• Мое избранное
Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 719 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 14697 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.06.2023 жылғы № 425 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 11.09.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 14) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.06.2020 жылғы № 354 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
С. Жасұзақов
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Е. Ыдырысов
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
К. Мәсімов
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2016 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев
2016 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 719 бұйрығымен
бекітілген
Эскпорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидасы
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығымен (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.06.2020 жылғы № 354 Бұйрығына сәйкес (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 14) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленген және өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау тәртібін айқындайды.
1. Осы экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 14) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органның экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортының жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтылығын ресми тану мақсатында жүргізіледі.
3. Осы Ереженің күші барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
4. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына және импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (16.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты саласындағы Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша (бұдан әрі - лицензия) иеліктен шығарылмайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бермейді.
6. Лицензия көрсетілетін қызметті алушыға 8 осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген мерзім ішінде лицензияның қолданылу шарттарында экспорттық бақылауға жататын экспорттауға немесе импорт өнімдеріне рұқсат беретін ресми құжат болып табылады.
7. Экспорты немесе импорты лицензиялануға тиіс өнімнің тізбесі халықаралық экспорттық бақылау режимдеріне сәйкес және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген.
8. Лицензия көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Лицензияның қолданылу мерзімі осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген құжаттардың қолданылу мерзімімен шектеледі.
9. Лицензия шартқа (келісімшартқа) енгізілген тауарлар атауларының санына қарамастан, он таңбалы кодты көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (бұдан әрі - СЭҚ ТН) сәйкес тауардың әрбір түріне беріледі. Берілген лицензияларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
10. Өнімнің номенклатурасында (тізімінде) жоқ СЭҚ ТН кодтарын пайдалануға жол беріледі, өйткені сол немесе өзге өнімді сәйкестендіру және екі немесе әскери мақсатқа сәйкестендіру жөніндегі түпкілікті шешім бақылау тізімдері бойынша белгілі бір кодқа сәйкес келетін осы тізімнің бақыланатын өнімінің техникалық параметрлерімен айқындалады.
11. Лицензия Еуразиялық экономикалық одақтың ішінде де, үшінші елдерге де, үшінші елдерден де экспорттық бақылауға жататын өнімдерді тасымалдау үшін ресімделеді.
12. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңында белгіленген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жолдайды www.egov.kz, www.elicense.kz мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген.
14. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі:
лицензияны беру кезінде - импорттаушы елдің түпкі пайдаланушысы сертификатының түпнұсқалығын тексеруді Растауды алу қажет болған жағдайды қоспағанда, 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей. Мұндай жағдайда лицензия осындай растауды алғаннан кейін беріледі;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар түскен күні жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
18. Жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осындай құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
19. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
20. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді.
Жауапты орындаушы тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салумен бір мезгілде оның түпнұсқалығын тексеруді Растауды алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ұсынған импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесін жібереді.
«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген 1С350 немесе 10С905 бақылау кодтарына сәйкес келетін экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау кезінде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының:
келісім-шартына сәйкес контрагентке бастапқы экспорттың;
уәкілетті органның мемлекеттік органдардан экспортты жүзеге асыру кезіндегі ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат алуы.
Көрсетілетін қызметті алушы экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына лицензия алуға құжаттар ұсынылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне түпкілікті пайдаланушы сертификатының түпнұсқасын ұсынады.
«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 16-бабы 1) тармағының негізінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады және алады.
Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауап жібереді.
Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде жауап бермеген жағдайда лицензия беру келісілген болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы сыртқы сауда шартының (келісімшартының) немесе тараптардың импорттаушымен (түпкі пайдаланушымен) ниетін растайтын өзге де құжаттың талаптарына сәйкес әскери мақсаттағы өнімнің экспортын жасағаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге экспорттық бақылауға жататын өнімнің жеткізілуін растау сертификатын ұсынуға міндетті.
21. Жауапты орындаушы өтінішті қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия, өнімнің экспорты мен импортына қайта ресімделген лицензия немесе дәлелді бас тарту ресімдейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
22. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым экспорттық бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
24. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:
уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
25. Уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
26. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Экспорттық бақылауға жататын
өнімнің экспортын және импортын лицензиялау
қағидарларына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (16.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz «электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

лицензияны беру кезінде - импорттаушы елдің түпкілікті пайдаланушысы сертификатының түпнұсқалығын тексеруді растауды алу қажет болған жағдайды қоспағанда, 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей. Мұндай жағдайда лицензия осындай растауды алғаннан кейін беріледі;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;

көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) өнімдерді экспортқа және импортқа арналған лицензияны беру кезінде - 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - 1 АЕК;

Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

Төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Келіп түскен өтініштерді тіркеу дүйсенбіден жұманы қоса алғанда жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады, сағат 17.00-ден кейін келіп түскен өтініштерді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) лицензия алу үшін:

осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;

«Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 949 бұйрығына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттар (ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді қоспағанда).

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәліметтер;

мемлекеттік ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттар.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

2) лицензиялық алым енгізілмеген;

3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

4) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы жауап алды;

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;

6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;

7) экспортты жүзеге асыру Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII тарауының, атап айтқанда қару-жарақ эмбарго негізінде әрекет ететін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі қабылдаған шараларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді бұзу болады;

8) экспортты жүзеге асыру халықаралық келісімдер бойынша, атап айтқанда әдеттегі қару-жарақты беруге немесе олардың заңсыз айналымына қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін бұзу болады;

9) өнім геноцид актілерін, адамзатқа қарсы қылмыстарды, 1949 жылғы Женева конвенцияларын елеулі бұзушылықтарды, қорғауды пайдаланатын азаматтық объектілерге немесе азаматтық адамдарға жасалған шабуылдарды немесе халықаралық келісімдерде айқындалғандай басқа да әскери қылмыстарды жасау үшін пайдаланылатын ақпарат болған жағдайда;

10) импорттаушы елдің кепілдік міндеттемесінің түпнұсқалығын тексеру нәтижесі (жіберілген сәттен бастап күнтізбелік 1 (бір) жыл ішінде оның болмауы).

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы ЭЦҚ-ның болу шартымен алуға мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсы - www.gov.kz/memleket/entities/miid «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы – www.gov.kz/memleket/entities/comprom, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

3) www.egov.kz порталында орналастырылған.

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

Экспорттық бақылауға жататын
өнімнің экспортына және импортына
лицензия беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
1-нысан
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына лицензия алу үшін өтініш.

1. Өтініш №

2. Өтініш беруші (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы, БСН / ЖСН)

3. Әзірлеуші (толық атауы, ел, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы, БСН / ЖСН (Қазақстан Республикасының резиденті үшін)

4. Сатып алушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы)

5. Соңғы тұтынушы (толық атауы, ел, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы)

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органы

7. Лицензияның әрекет ету мерзімі

8. Лицензияны сұрау үшін негіз (шарт, келісімшарт, келісім немесе сыртқы сауда мәмілесінің қатысушылары арасындағы өзге иеліктен шығару құжаты)

9. Өнімнің атау

10. Тауардың ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша коды

11. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

12. ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі немесе қосалқы)

13. Сомалық саны

14. Келісімшарт валютасы

15. Келісімшарт валютасындағы жалпы құн

16. Осымен: өтініш берушінің ақпараттық жүйелерде көрініс табатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға өз келісімін беретіні;

өтініш берушіге қатысты қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) жоқ екені;

барлық ұсынылған құжаттар анық және жарамды болып табылатындығы расталады.

17. Өтініш берушіден: аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі) ___________

Лауазымы _________________________________________________

Күні___________________________


 

18. Лицензияның ерекше шарттары

2-нысан
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына лицензия алу үшін өтініш.

1. Өтініш №

2. Өтініш беруші (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы, БСН / ЖСН))

3. Соңғы тұтынушы (толық атауы, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы БСН/ЖСН)

4. Сатушы (толық атауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы)

5. Шыққан елі

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органы

7. Лицензияның әрекет ету мерзімі

8. Лицензияны сұрау үшін негіз (шарт, келісімшарт, келісім немесе сыртқы сауда мәмілесінің қатысушылары арасындағы өзге иеліктен шығару құжаты)

9. Өнімнің атауы

10. Тауардың ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша коды

11. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

12. ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша өлшем бірлігі (негізгі немесе қосалқы)

13. Сомалық саны

14. Келісімшарт валютасы

15. Келісімшарт валютасындағы жалпы құны

16. Осымен: өтініш берушінің ақпараттық жүйелерде көрініс табатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға өз келісімін беретіні; өтініш берушіге қатысты қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы соттың заңы күшіне енген шешімінің (үкімінің) жоқ екені;

барлық ұсынылған құжаттар анық және жарамды болып табылатындығы расталады.

17.Өтініш берушіден: аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), тегi)

____________________________________________________

Лауазымы ___________________________________________

Күні_______________________


 

18. Лицензияның ерекше шарттары

Экспорттық бақылауға
жататын өнімнің экспортын
және импортын лицензиялау
ережесіне 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.06.2021 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес (16.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
нысаны

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті

Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан


 


 


 

Нұр-Сұлтан қ.


 

Нұр-Сұлтан


 


 


 

Нөмір: [Құжат нөмірі]


 

Берілген күні:

[Шығарылған күні] жылы


 


 


 


 


 

[Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН / ЖСН]


 


 


 


 


 


 

Дәлелді бас тарту


 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, Сіздің жылдың [Күнінен] бастап №[Кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды.

[Бас тарту негіздемесі]


 


 


 

[Қол қоюшының лауазымы]


 

[Қол қоюшының аты-жөні (болған жағдайда]

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің
экспорты мен импортын лицензиялау
ережесіне 3-қосымша
1-нысан
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына лицензия  

1. Өтініш №

2. Өтінішберуші (толықатауы, мекенжайы, телефоны, электрондықпоштамекенжайы, БСН / ЖСН)

3. Әзірлеуші (толықатауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондықпоштамекенжайы, БСН / ЖСН (ҚазақстанРеспубликасыныңрезидентіүшін)

4. Сатыпалушы (толықатауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондықпоштамекенжайы)

5. Соңғытұтынушы (толықатауы, елі, мекенжайы, телефоны, электрондықпоштамекенжайы)

6. ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттіккірістер органы

7. Лицензияныңәрекететумерзімі

8. Лицензиянысұрауүшіннегіз (шарт, келісімшарт, келісімнемесесыртқысаудамәмілесініңқатысушыларыарасындағыөзгеиеліктеншығаруқұжаты)

9. Өнімніңатауы

10. Тауардың ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша коды

11. Тауардыңбақылаутізімдерібойынша коды

12. ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойыншаөлшембірлігі (негізгінемесеқосалқы)

13. Жиынтық саны

14. Келісімшартвалютасы

15. Келісімшартвалютасындағыжалпықұны

16. Есепайырысу (валюталық) шоттарыныңнөмірлері, банк атауы

17. Келісілді

18. Өтініш берушіден

Тегі, Аты, Әкесінің аты

(бар болса)_______________

лауазымы _______________

19. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы – лицензиар_______________

Тегі, Аты, Әкесінің аты

(бар болса) _______________

лауазымы _______________

күні _______________


 

20. Лицензияның ерекше шарттары

2-нысан
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импортына лицензия  

1. Өтініш №

2. Өтінішберуші (толықатауы, мекенжайы, телефоны, электрондықпоштамекенжайы, БСН / ЖСН)

3. Соңғытұтынушы (толықатауы, мекенжайы, телефоны, электрондықпоштамекенжайы БСН/ЖСН)

4. Сатушы (толықатауы, ел, мекенжайы, телефоны, электрондықпоштамекенжайы)

5. Шыққанелі

6. ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттіккірістер органы

7. Лицензияныңәрекететумерзімі

8. Лицензиянысұрауүшіннегіз (шарт, келісімшарт, келісімнемесесыртқысаудамәмілесініңқатысушыларыарасындағыөзгеиеліктеншығаруқұжаты)

9. Өнімніңатауы

10. Тауардың ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша коды

11. Тауардыңбақылаутізімдерібойынша коды

12. ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойыншаөлшембірлігі (негізгінемесеқосалқы)

13. Жиынтық саны

14. Келісімшартвалютасы

15. Келісімшартвалютасындағыжалпықұны

16. Есепайырысу (валюталық) шоттарыныңнөмірлері, банк атауы

17. Келісілді

18. Өтініш берушіден

Тегі, Аты, Әкесінің аты

(бар болса)_______________

лауазымы _______________

19. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы – лицензиар_______________

Тегі, Аты, Әкесінің аты

(бар болса) _______________

лауазымы _______________

күні _______________


 

20. Лицензияның ерекше шарттары

2. Осы Қағидаларда өтініш беруші өнімнің экспортын және импортын жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға деп түсініледі (бұдан әрі – өтініш бруші).
3. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты саласындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша (бұдан әрі – лицензия) иеліктен айырылмайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
4. Лицензия осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген мерзім ішінде лицензияны қолдану шартында өтініш берушіге экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыруға рұқсат беретін ресми құжат болып табылады.
5. Экспорты немесе импорты лицензиялауға жататын экспорттық бақылауға жататын өнімнің тізбесі экспорттық бақылаудың халықаралық режиміне сәйкес және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген.
2. Лицензияны беру тәртібі
6. Лицензияны алу үшін өтініш беруші немесе тиісті өкілеттілігі жазбаша түрде расталған оның уәкілетті тұлғасы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) «Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша өтініш (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10195 болып тіркелген);
2) өтініш берушінің заңды тұлғасының мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтама – заңды тұлға үшін;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi – жеке тұлға үшiн;
4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
5) өтініш берушінің «Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 949 бұйрығына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13512 болып тіркелген).
Өтініш электрондық түрде рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйелері арқылы тапсырылған жағдайда құжаттар өтініш берушінің электрондық цифрлық қолын куәландыратын құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде тапсырылады.
7. Заңның 16-бабына сәйкес лицензиар Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, өтініш берушілерден экспорттық бақылау саласына жататын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады және алады.
8. Осы Қағидалардың 6-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну лицензиарда тиісті мемлекеттік акпараттық жүйелерден осы құжаттарда бар ақпаратты алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 жылғы № 964 Бұйрығына сәйкес (12.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 02.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Лицензия беру туралы өтінішке өтініш беруші қол қояды (заңды тұлға үшін – ұйымның басшысы немесе оның тиісті өкілеттілігін растайтын жазбаша құжатын ұсына отырып, уәкілетті тұлғасы).
Лицензия алу үшін лицензиарға ұсынылған құжаттардың барлығы тізім бойынша қабылданады және оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдау күні туралы белгілемесімен өтініш берушіге жолданады (беріледі). Бұл ретте тізімді өтініш беруші жасайды.
Шет тілдердегі құжаттар (құжаттардың көшірмелері) мемлекеттік және орыс тілдерінде аударылған аудармасымен бірге ұсынылады.
9. Лицензиар өтініш берушінің лицензия алуға арналған құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда лицензиар өтініш берушінің лицензия алу үшін ұсынған құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын береді.
Өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі жөнінде мемлекеттік органдардың келісімін алу үшін лицензиар өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жібереді.
Мемлекеттік органдар лицензиардың сұрау хаты негізінде өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы жауапты лицензиарға он жұмыс күні ішінде жібереді.
10. Растауды алған соң лицензия берілетін импорттаушы елдің түпкі пайдаланушылары сертификатының түпнұсқалылығын тексеру қажет болған жағдайды қоспағанда, лицензиар лицензияны өтініш пен осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Импорттаушы елдің түпкілікті пайдаланушысының сертификатының түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
Лицензия өтініш берушіге бір жылдан аспайтын кезеңге беріледі. Лицензияның қолданылу мерзімі осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген құжаттардың қолданылу мерзімімен шектеледі.
Лицензия Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – СЭҚ ТН) сыртқы экономикалық қызметінің және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес, шартқа (келісімшартқа) енгізілген тауарлар атауының санына қарамастан 10-бірлікті коды көрсетіле отырып әрбір тауар түріне беріледі. Берілген лицензияларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат етілмейді.
Экспорттық бақылауға жататын өнімдердің номенклатурасында (тізімінде) жоқ СЭҚ ТН кодтарын пайдалануға рұқсат беріледі, себебі қосарлы және әскери мақсаттағы өнімдерге сәйкестендіру және ара қатынасын белгілеу бойынша түпкі шешім бақылау тізімдері бойынша белгілі бір кодқа сәйкес келетін осы тізімнің бақылаудағы өнімнің техникалық параметрлерімен айқындалады.
Лицензия Еуразиялық экономикалық одақтың ішінде тасымалдау үшін, сондай-ақ үшінші елдерге және үшінші елдерден тасымалдау үшін ресімделеді.
11. Лицензия беруден бас тарту «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 32-бабында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
Лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша негіздер Заңның 15,16-баптарына сәйкес белгіленген.
12. Лицензиардың және (немесе) оның лауазымды түлғаларының лицензиялауды жүзеге асыру мәселелері бойынша шешіміне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) өтініш беруші Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда белгіленген тәртіппен шағымдануға жатады.
13. Рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, қолданысын тоқтату, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда көзделген тәртіпте және негіздер бойынша жүзеге асырылады.