Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 қаңтарда № 14717 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 07.06.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11356 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 шілдеде жарияланған):
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
Toggle Dropdown
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Toggle Dropdown
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме;
Toggle Dropdown
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жөніндегі қызметтерді (бұдан әрі – ТМККК) беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме.";
Toggle Dropdown
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
"9. Көрсетілетін қызметті алушы қызметтер берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
МСАК көрсететін әлеуетті қызметтер беруші Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқанына қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызмет берушілерді айқындау рәсіміне қатысуға арналған өтінімді (бұдан әрі – қатысуға арналған өтінім) мемлекеттік қызметтердің осы стандартына 3-қосымшаға сәйкес мынадай құжаттарды қоса берумен:
Toggle Dropdown
1) мыналардың:
Toggle Dropdown
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нұсқасын нотариат куәландырмайды);
Toggle Dropdown
тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);
Toggle Dropdown
сенімгерлік шартты (бар болса);
Toggle Dropdown
МСАК әлеуетті қызметтер берушісінің тиісті медициналық қызметтер көрсетуге арналған құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға лицензиялар мен оларға қосымшалардың (электрондық лицензияны және оған қосымшаларды нотариат куәландырмайды) нотариат куәландырған көшірмелерін;
Toggle Dropdown
2) мыналардың:
Toggle Dropdown
жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін);
Toggle Dropdown
жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариат куәландырған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);
Toggle Dropdown
аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері (бар болса);
Toggle Dropdown
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10735 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес берілген аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда бұл мәліметтер ұсынылмайды);
Toggle Dropdown
ТМККК көрсетуге үміткер әлеуетті қызметтер беруші мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қызметтерін берушіні таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімді ұсынады:
Toggle Dropdown
1) мыналардың:
Toggle Dropdown
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нысанын нотариат куәландырмайды);
Toggle Dropdown
тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);
Toggle Dropdown
сенімгерлік басқару шартының (бар болса);
Toggle Dropdown
медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензияның және мәлімделген медициналық қызметтерді көрсетуге құқығын және қызметтер беруші өндірістік базасының тапсырыс беруші қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарламада көрсеткен аумақта көрсету орны бойынша орналасуын растайтын қосымшалардың (электрондық лицензияны және оған қосымшаларды нотариат куәландырмайды);
Toggle Dropdown
стационарлық медициналық көмек көрсетуге өтінім берген жағдайда, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның (электрондық лицензияны және оған қосымшаларды нотариат куәландырмайды) (қажет болса);
Toggle Dropdown
мәлімделген медициналық қызметтер көрсетуге құқықты растайтын, атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың (электрондық лицензияны және оған қосымшаларды нотариат куәландырмайды) нотариат куәландырған көшірмелерін (қажет болса);
Toggle Dropdown
2) мыналардың:
Toggle Dropdown
жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін);
Toggle Dropdown
жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариат куәландырған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);
Toggle Dropdown
аккредиттеу туралы куәліктің (бар болса);
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) болуын растайтын құжаттың (бар болса);
Toggle Dropdown
Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменті 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 42-бабымен айқындалған тәртіппен медициналық ұйымның жоғары технологиялық медициналық қызметтер (бұдан әрі – ЖТМҚ) көрсетуге өткізілген бағалау қорытындысының (консультациялық-диагностикалық, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуге өтінім берген жағдайда);
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 534 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11743 болып тіркелген) бекітілген Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларымен айқындалған тәртіппен әлеуетті қызметтер берушіні тіндерді (тіндердің бөліктерін) немесе ағзалар (ағзалардың бөліктерін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесіне қосу туралы уәкілетті орган шешімінің көшірмелерін (ЖТМҚ көрсетуге өтінім берген жағдайда);
Toggle Dropdown
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес қатысу кезінде тамақтандыру ұйымының растауымен немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 234 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10982 болып тіркелген) бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келетін аутсорсинг шарты бойынша ұйымды тарта отырып, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша, тамақ өнімдері бойынша кемінде бір ай мерзімге арналған материалдық ресурстар қорының болуын растайтын ақпарат қоса берілген кепілдік міндеттеме (бағдарламалық амбулаториялық гемодиализ қызметтерін көрсету кезінде стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуге өтінім берген жағдайда);
Toggle Dropdown
4) Кодекстің 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігі жөніндегі кепілхат (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда кепілхат ұсынылмайды);
Toggle Dropdown
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның көлік құралының болуын және шарттық негізде көлік қызметтерін көрсететін ұйымды тартуды растайтын ақпаратты қоса бере отырып кепілдік міндеттеме (бағдарламалық амбулаториялық гемодиализ қызметтерін көрсету кезінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек, стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуге өтінім берген жағдайда);
Toggle Dropdown
6) ағымдағы кезеңге арналған кредиторлық берешегі туралы ақпарат;
Toggle Dropdown
7) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10735 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес берілген аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда бұл мәліметтер ұсынылмайды);
Toggle Dropdown
8) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық көмектің түрлері мен нысандары туралы мәліметтер;
Toggle Dropdown
9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанының қорытындылары бойынша хаттамадан үзінді көшірме немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанына қатыспаған МСАК-тың әлеуетті қызметтер берушісіне бекітілген халық саны туралы мәліметтер;
Toggle Dropdown
10) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төсек қоры туралы мәліметтер;
Toggle Dropdown
11) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық техниканың болуы туралы мәліметтер.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы сияқты құжаттарды не соларға ұқсас құжаттарды ұсынады.
Toggle Dropdown
Қатысуға арналған өтінімге және оған қоса берілетін құжаттарға әлеуетті қызметтер берушінің басшысы қол қояды.
Toggle Dropdown
Қатысуға арналған өтінімді әлеуетті қызметтер беруші тапсырыс берушіге тігілген түрде, нөмірленген парақтармен түзетулерсіз және жөндеулерсіз ұсынады. Бұл ретте өтінімнің соңғы парағы бірінші басшының қолымен куәландырылады және мөрімен бекітіледі (бар болса).