Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2017 жылғы 22 ақпандағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 ақпанда № 14849 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбының және 1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбының атаулары мынадай редакцияда жазылсын:
«04 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
1 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
мынадай мазмұндағы 19 және 27 ерекшеліктерімен толықтырылсын:
«19 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
27 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
61 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» ерекшелiгі алынып тасталсын;
3 «Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер» санатында:
02 «Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату» сыныбында:
1 «Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату» кіші сыныбында:
03 «Мемлекеттік ресурстардан астық сатудан түсетін түсімдер» ерекшелiгі алынып тасталсын;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
693 «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 101 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«101 Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы ғимараттарын, құрылыстарын салу»;
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
030 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін құру және дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 100 және 101 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«100 Қазынашылық комитетінің ақпараттық жүйелерін дамыту
101 «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту»;
242 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 222 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«222 Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу»;
3 «Сыртқы саяси қызмет» функционалдық кіші тобында:
204 «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 006 және 018 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 020 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«020 Орталық Азия елдерінде гендермен байланысты тұрақты даму мақсаттарының ұлттандыруына жәрдем көрсету
006 Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен
018 Грант есебінен»;
243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
073 «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 018 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
«018 Грант есебінен»;
мынадай мазмұндағы 096 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«096 Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу»;
4 «Iргелi ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобында:
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету» 131 бюджеттік бағдарламасы бар «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі» 208-бюджеттік бағдарламалар әкімшісі алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламасы бар 213, 226 және 247 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен толықтырылсын:
«213 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi