Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 295-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 15 ақпанда № 14806 болып тіркелді
Редакция 14.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 295-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған үлгілік арнайы инвестициялық келісімшарт бекітілсін:
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген
Үлгілік арнайы инвестициялық келісімшарт
Келісімшарт өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2018 жылғы № 207 Бұйрығымен (07.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Келісімшарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің 25.10.2019 жылғы № 11-1-4/557 Бұйрығына сәйкес (30.03.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Келісімшарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 28.11.2019 жылғы № 11-1-4/631 Бұйрығына сәйкес (25.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нұр-Сұлтан қаласы_______________ (күні, айы, жылы)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы арнайы инвестициялық келісімшарт,
______________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
атынан________________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
негізінде әрекет ететін басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның
_______________________________________________________________
(ережелер және (немесе) бұйрық)
(бұдан әрі – Уәкілетті орган) және _______________________________________________________________
_______________________________________________________________,
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы, бизнес сәйкестендіру
нөмірі және мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні)
көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан және арнайы инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға не болмаса еркін қойма иесі немесе арнайы экономикалық аймақ қатысушысы болып табылатын _______________________________________________________________,
бұдан әрі Тараптар деп аталатын, (жарғы немесе сенімхат) негізінде әрекет ететін (бірінші басшының немесе өзге де уәкілетті тұлғаның (бұдан әрі – Заңды тұлға) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) мыналарды:
1) Уәкілетті органға арнайы инвестициялық келісімшартты жасасуға және бұзуға тікелей байланысты құқықтар берілгенін;
2) тараптар арнайы инвестициялық келісімшарт іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласты
_______________________________________________________________,
(арнайы инвестициялық жобаның атауы)
іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқанын назарға ала отырып, және төмендегілер туралы осы арнайы инвестициялық келісімшартты жасасты.
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы арнайы инвестициялық келісімшартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) арнайы инвестициялық жоба – бұл арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған (іске асыратын) және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан сатып алынған не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған инвестициялық жоба;
2) арнайы инвестициялық келісімшарт – арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруді көздейтін шарт;
3) жинақтауыштар – жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөлiктер түсініледі;
4) технологиялық жабдық – арнайы инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар түсініледі;
5) үшінші тұлға – арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша Тарап болып табылмайтын кез келген тұлға;
6) форс-мажор – арнайы инвестициялық келісімшарттың одан әрі орындалу барысын қиындататын немесе оған мүмкіндік бермеуге әкеп соғатын еңсерілмейтін күш мән-жайлары (әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалар және тағы басқалары);
7) шикізат және (немесе) материал деп кез келген пайдалы қазба, жинақтауыш, бөлшек немесе бұл шикізаттың және (немесе) материалдың технологиялық процесі арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын өзге де тауар түсініледі.
2. Арнайы инвестициялық келісімшарттың мәні
2. Осы арнайы инвестициялық келісімшарттың нысаны Заңды тұлғаға мынандай түрде инвестициялық преференциялар беру болып табылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 21.09.2023 жылғы № 10 Бұйрығына сәйкес (30.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
арнайы инвестициялық келісімшарт негізінде арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары әкелген пайдаланылған шикізат және (немесе) материалдар кеден баждарын салудан босату осындай шикізат пен материалдарды алынған өнімде сәйкестендіру және шартты түрде шығарылған тауарларды нысаналы пайдалану танылған жағдайда, еркін кеден аймағының немесе еркін қойманың кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде жүзеге асырылады;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ немесе еркін қойма аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы құрамындағы шикізат және (немесе) материалдар импортын, сондай-ақ олардың компонентерін қосылған құн салығынан босату түрінде инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы экономикалық аймақ немесе еркін қойма аумағында өндірілген тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың компоненттерін өткізу жөніндегі айналымдарды қосылған құн салығынан босату.
3. Арнайы инвестициялық келісімшарттың мақсаты
3. Осы арнайы инвестициялық келісімшарт ___________________________________________________________________ (арнайы инвестициялық жобаның атауы)
іске асыру кезінде инвестициялық преференцияларды беру мақсатында қолдану құқығына сәйкес уәкілетті орган мен Заңды тұлға арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастардың заңды шеңберін белгілейді.
4. Инвестициялық қызмет объектісі
4. Осы арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық қызмет объектісі, _________________________________________ орналасқан (мекенжайы) ___________________________________________________ болып табылады. (арнайы инвестициялық жобаның атауы)
5. Тараптардың құқықтары
5. Уәкілетті органның:
1) өкілеттіктерді табыстау шегінде Заңды тұлғамен тікелей келіссөздер жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқықтары бар.
6. Заңды тұлғаның инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық келісімшарт талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әрекет жасауға құқығы бар.
7. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екжақты келісім бойынша арнайы инвестициялық келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
6. Тараптардың міндеттері
8. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде осы арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу арқылы инвестициялық преференциялар беруге.
Заңды тұлға арнайы инвестициялық жобаны іске асыру кезінде осы арнайы инвестициялық келісімшарттың ережелерін сақтауға және бұзбауға міндеттенеді.
7. Форс-мажор
9. Арнайы нвестициялық келісімшарт бойынша қандай да болмасын орындалмаған міндеттемелер үшін, егер мұндай орындамау немесе орындау кезінде кідірту еңсерілмейтін күш (бұдан әрі – форс-мажор) мән-жайынан туған болса, Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды.
10. Форс-мажорға еңсерілмейтін күш мән-жайлары, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және тағы басқалары) жатады.
11. Арнайы нвестициялық келісімшарт бойынша жұмыстардың форс-мажор мән-жайларынан туындаған толық немесе ішінара тоқтауы кезінде жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу жолымен осы жұмыстардың жүргізілу мерзімі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажор аяқталған сәттен бастап жаңартылады.
12. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда, одан зардап шеккен Тарап ол басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде бұл туралы форс-мажор оқиғасы басталған күнді және сипаттамасын көрсете отырып, жазбаша хабарламаны тапсыру жолымен екінші Тарапты хабардар етеді.
13. Форс-мажор мән-жайлар туындаған кезде, Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешуін іздеу үшін дереу келіссөздер өткізеді және мұндай жағдайлардың зардаптарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
8. Құпиялылық
14. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы арнайы инвестициялық келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде оны іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпарат және есептер жөніндегі құпиялылық шарттарын (осы инвестициялық келісімшарттың 15-тармағына сәйкес) сақтайды.
15. Заңды күшіне енген сот шешімі бар ақпаратты немесе кәсіпкерлік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімін алмастан, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп есептелетін және осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Дауларды шешу
16. Даулы мәселе туындаған жағдайда, тараптар арнайы инвестициялық келісімшарттың кез келген ережелерін орындауға немесе түсіндіруге байланысты туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктерді өзара келіссөздер жолымен шешу үшін бар күш-жігерін салады.
17. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 28.11.2019 жылғы № 11-1-4/631 Бұйрығына сәйкес (25.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Тараптар пайда болған даулар мен келіспеушіліктер толықтай шешілгенге дейін арнайы инвестициялық келісімшартта белгіленген міндеттемелерді орындаудан босатылмайды.
10. Арнайы инвестициялық келісімшарттың тұрақтылығына кепілдемелер
19. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
19-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
20-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Қолданылатын құқық
21. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 28.11.2019 жылғы № 11-1-4/631 Бұйрығына сәйкес (25.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 21-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Арнайы инвестициялық келісімшарттың әрекет ету мерзімі және күшіне енуі
22. Осы арнайы инвестициялық келісімшарт оны жасасқан сәттен бастап күшіне енеді.
23. Арнайы инвестициялық келісімшарт ______________________________________ мерзім өткен соң күшін жояды.
13. Арнайы инвестициялық келісімшартты бұзу талаптары
24. Арнайы инвестициялық келісімшарт мынадай негіздер бойынша бұзылады:
24-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) арнайы инвестициялық келісімшартта көрсетілген мерзімнің өтуі;
2) еркін қоймалар иелерінің тізілімінен немесе арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының тізілімінен шығару;
3) көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы заңды тұлғамен жасалған келісімді, мұндай заңды тұлға, оның ішінде еркін қойма иесі немесе көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы осындай келісімде көрсетілген міндеттемелерді орындамаған кезде бұзу;
4) заңды тұлғаның арнайы инвестициялық келісімшартты бұзу туралы жазбаша өтініші негізінде;
5) заңды тұлға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 531, 534, 539, 544, 548, 549, 550, 551, 553-баптарында көзделген инвестициялық преференциялар алу үшін арнайы инвестициялық жоба шеңберінде орындауға қажетті Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда.
14. Инвестициялық келісімшарт тілі
25. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
25-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
26. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
26-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Қосымша ережелер
27. Хабарламалар мен есептер тікелей қолма-қол немесе төменде көрсетілген мекенжайға хабарламасы бар почтамен жіберіледі:
уәкілетті орган:______________________________________________________ (атауы, заңды мекенжайы, телефондары) уәкілетті органның басшысы __________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Заңды тұлға: _______________________________________________________ (атауы, заңды және іс жүзіндегі нақты мекенжайы, телефондары, электрондық почтасы) Заңды тұлғаның басшысы ____________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
28. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
28-тармақ алынып тасталды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
29. Арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша мекенжайлар өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы екі апта мерзімде екінші Тарапқа жазбаша хабарлама беруі тиіс.
30. Бұл арнайы инвестициялық келісімшарт _____ «___» ____________жылы ______ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде заңды күші бірдей екі данада, Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалған. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
30-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Арнайы инвестициялық үлгілік келісімшартқа қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.06.2021 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Еркін қоймалардың немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында немесе көлік құралдарын немесе ауыл шаруашылығы техникасын немесе көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдауыштарды өнеркәсіптік құрастыру туралы Келісім шеңберінде өндірілетін өнімнің (дайын өнімнің) тізбесі
Тармақша № |
Өнім (дайын өнім) атауы |
СЭҚТН* коды ЕАЭО |
1. |
|
|
2. |
|
|
* ЕАЭО СЭҚ ТН - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы.
Уәкілетті орган: |
Заңды тұлға: |
Қолы ____________ Мөр орны |
Қолы ______________ Мөр орны (болған жағдайда) |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |