Bestprofi Logo

Бұйрық № 29 от 2016-01-27г./Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020 г.

Документ на казахском языке

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 14780 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес 

1. «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің бір данада ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ________________ Б. Сұлтанов 2017 жылғы « »

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы « »

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 29 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 ​ бұйрығымен бекітілген

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары

1. Осы Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) жергiлiктi бюджетте тиiстi қаржы жылына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.

2. Аудандар бойынша субсидиялар көлемдері жергілікті атқарушы органның қаулысымен, ал республикалық маңызы бар қала, астана бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен белгіленеді.

3. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (бұдан әрі – субсидиялар нормалары) екі данада жасалады және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) қарауға тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей ұсынылады.

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі мен субсидиялар нормаларын Министрлікке келісуге берген кезде субсидиялардың белгіленген нормасын негіздейтін құжаттар (ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласында аккредитациясы бар және Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын аграрлық бейінді ғылыми ұйымдармен келісілген әрбір субсидияланатын дақыл бойынша шығындар есептемелері) қоса беріледі.

Министрлік он жұмыс күні ішнде оң шешім шығарған жағдайда, басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесінің және (немесе) субсидиялар нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен кері қайтарады немесе теріс шешім шығарған жағдайда, басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі мен субсидиялар нормаларының екі данасын да пысықтауға жолдайды. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының пысықтау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және субсидиялар нормалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен тиісті жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі және тиісті жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесіне және (немесе) субсидиялар нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші – төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қаулы интернет-ресурсқа орналастырылғаннан кейін, Министрлік екі жұмыс күні ішінде басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесінің және (немесе) субсидиялар нормаларының бұрын келісілген тізбеге және субсидиялар нормаларына сәйкестігін салыстырып тексереді.

4. Субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – ауылшартауарөндіруші) және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) осы Қағидаларда белгiленген тәртiпке сәйкес жыл сайын басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру шығындарын ішінара өтеуге бөлiнедi.

5. Субсидиялар Министрлікпен келісім бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен белгіленген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша 1 тоннаға және (немесе) субсидиялар нормалары бойынша 1 гектарға төленеді.

6. Субсидияларды төлеу мынадай шарттарды сақтаған кезде жүзеге асырылады:

1) майлы дақылдар бойынша – қайта өңдеу кәсіпорнына қайта өңдеуге тапсырылған майлы дәндердің 1 тоннасына 100 %.

Майлы дақылдардың әр түрі бойынша субсидиялар нормалары өңірлердегі олардың басымдығына қарай сараланып белгіленеді;

2) күрiш, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, бiржылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда) бойынша – егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %.

Күрiш өсiрумен айналысатын және 200 гектардан кем күріштің егіс алаңы бар ауылшартауарөндірушілерге, егер олар ауылшаркооперативіне мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50 % мөлшерінде субсидиялар төленеді;

3) егістікте және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін себілген бірінші жылы өсіп жатқан көп жылдық шөптер бойынша – биылғы жылғы көктемнің немесе өткен жылғы күздің егiс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға 100 %;

4) қант қызылшасы (фабрикалық) бойынша – қант зауытына қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының 1 тоннасына 100 %;

егіс науқанының қорытындысы бойынша 1 гектарға – 50 %;

мақта өңдеу зауытына қайта өңдеуге тапсырылған шитті мақтаның 1 тоннасына – 50 %.

Мақта өсірумен айналысатын және 50 гектардан кем мақтаның егіс алаңы бар ауылшартауарөндірушілерге, егер олар ауылшаркооперативіне мүше болып табылмаса, субсидиялар нормасынан 50 % мөлшерінде субсидиялар төленеді;

6) қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша – жылыжай типіне және кіші типіне қарай сараланған және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қорғалған топырақта көкөнiс дақылдарын өндіруді субсидиялау схемасына сәйкес бiр гектарға көзделген субсидиялардың жылдық нормасы бойынша.

Бұл ретте жалпы қорғалған топырақтағы көкөнiс дақылдарының екіден аспайтын дақыл айналымы субсидияланады: бiрiншiсi – ағымдағы жылғы 1 қаңтардан 15 маусымға дейiн және екiншiсi – 1 қыркүйектен 30 қарашаға дейiн (қысқы-жазғы және күзгi-қысқы кезеңдер). Дақыл айналымының белгіленген басталу және аяқталу күндерінен күнтізбелік 15 күнге ауытқуға жол беріледі.

Жылыжайлар типтер бойынша өнеркәсіптік жылыжай кешендері және фермерлік жылыжайлар болып бөлінеді.

Өнеркәсіптік жылыжай кешендері – механикаландыру құралдарын пайдалана отырып, жыл бойы жұмыс істейтін, жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны бар үй-жай түрінде орындалған, кемінде 5 000 м2 жалпы мүкәммалдық ауданы бар және жылыту (орталық немесе газбен немесе автономды), климаттық бақылау (оның ішінде ауаны қосымша ылғалдандырудың автоматтандырылған жүйесін), жарық беру (бар болса), перделеу, тамшылатып суару жүйелерін қамтитын қорғалған топырақ құрылыстары кешендері.

Бұл ретте өнеркәсіптік жылыжай кешендері жарық беру жүйесі бар және жарық беру жүйесі жоқ кіші типтерге бөлінеді.

Фермерлік жылыжайлар – жарық өткізгіш бүйір қоршаулары және төбе жабыны, жылыту (бар болса) және тамшылатып суару жүйесі бар үй-жай түрінде орындалған, көкөніс дақылдарын, сондай-ақ, ашық топыраққа отырғызу үшін олардың көшеттерін жыл бойы немесе маусымдық өсіруге арналған және өнеркәсіптік жылыжай кешендері үшін көзделген жабдықтармен және техникалық құралдармен жарақтандырудың техникалық өлшемдері бойынша сәйкес келмейтін қорғалған топырақ құрылысы.

Бұл ретте фермерлік жылыжайлар жылыту жүйесі бар және жылыту жүйесі жоқ кіші типтерге бөлінеді.

7. Субсидиялар егiстiк жерде өңдеп өсiрiлетiн себілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңдарына және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшiн егiлген көп жылдық шөптердiң алаңдарына ғана төленедi.

Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауылшартауарөндірушілері және (немесе) ауылшаркооперативтері тiзiмiне (бұдан әрі – субсидиялар алуға арналған тізім) қосу үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап қабылдайды. Бұл ретте өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні тиісті жылдың 1 желтоқсанынан ерте болмауы тиіс.

8. Ауылшартауарөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімдерде өтiнiмді және нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банк не Ұлттық почта операторы анықтамасын (бұдан әрі – анықтама) бір данада ұсынады. Бұл ретте өтінім мен анықтама: бөлімге не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қағаз түрінде; не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде беріледі.

9. Өнімнің 1 тоннасына субсидиялар алу үшін ауылшартауарөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері өтінімде қосымша:

қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарттардың;

қайта өңдеу кәсіпорны шеккен шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттарының бар болуына қатысты мәліметтерді көрсетеді.

10. Қорғалған топырақта көкөнiс өндірумен айналысатын ауылшартауарөндірушілер және (немесе) ауылшаркооперативтері субсидиялар алуға арналған тiзiмге қосу үшін өтінімде жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың (қорғалған топырақ ғимаратының) болуы мен жұмыс алаңының көлемі туралы техникалық паспортының бар болуына қатысты мәліметтерді қосымша көрсетеді.

11. Субсидиялар ауылшартауарөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі өтініш берген субсидиялауға жататын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының немесе қайта өңдеуге тапсырылған өнімнің көлемдерінен және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен бекітілген субсидиялар нормаларынан мына формулалар бойынша есептеледі:

1) майлы дақылдар, қант қызылшасы және мақта бойынша:

С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

З – өтініш берілген егіс алаңы немесе өтініш берілген қайта өңдеуге тапсырылған өнім көлемі, гектар немесе тонна;

2) күрiш, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, бiр жылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда), шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші жылы өсіп жатқан көп жылдық шөптер бойынша:

С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

З – өтініш берілген егіс алаңы, гектар;

3) қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша:

С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

З – өтініш берілген егіс алаңы, гектар;

Д – жылыжайды қолданысқа енгізу жылына қарай субсидиялар нормасынан субсидия төлеу үлесі.

12. Бөлiм осы Қағидалардың 8-10-тармақтарында көрсетілген өтiнiмдер мен құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде олардың толықтығын тексередi. Ауылшартауарөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, өтінім мен құжаттар бес жұмыс күні ішінде ауылшартауарөндірушіге және (немесе) ауылшаркооперативіне пысықтауға қайтарылады.

13. Бөлiм ауылшартауарөндіруші және (немесе) ауылшаркооперативі ұсынған құжаттардың негiзiнде бес жұмыс күні iшiнде субсидиялар алуға арналған тiзiмдi жасайды, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға, ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) жеткiзiлген басым ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша субсидиялау көлемiн бөледi және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) субсидиялар алуға арналған тізімді, қабылдау актiлерiн және қазынашылық органдарына ұсыну үшін нөмiрi көрсетiлген банктiк шоттың бары туралы екінші деңгейдегі банк, ұлттық почта операторы анықтамасын бір данада ұсынады.

Ауылшартауарөндірушіні және (немесе) ауылшаркооперативін субсидиялар алуға арналған тізімге енгізуден бас тартқан жағдайда, екi жұмыс күнi iшiнде бөлiм ауылшартауарөндірушіге және (немесе) ауылшаркооперативіне бас тарту себептерін көрсете отырып, тиiстi анықтама береді.

Ауылшартауарөндірушіні және (немесе) ауылшаркооперативін субсидиялар алуға арналған тізімге енгізуден бас тарту туралы шешім «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»Жаңартылған Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 19-1-бабы 2-тармағында белгіленген негіздер бойынша қабылданады.

14. Басқарма ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi және үш жұмыс күнi iшiнде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылшартауарынөндірушілерге және (немесе) ауылшаркооперативтеріне бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості және төлем шоттарын қалыптастырады.

Төлем жүргізген кезде басқарма аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта ұсынған жағдайда, екі данада төлем шоттарын қоса бере отырып, төлем шоттарының тізілімін ұсынады, ал төлем шоттарын «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізген кезде, төлем шоттарының тізілімдері ұсынылмайды.

Тиесілі субсидияларды ауылшартауарөндірушілердің және (немесе) ауылшаркооперативтерінің банктік шоттарына аударуды басқарма:

1) майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта және қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары бойынша тиісті жылдың 25 желтоқсанына дейін;

2) күрiш, сүрлемдiк жүгерi, сүрлемдiк күнбағыс, бiр жылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда), шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін бірінші жылы өсіп жатқан көп жылдық шөптер бойынша тиісті жылдың 15 шілдесіне дейін жүзеге асырады.

15. Басқарма тиiстi жылдың 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Министрлікке субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат бередi.

Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялауға бөлінген бюджеттік қаражатты игеру жөніндегі жиынтық ақпарат облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурсында жылына бір рет, тиісті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей орнастырылады.

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша

Қорғалған топырақта көкөнiс дақылдарын өндіруді субсидиялау схемасы

Субсидиялауға жататын жылыжайдың қолданысқа енгізілген жылы

Субсидияларды белгіленген нормалардан саралап төлеу үлесі, жылдар бойынша

2017

2018

2019

2020

2021

2012

20


 


 


 


 

2013

40

20


 


 


 

2014

60

40

20


 


 

2015

80

60

40

20


 

2016

100

80

60

40

20

2017

100

100

80

60

40

2018


 

100

100

80

60

2019


 


 

100

100

80

2020


 


 


 

100

100

2021


 


 


 


 

100

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының ​ құнын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша

_____________________ ауданының (облыстық маңызы

бар қаланың, республикалық маңызы бар

қаланың, астананың) Ауыл шаруашылығы бөлімі

Басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған өтінім

_____________________________________________ негізінде әрекет ететін (құрылтай құжаты)

______________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі)

атынан бірінші басшы ________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

____________________________________________________________________ мынадай алқапта ауыл шаруашылығы дақылдарының төмендегідей түрлерін өсіру үшін субсидия бөлуді сұрайды:

____________ гектар ________________ __________ гектар _______________ (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл)

____________ гектар ________________ __________ гектар ________________ (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл)

____________ гектар ________________ __________ гектар ________________ (алаңы) (дақыл) (алаңы) (дақыл)

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік** немесе анықтама – заңды тұлға үшін

тіркеу нөмірі


 

тіркелген күні


 

атауы


 

орналасқан жері


 

мемлекеттік тіркелген күні


 

кім берді


 

2.

Жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


 

ЖСН


 

кім берді


 

берілген күні


 

3.

Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат

акт нөмірі


 

кадастрлық нөмірі


 

барлық алаңы, гектар


 

оның ішінде егістік


 

нысаналы мақсаты


 

сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


 

жер пайдаланушының атауы


 

4.

Қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарт

нөмірі


 

салыстырып тексеру актісі


 

өнім көлемі, тоннамен


 

5.

Қайта өңдеу кәсіпорнының шеккен шығындарын (өтінім беру сәтіне) растайтын төлем құжаттары

нөмірі және берілген күні


 

қайта өңдеу кәсіпорнының атауы


 

қайта өңдеу кәсіпорнының тұрған жерінің мекенжайы


 

6.

Жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның жылыжайдың болуы мен жұмыс алаңы туралы техникалық паспорты (қорғалған топырақта көкөніс өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерi үшін)

мекенжайы


 

кадастрлық нөмірі


 

түгендеу нөмірі


 

нысаналы мақсаты


 

қор санаты


 

7.

Ауыл шаруашылығы кооперативiнiң анықтамасы (бар болса)

нөмірі және берілген күні


 

кооператив атауы


 

* өтінім берушіден аталған құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге тыйым салынады.

* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге

дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

Басшы ___________ ______________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Өтініш 20__ жылғы «__»_____________ қарауға қабылданды.

_________ ___________________________________________________________ (қолы) (өтінішті қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының ​ құнын субсидиялау қағидаларына 3-қосымша

Басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру шығындарын ішінара өтеуге субсидиялар алуға арналған ___________________ республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері және ауыл шаруашылығы кооперативтері тізімі

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің БСН/ЖСН

Басым

ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Егіс алаңы, гектар (өндірілген өнім көлемі, тоннамен)

1 гектарға

(1 тоннаға) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Төленуге жататын бюджеттік субсидиялар көлемі, теңге

(4-баған х 5-баған)

1

2

3

4

5

6

7


 


 


 


 


 


 


 

______________ ауданы бөлімінің басшысы ______________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының ​ құнын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрі)

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің БСН/ЖСН

Басым

ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Егіс алаңы, гектар (өндірілген өнім көлемі, тоннамен)

1 гектарға

(1 тоннаға) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Төленуге жататын бюджеттік субсидиялар көлемі, теңге

(4-баған х 5-баған)

1

2


 

3

4

5

6


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Басқарманың қаржы бөлімінің басшысы _________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

Бөлім басшысы ______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) , қолы)

Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының ​ құнын субсидиялау қағидаларына 5-қосымша

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөрі)

_____________ облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялауға ____ жылы бөлінген бюджеттік қаражаттың игерілуі жөніндегі жиынтық ақпарат

Ауыл шаруашылығы дақылдары

Егіс алаңы гектар

Сатып алынған немесе қайта өңдеуге өткізілген өнім көлемі, тоннамен

1 гектарға арналған субсидиялар нормасы, теңге

1 тоннаға арналған субсидиялар нормасы, теңге

Бөлінген субсидиялар көлемі, мың теңге

Игерілгені,

мың теңге

1

2

3

4

5

6

7

8


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жиыны


 


 


 


 


 


 

Субсидия алған шаруашылық жүргізуші субъектілер саны


 

Акционерлік қоғамдар

Шаруашылық серіктестіктер

Шаруа қожалықтары

Өндірістік кооперативтер

Басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер

Саны бірлік


 


 


 


 


 

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание