Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 43 бұйрығы
Редакция 26.03.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 5-тармағына және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде 2012 жылғы 12 қарашадағы № 8074 болып тіркелген) бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереженің 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес құрамда Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму Министрінің м.а.
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 43 бұйрығына
қосымша
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру саласында аккредиттеу жөніндегі тұрақты
жұмыс істейтін комиссияның
құрамы