• Мое избранное
Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары
Внимание! Документ утратил силу с 17.08.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына 1-қосымша

Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 11.07.2018 жылғы № 507 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-15) тармақшасына сәйкес әзірленген, авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына авариялық-құтқару қызметтерін (бұдан әрі – АҚҚ), құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттауды өткізу тәртібін айқындайды.
2. Аттестаттауға және қайта аттестаттауға кәсіби, ерікті, объектілік кәсіби АҚҚ, құралымдары және құтқарушылар жатады.
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тартылатын АҚҚ, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау:
1) олардың авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға әзірлігі дәрежесін;
2) тиісті техниканың, мүліктің және жарақтардың бар-жоғын және олардың жай-күйін;
3) құтқарушылардың кәсіби машығына, медициналық даярлығына, дене, психологиялық және моральдық әзірлігіне сәйкестігін айқындау мақсатында өткізіледі.
4. Аттестаттауды өткізу үшін тұрақты жұмыс істейтін аумақтық аттестаттау комиссиялары құрылады.
5. Облыстар, Астана және Алматы қалалары аумақтық аттестаттау комиссияларының құрамы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі.
2-тарау. Авариялық-құтқару қызметтерін және құралымдарын аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібі
6. АҚҚ және құралымдарын бастапқы аттестаттау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АҚҚ аттестаттауға және қайта аттестаттауға өтінішті (бұдан әрі – өтініш);
2) АҚҚ және құралымдарының жарғы немесе ережелер көшірмесін;
3) АҚҚ және құралымдарының штат санын, құрылымын;
4) авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға тікелей тартылатын құтқарушылардың куәліктері мен кітапшаларының (бар болған жағдайда) көшірмелерін;
5) «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 874 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №10064 тіркелген) сәйкес нысан бойынша көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің, «Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №11333 тіркелген) техникалық қарап-тексеру диагностикалық карталарының, еркін үлгіде сынау актілерінің (жабдықтар үшін) көшірмелерін;
6) оқу-материалдық базаның болуы туралы құжаттардың (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақтандыру, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары) көшірмелерін;
7) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелерді;
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) сәйкес 086/У нысанындағы медициналық анықтамаларды;
9) қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден алған анықтамаларын;
10) АҚҚ қызметкерлерінің білімі туралы құжаттарының (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес танылады) көшірмелерін;
11) «Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12292 тіркелген) азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлақтан өткені туралы сертификаттарының немесе «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 тіркелген) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктерінің көшірмелерін;
12) жүргізуші куәліктерінің көшірмелерін (жүргізушілер үшін) ұсынады.
7. АҚҚ және құралымдарын мерзімді, кезектен тыс, қайталап аттестаттау және қайта аттестаттау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды, оның ішінде қызмет көрсетілетін объектінің жоспарын (объектілік кәсіби АҚҚ мен құралымдары үшін) ұсынады.
8. Аттестаттау комиссиясының құжаттарды қарау және шешім қабылдау мерзімдері өтінішті тіркеген күннен бастап он үш күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Қаралған материалдардың негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден 2 данада аттестаттау және қайта аттестаттау хаттамасы (бұдан әрі – хаттама) жасалады.
АҚҚ және құралымдарын аттестаттау және қайта аттестаттау нәтижелері оң болған жағдайда аумақтық аттестаттау комиссиясы екі күнтізбелік күн ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына бірыңғай үлгідегі куәлікті (бұдан әрі – Куәлік) ресімдейді, не теріс нәтижелер болған кезде екі күнтізбелік күн ішінде дәлелді бас тартады.
9. Аттестаттаудан немесе қайта аттестаттаудан өтпеген АҚҚ және құралымының басшысы аумақтық аттестаттау комиссиясының актісімен келіспеген жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте шағымдануына болады.
10. Куәліктің қолданылу мерзімі келесі аттестаттауға дейін 3 жылды құрайды.
11. Куәліктің қолданылуы мерзімінен бұрын:
АҚҚ және құралымдарды оның атауын немесе меншік нысанын өзгерте отырып тарату немесе қайта құрылуы;
АҚҚ және құралымдардың куәлікте көзделген авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі түрін немесе түрлерін жүргізу құқығынан бас тартуы кезінде тоқтатылады.
12. АҚҚ және құралымдары куәлігінің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей:
АҚҚ және құралымдар тіркелген Комитеттің аумақтық бөлімшесіне;
АҚҚ және құралымдар қызмет көрсетуге шарт жасасқан қызмет көрсетілетін объектіге хабар береді;
АҚҚ және құралымдар куәлігі күнтізбелік бес күннің ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшесіне қайтарылады.
13. Қайта аттестаттаудан өтпеген АҚҚ және құралымдарынан жеті күнтізбелік күн ішінде куәлік қайтарылып алынады және оның қызметі тоқтатыла тұрады.
3-тарау. Құтқарушыларды (азаматтарды) аттестаттау және қайта аттестаттау
14. Азаматтарды бастапқы аттестаттау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына:
1) еркін нысандағы өтінішті;
2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) сәйкес 086/У нысанындағы медициналық анықтамаларды;
3) Осы Қағидалардың 6-тармағы 11) тармақшасында көрсетілген азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлақтан өткені туралы сертификаттарының немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктерінің көшірмелерін;
4) екі данада көлемі 3 х 4 см фотосурет ұсынады.
15. Бастапқы аттестаттаудан өткен азаматтарға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құтқарушы куәлігі, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құтқарушылар кітапшасы және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құтқарушы жетоны беріледі.
Кейінгі аттестаттау кезінде құтқарушы кітапшасына тиісті жазу жазылады.
16. Құтқарушыларды кезектен тыс аттестаттау мерзімді аттестаттауға ұқсас өткізіледі.
17. АҚҚ мен құралымдарының құтқарушыларын және басшыларын аттестаттауды аумақтық аттестаттау комиссиялары жүргізеді және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Құтқарушыны аттестаттау комиссиясы отырысы хаттамасының көшірмесі жеке іске тігіледі.
18. Мерзімді аттестаттау қорытындылары бойынша мына сыныптылықты (сыныптылық біліктілігін) тағайындау жүргізіледі:
1) екі жылдан кем емес құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) растаған құтқарушыға «3-сыныпты құтқарушы маман»;
2) екі жылдан кем емес 3-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) растаған құтқарушыға «2-сыныпты құтқарушы маман»;
3) екі жылдан кем емес 2-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар және аттестаттау барысында сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) растаған құтқарушыға «1-сыныпты құтқарушы маман»;
4) екі жылдан кем емес 1-сыныпты құтқарушы болып жұмыс істеген өтілі бар, халықаралық құтқару жұмыстарына және оқу-жаттығуларына қатысқан, шет тілдері курстарының сертификаты бар құтқарушыға «халықаралық сыныптағы құтқарушы» сыныптылық (сыныптылық біліктілік) беру жүргізіледі.
19. Құтқарушы сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) беру немесе растау хаттамасының негізінде құтқарушы сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) беру немесе растау туралы АҚҚ және құралым басшысының бұйрығы шығады.
20. Аттестаттаудан және кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген құтқарушылар алдыңғы аттестаттауды өткізген сәттен бастап алты айдан кешіктірмей қайта аттестаттаудан өтуге құқығы бар.
21. Қайта аттестаттаудан өтпеген құтқарушылар бар сыныптылығына (сыныптылық біліктілігіне) қарамастан құтқарушы сыныптылығын (сыныптылық біліктілігін) жоғалтады.
22. Құтқарушыны қайта аттестаттаудың теріс нәтижелері болған кезде аумақтық аттестаттау комиссиясы хаттама толтырады, онда аттестаттаудан бас тарту себептері көрсетіледі, құтқарушы куәлігі алынып қойылады және құтқарушы кітапшасына тиісті жазу жазылады.
  • 1
Авариялық-құтқару қызметтерін
және құралымдарын аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
ІІМ ТЖК Төтенше жағдайлар департаментінің
 (облыс немесе республикалық маңызы бар қала көрсетіледі) бастығына
 ______________________
 (бастықтың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
 __________________ аттестаттауды немесе қайта аттестаттауды өткізуге (аттестаттау түрі көрсетіледі)
өтініш
 __________________________________________________________________ (ұйымның атауы)
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және
 ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы)
 ______________________ жұмыстарын жүргізу құқығына куәлік алу үшін (авариялық – құтқару жұмыстарының түрі)
аттестаттау немесе қайта аттестаттау жүргізуді сұрайды.
 _____________________________ _____________________________ (ұйым басшысының лауазымы) (қолы)
 __________________ (күні)
  • 1
Авариялық-құтқару қызметтерін
және құралымдарын аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
 Бекітемін   
 ___________________________________
 (аттестаттауды өткізуге жауапты органның
 лауазымды адамы)         
 ___________________________________
 Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ___________________________________
 (күні)
____ аттестаттау және қайта аттестаттау хаттамасы
  20___жылғы «___»__________және 20___жылғы «___»__________аралығында
 ____________________________________________________негізінде (аттестаттауды өткізу туралы өтініштің кіріс нөмірі мен күні)
комиссия мына құрамда:
 Комиссия төрағасы_____________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
 Комиссия төрағасының орынбасары ___________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ________________________________________________________________________________
 Комиссия мүшелері ___________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________
 Комиссия хатшысы____________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (аттестаттау түрі)
 ________________________________________________ аттестаттаудан өткізді (авариялық-құтқару қызметінің атауы)
 Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша комиссия мынадай қорытындыға келді: _______________________________________________________________________________ (авариялық-құтқару қызметінің атауы) _______________________________жұмыстарын жүргізу құқығына аттестатталады (авариялық-құтқару жұмыстарының түрі) (аттестаттаудан өткен жоқ).
Мынадай негіздер бойынша (аттестаттаудан бас тартқан жағдайда толтырылады):
Комиссия мүшелерінің қолдары:
 Комиссия төрағасы_____________________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
 Комиссия төрағасының орынбасары____________________________________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) __________________________________
 Комиссия мүшелері____________________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ________________________________________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ________________________________________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
 Комиссия хатшысы_____________________________________________________________ (қолы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Мөр орны
  • 1
Авариялық-құтқару қызметтерін
және құралымдарын аттестаттау
және қайта аттестаттау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Бақылау талоны
 № ___________ АҚҚ куәлігі _____________________________________________________________ берілді (заңды тұлғаның, өкілдіктің толық атауы, жеке тұлғалар үшін – толық аты-жөні)
 Куәлік берген орган__________________________________________________ (куәлікті берген органның толық атауы)
 Куәлік берген күні __________________________________________________
 Басшы (уәкілетті адам)______________________________ ________________ (аты-жөні) (қолы)
Авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік
 _____________________________________________________________ берілді (заңды тұлғаның, өкілдіктің толық атауы; жеке тұлғалар үшін – толық аты-жөні)
 ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________ жүргізуге (құтқару жұмыстарының түрлері)
 ____________________________________________________________________
 Куәлікті берген орган________________________________________________ (куәлікті берген органның толық атауы)
  ____________________________________________________________________
 Басшы (уәкілетті адам)_______________________________________________
 (куәлікті берген орган, басшысының (уәкілетті адамның) аты-жөні) ____________________________________________________________________
 Куәлікті берген күні 20__ж. «____»____________ Мөр орны Авариялық-құтқару қызметі (құралымы) куәлігінің нөмірі № ________ ________________________қаласы
  • 1
Авариялық-құтқару қызметтерін
және құралымдарын аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Құтқарушы куәлігі
Беткі жағы
 
Сырт жағы
          
  • 1
Авариялық-құтқару қызметтерін
және құралымдарын аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Құтқарушы кітапшасы
№ 1 сурет Құтқарушы кітапшасының мұқабасы
 
№ 2 сурет Құтқарушы кітапшасының форзацы
 
№ 3 сурет Құтқарушы кітапшасының -беті
 
№ 4 сурет Құтқарушы кітапшасының 2-беті
 
№ 5 сурет Құтқарушы кітапшасының 3-15-беті
 
№ 6 сурет Құтқарушы кітапшасының 16-беті
 
№ 7 сурет Құтқарушы кітапшасының 17-беті
 
№ 8 сурет Құтқарушы кітапшасының 18-23-беті
 
№ 9 сурет Құтқарушы кітапшасының 24-26-беті
 
№ 10 сурет Құтқарушы кітапшасының артқы форзацы
 
  • 1
Авариялық-құтқару қызметтерін
және құралымдарын аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына 6-қосымша
Құтқарушы жетоны
Құтқарушының жетоны тот баспайтын құрыштан жасалған, тік бұрышты белдік, жандары дөңгелектенген және өлшемдері: ось сызығы бойынша ұзындығы - 50 мм, ені - 25 мм, қалыңдығы - 1,5 мм. Карабині бар металл шынжырдағы жетонды денеге тағу үшін, кеудеге немесе қолға білезік ретінде тағу үшін ось сызығы бойынша жанында диаметрі 3 мм екі тесік бар. Шынжыр ұзындығы - 700 мм, баудың және карбиннің материалы-тот баспайтын құрыш.
Жетонның оң жағында жазу ойылып жасалған:
1-жол – «Қазақстан»;
2-жол – «Құтқарушы»;
3-жол құтқарушының фамилиясы;
4-жол – құтқарушының аты және әкесінің (ол болған кезде) аты;
5-жол құтқарушының қан тобы.
Жетонның келесі жағында ұқсас мәтін ағылшын тілінде ойылып жазылған.
Оң жағы
 
Келесі жағы
 
  • 1
Авариялық-құтқару қызметтерін
және құралымдарын аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына 7-қосымша
Аттестаттау комиссиясы отырысының
___ хаттамасы
 ________________________________________________________________ (басқару органының атауы)
 20___ жылғы ________________
Қатысты:
 Комиссия төрағасы____________________________________________________ (тегі, аты-жөні)
 Комиссия мүшелері____________________________________________________ (тегі, аты-жөні) ____________________________________________________________________
 Аттестаттау және қайта аттестаттау___________________________________________________ (осы отырыстағы аттестатталатынның тегі және аты-жөні)
 Аттестаттау материалдары ____________________________________________ (тегі, аты-жөні)
 Біліктілік сыныбына ұсынылатын ______________________________________ ____________________________________________________________________ Аттестатталатынға сұрақтар мен оған жауаптар_________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
 Аттесталатының қызметін бағалау _____________________________________ Аттестаттау комиссиясының ұсынысы ___________________________________
 ____________________________________________________________________
 «Үшін» ______ «қарсы» _______ дауыс берілді, «қалыс қалды»___________ Аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) бас тарту себептері
 ____________________________________________________________________ (аттестаттаудан бас тарту себептері көрсетіледі, құтқарушы куәлігін қайтарып алу күні) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының қорытындыларымен және ұсынымдарымен
 таныстым ____________________________________________________________ (аттестатталушының қолы)
 Аттестаттау материалдары_____________________________________________ (тегі, аты-жөні)
тағы да басқа әр аттестатталатындарға.
 Комиссия төрағасы ___________________________________________________ (қолы) тегі, аты-жөні
 Комиссия мүшелері ___________________________________________________ (қолы) тегі, аты-жөні
 Комиссия хатшысы ____________________________________________________ (қолы) тегі, аты-жөні