Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығы
Редакция 07.04.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органдарының жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидалары мен шарттары осы бұйрықға 3-қосымшаға сәйкес;
4) Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық 2014 жылғы 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Қ. Қожамжаров
2014 жылғы 17 қараша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі
Басқарма басшысының орынбасары
Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші
Аса маңызды iстер жөнiндегi жедел өкiл (анықтаушы)
Аға жедел өкіл (анықтаушы)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті аумақтық органдарының жедел-іздестіру бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесі
Басқарма басшысының орынбасары
Аса маңызды істер бойынша тергеуші
Аса маңызды iстер жөнiндегi жедел өкiл (анықтаушы)
Аға жедел өкіл (анықтаушы)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығына
3-қосымша
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидалары мен шарттары
Осы Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарына орналасу үшін конкурс өткізу шарттары мен тәртібін, қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) орналасу кезінде үміткерлердің тағлымдамасын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Қызметкердің құқық қорғау қызметін өткеру кезеңінде бос лауазымға орналасуы, ол тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, оның келісімі бойынша ауысу тәртібімен конкурстан тыс негізде немесе Заңның 7-бабы 4-тармағына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылуы мүмкін.
1. Конкурс қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) қызметке бірдей қол жеткізуге Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқығын қамтамасыз етеді.
2. Конкурсты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) және конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесіне сәйкес бос және уақытша бос лауазымдары (бұдан әрі – бос лауазымдар) бар облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша оның аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) өткізеді.