Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26
желтоқсандағы № 304 қаулысына
1-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері
Редакция 10.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері (бұдан әрі – Нормативтер) «Сақтандыру қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін белгiлейді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру тобы үшін нормативтік мәндер Заңның 46-бабына сәйкес белгіленеді және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 190, 231 және 249-баптарына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 65-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылдайтын есептілік негізінде есептеледі.
2-1. Нормативтерді есептеу мақсаттары үшін сақтандыру резервтері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18290 болып тіркелген, «Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 қаулысына (бұдан әрі – Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесі және олардың құрылымына қойылатын талаптар) сәйкес есептеледі.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер:
жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін;
төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін;
өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін;
активтерді әртараптандыру нормативтерін;
сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлесіп қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерін қамтиды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін қосымша пруденциялық нормативтер:
күтілмеген тәуекелдер резервін;
тұрақтандыру резервін қамтиды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін, өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін, активтерді әртараптандыру нормативтерін күн сайын сақтауды қамтамасыз етеді.
4. Сақтандыру топтары үшін пруденциялық норматив сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі болып табылады.
2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшері
5. Жаңадан құрылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру қызметін) жүзеге асыру құқығына лицензия алған кезде жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшеріне сәйкес белгіленеді.
6. Жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін есептеу мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру күніндегі, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.
3-тарау. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі
1-параграф. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін есептеу
7. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі нақты төлем қабілеттілігі маржасының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшеріне қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
Нтм = ----------------- > 1, мұнда:
Нтм - төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі;
НТҚ - нақты төлем қабілеттілігінің маржасы;
ТМЕ - төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі 1 (бірден) кем болмауы тиіс.
8. Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтердің осы тарауының 2 және 3-параграфтарына сәйкес есептелінеді. Егер төлем қабілеттілігі маржасының есептелген ең төмен мөлшерінің шамасы кепілдік беру қорының Нормативтердің осы тарауының 4-параграфында белгіленген ең төмен мөлшерінен төмен болса, онда төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері кепілдік беру қорының ең төмен мөлшеріне тең шаманы құрайды.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақыларынан ұлғаю кестесі бойынша есептелген төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің ұлғаю сомасына сәйкес қайта сақтандырушының рейтингтік бағасына немесе өткен есепті күнгі Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәніне байланысты жасалған қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақыларының сомасына ұлғаяды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен құрылған (қалыптастырылған) активтердің ағымдағы құнының 1 (бір) пайызына тең мәнге ұлғайтылады.
10. Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) сондай-ақ, Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич), A.M. Best және Morningstar (Эй. Эм. Бест и (Морнинстар) агенттіктерінің, олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының және Нормативтердің 10-1-тармағында белгіленген талап сақталған жағдайда Нормативтердің 10-2-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын таниды.
A.M. Best (Эй.Эм.Бест) агенттігінің рейтингтік бағалары қайта сақтандырушының рейтингтік бағасын тану мақсатында ғана пайдаланылады.
Morningstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің рейтингтік бағалары Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange traded commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайларын бағалау мақсатында ғана пайдаланылады.
Нормативтердің мақсаттары үшін Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес ұзақ мерзімді рейтингтердің салыстырмалы кестесіне сәйкес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығының рейтингтері немесе оларға сәйкес келетін рейтингтер пайдаланылады.
10-1. Нормативтерді есептеу кезінде Нормативтердің 10-2-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктер берген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер халықаралық рейтингтік шкала бойынша тек рейтингтің шетелдік нысандарына қатысты пайдаланылады.
10-2. Нормативтердің мақсаттары үшін уәкілетті орган мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағаларын таниды:
1) рейтингтік агенттік шығу елінде реттелуге жатады және рейтингтік агенттіктің бағалауы пруденциялық реттеу шеңберінде танылады;
2) рейтингтік агенттіктің меншікті капиталының ең аз мөлшері кемінде 600 000 000 (алты жүз миллион) теңгеге баламалы соманы құрайды;
3) объективтілік, тәуелсіздік және жауапкершілік:
рейтингтік агенттік қолданатын әдіснама сенімді болып табылады және тарихи және (немесе) дефолт туралы күтілетін деректер негізінде тексеруге жатады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның өзіне қабылдаған қаржылық міндеттемелерін орындау қабілетін айқындайтын барлық негізгі сандық және сапалық факторлардың толық сипаттамасын, сондай-ақ олардың кредиттік рейтингтерге және кредиттік рейтингтер бойынша болжамдарға әсерін сипаттауды қамтиды;
рейтингтік агенттікті мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері немесе рейтингтік агенттіктің қызметіне араласпайтын және рейтингтерді беру процестеріне ықпалы жоқ саяси партиялар бақыламайды;
рейтингтік агенттіктің акцияларының кемінде 10 (он) пайызын тікелей иеленетін және рейтингтік агенттіктің рейтингтік қызметіне ықпалы жоқ тұлғаларды қоспағанда, рейтингтік агенттік рейтинг беретін, растайтын немесе қайта қарайтын заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктің үлестес тұлғалары болып табылмайды;
рейтингтік агенттіктің рейтингтік әрекеттерге қатысатын рейтингтік талдаушылары рейтингтік әрекеттерді жүзеге асыру күніне дейін соңғы 3 (үш) жыл ішінде рейтинг берілетін тұлғамен еңбек немесе іскерлік қатынастарда тұрмайды және тұрмаған, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның немесе рейтинг берілетін тұлғаны бақылауды жүзеге асыратын немесе осындай тұлғаға елеулі ықпал ететін тұлғалардың бағалы қағаздарын, өзге де қаржы құралдарын немесе өзге де мүлкін тікелей немесе жанама, оның ішінде жақын туыстары арқылы иеленбейді;
рейтингтік агенттіктің ішкі аудит немесе ішкі бақылау, оның ішінде рейтингтік агенттіктің директорлар кеңесіне есеп беретін ішкі аудит функцияларын жүзеге асыратын қызметі болады;
рейтингтік агенттікте директорлар кеңесінің кемінде үштен бірі, бірақ кемінде екі мүшесі рейтингтік әрекеттерді, рейтингтік агенттіктің қызметтерін жарнамалауды және клиенттерді тарту жөніндегі өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырмайтын тәуелсіз мүшелер болып табылады;
рейтингтік агенттіктің әрбір акционерінің акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иелену үлесі осы рейтингтік агенттіктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 50 (елу) пайызынан аспайды, егер акционер қаржы ұйымы болып табылған жағдайда, тікелей иелену үлесі 10 (он) пайыздан аспайды;