Toggle Dropdown
Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсанындағы № 308 қаулысы
ҚР Әділет министрлігінде 2017 жылы 9ақпанда № 14788 тіркелді
Редакция 14.08.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтер және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер белгіленсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2017 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасы
_______________ Н. Айдапкелов
11.01.2017ж.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308
қаулысына 1-қосымша
Пруденциялық нормативтер және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер
1. Осы пруденциялық нормативтер және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер (бұдан әрі – Пруденциялық нормативтер) «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді.
2. Пруденциялық нормативтер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.
3. Пруденциялық нормативтердің және ипотекалық ұйымдар және дауыс беретін акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеуді жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйымдар) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің құрамына мыналар:
1) Ұйымның жарғылық және меншікті капиталының ең аз мөлшері;
2) меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
3) бір қарыз алушыға шаққандағы тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
4) өтімділік коэффициенті;
5) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге Ұйымды капиталдандыру кіреді.
2-тарау. Ұйымның жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшері
4. Ұйымның жарғылық капиталының ең аз мөлшері 800 (сегіз жүз) миллион теңге құрайды.
Ұйым акционерлерден меншікті акцияларын, егер мұндай сатып алу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілеген пруденциялық нормативтердің кез келгенін және басқа да сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуға апармайтын жағдайда сатып алады.
5. Ұйымның меншікті капиталының ең төмен мөлшері 800 (сегіз жүз) миллион теңге құрайды.
3-тарау. Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенті
6. Ұйымның меншікті капиталы Ұйымның инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшерде енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.
Ұйымның инвестициялары саудаға арналған және сату үшін қолда бар акцияларын қоса алғанда, эмитенттің акцияларына Ұйымның салымдарын және заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерін, сондай-ақ заңды тұлғаның реттелген борышын білдіреді.
7. Бірінші деңгейдегі капитал:
сатып алынған меншікті жай акциялары шегерілген, жай акциялары бөлігінде төленген жарғылық капиталдың;
сатып алынған меншікті артықшылық берілген акциялар шегерілген артықшылық берілген акциялар бөлігінде төленген жарғылық капиталдың;
өткен жылдардағы бөлінбеген таза кірістің;
өткен жылдардағы таза кіріс есебінен қалыптастырылған қорлардың, резервтердің сомасы ретінде,
Ұйымның негізгі қызметінің мақсаттары үшін сатып алынған және «Материалдық емес активтер» 38 Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (IAS) сәйкес келетін лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтерді;
өткен жылдардағы шығындарды;
ағымдағы жылдың шығынын шегере отырып есептеледі.
8. Екінші деңгейдегі капитал:
ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының;
негізгі құрал-жабдықтарды және бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшерінің;
тәуекел ескеріле отырып, сараланған активтер сомасының 1,25 (бір бүтін жүзден жиырма бес) пайызынан аспайтын сомадағы жалпы резервтер (провизиялар) мөлшерінің;
бірінші деңгейдегі капиталдың есебіне кірмеген, артықшылық берілген акциялардың;
Ұйымның сатып алынған меншікті реттелген борышы шегерілген, сатып алынған меншікті акцияларды, қосымша капиталды, өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісін, өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған қорларды, резервтерді шегергенде төленген жарғылық капитал сомасының 50 (елу) пайызынан аспайтын сомадағы Ұйымның реттелген борышының сомасы ретінде есептеледі.
Бірінші деңгейдегі капиталға қосылатын артықшылық берілген акциялардың үлесі бірінші деңгейдегі капиталдың 15 (он бес) пайызынан аспайды. Бірінші деңгейдегі капиталдың есебіне қосылмаған артықшылық берілген акциялардың сомасы екінші деңгейдегі капиталдың есебіне қосылуы мүмкін.
9. Ұйымның мынадай талаптарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген міндеттемесі Ұйымның реттелген борышы болып табылады:
1) талап етушіге арналған салым не міндеттеме болып табылмайды;