• Мое избранное
Банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемесі, капиталының мөлшері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысына 1-қосымша

Редакция 08.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемесі, капиталының мөлшері
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 214 Қаулысына сәйкес (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемесі, капиталының мөлшері (бұдан әрі – Нормативтер) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемесін, капиталының мөлшерін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 214 Қаулысына сәйкес (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Банк конгломератының міндетті сақтауы үшін банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің, капиталының мөлшері құрамына мыналар кіреді:
2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 214 Қаулысына сәйкес (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жарғылық капиталдың ең аз мөлшері;
2) өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенті;
3) бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері.
3. Банк конгломераттарына арналған пруденциялық нормативтердi есептеу мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банк конгломератының бiр қарыз алушысы – банк конгломератының қатысушыларында оған қатысты борышкер үшін банк конгломератының қатысушылары өздеріне үшінші тұлғалардың пайдасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде немесе жасасқан шарттарда көзделген негіздер бойынша міндеттеме қабылдайтын тәуекелдер болатын немесе туындауы мүмкін жеке немесе заңды тұлға;
2) банк конгломератының қатысушылары – банк холдингiнен (болған кезде) және банктен, сондай-ақ банк холдингiнiң еншiлес ұйымдарынан және (немесе) банктiң еншiлес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингi және (немесе) оның еншiлес ұйымдары және (немесе) банк қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы;
3) тәуекелдер – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 тіркелген, «Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (бұдан әрі – № 170 қаулы) сәйкес есептелген банк конгломераты қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 214 Қаулысына сәйкес (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тұлғалар тобы – бір біріне әсер ететін белгілі бір қатынастарға байланысты жеке және заңды тұлғалар тобы;
5) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.12.2020 жылғы № 128 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Банк конгломераттарына арналған пруденциялық нормативтердi есептеу мақсатында:
уәкiлеттi орган Standard & Poor's агенттiгiнiң рейтингтiк бағаларынан басқа Moody's Investors Service және Fitch агенттiктерiнiң рейтингтiк бағаларын да мойындайды;
банк конгломератының қатысушысы тұрған елдiң уәкiлеттi органы пруденциялық реттеу мақсатында пайдаланатын қаржылық және (немесе) өзге есептiлiк стандарттарына сәйкес жасалған банк конгломераты қатысушыларының шоғырландырылмаған қаржылық есептiлiгiнен мәліметтер пайдаланылады.
4. Банк конгломератының жарғылық капиталының мөлшерi төленген акциялар (жарғылық капиталға қатысу үлестерi) шегiнде алынған, сатып алынған меншiктi акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн) шегергендегi банк холдингі не банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банктің жарғылық капиталының мөлшерiн бiлдiредi.
5. Жаңадан құрылатын банк конгломераты үшін жарғылық капиталының ең аз мөлшері кемінде 100 (бір жүз) миллион теңгені құрайды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 жылғы № 95 Қаулысына сәйкес (28.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Банк конгломератының өз капиталы банк конгломераты қатысушыларының өз капиталының нақты мөлшерiнiң сомасын бiлдiредi.
Банк конгломератының өз капиталын есептеу мақсатында банк конгломераты қатысушысының өз капиталының нақты мөлшерiнен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған инвестициялар, заңды тұлғалардың реттелген борышы, сондай-ақ Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптасқан резервтерді шегергенде, банк конгломератының қатысушылары болып табылмайтын заңды тұлғалардың да өз капиталына өзге де салымдар алып тасталады.
Банктер туралы заңның 42-бабында, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) 46-бабына және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 49-бабында белгіленген банк конгломераты қатысушысының төлем қабілеті маржасының жеткіліктілігіне (меншікті капитал жеткіліктілігіне) қойылатын талаптарға сәйкес банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшерінен алынған инвестициялар сомасы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген инвестицияларға қосылмайды.
7. Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері банк конгломераты қатысушысының төлем қабілеті маржасының жеткіліктілігіне (меншікті капитал жеткіліктілігіне) талаптарды белгілейтін Банктер туралы заңның 42-бабына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 46-бабына және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 49-бабына сәйкес қалыптастырылған шамадан тұрады.
Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшерін есептеу тәртібі банк конгломераты қатысушысының төлем қабілеті маржасының жеткіліктілігіне (меншікті капитал жеткіліктілігіне) талаптарды белгілейтін Банктер туралы заңның 42-бабына, Сақтандыру қызметі туралы заңның 46-бабына және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 49-бабына сәйкес айқындалады.
Егер банк конгломератының қатысушысына қатысты осы тармақта көрсетілген өз капиталдың нақты мөлшерiн есептеу тәртiбi белгiленбесе, онда өз капиталының нақты мөлшерi қаржылық есептілік негiзiнде банк конгломераты қатысушысының активтерi мен мiндеттемелерiнің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
8. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын банк конгломераты қатысушысының өз капиталының нақты мөлшері тұрған еліндегі оның қызметін реттейтін тиісті мемлекеттің уәкілетті органының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын банк конгломератының қатысушысына қатысты оның тұрған еліндегі банк конгломераты қатысушысының қызметін реттейтін тиісті мемлекеттің уәкілетті органының нормативтік құқықтық актілерімен өз капиталының нақты мөлшерін есептеу тәртібі белгіленбесе, онда өз капиталының нақты мөлшері Нормативтердің 7-тармағына сәйкес айқындалады.
9. Банк конгломератының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
К = МК/А, мұндағы:
К – өз капиталы жеткіліктілігінің коэффициенті;
МК – банк конгломератының өз капиталы;
А – банк конгломераты қатысушыларының тәуекел дәрежесі бойынша сараланған активтері, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасы.
Банк конгломераты қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша (банк үшін – тәуекелдер дәрежесі бойынша) № 170 қаулыға сәйкес сараланады.
9-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 214 Қаулысына сәйкес (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының бейрезиденті - банк конгломераты қатысушысының активтерін, шартты және ықтимал міндеттемелерін саралау кезінде банк конгломератының қатысушысы тұрған елде орналасқан тұлғаларға талаптар резидент тұлғаларға қойылатын талаптар ретінде салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша сараланады.
Активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді тәуекел дәрежесі бойынша саралау мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша арнайы резервтер (провизиялар) құрылған сомаға азайтылады.
Банк конгломераты қатысушыларының тәуекел дәрежесі бойынша сараланатын активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері сомаларының есебіне банк конгломераты қатысушыларының бір-біріне қоятын талаптары кірмейді.
10. Банк конгломератының өз капиталы жеткіліктілігінің коэффиценті мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,08 (қоса алғанда);
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,08 (қоса алғанда).
11. Банк конгломератының бір қарыз алушысына жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
ЖМ = Т/МК, мұндағы:
ЖМ – банк конгломератының бір қарыз алушысына жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері;
Т – банк конгломератының бір қарыз алушысына жасалатын тәуекел мөлшері;
МК – банк конгломератының өз капиталы.
12. Бір қарыз алушыға тәуекелдің мөлшері № 170 қаулымен белгіленген талаптарға ұқсас есептеледі.
12-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 214 Қаулысына сәйкес (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бір қарыз алушыға жасалатын тәуекел мөлшеріне банк конгломераты қатысушыларының бір-біріне қоятын талаптары кірмейді.
13. Бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері:
1) басқа да қарыз алушылар үшін банк конгломератының өз капиталының 0,25-нен (оның ішінде Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен бір тармаққа төмен емес Standard & Poor's агенттігінің рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттеріне және Standard & Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезиденттерге қойылатын талаптарды қоспағанда, бланкілік қарыздар, банк конгломератында ағымдағы және содан кейінгі 2 (екі) ай ішінде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкін болатын үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы алдындағы не қарыз алушы үшін қамтамасыз етілмеген шартты міндеттемелер бойынша, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің міндеттемелері бойынша банк конгломератының өз капиталының 0,10-нан артық емес);
2) мыналар:
банк конгломераты қатысушысының лауазымды тұлғасы немесе басшы қызметкері, сондай-ақ олардың жақын туыстары;
банк конгломераты қатысушысының ірі қатысушысы, сондай-ақ ірі қатысушы - жеке тұлғаның жақын туысы немесе ірі қатысушы - заңды тұлғаның бірінші басшысының жақын туысы;
осы тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген тұлғалар тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы) бақылайтын заңды тұлға не онда дауыс беруші акциялардың (қатысу үлестерінің) 25 (жиырма бес) және одан астам пайызына ие көрсетілген тұлғалар;
банк конгломератының қатысушылары тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы) бақылайтын заңды тұлға не банк конгломератының қатысушысы дауыс беруші акциялардың (қатысу үлестерінің) 25 (жиырма бес) немесе одан астам пайызына ие тұлға, осы тұлғаның лауазымды тұлғалары, олардың жақын туыстары болып табылатын тұлғаға банк конгломератының өз капиталының 0,10-нан аспайды.
14. Әрқайсысының мөлшері банк конгломератының өз капиталының 10 (он) пайызынан асатын бір қарыз алушыға банк конгломераты қатысушыларының тәуекелдер сомасы банк конгломератының өз капиталының мөлшерінен 8 (сегіз) еседен артық аспайды.
15. Егер банк конгломераты қатысушыларының қарыз алушыға алдыңғы есепті күнгі талаптарының жалпы көлемі Нормативтерде белгіленген шектеулер шегінде болып, бірақ кейіннен банк конгломераты өз капиталының деңгейі алдыңғы есепті күннен басталған кезең ішінде 5 (бес) пайыздан аспайтындай мөлшерде төмендеуіне байланысты не қарыз алушыға қойылатын талаптар көрсетілген теңгенің шетел валюталарына қатысты орташа алынған биржалық бағамының өсуінен қарыз алушыға банк конгломераты талаптарының алдыңғы есепті күннен басталған кезең ішінде 10 (он) пайызға өсуіне байланысты кейіннен көрсетілген шектеулерден асып кетсе, бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшерінің нормативі орындалған болып саналады.
Көрсетілген жағдайларда банк холдингі немесе банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банк жоғарыда көрсетілген шектеулерден асып кету туындаған күннен кейінгі күн ішінде уәкілетті органға шектеулерден асып кету фактісі туралы хабардар етеді және келесі есепті күнге дейінгі кезең ішінде шектен асып кетуді жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету көрсетілген мерзімде жойылмаса, бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшерінің нормативтен асып кетуі осы нормативтің көрсетілген шектен асып кету анықталған күннен бастап бұзылуы ретінде қаралады.