• Мое избранное
«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 ақпанда № 14814 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 жылғы № 181 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар ) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
 _____________ Ж. Қасымбек
2017 жылғы « »
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
 _____________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы « »
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 _____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы « »
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 27 қаңтардағы
№ 31 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 сәуірдегі
№ 4-4/305 бұйрығымен
бекітілген
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) отандық тыңайтқыштарды өндiрушi (бұдан әрi – тыңайтқыштарды өндіруші) – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасында тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өндiрудi жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
2) тыңайтқыштарды жеткізуші – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) өткізуді жүзеге асыратын және оларды тіркеген жеке немесе заңды тұлға;
3) тыңайтқыштарды сатушы – тыңайтқыштарды өндіруші, тыңайтқыштарды жеткізуші немесе шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші;
4) тыңайтқыштардың ең төмен нарықтық құны – тыңайтқыштарға субсидия номаларын белгілеу үшін олардың бағаларына талдау жүргізу арқылы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тиісті жылға тиісті тыңайтқыш түрлері бойынша қалыптасқан тыңайтқыштардың ең аз нарықтық құны;
5) шетелдiк тыңайтқыштарды өндiрушi – шетелдік өндіріс тыңайтқыштарын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тіркеген Қазақстан Республикасының бейрезиденті.
3. Тыңайтқыштарды өндірушілер, жеткізушілер және шетелдік тыңайтқыштарды өндірушілер тізбесін (бұдан әрі – жеткізушілер тізбесі) инвестициялар және даму саласындағы уәкiлеттi орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына кейінгі жылға өткен жылдың 1 желтоқсанынан және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей бередi. Бұл ретте инвестициялар және даму саласындағы уәкiлеттi орган жеткізушілер тізбесін тиісті интернет-ресурста орналастырады, сондай-ақ жеткізушілер тізбесіне жаңа тыңайтқыштарды өндірушілердің, жеткізушілердің және шетелдік тыңайтқыштарды өндірушілердің қосылуына қарай оны интернет-ресурста жаңартып отырады.
4. Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары (бұдан әрі – тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары) екі данада жасалады және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, олар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқарушы адамдардың қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) келісуге тиісті жылдың 15 қарашасынан кешіктірілмей беріледі.
Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларын Министрлікке келісуге берген кезде, кейінгі жылға өткен жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей ұсынылатын тиісті тыңайтқыш түрлеріне қалыптасқан нарықтық бағаларды растайтын құжаттарды қоспағанда, субсидиялардың белгіленген нормасын негіздейтін құжаттар (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған тыңайтқыштарды ғылыми негізделген енгізу нормаларын ескере отырып субсидиялауға жататын тыңайтқыш түрлерінің көлемдері бойынша есептемелер) қоса беріледі.
Оң шешім шығарған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 25 қарашасынан кешіктірмей кері қайтарады. Теріс шешім шығарған жағдайда, Министрлік тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларының екі данасын да дәлелді негіздемесі бар хатпен пысықтауға тиісті жылдың 25 қарашасынан кешіктірмей жолдайды.
Пысықталған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары екі данада облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің, олар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқарушы адамдардың қолы қойылған ілеспе хатпен Министрлікке қайта келісуге тиісті жылдың 30 қарашасынан кешіктірілмей беріледі.
Министрлік мақұлданған тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларының бір данасын тиісті ілеспе хатпен тиісті жылдың 7 желтоқсанынан кешіктірмей кері қайтарады.
Тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қаулысымен тиісті жылдың 14 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – ауылшартауарөндіруші) немесе ауыл шаруашылығы кооперативі (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына қосылмаған тыңайтқыштар түрлеріне субсидия алуға өтiнiм берген немесе тыңайтқыштарды өндіруші, жеткізуші және шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына тыңайтқыштардың жаңа түрлерін өткізу туралы хат ұсыну арқылы бастамашалық еткен жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына осы тармақтың бірінші – алтыншы бөліктерінде көзделген тәртіппен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады.
5. Облыстың (бұдан әрі – облыс басқармасы), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармалары (бұдан әрі – қала басқармасы) тыңайтқыштар құнын субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын бекіткеннен кейін оны үш жұмыс күні ішінде тиісті интернет-ресурста орналастырады.
2-тарау. Субсидиялар алушылар
6. Субсидиялар ағымдағы жылы және өткен жылғы 4 (төртінші) тоқсанда тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштарға жұмсалған шығындарды өтеу үшін ауылшартауарөндірушілерге немесе ауылшаркооперативтеріне төленеді.
3-тарау. Субсидиялар алу шарттары
7. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:
1) ауылшартауарөндірушінің немесе ауылшаркооперативінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiмді (бұдан әрі – өтінім):
ауданның, республикалық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі – бөлім) немесе қала басқармасына не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) қағаз түрінде;
не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде беруі.
Ауылшартауарөндіруші немесе ауылшаркооперативі тыңайтқышты шарт негізінде тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзіне тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтiнiмді (бұдан әрі – төлеу туралы өтінім):
бөлімге немесе қала басқармасына не Мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде;
не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде береді.
Бұл жағдайда, субсидиялар тыңайтқыштарды өндірушіге төленеді;
2) ауылшартауарөндірушіде немесе ауылшаркооперативінде жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы.
Ауылшаркооперативінде жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері болмаған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарөндірушілердің субсидия алуына өтінім немесе төлеу туралы өтінім береді. Бұл ретте ауылшартауарөндірушілер субсидия алушылар болып табылады.
Жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бар ауылшаркооперативі өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді өз жер учаскелеріне, сондай-ақ ауылшаркооперативі мүшелерінің жер учаскелеріне сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға береді. Бұл ретте ауылшаркооперативі және ауылшартауарөндіруші субсидия алушылар болып табылады.
4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
8. Субсидиялар ауылшартауарөндіруші немесе ауылшаркооперативі өтінім берген тыңайтқыштардың түрлеріне және көлеміне (өтінімдерде көрсетілген егіс алаңына енгізудің ғылыми негізделген нормаларын ескере отырып) және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен тыңайтқыштар тізбесі мен субсидиялар нормаларына сүйене отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
С = Nв   х S х Nc,   мұнда
С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;
Nв   – 1 гектарға арналған тыңайтқыш енгізу нормасы (нақты салмақпен тонна/гектар, килограмм/гектар, литр/гектар) (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған тыңайтқыштарды енгізудің ғылыми негізделген нормаларын ескере отырып);
S – тыңайтқышты қолдану алаңы, гектар;
Nс   – тыңайтқышқа арналған субсидиялар нормасы, теңге (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес айқындалады).
9. Тыңайтқыштарға арналған субсидиялар нормалары тыңайтқыштың ең төменгі нарықтық құнының жартысына сәйкес мөлшерде абсолюттік мәнде (теңге) белгіленеді.
10. Ауылшартауарөндіруші немесе ауылшаркооперативі құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан төмен болатын тыңайтқышқа өтінім немесе төлеу туралы өтінім берген жағдайда, субсидияларды есептеу нақты сатып алынған тыңайтқыш құнынан жүргізіледі.
Ауылшартауарөндіруші немесе ауылшаркооперативі құны субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыштың құнынан жоғары болатын тыңайтқышқа өтінім немесе төлеу туралы өтінім берген жағдайда, субсидиялар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекіткен субсидиялар нормасы есептелген тыңайтқыш құны бойынша төленеді.
11. Тыңайтқыштар құнында қосылған құн салығы, қаптау, таңбалау құны, республиканың тиiстi өңiрiндегi межелі (босату) пунктке дейiнгi көлiк шығыстары ескеріледі.
5-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі
12. Өтінімдерді немесе төлеу туралы өтінімдерді қабылдауды бөлiм (қала басқармасы) тиісті жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсанына дейін жүзеге асырады.
13. Бөлім (қала басқармасы) ауылшартауарөндіруші немесе ауылшаркооперативі өтінім немесе төлеу туралы өтінім ұсынған сәттен бастап екі жұмыс күнi iшiнде олардың осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді.
Өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді қабылдау кезінде ауылшартауарөндірушіге немесе ауылшаркооперативіне күні мен уақыты, өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
14. Бөлім өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді тексеру аяқталғаннан кейін субсидиялар беруде оң шешім қабылданған жағдайда бір жұмыс күні ішінде ауылшартауарөндірушіні немесе ауылшаркооперативін жазбаша хабардар етеді және:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштарды сатушыдан толық құнымен тыңайтқыш сатып алған кезде мақұлданған ауылшартауарөндірушіге немесе ауылшаркооперативіне тиесілі субсидиялар өтінімдерінің тізімін (бұдан әрі – мақұлданған өтінімдер тізімі) жасайды және оны бір уақытта облыс басқармасына жолдайды;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен тыңайтқыш сатып алған кезде мақұлданған ауылшартауарөндірушіге немесе ауылшаркооперативіне тиесілі субсидиялар төлеу туралы өтінімдердің тізімін (бұдан әрі – мақұлданған төлеу туралы өтінімдер тізімі) жасайды және оны бір уақытта облыс басқармасына жолдайды.
Теріс шешім қабылданған жағдайда бөлім өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді тексеру аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып, ауылшартауарөндірушіні немесе ауылшаркооперативін жазбаша түрде хабардар етеді.
Бұл ретте субсидиялар беруде теріс шешім «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағында белгіленген негіздер бойынша қабылданады.
Бөлім субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар беруде теріс шешім қабылданған ауылшартауарөндірушілердің немесе ауылшаркооперативтерінің тізбесін жасайды және оны ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейінгі мерзімде облыс басқармасына беріп отырады.
15. Облыс басқармасы екі жұмыс күні ішінде:
бөлім мақұлданған өтінімдер тізімін бергеннен кейін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштарды сатушыдан толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алушылардың тізілімін жасайды және қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауылшартауарөндірушілердің немесе ауылшаркооперативтерінің шоттарына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін және (немесе) төлем шотын береді;
бөлім мақұлданған төлеу туралы өтінімдер тізімін бергеннен кейін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алынатын тыңайтқыштар үшін субсидия алушылардың тізілімін жасайды және оны тиісті интернет-ресурста орналастырады және бір уақытта тыңайтқыштарды өндірушіге жібереді.
16. Тыңайтқыштарды өндіруші отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алушылардың тізілімі келіп түскеннен кейін ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейінгі мерзімде облыс басқармасына осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын тыңайтқыштардың нақты өткізілген көлемдері жөніндегі тізілімді береді.
17. Облыс басқармасы нақты өткізу тізілімі келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне тыңайтқыштарды өндірушілердің шоттарына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін және (немесе) төлем шотын береді.
18. Қала басқармасы өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді тексергеннен кейін субсидиялар беруде оң шешім қабылданған жағдайда, екі жұмыс күні ішінде ауылшартауарөндірушіні немесе ауылшаркооперативін жазбаша хабардар етеді және:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыңайтқыштарды сатушыдан толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алушылардың тізілімін жасайды және қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ауылшартауарөндірушілердің және ауылшаркооперативтерінің шоттарына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін және (немесе) төлем шотын береді;
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алушылардың тізілімін жасайды және оны тиісті интернет-ресурста орналастырады және бір уақытта тыңайтқыштарды өндірушіге жібереді.
Теріс шешім қабылданған жағдайда қала басқармасы өтінімді немесе төлеу туралы өтінімді тексергеннен кейін екі жұмыс күні ішінде субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып, ауылшартауарөндірушіні немесе ауылшаркооперативін жазбаша түрде хабардар етеді.
Бұл ретте субсидиялар беруде теріс шешім «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағында белгіленген негіздер бойынша қабылданады.
Қала басқармасы субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар беруде теріс шешім қабылданған ауылшартауарөндірушілердің немесе ауылшаркооперативтерінің тізбесін жасайды.
19. Тыңайтқыштарды өндіруші отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алушылардың тізілімі келіп түскеннен кейін ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-іне дейінгі мерзімде қала басқармасына осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияланатын тыңайтқыштардың нақты өткізілген көлемдері жөніндегі тізілімді береді.
20. Қала басқармасы нақты өткізу тізілімі келіп түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне тыңайтқыштарды өндірушілердің шоттарына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін және (немесе) төлем шотын береді.
6-тарау. Субсидиялау жөніндегі есептілік
21. Облыс (қала) басқармасы тиiстi жылдың 5 шілдесіне және 25 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде Министрлікке осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпаратты және субсидиялар бермеудің себебін көрсете отырып, субсидиялар беруде теріс шешім қабылданған ауылшартауарөндірушілер және ауылшаркооперативтері туралы ақпаратты береді.
Субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында тиісті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады.
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)  
 субсидиялау қағидаларына   
1-қосымша
Нысан
 (кімге) ______________ облысының ______________________________________________ (ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының толық атауы)
 республикалық маңызы бар қаланың, астананың _______________________________ (кімнен) __________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
Толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидиялар алуға арналған өтiнiм
 Тыңайтқыштарды сатушыдан __________ тонна (килограмм, литр) көлемiнде сатып алынған ____________________ үшiн маған _______________________ теңге (тыңайтқыш түрi) (сома санмен және жазбаша) мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама

БСН


 

тіркеу нөмірі


 

тіркелген күні


 

атауы


 

орналасқан жері


 

мемлекеттік тіркелген күні


 

кім берді


 

2.

Жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі


 

ЖСН


 

кім берді


 

берілген күні


 

3.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама**

БСН


 

тіркеу нөмірі


 

тіркелген күні


 

атауы


 

1

2

3

4


 


 

орналасқан жері


 

мемлекеттік тіркелген күні


 

кім берді


 

субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы


 

субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ЖСН-сы


 

4.

Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат**

актінің нөмірі


 

кадастрлық нөмірі


 

барлық алаң, гектар


 

оның ішінде егістік


 

нысаналы мақсаты


 

сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді


 

жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы


 

5.

Ағымдағы шоттың бар екендiгi туралы екінші деңгейдегі банктiң немесе почтаның ұлттық операторының анықтамасы**

ЖСН/БСН


 

Кбе


 

Банктің немесе почта операторының деректемелері:

Банктің немесе почта операторының атауы:


 

БСК


 

ЖСК


 

БСН


 

Кбе


 

6.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен тыңайтқыштарды сатушының арасындағы сатып алу-сату шарты***

шарттың нөмірі


 

шарт жасалған күн


 

тыңайтқыштарды сатушының атауы


 

тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


 

тыңайтқыштың атауы


 

тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр)


 

төлеу мерзімі


 

межелі (босату) пункт


 

7.

Тыңайтқыштарды сатып алуға жұмсалған шығындарды растайтын (өтінім берген сәтте) төлем құжаттары (шот-фактуралар және тауарды жеткізу туралы жүкқұжат (акт)***

шот-фактура нөмірі


 

берілген күні


 

тыңайтқыштарды сатушының атауы


 

тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


 

тыңайтқыштарды сатушының ЖСК-сі


 

тауарлық-көліктік жүкқұжаттың нөмірі (шетелдік өндіріс тыңайтқыштары үшін)


 

1

2

3

4


 


 

тауарды қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі (отандық өндіріс тыңайтқыштары үшін)


 

8.

Жүктік кедендік декларация (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден тыңайтқыш сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші немесе ауыл шаруашылығы кооперативі үшін)***

тыңайтқыштың атауы


 

өлшем бірлігі


 

саны (көлемі)


 

ҚҚС-мен бағасы (теңге)


 

өткізу құны, барлығы


 

нөмірі


 

берілген күні


 

тыңайтқыштарды сатушының атауы


 

тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


 

9.

Тауар Еуразиялық экономикалық одақтан әкелінгенін растайтын салық органы берген құжат***

нөмірі


 

берілген күні


 

тыңайтқыштарды сатушының атауы


 

тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


 

10.

Сатып алынған тыңайтқыштарға арналған сәйкестiк сертификаты***

сертификаттың нөмірі


 

сертификаттың қолданылу мерзімі


 

сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)


 

өтінім беруші (атауы, мекенжайы)


 

кім берді


 

11.

Тауардың шыққан жері сертификаты***

нөмірі мен берілген күні


 

тауардың атауы


 

экспорттаушы/жүк жөнелтуші


 

импорттаушы/жүк алушы


 

12.

Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік***

куәлік нөмірі


 

химиялық өнімнің толық атауы


 

өндіруші фирма


 

куәліктің қолданылу мерзімі


 

тіркелген күні


 

кім берді


 

Ескертпе:
* өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді;
** осы өтінімді ауыл шаруашылығы кооперативі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің де субсидия алуына берген жағдайда, жоғарыда көрсетілген кестенің 3, 4 және 5-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.
Ағымдағы шот ашқан немесе оның реквизиттері өзгерген жағдайда, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші және ауыл шаруашылығы кооперативі өтінімге қоса ағымдағы шоттың бар екендігі туралы екінші деңгейдегі банк немесе ұлттық пошта операторы анықтамасының түпнұсқасын береді;
*** көрсетілген құжаттардағы мәліметтер әр тыңайтқыш түріне толтырылады.
Тиесілі субсидиялар есептемесі

Ауыл шаруа-шылығы дақылы-ның атауы, сүрі жер

Алаңы, гектар

Тың-айтқыш түрі

1 гектарға тыңайтқыш қолданудың ғылыми ұсынылған нормалары

(нақты салмақтағы килограмм, литр)

Тыңай-тылатын алаң, гектар

Тыңай-тылатын алаңға арналған тыңайтқыш көлемі

(тонна, кило-грамм, литр)

(5-баған

х 6-баған)

1 тонна

(кило-грамм, литр) бағасы,

теңге

Жалпы құны, теңге

(7- баған х

8- баған)

1 тоннаға

(килограмм-ға, литрге)

арналған субсидиялар нормасы,

теңге

Тиесілі субси-дия сомасы,

теңге (7- баған

х 10- баған)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жиыны


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
 Басшы ___________ ________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
 Бас бухгалтер (бар болса)________ ___________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
Мөр (бар болса) орны
 20__ жылғы «___» ______________
 Өтiнiм 20__жылғы «___» ____________қарауға қабылданды.
 _________________ ________________________________________________________ (қолы) (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
---------------------------------------------------------------------------
Кесу сызығы
 Талон № _______________________
 Өтінім қарастыруға 20__ жылғы «__» ______ _______ сағат ___ минутта қабылданды. ________________________________________________________ _________________ (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің (қолы) аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)  
 субсидиялау қағидаларына   
2-қосымша
Нысан
 (кімге) ______________ облысының ______________________________________________ (ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының толық атауы) республикалық маңызы бар қаланың, астананың _______________________________ (кімнен) _______________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
Тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алған жағдайда тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтiнiм
 Осымен ________________________________________________ арзандатылған құнмен (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)
 ________ тонна (килограмм, литр) көлемiнде __________________ тыңайтқыш (тыңайтқыш түрi)
 сатып алу-сату шартын жасасқанымды мәлімдеймін және маған тиесілі _______________________________________________ теңге мөлшеріндегі субсидияны (сома санмен және жазбаша)
 отандық тыңайтқыштарды өндіруші ___________________________________________ (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)
 тыңайтқыштардың нақты өткізілген көлемдері жөніндегі тізілімді ұсынғаннан кейін отандық тыңайтқыштарды өндіруші __________________________________________ (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы) аударуды сұраймын.

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама

БСН


 

тіркеу нөмірі


 

тіркелген күні


 

атауы


 

орналасқан жері


 

мемлекеттік тіркелген күні


 

кім берді


 

2.

Жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі


 

1

2

3

4


 


 

ЖСН


 

кім берді


 

берілген күні


 

3.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін – мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк немесе анықтама**

БСН


 

тіркеу нөмірі


 

тіркелген күні


 

атауы


 

орналасқан жері


 

мемлекеттік тіркелген күні


 

кім берді


 

субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы


 

субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің БСН-сы/ ЖСН-сы


 

4.

Жер учаскесiне сәйкестендiру және (немесе) құқық белгiлейтiн құжат

актінің нөмірі


 

кадастрлық нөмірі


 

барлық алаң, гектар


 

оның ішінде егістік


 

нысаналы мақсаты


 

сәйкестендiру құжатының нөмірі мен берілген күні, кім берді


 

жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы


 

5.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауыл шаруашылығы кооперативі) мен отандық тыңайтқыштарды өндіруші арасындағы сатып алу-сату шарты***

шарттың нөмірі


 

шарт жасалған күн


 

тыңайтқыштарды сатушының атауы


 

тыңайтқыштарды сатушының орналасқан жерінің мекенжайы


 

тыңайтқыштың атауы


 

тыңайтқыштың көлемі, тонна (килограмм, литр)


 

төлеу мерзімі


 

межелі (босату) пункт


 

Ескертпе:
* өтінім берушіден көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын және көшірмелерін талап етуге жол берілмейді;
** осы өтінімді ауыл шаруашылығы кооперативі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің де субсидия алуына берген жағдайда, жоғарыда көрсетілген кестенің 3 және 4-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.
Ағымдағы шот ашқан немесе оның реквизиттері өзгерген жағдайда, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші және ауыл шаруашылығы кооперативі өтінімге қоса ағымдағы шоттың бар екендігі туралы екінші деңгейдегі банк немесе ұлттық пошта операторы анықтамасының түпнұсқасын береді;
*** көрсетілген құжаттағы мәліметтер тыңайтқыштың әрбір түріне толтырылады.
Тиесілі субсидиялар есептемесі

Ауыл шаруа-шылығы дақылы-ның атауы, сүрі жер

Алаңыы, гектар

Тың-айтқыш түрі

1 гектарға тыңайтқыш қолданудың ғылыми ұсынылған нормалары

(нақты салмақтағы килограмм, литр)

Тыңай-тылатын алаң, гектар

Тыңай-тылатын алаңға арналған тыңайтқыш көлемі

(тонна, кило-грамм, литр)

(5-баған

х 6- баған)

1 тонна

(кило-грамм, литр) бағасы,

теңге

Жалпы құны, теңге

(7- баған х

8- баған)

1 тоннаға

(килограмм-ға, литрге)

арналған субсидиялар нормасы,

теңге

Тиесілі субси-дия сомасы,

теңге (7- баған

х 10- баған)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жиыны


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
 Басшы ___________ ________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
 Бас бухгалтер (бар болса) ______________ _____________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
Мөр (бар болса) орны
 20__ жылғы «___» ______________
 Өтiнiм 20__жылғы «___» ____________қарауға қабылданды. _________________ ________________________________________________________ (қолы) (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
Кесу сызығы
Талон
 № _______________________
 Өтінім қарастыруға 20__ жылғы «__» ______ _______ сағат ___ минутта қабылданды. ________________________________________________________ _________________ (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің (қолы) аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)  
 субсидиялау қағидаларына   
3-қосымша
Нысан
 _______________________ облысы _________________________________________________ бойынша (республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала)
тыңайтқыштарды сатушыдан толық құнымен тыңайтқыш сатып алған кезде мақұлданған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтеріне тиесілі субсидиялар өтінімдерінің тізімі

Р/с

Ауыл шаруашылығытауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығыкооперативінің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперати-вінің БСН/ЖСН

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің ағымдағы шоты

Сатып алу-сату шартының күні, №

Тыңайт-қыш түрі

Өлшем бірлігі

(тонна,

(килограмм, литр)

Сатып алынған тыңайтқыш-тар көлемі, тонна (килограмм, литр)

Межелі (босату) пункт

1 тоннаға (килограммға, литрге) арналған субсидиялар нормасы,

теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге

БСК

ЖСК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жиыны:


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

 ______________________ ауданының, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімінің, республикалық маңызы бар қаланың астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ___________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
Мөр (бар болса) орны
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)  
 субсидиялау қағидаларына   
4-қосымша
Нысан
 _______________________ облысы ________________________________________________ бойынша (республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала)
отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен тыңайтқыш сатып алған кезде мақұлданған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтеріне тиесілі субсидиялар төлеу туралы өтінімдердің тізімі

Р/с

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің БСН/ЖСН

Отандық тыңайтқыш-тарды өндірушінің атауы

Сатып алу-сату шартының күні, №

Тыңайт-қыш түрі

Өлшем бірлігі

(тонна,

(килограмм, литр)

Сатып алынған тыңайтқыш-тар көлемі, тонна (килограмм, литр)

Межелі (босату) пункт

1 тоннаға (килограммға, литрге) арналған субсидиялар нормасы,

теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге

1

2

3

4


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жиыны:


 


 


 


 


 


 


 


 


 

 ______________________ ауданының, облыстық маңызы бар қаланың ауыл шаруашылығы бөлімінің, республикалық маңызы бар қаланың астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ___________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
Мөр (бар болса) орны
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)  
 субсидиялау қағидаларына   
5-қосымша
Нысан
Субсидиялар беруде теріс шешім қабылданған ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң және ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тiзбесі

Аудандардың атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің БСН/ЖСН

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің өтінімін қабылдау күні

Субсидиялар бермеу себептері

Субсидиялар бермеу туралы хабарламаның нөмірі және күні

Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасы маманының, тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы

1

2

3

4

5

6

7

8


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Облыс бойынша жиыны:


 


 


 


 


 


 

 Аудан, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі _________________ ________________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
Мөр (бар болса) орны
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)  
 субсидиялау қағидаларына   
6-қосымша
Нысан
Тыңайтқыштарды сатушыдан толық құнымен сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алушылардың тізілімі

Р/с

Аудан (қала)

Ауыл шаруашылығытауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығыкооперативінің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперати-вінің БСН/ЖСН

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің ағымдағы шоты

Сатып алу-сату шартының күні, №

Тыңайт-қыш түрі

Өлшем бірлігі

(тонна,

(кило-грамм, литр)

Сатып алынған тыңайтқыш көлемі, тонна (кило-грамм, литр)

Межелі (босату) пункт

1 тоннаға (килограммға, литрге) арналған субсидиялар нормасы,

теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге


 

БСК

ЖСК

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жиыны:


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

 ______________________ облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы _________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
Мөр (бар болса) орны
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)  
 субсидиялау қағидаларына   
7-қосымша
Нысан
Отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құнмен сатып алынатын тыңайтқыштар үшін субсидия алушылардың тізілімі

Р/с

Аудан (қала)

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперати-вінің БСН/ЖСН

Отандық тыңайт-қыштарды өндірушінің атауы

Сатып алу-сату шартының күні, №

Тыңайт-қыш түрі

Өлшем бірлігі

(тонна,

(килограмм, литр)

Сатып алынатын тыңайтқыш көлемі, тонна (килограмм, литр)

Межелі (босату) пункт

1 тоннаға (килограммға, литрге) арналған субсидиялар нормасы,

теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге

1

2


 


 

5

6

7

8

9

10

11

12


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жиыны:


 


 


 


 


 


 


 


 


 

 ______________________ облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы _______________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
Мөр (бар болса) орны
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)  
 субсидиялау қағидаларына   
8-қосымша
Нысан
Субсидияланатын тыңайтқыштардың нақты өткізілген көлемдері жөніндегі тізілім
 ___________________________________________________ (отандық тыңайтқыштарды өндірушінің атауы)

Тың-айт-қыш түрі

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің БСН/ЖСН

Өлшем бірлігі

(тонна,

(кило-грамм, литр)

Жасалған шарттар

1 тоннаның (килограмның, литрдің) құны, теңге (1 тоннаға (килограммға, литрге ) тиесілі субсидия нормасын шегеріп тастағанда)

Тиеп жөнелтілген тыңайтқыштар көлемі

Төлем құжаттары

сатып алу-сату шартының күні, №

көлемі,

тонна

(кило-грамм, литр)

көлемі,

тонна

(кило-грамм, литр)

субсидия сомасы,

мың теңге

Шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (актінің) нөмірі

Берілген күні


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Ескертпе: көрсетілген тізілімге сапасыз тауар жеткізу себебімен не өзге де себептермен сатып алу-сату шартын орындаудан бас тартқан және сатып алынған тыңайтқыштар үшін қаражатты қайтаруды талап еткен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері енгізілмейді.
Отандық тыңайтқыштарды өндірушінің деректемелері

Мәліметтер

Деректер

ЖСН/БСН


 

Кбе


 

Банктің немесе почта операторының деректемелері:

Банктің немесе почта операторының атауы:


 

БСК


 

ЖСК


 

БСН


 

Кбе


 

 Отандық тыңайтқыштарды өндіруші (бірінші басшы) ___________________ __________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)
Мөр (бар болса) орны
 Отандық тыңайтқыштарды өндірушінің бас бухгалтері ___________________ ____________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда)
Тыңайтқыштардың құнын (органикалық
тыңайтқыштарды қоспағанда)  
 субсидиялау қағидаларына   
9-қосымша
Нысан
  __________ облысы, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ____ жылы субсидияларды пайдалану туралы жиынтық ақпарат

Аудан-дардың атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің БСН/ЖСН

Ауыл шаруа-шылығы дақылының атауы, сүрі жер

Тың-айт-қыш түрі

Отандық тыңайтқыштарды өндірушінің, жеткізушінің немесе шетелдік тыңайтқыштарды өндірушінің атауы

Нақты салмақта тыңайтқыш енгізу нормасы, килограмм/ гектар (литр/ гектар)

Субси-диялау шеңберін-

де тыңай-тылған алаң, гектар

Сатып алынған субси-дияланған тыңайт-қыш көлемі, тонна

Төленген субси-диялар көлемі, теңге

Енгізілген тыңайт-қыштар көлемі, тонн

Жалпы тыңай-тылған алаң, гектар

Отандық өндіріс тыңайтқыштары

Ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері ( 1000 гектардан жоғары)


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Орташа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері (300-1000 гектар)


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Ұсақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері (300 гектарға дейін)


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Шетелдік өндіріс тыңайтқыштары

Ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері ( 1000 гектардан жоғары)


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Орташа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері (300-1000 гектар)


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Ұсақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері (300 гектарға дейін)


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Жиыны:


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

 ______________________ облысының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы___________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда)
Мөр орны