БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
«Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 14777 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 2 наурыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 23.01.2018 жылғы № 47 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын бегілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10878 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 156-бабы 1-тармағының 24), 42) және 43) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасының шегінде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормалары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауга бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің шығыстар нормалары;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде колданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің шығыстар нормалары;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшаға сәйкес Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшаға сәйкес Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшаға сәйкес салық салуға жатпайтын жеке тұлғанын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын сабақтан тыс қызмет іс-шараларына қатысу, кәсіби тәжірибеден өту және (немесе) оқу үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруынаСалық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалғандербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшаға сәйкес салық салуға жатпайтын жеке тұлғанын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын сабақтан тыс қызмет іс-шараларына қатысу, кәсіби тәжірибеден өту және (немесе) оқу үшін Қазақстан Республикасының шегінде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы Р. Дәленов
Қазақстан Республикасы Қаржыминистрінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 8 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 233 бұйрығына 7-қосымша
Салық салуға жатпайтын жеке тұлғанын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын сабақтан тыс қызметіс-шараларына қатысу, кәсіби тәжірибеден өту және (немесе) оқу үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары
р/с № |
Ел |
Тұруға арналған күндік шығыстар нормалары (АҚШ долларымен) |
тұруға |
||
1 |
Америка ҚұрамаШтаттары, Канада, Жапония, ҚытайХалықРеспубликасы, БатысжәнеШығысЕуропа |
30-ға дейін |
2 |
Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы және Филиппин |
25-ке дейін |
3 |
ТәуелсізМемлекеттерДостастығыелдері |
10-ға дейін |
4 |
Басқа да елдер |
15-ке дейін |
ҚазақстанРеспубликасы Қаржыминистрінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 8 бұйрығына 2-қосымша
ҚазақстанРеспубликасы Қаржыминистрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 233 бұйрығына 8-қосымша
Салық салуға жатпайтын жеке тұлғанын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын сабақтан тыс қызмет іс-шараларына қатысу, кәсіби тәжірибеден өту және (немесе) оқу үшін Қазақстан Республикасының шегінде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары
р/с № |
Оқуорны |
Күндікшығыстар нормалары (айлықесептіккөрсеткіш) |
тұруға |
||
1 |
Облыс, ауданорталықтары |
4 АЕК-кедейін |
2 |
Астана, Алматы, Атырау қалалары |
5 АЕК-кедейін |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |