• Мое избранное
«Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамын тарату туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 90 қаулысы

Редакция 04.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  • 1
1. «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы таратылсын.
  • 1
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамының мүлкін «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының теңгеріміне берсін.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5. «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1226 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2017 жылғы 24 ақпандағы
№ 90 қаулысымен
бекiтiлген
  • 1
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 21-95-жол алып тасталсын.
2. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 224-33-жол алып тасталсын.
  • 1
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 865 Қаулысымен (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)