• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Арнайы инвестициялық үлгілік келісімшарт нысаны
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
Қазақстан Республикасы
Инвестиция және даму министрінің
2017 жылғы 7 ақпандағы
№ 75 бұйрығымен
бекітілген
Арнайы инвестициялық үлгілік келісімшарт
 Астана қаласы _________________ (күні, айы, жылы)  
 Осы арнайы инвестициялық үлгілік келісімшарт бұдан әрі Тараптар деп аталатын, __________________________________________________________________ негізінде (ереже немесе бұйрық)  _________________________________(бұдан әрі — уәкілетті орган) әрекет ететін (уәкілетті органның атауы)  ___________________________________________________________________________ (басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның тегі, аты, әкесінің аты)   және _______________________________________________________ негізінде (Жарғы немесе сенімхат)  ________________________________________________арнайы инвестициялық жобаны іске асыратын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе еркін қойма иелері немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау келісімін жасасқан заңды тұлғамен
 ____________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы, мемлекеттік тіркеу нөмірі, күні)  
 (бұдан әрі – Заңды тұлға) атынан әрекет ететін _________________________________________________________ мыналарды:(басшының немесе өзге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты)   1) уәкілетті органға тікелей арнайы инвестициялық келісімшартты жасасумен және орындалуын бақылаумен байланысты құқықтар берілгенін; 2) Тараптар ___________________________________ (арнайы инвестициялық жобаның атауы)   іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқандарын назарға ала отырып, төменде көрсетілгендер туралы осы арнайы инвестициялық келісімшартты жасасты.
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы арнайы инвестициялық келісімшартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) арнайы инвестициялық жоба – бұл Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тіркелген, немесе Қазақстан Республикасының Кеден заңнамасына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген еркін қоймалар иелері, немесе моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісімін жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен іске асырылған жобалар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен іске асырылған және (немесе) іске асырылып жатқан инвестициялық жоба;
2) арнайы инвестициялық келісімшарт – арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар беруді көздейтін шарт;
3) технологиялық жабдық – арнайы инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар түсініледі;
4) жинақтауыштар – жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөлiктер түсініледі;
5) шикізат және (немесе) материал деп кез келген пайдалы қазба, жинақтауыш, бөлшек немесе бұл шикізаттың және (немесе) материалдың технологиялық процесі арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын өзге де тауар түсініледі;
6) форс-мажор – арнайы инвестициялық келісімшарттың одан әрі орындалу барысын қиындататын немесе оған мүмкіндік бермеуге әкеп соғатын еңсерілмейтін күш мән-жайлары (әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалар және тағы басқалары);
7) үшінші тұлға – арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша Тарап болып табылмайтын кез келген тұлға;
2. Арнайы инвестициялық келісімшарттың мәні
2. Осы арнайы инвестициялық келісімшарттың мәні Заңды тұлғаға арнайы инвестициялық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында көзделген, осы Арнайы инвестициялық келісімшартқа қосымшаға сәйкес дайын өнімді өндіру үшін импортталатын технологиялық жабдықты, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды, сондай-ақ дайын өнім құрамындағы шикізатты және (немесе) материалдарды кедендік баждар салудан босату түріндегі инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
3. Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде кіргізуге кедендік баж салудан босату:
1) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына;
2) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін еркін қойма иелері ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына;
3) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісімін жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.
3. Арнайы инвестициялық келісімшарттың мақсаты
4. Осы арнайы инвестициялық келісімшарт
  ________________________________ (арнайы инвестициялық жоба) іске асыру кезінде инвестициялық преференцияларды беру мақсатында қолдану құқығына сәйкес уәкілетті орган мен Заңды тұлға арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастардың заңды шеңберін белгілейді.
4. Инвестициялық қызмет объектісі
5. Осы арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық қызмет объектісі,
  ________________________________________ орналасқан
(мекенжайы)  
  ____________________________________________________болып табылады.
(арнайы инвестициялық жобаның атауы)  
5. Тараптардың құқықтары
6. Уәкілетті органның:
1) өкілеттіктерді табыстау шегінде Заңды тұлғамен тікелей келіссөздер жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқықтары бар.
7. Заңды тұлғаның инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық келісімшарт талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әрекет жасауға құқығы бар.
8. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екжақты келісім бойынша арнайы инвестициялық келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
6. Тараптардың міндеттері
9. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде осы арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу арқылы инвестициялық преференциялар беруге.
Заңды тұлға арнайы инвестициялық жобаны іске асыру кезінде осы арнайы инвестициялық келісімшарттың ережелерін сақтауға және бұзбауға міндеттенеді.
7. Форс-мажор
10. Арнайы нвестициялық келісімшарт бойынша қандай да болмасын орындалмаған міндеттемелер үшін, егер мұндай орындамау немесе орындау кезінде кідірту еңсерілмейтін күш (бұдан әрі – форс-мажор) мән-жайынан туған болса, Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды.
11. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрт, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы және т.б.) және осы жағдайлардағы өзге де төтенше және тежеусіз мән-жайлар жатады.
12. Арнайы нвестициялық келісімшарт бойынша жұмыстардың форс-мажор мән-жайларынан туындаған толық немесе ішінара тоқтауы кезінде жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу жолымен осы жұмыстардың жүргізілу мерзімі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажор аяқталған сәттен бастап жаңартылады.
13. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда, одан зардап шеккен Тарап ол басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде бұл туралы форс-мажор оқиғасы басталған күнді және сипаттамасын көрсете отырып, жазбаша хабарламаны тапсыру жолымен екінші Тарапты хабардар етеді.
14. Форс-мажор мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешуін іздеу үшін дереу келіссөздер өткізеді және мұндай жағдайлардың зардаптарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
8. Құпиялылық
15. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы арнайы инвестициялық келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде оны іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпарат және есептер жөніндегі құпиялылық шарттарын (осы инвестициялық келісімшарттың 16-тармағына сәйкес) сақтайды.
16. Мына:
1) ақпарат сот тергеуі барысында пайдаланылатын;