Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 70 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 06.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 24-бабына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып;
Toggle Dropdown
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта аталсын.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне берсін;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму және Ұлттық экономика министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 15 ақпандағы
№ 70 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қайта аталған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына («Мемсараптама» РМК).
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 15 ақпандағы
№ 70 қаулысына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне акциялардың (қатысу үлестерiнің) мемлекеттiк пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтары берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
Toggle Dropdown
1) «Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жобалау институты» акционерлік қоғамы.
Toggle Dropdown
2) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы.
Toggle Dropdown
3) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры» акционерлік қоғамы».
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 15 ақпандағы
№ 70 қаулысына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Toggle Dropdown
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар
Toggle Dropdown
мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
Toggle Dropdown
«Алматы қаласы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 123-122-жол алып тасталсын.
Toggle Dropdown
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
Toggle Dropdown
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне» деген бөлімде:
Toggle Dropdown
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне»;
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 264-3-жол алып тасталсын.
Toggle Dropdown
3. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысында:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі» деген жол алып тасталсын;
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі»;
Toggle Dropdown
«Альянс Банк» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«ForteBank» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)».
Toggle Dropdown
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
1
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
Toggle Dropdown
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, экспортты ілгерілетуді қоспағанда, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, сауда қызметін реттеу, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту;
Toggle Dropdown
2) өңірлік даму, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, өзін-өзі реттеу;»;
Toggle Dropdown
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
Toggle Dropdown
15-тармақта:
Toggle Dropdown
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«10) экспортты ілгерілетуді қоспағанда, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту;»;
Toggle Dropdown
21) тармақша алып тасталсын;
Toggle Dropdown
16-тармақта:
Toggle Dropdown
мынадай редакциядағы 67-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«67-1) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде немесе Қазақстан Республикасы өзі дербес шет мемлекеттермен сауда-экономикалық ынтымақтастық және еркін сауда туралы келісімдер жасасуға байланысты келіссөздер жүргізу бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;»;
Toggle Dropdown
68) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«68) халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі, оның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;»;
Toggle Dropdown
73-1), 152), 153), 154), 156), 157), 158), 159), 160), 161), 164), 165), 167), 169), 169-1), 169-2), 169-3), 169-4), 169-5), 169-6), 169-7), 172), 173), 175), 181), 183), 184), 185), 186), 187), 189), 190), 191), 192), 194), 195), 196), 197), 198), 199), 200), 201), 203), 204), 206), 208), 224), 225), 267), 295), 296), 298), 301), 303), 304), 305), 315), 327), 327-1), 327-2), 327-3), 327-4), 327-5), 327-6), 327-7), 327-8), 327-9), 328), 329), 330), 331), 332), 339-29), 339-30), 339-31), 339-32), 339-33), 339-34), 339-35), 339-36), 339-37), 339-38), 339-39) және 339-40) тармақшалар алып тасталсын;
Toggle Dropdown
17-тармақтың 2), 3), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 25), 26), 27), 27-1), 28), 29), 30), 30-1), 31), 51), 51-1), 116), 246), 251), 266-1), 266-2), 266-3), 266-4), 266-5), 266-6), 266-7), 266-8), 266-9), 266-10), 266-11), 266-32), 266-33) және 266-38) тармақшалары алып тасталсын;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі» деген бөлім алып тасталсын.