• Мое избранное
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары
Внимание! Документ утратил силу с 24.08.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына 2-қосымша

2-қосымша күшін жояды 2018 жылғы 28 тамыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 13.07.2018 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары
Редакция 29.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 70-15) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау және қайта аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Аттестаттау және қайта аттестаттау қызметкерлердің штат санының, техникалық жарақталуы мен кәсіби жарамдылығының Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып 2014 жылғы 8 желтоқсанда тіркелген) бекіткен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерге қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
3. Аттестаттауды және қайта аттестаттауды Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) құратын аттестаттау комиссиясы жүргізеді. Комиссия құрамына функциясына өрт қауіпсіздігі саласындағы мәселелер жатқызылған Комитеттің қызметкерлері кіргізіледі. Комиссия құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
2. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтері (бұдан әрі – МеӨҚҚ) аттестаттауға және қайта аттестаттауға жатады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
МеӨҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу үшін Комитетке мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш;
2) ұйым жарғысының көшірмесін (болған кезде);
3) көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің көшірмелерін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін);
4) өрт сөндіру автомобильдерінің міндетті техникалық қарап-тексеруден өткені туралы куәліктің көшірмесін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚК үшін);
5) біліктілік талаптарына сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге әзірлігін техникалық қарап-тексеру актілерін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін);
6) заңды тұлғаның мөрімен расталған МеӨҚҚ-нің ұйымдық-штаттық құрылымын;
7) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелерді;
8) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;
9) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі және/немесе МеӨҚҚ-дағы (кадр қызметі растаған) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар көшірмелерін, ал қызмет басшылары үшін – қызметтік тізім көшірмесін;
10) МеӨҚҚ қызметкерлерінің білімі туралы құжаттар көшірмелерін (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес танылады);
11) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 тіркелген) МеӨҚҚ мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктер көшірмесін;
12) жүргізуші куәліктерінің көшірмелерін (жүргізушілер үшін);
13) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес нысан бойынша (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) 086/У нысанындағы қызметкерлердің медициналық анықтамаларын;
14) қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден алған анықтамаларын;
15) гараж боксының, қызметтік үй-жайлардың фотосуреттерін қоса отырып, қызметкерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыруға арналған объектіні пайдалану құқығының бар-жоғын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
5. МеӨҚҚ қайта аттестаттауды жүргізу үшін өтініш беруші құжаттарды Комитетке алдыңғы аттестаттауда анықталған кемшіліктерді ескере отырып, ұсынады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Комитет өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, Комитет құжаттарды өтініш берушіге бере отырып, көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Аттестаттау комиссиясына ұсынылатын құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау мерзімі, өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күнді құрайды.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8. Ұсынылған құжаттардың негізінде аттестаттау комиссиясы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау (қайта аттестаттау) хаттамасын жасайды.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Комиссия ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі – аттестат) беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, бас тарту себептері туралы өтініш берушіге хабарлайды.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-1. Аттестатты беруден бас тарту «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабы негізінде жүзеге асырылады.
Қағидалар 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10. Аттестаттау комиссиясының аттестатты беруден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Аттестаттау комиссиясының оң шешімі қабылданған МӨҚҚ-ға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӨҚҚ атауында жолға шығатын техникасы бар және/немесе жолға шығатын техникасының жоқ екенін көрсете отырып, аттестат беріледі.
12. Аттестаттау және қайта аттестаттау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ тіркеу журналына (тізіліміне) енгізіледі. МеӨҚҚ тізілімі Комитеттің сайтында орналастырылады.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
13. МӨҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу үшін ұсынылған құжаттар, сондай-ақ оның нәтижелері іске жинақталады.
14. Аттестаттың қолданысы мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) МеӨҚҚ аттестаттың қолданысын тоқтату туралы өтініш (еркін нысанда) ұсыну;
2) заңды тұлғаны тарату;
3) қолдану мерзімінің аяқталуы (берілген уақыттан бастап 3 жыл).
  • 1
Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерді аттестаттау және
қайта аттестаттау
қағидаларына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
Қазақстан Республикасы
ІІМ Төтенше жағдайлар
комитетінің төрағасына
 ______________________
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш
 Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және _______________ ____________________________________________________________________ (МӨҚҚ атауы) ____________________________________________________________________ (өртке қарсы қызмет түрі)
ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беруіңізді сұраймын.
  БСН: ______________________________________________
  МӨҚҚ орналасқан жері: ______________________________
М.О.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
 Басшы _________________________________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
  __________________ (күні)
  • 1
Мемлекеттік емес өртке
қарсы қызметтерді аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына 2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
 Бекітемін   
 ___________________________________
 (аттестаттауды өткізуге жауапты органның
 лауазымды адамы)         
 __________________________________
 (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
 __________________________________
 (күні)
____ аттестаттау (қайта аттестаттау) хаттамасы
 20___жылғы «___»__________және 20___жылғы «___»__________аралығында _____________________________________________________________негізінде (аттестаттауды өткізу туралы өтініштің кіріс нөмірі мен күні)
комиссия мынадай құрамда:
 Комиссия төрағасы___________________________________________________________ (лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
 Комиссия төрағасының орынбасары _____________________________________________ (лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _______________________________________________________________________
 Комиссия мүшелері ___________________________________________________________ (лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ____________________________________________________________________________
 Комиссия хатшысы____________________________________________________________ (лауазымы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _____________________________________________________________________________ (мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы)
 _______________________________________________________________________
аттестаттаудан өткізді (аттестаттау түрі)
Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша комиссия мынадай қорытындыға келді:
 ______________________________________________________________________________ (мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы) _____________________________________________________________________________ (өртке қарсы қызмет түрі)
ұйымдарда, елді мекендер мен объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталады (аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өтпеді)
мынадай негіздер бойынша (аттестаттаудан бас тартқан жағдайда толтырылады):
Комиссия мүшелерінің қолдары:
 Комиссия төрағасы_________________________________________________________________ (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
 Комиссия төрағасының орынбасары____________________________________________ (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _________________________________________________________________________
 Комиссия мүшелері____________________________________________________________ (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ________________________________________________________________________________ (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ________________________________________________________________________________ (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
 Комиссия хатшысы____________________________________________________________ (қолы, (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Мөр орны
  • 1
Мемлекеттік емес
өртке қарсы қызметтерді
 аттестаттау және қайта
аттестаттау қағидаларына
 3-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
  Аттестат
№__________________
(аттестат нөмірі)
 Осы аттестат ________________________________________________________
                             (заңды мекен жайы)
_____________________________________________________________________
               (мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет атауы)
_____________________________________________________________________
                    (өртке қарсы қызмет түрі)
ұйымдардағы, елді мекендердегі мен объектілердегі өрттердің алдын алу
және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына берілді
 Аттестаттың қолдану мерзімі __________ бастап ______________ дейін
Мөр орны
 Төраға _____________________              ___________________________
              (қолы)                       (Т.А.Ә. (егер бар болса)
 ________________________қаласы
  • 1
Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтерді аттестаттау
және қайта аттестаттау
қағидаларына 4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 29.11.2016 жылғы № 1108 Бұйрығына сәйкес (18.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Нысан
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді тіркеу журналы (тізілімі)

р/с №

Аттестаттың тіркеу нөмірі

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің атауы

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің құрылтайшылары (заңды тұлғаның атауы)

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің орналасқан мекенжайы, телефондары

Ескертпе

1

2

3

4

5

6