БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

«Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу және «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 ақпанда № 14792 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10685 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
«4. Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қор) қоспағанда, осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп бөлімдерінің құрылымына, сондай-ақ есеп нысандары мен көрсеткіштер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады».
Акциялары (қатысу үлестері) компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғаларға қатысты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар тек ақпараттық сипатқа ие және ол компанияның директорлар кеңесінің бекіту нысанасы болып табылмайды.
Қордың даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу, бекіту, мониторингілеу, іске асырылуын бағалау, ұсыну қағидалары шеңберінде жүзеге асырылады.»;
2. «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10663 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 17 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
«4. Компанияның даму жоспары акциялары (қатысу үлестерi) компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi айқындау құқығын беретiн заңды тұлғалардың даму жоспарларын ескере отырып әзiрленедi және инвестицияларды, кiрiстердi, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтердi (бюджетке аударылуға жататын таза кірістің бір бөлігін) қоса алғанда қаржы-шаруашылық қызметтiң мақсатын, мiндетін, нәтижелер көрсеткiштерiн және негiзгi шоғырландырылған және шоғырландырылмаған көрсеткiштерiн, қаржылық тұрақтылық көрсеткiштерiн және даму жоспары бөлімдерінің құрылымына, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес, осы Қағидаларға 2-қосымшаларға сәйкес көрсеткіштердің тізбесіне сәйкес көзделетін басқа да мәлiметтердi қамтиды.
Компанияның даму жоспарында қолданылатын қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің толық тізілімі мен нысаналы мәні, оның ішінде акциялары (қатысу үлестерi) компанияға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi айқындау құқығын беретiн заңды тұлғалардың борыш деңгейін компания айқындайды.
Акциялары (қатысу үлестері) компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғаларға қатысты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, Даму жоспары көрсеткіштерінің тізбесінде көрсетілген нысандар тек ақпараттық сипатқа ие және ол компанияның директорлар кеңесінің бекіту нысанасы болып табылмайды.»;
«6. Компанияның атқарушы органы жоспарланып отырған бесжылдық кезеңнiң алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешiктiрмей, мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) даму жоспарының жобасын қарауға және келісуге енгізеді.
Тиiстi саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
Ескертулер болған жағдайда компанияның, атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны тиiстi саладағы уәкiлеттi органға немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қайтадан келісуге ұсынады.
Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) пысықталған даму жоспарының жобасын үш жұмыс күні ішінде қарайды.
7. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) даму жоспарының жобасы келісілгеннен кейін екі жұмыс күнінен кешiктiрмей оны мемлекеттiк жоспарлау және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келiсуге енгiзудi қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiк жоспарлау және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдар даму жоспарының жобасын ол түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Ескертулер болған жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) ескерту алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны мемлекеттiк жоспарлау және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға қайтадан келісуге ұсынады.
Мемлекеттiк жоспарлау және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдар пысықталған даму жоспарының жобасын жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
8. Компанияның атқарушы органы мемлекеттiк жоспарлау және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдармен даму жоспарының жобасы келісілгеннен кейін оны жоспарланып отырған бесжылдық кезеңнiң алдындағы жылдың оныншы қарашасынан кешіктірмей компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізеді.
Компанияның директорлар кеңесі даму жоспарының жобасын күнтізбелік он күн ішінде қарайды және оны бекіту туралы не компанияның атқарушы органына пысықтау үшін қайтару туралы шешімді қабылдайды.
Ескертулер болған жағдайда, компанияның атқарушы органы компанияның директорлар кеңесі айқындаған, бірақ ескертулер алған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтындай мерзімде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны тиісті саланың уәкілетті органына немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) қайта келісілуге ұсынады.
Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) даму жоспары қайта келісілгеннен кейін үш жұмыс күннен кешiктiрмей оны мемлекеттiк жоспарлау және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдарға келiсуге енгiзудi қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiк жоспарлау және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдар пысықталған даму жоспарының жобасын жеті жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
Компанияның атқарушы органы даму жоспарының жобасын мемлекеттiк жоспарлау және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органдармен қайта келіскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей компанияның директорлар кеңесіне қайта қарауға енгізеді.
Компанияның директорлар кеңесі пысықталған даму жоспарының жобасын қайтадан енгізілген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қарайды.
9. Даму жоспарының жобасын компанияның директорлар кеңесі жоспарланып отырған бес жылдық кезеңнiң алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
«14-1. Компанияның атқарушы органы компанияның даму жоспарына жалпы кірістер мен шығыстардың шоғырландырылған көрсеткіштерінің өзгеруіне алып келмейтін өзгерістер және (немесе) толықтыруларды тоқсанына бір рет қана енгізуді компанияның атқарушы органы осы Қағидалардың 6-9-тармақтарында көзделген тәртіпті қолданбай және компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізбей мына:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаның 7.2, 7.4, 7.6, 7.9-бөлімдерінде көрсетілген көрсеткіштерді қайта бөлу компания мен акциялары (қатысу үлестері) компанияға шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылған және ол компанияның жалпы кірістері мен шығыстарының 20 пайызынан аспаған;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаның 7.2, 7.4, 7.6, 7.9-бөлімдерінде көрсетілген көрсеткіштерді қайта бөлу акциялары (қатысу үлестері) компанияға шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылған жағдайларда жүзеге асырады.
Компанияның атқарушы органы даму жоспарына жоғарыда көрсетілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды енгізген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде даму жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы компанияның атқарушы органы шешімінің сканерленген көшірмесін электронды есепке тіркеп, Тізілімге енгізу үшін бірыңғай операторға электронды есепті жолдайды.
Тізілімге электронды есепті енгізуді бірыңғай оператор осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жүзеге асырады.»;
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б. Сұлтанов 2017 жылғы «___»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 30 бұйрығына 1-қосымша
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу және олардың іске асырылуы жөніндегі есептерді ұсыну қағидаларына 1-қосымша

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |