Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 279 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 14738 болып тіркелді
Редакция 16.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасы
Н.С. Айдапкелов
2016 жылғы «___» _____________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 279 қаулысына
қосымша
Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 12 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан бұрын еншілес банк болған заңды тұлғаны қоспағанда), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, өзара сақтандыру қоғамдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі – ұйымдар) қаржылық есептілік элементтерін топтастыру және қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында құндық көрсеткішпен ағымдағы көрсетуге арналған.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Шоттардың сипаттамасы»;
3220-шоттың аты және сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер» (пассивтік).
Мақсаты: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына аударылуға тиісті зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына аударылуға тиісті зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша әлеуметтік сақтандыру бойынша есептелген міндеттемелер сомаларын оларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына аудару кезінде және (немесе) есепті кезеңнің соңында реттеу кезінде есептен шығару жүргізіледі.».
3. «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген, 2011 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 11 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары (бұдан әрі – Шот жоспары) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, ипотекалық ұйымдардың, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының және бұдан бұрын еншілес банк болған заңды тұлғаның құндық көрінісіндегі қаржылық есептілік элементтерін топтастыруға және ағымдағы көрсетуге арналған.».
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Шоттардың сипаттамасы»;
5722-шоттың сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шоттың мақсаты: «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамына аударылатын әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар сомаларын есепке алу.
Шоттың дебеті бойынша әлеуметтік аударымдарды аударуға байланысты шығыстардың сомалары жазылады.