Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 149 бұйрығымен
бекітілген
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары
Редакция 26.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін (бұдан әрі – даму жоспары) айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы компанияның жарғысында айқындалатын атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;
2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспары (бұдан әрі – даму жоспары) – Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;
3) компания – акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
4) электрондық есеп – ұлттық куәландырушы орталық берген және мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу үшін дайындалған, компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын даму жоспарының мәтінін және/немесе қосымшаларымен оның іске асырылуын бағалауды және/немесе тиісті саланың уәкілетті органы басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын даму жоспарының іске асырылуын мониторингтеу нәтижелерін қамтитын есеп.
3. Компанияның даму жоспары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары ескеріле отырып, он жылдық кезеңге бір рет әзірленеді.
4. Компанияның даму жоспары оның бес жылдық кезеңге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу үшін негіз болып табылады және оның стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және акциялары (қатысу үлестері) компанияға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғалардың даму жоспарын (қызметтің стратегиялық бағыттарын) ескере отырып әзірленеді.
2-тарау. Компанияның даму жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібі
5. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Қор) қоспағанда, Компанияның даму жоспарының жобасы Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында жазылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігіне тиісті саланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджеттік параметрлерге сәйкестігіне келісіледі.
6. Компанияның даму жоспары мынадай:
ағымдағы жағдайды және сыртқы ортаның жаһандық факторларының әсерін – компания жұмыс істейтін және компанияның мақсаттарына қол жеткізуге әсер етуі мүмкін құқықтық, саяси, шаруашылық, демографиялық, технологиялық және басқалардың жиынтығын қамтитын сыртқы ортаны талдау;
компания қызметіндегі күшті және әлсіз жақтарды талдауды қамтитын ішкі ортаны талдау кіші бөлімдерін қамтитын компанияның ағымдағы жай-күйіне талдау бөлімдерінен тұратын құжат болып табылады.
Сондай-ақ, компанияның ағымдағы жағдайын талдау қазіргі және ықтимал қауіптер мен тәуекелдерді талдауды және компанияның мақсаттарына жету мүмкіндіктерін анықтауды қамтиды;
2) миссиясы мен пайымдауы, бұл ретте миссиясы мемлекет компания алдына қоятын міндеттерге сәйкес келеді және мемлекет қойған міндеттер, ол орындайтын функциялар, қызмет бағыттары және саланы (экономика секторын) дамыту тұрғысында компанияның негізгі мақсатын қамтуға тиіс.
Пайымдау компанияның болжамды кезеңнің соңына қарай оның орындайтын функциялары тұрғысынан жайғасымын айқындайды.
3) қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер көрсетіледі.
Даму жоспары шеңберінде компания қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, қызметінің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер көрсетіледі, оның ішінде жылдар бойынша бөліністе көрсетіледі.
Қызметтің стратегиялық бағыттары миссияға сүйене отырып айқындалады және компания тиісті әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге барынша әсер ететін қызмет салаларын білдіреді.
Әрбір стратегиялық бағыт үшін мақсаттар – нәтижесінде компанияның жалпы мақсаттарына қол жеткізуге әкелетін қызметтің нақты, өлшенетін бағдарлары әзірленеді.
Әрбір мақсатты іске асыру шеңберінде міндеттер айқындалады, оларды шешу тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті және жеткілікті шарт болып табылады. Сондай-ақ әрбір мақсат бойынша қызметтің 3-тен аспайтын түйінді көрсеткіші әзірленеді (жылдар бойынша бөліністе), олар бойынша компания қызметінің мақсаты мен стратегиялық бағытына қол жеткізу бағаланатын болады. Әрбір стратегиялық бағыт үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілгеннен кейін күтілетін нәтижелер сипатталады.
Қызметтің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, қызметтің түйінді көрсеткіштерін және олар бойынша күтілетін нәтижелерді онжылдық кезеңнің әрбір жылына бөле отырып, осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша даму жоспарына жеке қосымша түрінде ресімдеу ұсынылады.
4) компанияның жұмыс істеуінің тиімділігі мақсатында қызметтің стратегиялық бағыты шеңберінде ықтимал қауіптерді, тәуекелдің сипаттамасын және олардың салдарын көрсететін тәуекелдерді басқару жүйесі, осы тәуекелдің алдын алу және ол басталған жағдайда компанияның оған ден қоюы жөніндегі іс-шараларды әзірлеу көзделеді.
7. Компанияның даму жоспары даму жоспарына қажетті негіздемелерді, стратегиялық картаны, схемаларды, кестелерді, даму жоспарында көзделген компания қызметінің негізгі көрсеткіштеріне нысаналы мәндер бойынша есептеулерді қамтитын қосымшаларды қамтиды.
Компанияның стратегиялық картасы компания қызметінің түйінді көрсеткіштерімен мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кірмейтін өзге де құжаттардың көрсеткіштерінің декомпозициясын қамтиды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
8. Тиісті салаға (аяға) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) компанияға жоспарланып отырған он жылдық кезеңнің алдындағы жылдың бірінші мамырынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсер ететін сандық және сапалық көрсеткіштерді жібереді.
9. Компанияның атқарушы органы жоспарланып отырған он жылдық кезеңнің алдындағы жылдың бірінші маусымынан кешіктірмей, Қорды қоспағанда, даму жоспарының жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және оны тиісті саланың уәкілетті органының қарауына және келісуіне енгізеді.
Тиісті саланың уәкілетті органы даму жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Ескертулер болған жағдайда компанияның атқарушы органы бес жұмыс күні ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны тиісті саланың уәкілетті органына келісуге қайта ұсынады.
Тиісті саланың уәкілетті органы пысықталған даму жоспарының жобасын он жұмыс күні ішінде қарайды.
10. Тиісті саланың уәкілетті органы даму жоспарының жобасы келісілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға келісуге енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар даму жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Ескертулер болған кезде тиісті саланың уәкілетті органы даму жоспарының жобасын ескертулер алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде пысықтайды және оны мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға келісуге қайта ұсынады.
Мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар пысықталған даму жоспарының жобасын он жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
11. Компанияның атқарушы органы даму жоспарының жобасы қорды қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен келісілгеннен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізеді. Қордың атқарушы органы даму жоспарының жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және оны директорлар кеңесінің отырысы өткізілетін немесе директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілетін күнге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей директорлар кеңесінің қарауына енгізеді.
Компанияның директорлар кеңесі күнтізбелік жиырма күн ішінде даму жоспарының жобасын қарайды және мақұлдау туралы не компанияның атқарушы органына пысықтау үшін қайтару туралы шешім қабылдайды.
Ескертулер болған жағдайда компанияның атқарушы органы даму жоспарының жобасын компанияның директорлар кеңесі айқындаған, бірақ ескертулерді алған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде пысықтайды және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайта ұсынады.
Компанияның директорлар кеңесі пысықталған даму жоспарының жобасын қайта енгізген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды.
12. Қордың атқарушы органы жоспарланып отырған онжылдық кезеңнің алдындағы жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей Қордың директорлар кеңесі мақұлдаған Қордың даму жоспарының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізуді қамтамасыз етеді.
13. Тиісті саланың уәкілетті органы жоспарланып отырған онжылдық кезеңнің алдындағы жылдың бірінші қарашасына дейін Қорды қоспағанда, компанияның директорлар кеңесі мақұлдаған компанияның даму жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жоспарланып отырған онжылдық кезеңнің алдындағы жылдың бірінші желтоқсанынан кешіктірмей директорлар кеңесі мақұлдаған Қордың даму жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етеді.
14. Компанияның атқарушы органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің компанияның даму жоспарын бекіту туралы қаулысы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық есепке Қазақстан Республикасы Үкіметінің даму жоспарын бекіту туралы қаулысының сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, Тізілімге енгізу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға (бұдан әрі – бірыңғай оператор) электрондық есепті жібереді.
15. Бірыңғай оператор электрондық есепті Тізілімге енгізуді ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде компанияның электрондық мекенжайына электрондық есепті Тізілімге енгізу туралы хабарлама жібере отырып жүзеге асырады.
Бірыңғай оператордың электрондық есепке техникалық ескертулері болған кезде компания ескертулерді жояды және ескертулерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны бірыңғай операторға қайта енгізеді.
1) Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай және ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауымен, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілетін өзгерістермен, сондай-ақ компанияның қызметіне елеулі әсері бар ішкі және сыртқы ортаның өзгеруімен;
2) компания қызметінің негізгі бағыттарының өзгеруімен;
3) компанияны қайта ұйымдастырумен;
4) даму жоспарын іске асыру мониторингінің қорытындыларымен байланысты жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі айқындалады.
17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларда компанияның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Компанияның атқарушы органы осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдай басталғаннан кейін бір айдан кешіктірмей компанияның түзетілген даму жоспарын әзірлеуді және келісуге енгізуді қамтамасыз етеді.
Тиісті саланың уәкілетті органының, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың және Компанияның директорлар кеңесінің түзетілген даму жоспарының жобасын қарау және келісу тәртібі осы Қағидалардың 9-13-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады;
2) Компанияның атқарушы органы Қазақстан Республикасы Үкіметінің компанияның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық есепке Қазақстан Республикасы Үкіметінің даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысының сканерленген көшірмесін қоса бере отырып, Тізілімге енгізу үшін бірыңғай операторға электрондық есепті жібереді.
Бірыңғай оператордың электрондық есепті Тізілімге енгізуі осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Компаниялардың кезекті он жылдық кезеңге арналған кезекті даму жоспары Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың алдыңғы даму жоспарын іске асырудың соңғы жылынан кешіктірілмей әзірленеді.
3-тарау. Компанияның даму жоспарын іске асыру мониторингі
19. Даму жоспарының іске асырылу мониторингін Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары және компанияның даму жоспары көрсеткіштерінің орындалуы туралы ақпаратты талдау және қорыту мақсатында тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
Қордың даму жоспарын іске асыру мониторингін оның директорлар кеңесі жүзеге асырады.
20. Компанияның даму жоспарын іске асыру мониторингі мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) бірінші рет – жылдар бойынша бөле отырып, үш жыл үшін;
2) екінші рет – жылдар бойынша бөле отырып, алты жыл үшін;
3) үшінші рет – жылдар бойынша бөле отырып, он жыл үшін.
Қорды қоспағанда, компанияның даму жоспарының іске асырылу мониторингі директорлар кеңесі есепті кезең үшін компанияның даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекіткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.
Компанияның даму жоспарының іске асырылуына мониторинг директорлар кеңесі бекіткен даму жоспарының және компанияның есепті кезеңдегі даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің негізінде жүргізіледі.
Қордың даму жоспарының іске асырылу мониторингі Қордың директорлар кеңесінің есепті кезең үшін Қордың даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекітуімен бір мезгілде жүзеге асырылады.
21. Тиісті саланың уәкілетті органы бірыңғай оператор әзірлеген Тізілімнің веб-порталында компанияның даму жоспарының іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі есепті дайындайды.
Даму жоспарының іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі есеп қызметтің стратегиялық бағыттарына, мақсаттарына, міндеттеріне, қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі ақпаратты қамтиды.
Даму жоспарының іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі есеп осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
22. Мониторинг жүргізу қорытындылары бойынша тиісті саланың уәкілетті органы даму жоспарын іске асыру жөнінде қорытынды дайындайды.
Қорытынды еркін нысанда жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) Компанияның даму жоспарының орындалуы бойынша есепте ұсынылған ақпаратты талдау және қорыту;
2) қызметтің жоспарланған түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі (нақты нәтижелердің жоспарланғандардан ауытқулары болған кезде түпкілікті нәтижелерге әсер еткен себептер мен факторларды ашу қажет) және қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін өткізілген/жоспарланған іс-шаралар туралы;
3) жекелеген мақсаттар, міндеттер, іс-шаралар қайта қаралған, ресурстар қайта бөлінген және проблемаларды шешудің жаңа тәсілдері әзірленген жағдайда олар бойынша ақпарат қамтылуға тиіс;
4) компания қызметінің тиімділігін арттыру бойынша және компанияның даму жоспарын түзету бойынша ұсыныстар;
5) саланың және тұтастай экономиканың дамуына компанияның ықпал ету дәрежесі.
Даму жоспарын іске асыру мониторингі бойынша есеп және қорытынды даму жоспарын іске асыру мониторингінің нәтижелері болып табылады.
23. Даму жоспарын іске асыру мониторингінің нәтижелерін (оған қол қойылған және мөрмен расталған қорытындының қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесін қоса бере отырып) тиісті саланың уәкілетті органы бірыңғай операторға электрондық есеп түрінде ұсынады.
Бірыңғай оператор электрондық есепті Тізілімге енгізуді ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті саланың уәкілетті органының электрондық мекенжайына электрондық есепті Тізілімге енгізу туралы хабарлама жібере отырып жүзеге асырады.
Бірыңғай оператордың электрондық есепке техникалық ескертулері болған кезде тиісті саланың уәкілетті органы ескертулерді жояды және ескертулерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны бірыңғай операторға қайта енгізеді.
24. Компанияның даму жоспарының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган оны іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігіне қол жеткізу дәрежесін айқындау мақсатында д аму жоспарының іске асырылуына мониторинг жүргізгеннен кейін жүзеге асырады.
25. Даму жоспарын іске асыру тиімділігін бағалауды есепті кезеңде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) бірінші рет – жылдар бойынша бөле отырып, үш жыл үшін;
2) екінші рет – жылдар бойынша бөле отырып, алты жыл үшін;
3) үшінші рет – жылдар бойынша бөле отырып, он жыл үшін.
4-тарау. Компанияның даму жоспарын іске асыру тиімділігін бағалау
26. Даму жоспарының іске асырылу тиімділігін бағалау компанияның есепті кезеңдегі даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің және тиісті саланың уәкілетті органының мониторингі нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылады.
27. Компанияның даму жоспарының іске асырылу тиімділігін бағалау жөніндегі есепті қалыптастыру үшін тиісті компанияны иелену және пайдалану құқықтары берілген тиісті саланың уәкілетті органдары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде компанияның даму жоспарының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты ұсынады.
28. Компанияның даму жоспарын іске асыру тиімділігін бағалау бойынша есеп мынадай:
компания қызметінің тиімділігін бағалау;
талдамалық жазба бөлімдерінен тұрады.
Ақпараттық бөлімнің мақсаты есепті кезеңде компания қызметінің стратегиялық бағыттарын (бұдан әрі – ҚСБ) іске асыру нәтижелері туралы деректерді ұсыну болып табылады.
құжаттың деректемелерін (компанияның даму жоспарын): құжаттың атауын, нөмірін, қабылданған күнін, іске асыру мерзімдерін;
компанияның миссиясын және ҚСБ туралы мәліметтерді қамтиды, бұл ретте әрбір ҚСБ бойынша қызметтің қандай түйінді көрсеткіштері арқылы көрсетіледі (бұдан әрі – ҚТК) ол іске асырылады (нақты нәтижелердің жоспарланғандардан ауытқулары болған кезде түпкілікті нәтижелерге әсер еткен себептер мен факторларды ашу қажет). Ақпараттық бөлім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес толтырылады.
30. «Компания қызметінің тиімділігін бағалау»
Қызметтің тиімділігін айқындау компанияның даму жоспарының және оның қаржы-шаруашылық қызметінің іске асырылу тиімділігін бағалау арқылы жүзеге асырылады.
1) Компанияның даму жоспарының іске асырылу тиімділігін бағалау ҚСБ мен ҚТК-ға қол жеткізу дәрежесін анықтау арқылы жүзеге асырылады.
Компанияның ҚСБ мен ҚТК-ға қол жеткізуін бағалау осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Әрбір ҚСБ даму жоспарын іске асырудың қорытынды рейтингінде белгілі бір үлес салмаққа ие, олардың жалпы көлемі жиынтығында 100 %-ды құрайды және ҚТК-ның белгілі бір санын қамтиды.
ҚСБ ішіндегі ҚТК-ға үлес салмақ беріледі, оның жалпы сомасы әрбір ҚСБ-ның 100 %-ын құрайды.
ҚТК-ға қол жеткізу дәрежесін есептеу қорытындылары бойынша әрбір ҚТК-ға 0-ден 4-ке дейін балл беріледі, бұл ретте:
4 – жоспардан 85%-дан 100%-ға дейін ҚТК нәтижелеріне қол жеткізу;
3 – жоспардан 70%-дан 84%-ға дейін ҚТК нәтижелеріне қол жеткізу;
2 – жоспардан 55%-дан 69%-ға дейін ҚТК нәтижелеріне қол жеткізу;
1 – жоспардан 40%-дан 54%-ға дейін ҚТК нәтижелеріне қол жеткізу;
0 – жоспардан 0%-дан 39%-ға дейін ҚТК нәтижелеріне қол жеткізу.
ҚТК-ға қол жеткізудің бағалауын қорытындылау үшін әрбір ҚТК бойынша балдар жинақталады. Балдардың жиынтық санына және қол жеткізуге болатын ең жоғары нәтижеге сүйене отырып, әрбір ҚСБ-ның іске асырылу дәрежесі есептеледі.
Әрбір ҚСБ бойынша қол жеткізілген нәтижелерге сәйкес, сондай-ақ компанияның даму жоспарына қол жеткізудегі олардың үлес салмағын ескере отырып, қызметтің түйінді көрсеткіштері бойынша компанияның даму жоспарын іске асырудың қорытылған нәтижесі есептеледі.
Қызметтің түйінді көрсеткіштері бойынша компанияның даму жоспарын іске асырудың қорытылған нәтижесі мынадай деңгейлерге бөлінеді:
85%-дан 100%-ға дейін – даму жоспарын іске асырудың жоғары тиімділік деңгейі;
70%-дан 84%-ға дейін – даму жоспарын іске асырудың орташа тиімділік деңгейі;
55%-дан 69%-ға дейін – даму жоспарын іске асырудың төмен тиімділік деңгейі;
40%-дан 54%-ға дейін – даму жоспарын тиімсіз іске асыру;
0%-дан 39%-ға дейін – даму жоспары іске асырылмаған.
2) компанияның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау қаржылық есептілікті талдаудың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі:
егжей-тегжейлі талдау осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады және компанияның соңғы үш есепті кезеңдегі деректерін салыстырмалы және абсолютті түрде салыстырудан және есептіліктің жекелеген баптарының немесе олардың топтарының өзгеру үрдістерін анықтаудан тұрады.
Коэффициенттік талдау – осындай коэффициенттердің нормативтік мәндеріне сәйкестігі (ауытқуы) және олардың серпініндегі өзгерістері мәніне қаржылық көрсеткіштер (коэффициенттер) жиынтығының көмегімен компанияның қаржылық есептілігін зерделеуден тұрады (компанияның қаржылық есептілігінің барлық нысандарынан деректер қабылданады) :
Ағымдағы өтімділік коэффициенттері – компанияның ағымдағы берешекті қолда бар айналым қаражаты есебінен өтеу қабілетін анықтау үшін есептеледі. Мына формула бойынша есептеледі:
СL – ағымдағы міндеттемелер.
Ұсынылатын мәні СR: 1-2. <1 мәні төлем қабілеттілігінің ықтимал жоғалуын, >4 мәні – қарыз қаражатын пайдалану белсенділігінің жеткіліксіздігі туралы және соның салдарынан меншікті капитал рентабельділігінің төмен мәні туралы куәландырады;
Активтердің рентабельділік коэффициенті – компания активтеріне салынған әрбір теңгеге қанша таза пайда келетінін куәландырады.
Мына формула бойынша есептеледі:
ТА-активтердің орташа жылдық сомасы.
Ұсынылатын ААА мәні: Көрсеткіштің жоғарылатылған мәні
(динамикада) Компания активтерінің пайда табуға қабілеттілігін көрсетеді.
Меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті – компанияның меншікті капитал бірлігінен қанша таза пайдасы бар екенін көрсетеді.
Мына формула бойынша есептеледі:
ЕО – меншікті капиталдың орташа жылдық сомасы.
Ұсынылатын КОЕ мәні: салаға байланысты әр түрлі, сонымен бірге, коэффициенттің жоғары мәні оң бағаланады, өйткені капиталға авансталған әрбір теңгеге келетін таза пайда туралы куәландырады
Қаржылық левередж коэффициенті – компанияның қаржылық тәуекеліне тікелей пропорционалды және компания активтерін қаржыландыру көздеріндегі қарыз қаражатының үлесін көрсетеді. Мына формула бойынша есептеледі:
Ұсынылатын DR мәні: <1, мәні >1 Компанияның қаржылық тұрақтылығына теріс әсер етуі мүмкін жоғары борыштық жүктемесін көрсетеді.
Талдамалық жазба еркін нысанда жасалады және мыналарды қамтиды:
1) есептің Ақпараттық бөлімінде келтірілген ақпаратты қажетті түсіндірмелер мен қорыту, бұл ретте ПӘК-ті мынадай санаттарға бөлу пайдаланылады:
Сандық – оған қол жеткізу дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін сандық өлшенетін индикаторы бар тиімділік;
Сапалық – сандық өлшенетін индикаторы жоқ, бірақ бұл ретте тиісті саладағы (аядағы) оң өзгерістердің мәнін айқындауға мүмкіндік беретін пәк;
іс-шара – сандық өлшенетін индикаторы жоқ және ҚСБ-ға қол жеткізу және жоспарланған нәтижелерді алу үшін орындалған бір жолғы іс-шара (іс-қимыл) түрінде қалыптастырылған ҚТК;
2) қойылған ҚСБ және ҚНК қол жеткізуді бағалауды қамтиды;
3) компания қызметінің тиімділігін арттыру бойынша қорытындылар және қажет болған жағдайда ұсынымдар.
32. Даму жоспарының іске асырылуын бағалауды жүргізгеннен кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган даму жоспарының іске асырылуын бағалау нәтижелерін бірыңғай операторға ұсыну үшін тиісті саланың уәкілетті органына олардың интернет-ресурсында орналастыру үшін және компанияларға жібереді.
Даму жоспарының іске асырылуын бағалау нәтижелерін Компанияның атқарушы органы оларды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірыңғай операторға электрондық есеп түрінде ұсынады және осы Қағидалардың 15-тармағында белгіленген тәртіппен тізілімге енгізіледі.
33. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тарау. Компанияның даму жоспарын іске асыруды бақылау
34. Даму жоспарының іске асырылуын бақылауды тиісті саланың уәкілетті органы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және компанияның даму жоспарының толық және уақтылы орындалуын талдау мақсатында, оның ішінде бұзушылықтарды анықтау, жою және болдырмау мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер арқылы жүзеге асырады.
Қордың даму жоспарының іске асырылуын бақылауды оның директорлар кеңесі жүзеге асырады.
35. Компанияның атқарушы органы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 64-бабына сәйкес төмендегілер үшін жауапты болады:
1) осы Қағидалардың 9, 11, 12 және 17-тармақтарында белгіленген мерзімдерде даму жоспарын уақтылы әзірлеу және келісу;
2) осы Қағидалардың 14, 15, 17 және 27-тармақтарына сәйкес бірыңғай операторға электрондық есепті уақтылы ұсыну;
3) даму жоспарындағы деректердің дұрыстығы;
4) даму жоспарын іске асыру.
Заңның 184-бабының 8-тармағына сәйкес акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарын іске асырудың нәтижелілігі мен тиімділігі үшін жауапты болады.
36. Тиісті саланың уәкілетті органы осы Қағидалардың 21, 22 және 23-тармақтарының орындалмағаны үшін Еңбек кодексінің 64-бабына сәйкес жауапты болады.
Акционері мемлекет болып
табылатын ұлттық
басқарушы холдингтердің,
ұлттық холдингтердің,
ұлттық компаниялардың
даму жоспарларын әзірлеу, бекіту,
сондай-ақ олардың
іске асырылуын
мониторингтеу және
бағалау қағидаларына
1-қосымша
Компанияның стратегиялық картасы
|
Мақсат қою құжаттары
(«Қазақстан-2050»
пайымы, Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы)
|
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің
құжаттары
(Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы)
|
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің
құжаттары
(мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары)
|
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне
кірмейтін өзге де құжаттар (тұжырымдамалар, ұлттық жобалар, мемлекеттік бағдарламалар, доктриналар (стратегиялар), кешенді жоспарлар, Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар)
|
Даму жоспарында көзделген компания қызметінің түйінді көрсеткіштері (бұдан әрі – ҚТК)
|
|
Құжаттың атауы
|
Басымдық / Міндет / Бастама
|
Нысаналы индикатор
|
Құжаттың атауы
|
Мақсаты / негізгі қағидаттары / бағыттары / Басымдығы / мақсаты / міндеті
|
Түйінді ұлттық индикаторлар
|
Құжаттың атауы
|
Бағыттары/ Мақсаттары/ міндеттеры/ ресурстары /
|
Нысаналы индикаторлар /нәтижелер көрсеткіштері
|
Құжаттың атауы
|
Іс-шара / индикатор
|
|
|
|
|
|
|
1 ҚТК
|
|
|
|
|
|
2 ҚТК
|
|
|
|
|
|
n ҚТК
|
Акционері мемлекет болып
табылатын ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық холдингтердің,
ұлттық компаниялардың даму
жоспарларының орындалуы жөніндегі
есептерді әзірлеу және ұсыну
қағидаларына
1-1-қосымша
Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер
|
Компанияның даму жоспарының мақсаттары
|
Компанияның даму жоспарының міндеттері
|
Компанияның даму жоспарының түйінді көрсеткіштері (ТК) (сандық немесе сапалық)
|
Өлшем бірлігі
|
Өткен жыл (факт)
|
Ағымдағы жыл (жоспар/ бағалау)
|
|
|
|
|
1-бағыт
|
|
|
1-мақсат
|
1-міндет
|
ТК 1
|
|
|
|
|
|
ТК n
|
|
|
|
|
|
n міндет
|
ТК 1
|
|
|
|
|
|
ТК n
|
|
|
|
|
|
n мақсат
|
1-міндет
|
ТК 1
|
|
|
|
|
|
ТК n
|
|
|
|
|
|
n міндет
|
ТК 1
|
|
|
|
|
|
ТК n
|
|
|
|
|
|
n бағыт
|
|
|
1-мақсат
|
1-міндет
|
ТК 1
|
|
|
|
|
|
ТК n
|
|
|
|
|
|
n міндет
|
ТК 1
|
|
|
|
|
|
ТК n
|
|
|
|
|
|
n мақсат
|
1-міндет
|
ТК 1
|
|
|
|
|
|
ТК n
|
|
|
|
|
|
n міндет
|
ТК 1
|
|
|
|
|
|
ТК n
|
|
|
|
|
|
Іске асыру жоспары
|
|
1 жыл
|
2 жыл
|
3 жыл
|
4 жыл
|
5 жыл
|
6 жыл
|
7 жыл
|
8 жыл
|
9 жыл
|
10 жыл
|
|
1-бағыт
|
|
n бағыт
|
Акционері мемлекет болып
табылатын ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың даму
жоспарларын әзірлеу, бекіту,
сондай-ақ олардың іске
асырылуын мониторингтеу
және бағалау қағидаларына
2-қосымша
Даму жоспарын іске асыру мониторингі бойынша есеп
|
Стратегиялық бағыттың атауы (бұдан әрі – СБА)
|
Мақсаты
|
Міндеттері
|
Қызметтің түйінді көрсеткішінің атауы (ҚТК)*
|
Өлшем бірлігі
|
ҚТК-нің мағынасы
|
Орындалмау себептері (толық емес көлемде орындау)
|
Түзету шаралары (қабылданған/ жоспарланған)
|
|
20__ год
|
20__n год
|
|
|
|
|
жоспары
|
факт
|
% ауытқу
|
жоспары
|
факт
|
% ауытқу
|
|
|
СБА 1
|
1-мақсат
|
1 міндет
|
1- ҚТК
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
n тапсырма
|
n-ҚТК
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
СБА 2
|
n мақсаты
|
1 міндет
|
1- ҚТК
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
n тапсырма
|
n-ҚТК
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
* қызметтің негізгі көрсеткіші Компанияның мақсаттары мен міндеттеріне байланысты
Акционері мемлекет болып
табылатын ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың даму
жоспарларын әзірлеу, бекіту,
сондай-ақ олардың іске
асырылуын мониторингтеу
және бағалау қағидаларына
3-қосымша
Компанияның 20__ - 20__ жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі есеп
|
Даму жоспарының деректемелері
|
_______________________________________
(даму жоспарының нөмірі, қабылданған күні)
|
|
Есепті кезең
|
_______________________________________
|
|
Ұйымның атауы
|
_______________________________________
|
|
Миссиясы
|
_______________________________________
(компания жоспарына сәйкес)
|
|
Стратегиялық бағыттың атауы (СБА)
|
Мақсат
|
Міндеттер
|
Қызметтің түйінді көрсеткіштерінің атауы (ҚТК)*
|
Өлшем бірлігі
|
ҚТК мәні
|
Орындалмау себептері (толық емес көлемде орындау)
|
|
20__ жыл
|
20 n жыл
|
|
|
|
жоспары
|
факт
|
% ауытқу
|
жоспары
|
факт
|
% ауытқу
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
|
|
СБА 1
|
1 мақсат
|
1-міндет n міндет
|
ҚТК 1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ҚТК n
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
СБА п
|
n мақсаты
|
1-міндет n міндет
|
ҚТК 1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ҚТК n
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Акционері мемлекет болып
табылатын ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың даму
жоспарларын әзірлеу, бекіту,
сондай-ақ олардың іске
асырылуын мониторингтеу
және бағалау қағидаларына
4-қосымша
Компанияның стратегиялық бағыттары қызметінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу
|
Стратегиялық бағыттың атауы (СБА)
|
Компанияның жалпы даму жоспарынан СБА %
|
Қызметтің негізгі көрсеткішінің атауы (ҚНК)
|
СБА-дан ҚТК %
|
Ұпайлар бойынша топтастыру
|
Есепті кезеңдегі ҚНК қол жеткізу бойынша жалпы балл
|
|
20 _ _ жыл
|
20 n жыл
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
СБА 1
|
|
1-ҚНК
|
|
|
|
|
|
n ҚНК
|
|
|
|
|
|
|
|
СБА-ға қатысты ҚНК-ны орындаудың қорытынды %-ы
|
|
|
Компанияның жалпы даму жоспарынан 1 СБА орындалуының қорытынды %
|
|
|
СБА n
|
|
1-ҚНК
|
|
|
|
|
|
n ҚНК
|
|
|
|
|
|
|
|
СБА-ға қатысты ҚНК-ны орындаудың қорытынды %-ы
|
|
|
Компанияның жалпы даму жоспарынан n СБА орындалуының қорытынды %
|
|
|
Қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша компанияның даму жоспарын іске асырудың баламалы қорытындысы, %
|
|
Акционері мемлекет болып
табылатын ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың даму
жоспарларын әзірлеу, бекіту,
сондай-ақ олардың іске
асырылуын мониторингтеу
және бағалау қағидаларына
5-қосымша
Компанияның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін егжей-тегжейлі талдау
|
№ р/с
|
Көрсеткіштің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
20 _ _ жыл
|
20 _ _ жыл
|
20 _ _ жыл
|
Ауытқу себептері (толық емес көлемде орындау)
|
|
жоспары
|
факт
|
орындалу %
|
жоспары
|
факт
|
орындалу %
|
жоспары
|
факт
|
орындалу %
|
|
1.
|
Кірістер, барлығы
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.
|
Шығыстар, барлығы, оның ішінде:
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.1
|
Жалпы және әкімшілік шығыстар
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.2
|
Еңбекақы төлеу қоры
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.3
|
Орташа айлық жалақы
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3.
|
Қызметкерлердің орташа тізімдік саны
|
Компаниялар
|
адам
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
компаниялар тобы
|
адам
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4.
|
Таза кіріс (шығын минус белгісімен көрсетіледі)
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5.
|
Акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6.
|
Төленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7.
|
Инвестициялар
|
меншікті
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
бюджеттік
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
қарыз
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
барлығы
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8.
|
Активтер, оның ішінде:
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8.1
|
Ұзақ мерзімді активтер
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8.2
|
Қысқа мерзімді активтер
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9.
|
Міндеттемелер, оның ішінде:
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9.1
|
Қысқа мерзімді міндеттемелер
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9.2
|
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
|
мың теңге
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10.
|
Қаржылық тұрақтылық
|
ағымдағы өтімділік коэффициенті
|
сандық мәні
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
активтердің рентабельділік коэффициенті
|
%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті
|
%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
қаржылық леверидж коэффициенті
|
сандық мәні
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|