Toggle Dropdown
62
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 21.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
2
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті одан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетін бөліп шығару жолымен;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетін қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті болып қайта ұйымдастырылсын.
Toggle Dropdown
2. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті болып;
Toggle Dropdown
1
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті болып;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелері;
Toggle Dropdown
4) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
5) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік заңды тұлғалары қайта аталсын.
Toggle Dropdown
3. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулының 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті осы қаулының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
Toggle Dropdown
4. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
1
6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 152-3), 152-4), 152-5), 152-6), 152-7),152-8) және 152-9) тармақшаларын және ведомстволар функцияларының 20) тармақшасын қоспағанда, 2019 жылғы 19 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2017 жылғы 17 ақпандағы
№ 71 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
65
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік):
Toggle Dropdown
1) азаматтардың денсаулығын сақтау;
Toggle Dropdown
2) медицина және фармацевтика ғылымы, білім беру және өнеркәсіп;
Toggle Dropdown
3) дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы және оның айналысын бақылау;
Toggle Dropdown
4) медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасын бақылау;
Toggle Dropdown
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау;
Toggle Dropdown
6) тамақ өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі;
Toggle Dropdown
7) биологиялық қауіпсіздік салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті.
Toggle Dropdown
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ тілінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттік берілсе, Министрліктің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
Toggle Dropdown
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс.
Toggle Dropdown
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
Toggle Dropdown
13. Міндеттері:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын бақылау, медициналық қызметтерді (көмек) көрсету сапасын бақылау;