• Мое избранное
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігін табыс ету қағидалары
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысына 3-қосымша

3-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 214 Қаулысына сәйкес  
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігін табыс ету қағидалары  
Редакция 05.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті табыс ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті табыс ету тәртібін айқындайды.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігін электрондық форматта табыс етеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 жылғы № 142 Қаулысына сәйкес (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Есепті күндегі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептілікке сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезде - ол уәкілеттік берген адам) және бас бухгалтері (ол болмаған кезде - ол уәкілеттік берген адам) қол қояды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және сақтандыру тобында сақталады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің электрондық форматта табыс етілетін деректерінің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкес келуін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы (ол болмаған кезде - ол уәкілеттік берген адам) және бас бухгалтері (ол болмаған кезде - ол уәкілеттік берген адам) қамтамасыз етеді.
3. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің есебіне Қазақстан Республикасының резиденттері емес болып табылатын сақтандыру тобы қатысушыларының тиісті мемлекеттің олардың орналасқан елдерінде қызметін реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нормативтік мәндер туралы мәліметтер, пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесі қоса беріледі.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті жасаған кезде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. 500 (бес жүз) теңгеден аз сома есепте 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан көп сома 1 000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.  
Өтімділігі жоғары активтер жеткіліктілігінің, төлем қабілеттілігі маржасының нормативтері және сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді  әртараптандыру нормативтері жүзге дейін дөңгелектенеді. Егер өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі және төлем қабілеттілігі маржасы нормативтерінің дөңгелектенген мәні 1 (бірден) кем болса немесе әртараптандырылған нормативтердің дөңгелектенген мәні осы қаулымен белгіленген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының  пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерінің және оларды есептеу әдістемесінің 42-тармағында белгіленген мәндерінен жоғары болса, онда көрсетілген нормативтер бұзылған болып есептеледі.  
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы күн сайын әрбір бағалы қағаз, эмитент, қайта сақтандыру ұйымы, екінші деңгейдегі банк сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор биржасы) бағалы қағаздар санаты бойынша рейтингтік бағаларының мониторингін жүзеге асырады. Есептеулерді жүзеге асырған және есептерді табыс еткен кезде есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қор биржасының бағалы қағаздарының рейтингтік бағасы мен санаты қолданылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Уәкілетті орган қателері, түзетулері бар және өшіріліп тазартылған есептерді қабылдамайды және қайтарып беруге тиіс.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Уәкілетті органға табыс етілген есептерден қателер анықталған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобының бас ұйымы көрсетілген кезектілікпен мынадай іс-шараларды жүзеге асыру жолымен қатені түзетуді қамтамасыз етеді:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
бұрын табыс етілген дәйексіз (толық емес) есептерді ретроспективті түзетуді жүзеге асыру жолымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының есепке алу жүйелерінде анықталған қателерді қате анықталған күннен бастап 12 (он екі) айдан ерте емес кезеңде түзетеді;
бұрын табыс етілген дәйексіз (толық емес) есептерден анықталған қателердің сипаттамасын көрсете отырып, уәкілетті органға жазбаша хабарлама жібереді;
уәкілетті органға бұрын табыс етілген есептерден анықталған қателерді уәкілетті органға кезекті есепті күні есептерді табыс еткен кезде оларды ескереді.
Қағидалардың мақсаттары үшін пруденциялық нормативтердің және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуы туралы мәліметтердің бұрмалауына уәкілетті органға бұрын табыс етілген дәйексіз (толық емес) есептерден қателер анықталған нәтижесінде пруденциялық нормативтердің бұзылуына және (немесе) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16944 болып тіркелген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысында көрсетілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін фақторлардың анықталуына әкеп соққан есептер дәйексіз және (немесе) толық емес есептер болып танылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобының бас ұйымы қателер анықталған күннен бастап 12 (он екі) айдан ерте емес кезеңдегі дәйексіз (толық емес) есептерді ауыстыруды жүзеге асырады.