• Менің таңдаулыларым
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидалары
Назар аударыңыз! Құжаттың 16.06.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығымен бекітілген

Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.08.2015 жылғы № 597 Бұйрығымен (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.01.2017 жылғы № 30 Бұйрығымен (06.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.08.2018 жылғы № 8 Бұйрығына сәйкес (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.03.2019 жылғы № 17 Бұйрығымен (08.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.03.2022 жылғы № 28 Бұйрығына сәйкес (06.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл – ауқат қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Қор), акционері мемлекет болып табылатын ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.05.2024 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы компанияның жарғысында айқындалатын атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;
2) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің бесжылдық кезеңге арналған көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
3) компания – Қорды қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, компаниялар;
4) электрондық есеп – ұлттық куәландырушы орталық берген және мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу үшін дайындалған, компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын іс-шаралар жоспарының мәтінін, сондай-ақ қоса берілетін іс-шаралар жоспарының нысандары мен тізбесін және/немесе қосымшаларымен оның іске асырылуын бағалауды және/немесе тиісті саланың уәкілетті органы басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын іс-шаралар жоспарының іске асырылуын мониторингтеу нәтижелерін қамтитын есеп.
2-тарау. Компанияның іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту тәртібі
3. Компанияның іс-шаралар жоспарының жобасы оның даму жоспарын іске асыру мақсатында бесжылдық кезеңге бір рет әзірленеді және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында (аумақтарды дамыту бағдарламаларында), мемлекеттік органдардың даму жоспарларында жазылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, тиісті саланың уәкілетті органдарымен және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджеттік параметрлерге сәйкестігі тұрғысынан бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі және оны директорлар кеңесі бекітеді.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.05.2024 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеу кезінде қызмет тиімділігінің түйінді көрсеткіштерінің даму жоспарындағы қызмет тиімділігінің түйінді көрсеткіштеріне, оның ішінде жылдар мен мәндер бойынша сәйкестігі қамтамасыз етіледі.
4. Компанияның іс-шаралар жоспары акциялары (қатысу үлестері) компанияға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғалардың іс-шаралар жоспарларын ескере отырып әзірленеді және мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және негізгі шоғырландырылған және шоғырландырылмаған көрсеткіштерді қамтиды
инвестицияларды, кірістерді, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтерді (бюджетке аударылуға жататын таза кірістің бір бөлігі), қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес іс-шаралар жоспары бөлімдерінің құрылымына, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсеткіштер тізбесіне сәйкес көзделетін басқа да мәліметтерді қоса алғанда, қаржы-шаруашылық қызметтің өзге де түрлеріне қолданылмайды.
Компанияның іс-шаралар жоспарында пайдаланылатын қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің, оның ішінде акциялары (қатысу үлестері) компанияға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғалар борышының деңгейінің толық тізбесі мен нысаналы мәндерін компания айқындайды.
Акциялары (қатысу үлестері) компанияға шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғаларға қатысты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес іс-шаралар жоспары көрсеткіштерінің тізбесінде көрсетілген нысандар тек ақпараттық сипатта болады және компанияның директорлар кеңесінің бекіту нысанасы болып табылмайды.
5. Жоспарланып отырған тиісті кезеңге арналған іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеуді компанияның атқарушы органы мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) әзірлеген Тізілімнің веб-порталында жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші жоспарланатын жылдың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері толық (таратылып жазылған) түрде, кейінгі жоспарланатын жылдардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері жылдар бойынша бөліністе біріктірілген (жиынтық) түрде көрсетіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.05.2024 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (30.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Компанияның атқарушы органы жоспарланып отырған бес жылдық кезеңнің алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірмей іс – шаралар жоспарының жобасын мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) қарау мен келісуді енгізеді.
Тиісті саланың уәкілетті органы іс-шаралар жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
Ескертулер болған жағдайда компанияның атқарушы органы үш жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарының жобасын пысықтайды және оны тиісті саланың уәкілетті органына келісуге қайта ұсынады.
Тиісті саланың уәкілетті органы пысықталған іс-шаралар жоспарының жобасын үш жұмыс күні ішінде қарайды.
7. Тиісті саланың уәкілетті органы іс-шаралар жоспарының жобасы келісілгеннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей оны мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға келісуге енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар іс-шаралар жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Ескертулер болған жағдайда тиісті саланың уәкілетті органы ескертулер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарының жобасын пысықтайды және оны мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға келісуге қайта ұсынады.
Мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар пысықталған іс-шаралар жоспарының жобасын жеті жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
8. Компанияның атқарушы органы мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар іс-шаралар жоспарының жобасын келіскеннен кейін, жоспарланатын бес жылдық кезеңнің алдындағы жылдың оныншы қарашасынан кешіктірмей оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізеді.
Компанияның директорлар кеңесі күнтізбелік он күн ішінде компанияның атқарушы органына пысықтау үшін қайтару туралы іс-шаралар жоспарының жобасын қарайды және бекіту туралы шешім қабылдайды.
Ескертулер болған жағдайда компанияның атқарушы органы іс-шаралар жоспарының жобасын компанияның директорлар кеңесі айқындаған, бірақ ескертулерді алған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде пысықтайды және оны тиісті саланың уәкілетті органына келісуге қайта ұсынады.
Тиісті саланың уәкілетті органы іс-шаралар жоспарының жобасы қайта келісілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға келісуге енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар пысықталған іс-шаралар жоспарының жобасын жеті жұмыс күні ішінде қайта қарайды.
Компанияның атқарушы органы мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар іс-шаралар жоспарының жобасын қайта келіскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны компанияның директорлар кеңесінің қайта қарауына енгізеді.
Компанияның директорлар кеңесі пысықталған іс-шаралар жоспарының жобасын қайта енгізген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қарайды.
9. Іс-шаралар жоспарының жобасын компанияның директорлар кеңесі жоспарланған бес жылдық кезеңнің алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін бекітеді.
10. Компанияның атқарушы органы іс-шаралар жоспарын бекіту мәселесі бойынша компанияның директорлар кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірмені алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық есепті бекіту туралы компанияның директорлар кеңесі шешімінің сканерленген көшірмесін электрондық есепке қоса отырып, Тізілімге енгізу үшін бірыңғай операторға жібереді.
11. Бірыңғай оператор электрондық есепті Тізілімге енгізуді ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде компанияның электрондық мекенжайына электрондық есепті Тізілімге енгізу туралы хабарлама жібере отырып жүзеге асырады.
Бірыңғай оператордың электрондық есепке техникалық ескертулері болған кезде компания ескертулерді жояды және ескертулерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Компанияның Директорлар кеңесінің қарауына қайта шығармай, оны бірыңғай операторға қайта енгізеді.
12. Іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) бірінші түзету: енгізілетін түзетулер бойынша негіздемелерді көрсете отырып, екінші жыл ашып көрсетілген түрде, одан кейінгі жылдар жылдар бойынша бөлінген агрегатталған (жиынтық) түрде;
2) екінші түзету: енгізілетін түзетулер бойынша негіздемелерді көрсете отырып, бірінші жылдың фактісі, үшінші жыл ашып көрсетілген түрде, кейінгі жылдар жылдар бойынша бөлінген агрегатталған (жиынтық) түрде;
3) үшінші түзету: енгізілетін түзетулер бойынша негіздемелерді көрсете отырып, екінші жылдың фактісі, төртінші жыл ашып көрсетілген түрде, кейінгі жылдар жылдар бойынша бөлінген агрегатталған (жиынтық) түрде;
4) төртінші түзету: енгізілетін түзетулер бойынша негіздемелерді көрсете отырып, үшінші жылдың фактісі, бесінші жыл ашып көрсетілген түрде, кейінгі жылдар агрегатталған (жиынтық) түрде жылдар бойынша бөлініп, ;
5) төртінші және бесінші жылдың фактісі кезекті бес жылдық кезеңге арналған компаниялардың кезекті іс-шаралар жоспарында көрсетіледі.
Іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазбада іс-шаралар жоспарының әрбір бөлімі бойынша түсіндірмелер қамтылады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
13. Іс-шаралар жоспарына:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай және ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауымен, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілетін өзгерістермен, сондай-ақ компанияның қызметіне елеулі әсері бар ішкі және сыртқы ортаның өзгеруімен;
2) компания қызметінің негізгі бағыттарының өзгеруімен;
3) компанияның қайта ұйымдастырумен байланысты жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
Компанияның іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде барлық енгізілетін түзетулер бойынша негіздемелерді қамтитын түсіндірме жазба қалыптастырылады.
14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларда компанияның іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: