұматайұлы

Омаров

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Су көлігі басқармасының бас сарапшысы (келісім бойынша)

 

Дидар Амангелдіұлы

Өсеманов

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің химия және фармацевтика өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы (келісім бойынша)

 

Айгүл Айтқазықызы

Бектенова

-

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің сыртқы көші-қон басқармасының инспекторы (келісім бойынша)

 

Татьяна Николаевна

Беккер

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің сарапшысы (келісім бойынша)

 

Жанар Ілиясқызы

Есеналина

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің адами ресурстарды және менеджментті дамыту басқармасының сарапшысы

 

Қуат Қанатұлы

Қапбасов

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің машина жасау басқармасының сарапшысы (келісім бойынша)

 

Талғат Мэлсұлы

Тоқсейітов

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің авиациялық персоналға куәліктер беруді ұйымдастыру және авиациялық медицина жөніндегі басқармасының сарапшысы (келісім бойынша)

 

Ақмарал Шерубайқызы

Төлеу

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Электр энергетикасы департаментінің сарапшысы (келісім бойынша)

 

Айгүл Оңғарбайқызы

Имашева

-

«KAZENERGY» қауымдастығының адами капиталды дамыту департаментінің директоры (келісім бойынша)

 

Дастан Дүкенғалиұлы

Төленов

-

«KAZENERGY» қауымдастығының әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту департаментінің директоры (келісім бойынша)

 

Нәйла Алтайқызы

Мұхтарова

-

Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша)

 

Ақмарал Бейсембайқызы

Мұхамеджанова

-

Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығы Заң департаментінің сарапшысы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
міндетін атқарушының
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1135 бұйрығымен
бекітілген
Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілікке және білім
деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау жөніндегі
комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) консультациялық-кеңесші орган болып табылатын Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
2. Комиссия өз қызметін «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
2-тарау. Комиссияның функциялары
4. Комиссияның функциялары:
1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштерін мен құжаттарын қарау және басым салаларда (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптердің біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарына сәйкестігін тексереді;
2) талдау мен біліктілік сипаттамалары өлшемшарттарының негізінде бағалау жүргізу;
3) шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру не Қағидалардың 15-тармағында көзделген бас тарту себептерінің уәждемелі негіздемесімен одан бас тарту туралы ұсынынымдар әзірлеу болып табылады.
3-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияны төраға басқарады, ол Комиссия қызметіне басшылық етеді, жұмысын жоспарлайды, отырыстың күн тәртібін бекітеді, Комиссия шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
6. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
7. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібін құрайды;
2) Комиссия отырысына материалдарды, тиісті құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді;
3) Комиссия отырысының хаттамасын жасайды.
8. Жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде отырыстың күн тәртібіне ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды және оларды Комиссия мүшелеріне жібереді.
9. Комиссия жұмыс органы жіберген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштері мен құжаттарын қарайды.
10. Комиссия мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
11. Комиссия отырыстары кемінде он Комиссия мүшесі қатысқан кезде өткізіледі.
12. Комиссия отырысына қатысушы мүшелер санының көпшілік даусы берілсе, шешім қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
13. Орталық атқарушы органдардың Комиссия мүшелері Комиссия отырысына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қағидаларда бекітілген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесінде көзделген олар жетекшілік ететін салалар бойынша өтініштері келіп түскен жағдайда шақырылады.
14. Комиссияның шешімдері төрағалық етуші, хатшы және отырысқа қатысушы Комиссия мүшелері қол қоятын хаттамалармен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
15. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының шешімімен құрылады және өз қызметін тоқтатады.