Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 304 қаулысына
7-қосымша
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесі
Редакция 11.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына мынадай қаржы құралдарын (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) сатып алуға рұқсат етіледі:
1) мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар:
банктер акциялары қор биржасының ресми тізімінің «Негізгі» алаңының «акциялары» секторының «премиум» санатына енгізілген немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұрған эмитенттер болып табылады;
банктердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша «kzBВ-» төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис), Fіtch (Фич) агенттіктерінің, олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының және Нормативтердің 10-1-тармағында белгіленген талап сақталған жағдайда, Нормативтердің 10-2-тармағында белгіленген өлшемшартарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;
банктер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-бас банкінде Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «А-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес банктер болып табылады;
2) халықаралық қаржы ұйымдарында орналастырылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «АА-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар салымдар, Еуразия Даму Банкінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен орналастырылған салымдар;
3) бейрезиденттер-банктерде орналастырылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар салымдар;
4) басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
5) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;
6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар;
7) «Қазақстанның Даму Банкі», «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі, «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған борыштық бағалы қағаздар;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар борыштық бағалы қағаздар;
9) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
10) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы жария сауда-саттыққа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
11) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар:
Америкааралық даму банкі;
Еуропа қайта құру және даму банкі;
Еуропа инвестициялық банкі;
Еуропа Кеңесінің Даму Банкі;
Жеке секторды дамыту жөніндегі исламдық корпорация;
Жан-жақты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;
Скандинавия инвестициялық банкі;
Халықаралық даму қауымдастығы;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;
Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Халықаралық қаржы корпорациясы;
12) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар борыштық бағалы қағаздар;
13) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттер шығарған мемлекеттік емес борыштық қағаздар;
14) тазартылған бағалы қағаздар мен металл шоттар;
15) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын жүзеге асыратын немесе «Астана» Халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін, қор биржасының ресми тізіміне енген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары;
16) активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланысты, Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары;
17) Morningstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің «3 жұлдыздан» төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары;
18) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша бағалы қағаздың және (немесе) эмитенттің «В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар исламдық қаржыландыру құралдары;
19) бас ұйымдарының Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын исламдық қаржыландыру құралдары.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында осы Тізбеге және осы қаулыда белгіленген заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары немесе сақтандыру холдингтері сатып алатын акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сатып алуына рұқсат етілген қаржы құралдары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің валютасы және «евро» валютасы базалық активі болып табылатын туынды қаржы құралдарын сатып алады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары уәкілетті орган немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды тіркеген елдің уәкілетті органы берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті немесе инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиялары бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметтерін пайдалана отырып, осы Тізбеде және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарда көрсетілген заңды тұлғалардың қаржы құралдарын (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдарды қоспағанда) сатып алады.