• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Жайылымдар туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Қазақстан Республикасының Жайылымдар туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VI Заңы

Редакция 29.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Осы Заң жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін жақсартуға бағытталған.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аридтік жайылымдар – сиретілген жартылай бұталы, сирек шөптесін өсімдіктері бар шөлді және шөлейтті аумақтарда орналасқан жайылымдар;
2) екпе жайылымдар – шығымдылығы жоғары шалғын өсіру, оларға күтім жасау және ұтымды пайдалану жөніндегі агротехникалық іс-шаралардың ғылыми негізделген жүйесі негізін құрайтын, өнімділігі жоғары жемшөп дақылдары бар жайылымдар;
3) жайылым айналымы – Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды өнімді жағдайда ұстап тұру үшін оларды кезеңділікпен және кезектілікпен пайдалану және оларға күтім жасау жүйесі;
4) жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға жол беріледі;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау – жайылымдардың өнімділігін, шалғынның құрылымы мен құрамын, оның өскен жерлерін, жайылымдарды ауыл шаруашылығы жануарларының сан алуан түрін жаю үшін пайдалану мүмкіндігін, жайылымдардағы шөптесін және ағашты-бұталы өсімдіктердің сапасын айқындау мақсатында жүргізілетін зерттеп-қарау;
7) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары – жайылымдық шалғынның ботаникалық құрамы мен оның өнімділігіне залал келтірмей ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыруға болатын, жайылымдардың жалпы алаңына ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша, жайылымдардың типтері мен табиғи-климаттық аймақтар бөлінісінде өңірлер бойынша түсетін жүктеменің сараланған нормалары;
8) жайылымдардың оты-суының молдығы – жайылымдар алаңының бірлігіне шаққандағы жайылымдық шалғынның өнімділігі;
9) жайылымдарды суландыру – жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруды және персоналды ауызсумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін шахталы және құбырлы құдықтарды, су айдындарын, суат пункттерін және басқа да құрылыстарды салу;
10) жайылымдарды түбегейлі жақсарту – көпжылдық шөптердің және аридтік өсімдіктердің (дақылдардың) шығымдылығы жоғары сорттарын егу арқылы жаңа шалғын өсіру;
11) жайылымдық инфрақұрылым объектілері – құрылыстар, көпірлер, жолдар, суландыру құрылыстары (ұңғымалар, құбырлы және шахталы құдықтар, апандар), мал айдайтын жолдар, малды аялдатуға арналған алаңдар мен суат алаңдары, қойларды тоғытуға арналған ыдыстар, қоралар және қоршалған жерлер, жайылымдардың қоршаулары, шарбақтар (оның ішінде электрлі шарбақтар), ауыл шаруашылығы жануарларын қоршап-бөлшектеп жаюға арналған қашалар, ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық емдеуге арналған өткелектер, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен объектілер, жаңартылатын және баламалы энергия көздері пайдаланылатын объектілер, сумен жабдықтау объектілері және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да түрлері, персоналдың маусымдық тұруына арналған құрылыстар және жайылымдарды күтіп-ұстау мен пайдалану үшін қажетті өзге де мүлік;
12) жайылым пайдаланушы – осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жайылымдарды пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
12-1) көпшілік пайдаланатын жайылымдар – елді мекендердің іргелес аумағында орналасқан және мемлекет меншігіндегі, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын жаю бойынша жергілікті халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдар;
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) маусымдық жайылымдар – жыл мезгілдеріне және (немесе) пайдалану кезеңділігіне сәйкес қолайлы табиғи-климаттық жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін пайдаланылатын жайылымдар;
14) шалғайдағы жайылымдар – елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар.
2-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Жайылымдардың құқықтық режимі
3-бап өзгертілді ҚР 02.01.2023 № 184-VII Заңымен (30.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 07.03.2023 жылдан бастап)
Жайылымдардың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының жер, орман, су заңнамасына, Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жердің қандай да бір санатына олардың тиесiлілігі және рұқсат етілген пайдалану тәртібі негiзге алына отырып айқындалады.
3-1-бап. Жайылым пайдаланушыларды және жайылым пайдаланушылар бірлестіктерін (жай серіктестіктерді, консорциумдарды) мемлекеттік қолдау
Осы Заң 3-1-баппен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жайылым пайдаланушыларды және жайылым пайдаланушылар бірлестіктерін (жай серіктестіктерді, консорциумдарды) мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасының қағидаттары
Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасы мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) өсімдіктердің түрлік құрамын сақтай отырып, нысаналы мақсаты бойынша жайылымдарды ұтымды пайдалану;
1-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2023 № 184-VII Заңымен (30.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 07.03.2023 жылдан бастап)
1-тармақша өзгертілді ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) жеке және заңды тұлғалар үшін жайылымдардың қолжетімді болуы;
3) жайылымдарды беруге және пайдалануға байланысты іс-шараларды жүргізу кезіндегі жариялылық;
4) жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі мәселелерді шешуге жеке және заңды тұлғалардың қатысуы.
5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
5-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (02.01.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Үкіметі жайылымдарды басқару, суландыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) жайылымдарды басқару, суландыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (02.01.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
2) жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • 2
3) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесін әзірлеп, бекітеді;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларын әзірлейді және бекітеді;
  • 1
4-1) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды әзірлеп, бекітеді;
6-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
5) жайылымдардың, оның ішінде аридтік жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір облыстың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа облыстың ұзақ мерзімді пайдалануына беру туралы ұсыныс енгізеді;
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (02.01.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) жайылымдарды қалпына келтіру, сақтау, ұтымды пайдалану және түбегейлі жақсарту үшін жайылымдарға геоботаникалық зерттеп-қарау мен мониторингілеуді, ғылыми-зерттеу, іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) жайылымдарды пайдалану және қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті
7-бап өзгертілді ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:
1) уәкілетті органға:
жайылымдарды ұтымды пайдалану;
жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну;
2) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлардың іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыру;
3) жайылымдардың оты-суының молдығы және жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
  • 1
4) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеп, бекіту;
5) жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеп, бекіту;
6) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеп, бекіту;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір облыстың аумағындағы жайылымдарды басқа облысқа пайдалану үшін беру туралы ұсыныстар енгізу;
8) бір ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жайылымдарды, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарды басқа ауданға (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қалаға пайдалану үшін беру;
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
  • 1
8-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органының құзыреті
Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органының құзыретіне:
  • 1
1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту;
2) ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есебін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуымен тыңдау;
2-тармақша өзгертілді ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
9-бап. Ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің құзыреті
1. Ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:
1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп әзірлеу, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;
2) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оны іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
2-тармақша өзгертілді ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 2
3) жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемаларын әзірлеу және бекіту;
3-тармақша өзгертілді ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;
4-1) жайылым пайдаланушылар бірлестіктерін (жай серіктестіктерді, консорциумдарды) құруға жәрдемдесу;
1-тармақ 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды іске асыру;
1-тармақ 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-3) жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру;
1-тармақ 4-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-4) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру;
1-тармақ 4-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-5) облыстың жергiлiктi атқарушы органына бiр ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жайылымдарды, оның iшiнде шалғайдағы жайылымдарды басқа ауданға (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қалаға пайдалану үшін беру туралы ұсыныс енгiзу;
1-тармақ 4-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-6) бір аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы жайылымдарды басқа аудандық маңызы бар қалаға, кентке, ауылға, ауылдық округке пайдалану үшін беру;
1-тармақ 4-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері:
1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етеді және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
1-тармақша өзгертілді ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) жайылым пайдаланушылар арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;
3) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларының сақталуын жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп қамтамасыз етеді;
4) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды өздерінің интернет-ресурстарына орналастырады;
5) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есептерді тиісті аумақтарда таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
5-тармақша өзгертілді ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) облыстың жергілікті атқарушы органына тапталған және тозған жайылымдар туралы ақпарат береді;
6-1) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды іске асырады;
2-тармақ 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-2) жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асырады;
2-тармақ 6-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-3) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асырады;
2-тармақ 6-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-4) ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына бiр аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтiң аумағындағы жайылымдарды басқа аудандық маңызы бар қалаға, кентке, ауылға, ауылдық округке пайдалану үшін беру туралы ұсыныстар енгiзеді;
2-тармақ 6-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздерінің қарауына жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.
10-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарауына жатқызылған мәселелер
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдары:
1) ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеуге қатысады;
2) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды және талқылайды;
2-тармақша өзгертілді ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ аумақтарының шегінде орналасқан жайылымдарды қайта бөлу мәселесін қарау кезінде қатысады;
4) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруға қатысады;
5) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жайылымдарды беру және пайдалану мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ аумақтарының шегінде жайылымдарды басқару және пайдалану мәселелері бойынша жайылым пайдаланушылармен, жайылым пайдаланушылар бірлестіктерімен (жай серіктестіктермен, консорциумдармен) өзара іс-қимыл жасайды.
11-бап. Жайылым пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
1. Жайылым пайдаланушы:
1) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеуге қатысуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жайылымдарды беру және пайдалану мәселелері бойынша жергілікті қоғамдастық жиналыстары мен жиындарына қатысуға;
3) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда, жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуды жүзеге асыруға;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Жайылым пайдаланушы:
1) жайылымдарды беру шарттарына сәйкес жайылымдарды нысаналы мақсаты бойынша ұтымды пайдалануға;
2) жайылым айналымдары схемасын сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
4) басқа жайылым пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
12-бап. Жайылым пайдаланушылар бірлестігі (жай серіктестік, консорциум)
1. Жайылымдарды пайдалану кезінде бірлескен қызметті жүргізу үшін жайылым пайдаланушылар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалатын бірлескен қызмет туралы шарт негізінде жайылым пайдаланушылар бірлестігін (жай серіктестікті, консорциумды) құруға құқылы.
2. Жайылым пайдаланушылар (жай серіктестікке, консорциумға қатысушылар) өзара келісу бойынша ортақ істерге басшылық жасауды және оны жүргізуді жайылым пайдаланушылардың біріне (жай серіктестікке, консорциумға қатысушыға) тапсыра алады.
3. Бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін жайылым пайдаланушылар – бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылар ақшалай немесе басқа мүлікпен немесе тиісінше еңбек үлесі арқылы жарналарды енгізеді. Жайылым пайдаланушылар бірлестігінің (жай серіктестіктің, консорциумның) ортақ мүлкін пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалады.
4. Жайылым пайдаланушылар бірлестігінің (жай серіктестіктің, консорциумның) қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде айқындалады.
  • 1
13-бап. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
13-бап өзгертілді ҚР 30.06.2021 жылғы № 59-VII Заңымен (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу кезінде:
өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері;
жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері;
мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) туралы мәліметтер;
жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер;
иелерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының сәйкестендіру деректері базасынан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы саны туралы деректер;
ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер;
шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы мәліметтер;
екпе және аридтік жайылымдарда, орман, су қорлары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері туралы деректер;
жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары;
мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынған өзге де деректер ескеріледі.
2. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар:
1) жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіретін құжаттар негізінде меншік иелері немесе жер пайдаланушылары туралы мәліметтерді көрсетіп, жайылымдардың шекараларын, алаңдары мен түрлерін, оның ішінде шалғайдағы, маусымдық, аридтік және екпе жайылымдарды көрсете отырып, жер санаттары бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын);
2) жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажына арналған жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар белгіленген схеманы (картаны);
3) жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары белгіленген схеманы (картаны);
4) ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар, мал айдайтын жолдар мен өзге де жайылымдық инфрақұрылым объектілері, сондай-ақ мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) белгіленген схеманы (картаны);
5) жайылым пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар белгіленген схеманы (картаны);
6) жеке ауладағы ауыл шаруашылығы малын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында резервке қойылуға тиіс жайылымдар белгіленген схеманы (картаны);
7) суды тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;
8) ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарда орналастыру схемасын;
9) жайылымдарды ауылдық округке кіретін ауылдық елді мекендер арасында жобалық бөлуді (қайта бөлуді);
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс.
3. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспардың негізінде әзірлейді.
4. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы бес жылға бекітеді.
5. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу бойынша жұмыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.
6. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар нормативтік құқықтық акт болып табылады.
14-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану шарттары
14-баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жайылымдарды беру және пайдалану шарттары осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1. Осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейді және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына ғана пайдаланылады.
14-бап 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР 30.06.2021 жылғы № 59-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақ өзгертілді ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажына арналған жайылымдарда, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдарда орналасқан суландыру құрылыстарына қол жеткізу өтеусіз негізде беріледі.
14-бап 1-2-тармақпен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3. Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жайылымдарды резервке қою жүзеге асырылады.
14-бап 1-3-тармақпен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды резервке қою үшін негіз болып табылады.
2. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды беру кезінде мынадай шарттар ескерілуге тиіс:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының болуы;
2) жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің болуы және олардың жай-күйі;
3) жер учаскесінің өнімділігі.
3. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарлары бір жыл бойы (пайдаланылмау фактісі алғашқы анықталған кезден бастап) жайылмаса не олардың саны уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасының елу пайызынан аз болса және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабылмаса, мұндай жайылымдар Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қойылуға жатады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын айқындау кезінде басқа ауыл шаруашылығы алқаптарының ішіндегі ұсақ контурлы (қосылған) жайылымдар ескерілмейді.
15-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі
  • 1
1. Елді мекендердің шекараларына (шектеріне) тікелей іргелес аумақта орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажын қанағаттандыруға пайдаланылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде ғана, осы баптың 1-тармағында көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға рұқсат етіледі.
2-тармақ өзгертілді ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормаларынан асып кеткен кезде жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдардың алаңдарын ұлғайту мақсатында бұрын берілген жайылымдарды Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдардың басқа учаскелеріне, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарға орны ауыстырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдарды, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарды пайдалану Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жайылымдар беру туралы жеке шешімін шығару талап етілмейді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Бір аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ аумағындағы жайылымдарды басқа аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің пайдалануына беруді аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұсынысы бойынша ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
6. Бір ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жайылымдарды басқа ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың пайдалануына беруді ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
7. Бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы жайылымдарды басқа облыстың пайдалануына беруді облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
16-бап. Шалғайдағы жайылымдарды беру және пайдалану тәртібі
1. Бір облыстың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа облыстың ұзақ мерзімді пайдалануына беруді уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
2. Бір ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы шалғайдағы жайылымдарды басқа ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың ұзақ мерзімді пайдалануына беруді ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
3. Осы Заңның 15-бабының 4-тармағында көрсетілген жайылымдарды қоспағанда, шалғайдағы жайылымдар жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен беріледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шалғайдағы жайылымдарды шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесіне енгізу Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
4. Шалғайдағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын жайылым пайдаланушылардың табиғи су айдындарына және бюджет қаражаты есебінен салынған суландыру құрылыстарына тең қол жеткізу құқығы бар.
16-1-бап. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар
Осы Заң 16-1-баппен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мен мониторингілеу нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жерлерге түгендеу жүргізу кезінде де жүзеге асырылады.
2. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар топырақтың құнарлылығын сақтаудың, көпжылдық шөптердің және аридтік өсімдіктердің (дақылдардың) шығымдылығы жоғары сорттарын егу арқылы жаңа шалғын өсірудің, суландырудың табиғи процестеріне және басқа да іс-шараларды өткізуге ықпал ету болып табылады.
3. Жайылымдарды мониторингілеу жайылымдардың жай-күйін, оларды пайдалану нәтижесінде туындап жатқан өзгерістерді бақылау, олардың жай-күйін бағалау мен болжау, жағымсыз процестерді анықтау және жою мақсатында жүзеге асырылады.
4. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ жайылым пайдаланушылар қамтамасыз етеді.
5. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
17-бап. Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының жайылымдар туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
17-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заң 17-1-баппен толықтырылды ҚР 27.02.2024 жылғы № 65-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 29.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар бекітілген күннен бастап үш ай ішінде әзірленіп, бекітіледі.
18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ