• Мое избранное
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 19.04.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 3

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығы

Осы Жарлық күшін жойды ҚР Президентінің 19.04.2019 жылғы № 29 Жарлығына сәйкес
Редакция 05.05.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен  белгіленген мерзімде және тәртіппен Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (14.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)
5. «Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 786 Жарлығының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 189-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 420 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
  • 1
Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған 
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана қ., 2017 жыл
1. Паспорт

Атауы

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы

Жауапты орындаушы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

Іске асыруға жауаптылар

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

Басты мақсаты

Нарықтарда сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі - АӨК) өнімін өндіруді қамтамасыз ету

Міндеттер

1) ұсақ және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту;

2) ішкі нарықты молықтыру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту;

3) мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану;

4) су ресурстарын тиімді пайдалану;

5) жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін жағдайлар жасау;

6) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техникамен және химияландыру құралдарымен қамтамасыз етілуін арттыру;

7) сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;

8) ғылыми-технологиялық, кадрлық және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету

Іске асыру мерзімі

2017 - 2021 жылдар

Нысаналы индикаторлар

2021 жылы мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу:

1) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің 2015 жылдың деңгейіне қарағанда нақты мәнде 38%-ға өсуі;

2) ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін кызметтерінің) 2015 жылдың деңгейіне қарағанда нақты мәнде 30%-ға өсуі;

3) азық-түлік тауарлары экспорты көлемінің 600 млн. АҚШ долларына өсуі;

4) азық-түлік тауарлары импорты көлемінің 400 млн. АҚШ долларына төмендеуі;

5) азық-түлік тауарлары көтерме саудасының 2015 жылдың деңгейіне қарағанда 29%-ға өсуі;

6) суармалы алаңның 1 гектарына арналған суаратын су шығысының 2015 жылдың деңгейіне қарағанда 20%-ға төмендеуі (2015 жылғы 9180 м3- ден 7348 м3-ге дейін төмендеуі);

7) қосымша жерүсті су ресурстарының 2015 жылдың деңгейіне қарағанда 1,9 км3-ге ұлғаюы;

8) өнеркәсіптегі қайталама және айналымды сумен жабдықтау жүйелеріндегі су көлемі:

- қайталама 2015 жылғы 0,69 км3-ден 0,77 км3-ге дейін;

- айналымды 2015 жылғы 7,3 км3-ден 7,62 км3-ге дейін.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Бағдарламаны 2017 - 2021 жылдары іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген жалпы шығыстар барлығы 2 374,2 млрд теңгені (РБ - 1 216 млрд теңге*, ЖБ - 904 млрд теңге*, басқа көздер - 306,2 млрд теңге) құрайды, оның ішінде:

2017 жылы:

барлығы - 359,7 млрд теңге;

РБ - 198,2 млрд теңге;

ЖБ - 144,5 млрд теңге;

басқа көздер - 17,0 млрд теңге;

2018 жылы:

барлығы - 397,9 млрд теңге;

РБ - 202,0 млрд теңге;

ЖБ – 151,0 млрд теңге;

басқа көздер - 44,9 млрд теңге;

2019 жылы:

барлығы - 429,4 млрд теңге;

РБ - 207,9 млрд теңге;

ЖБ – 158,4 млрд теңге;

басқа көздер - 63,1 млрд теңге;

2020 жылы:

барлығы - 558,8 млрд теңге;

РБ - 281,6 млрд теңге;

ЖБ - 193,6 млрд теңге;

басқа көздер - 83,6 млрд теңге;

2021 жылы:

барлығы - 628,4 млрд теңге;

РБ - 326,3 млрд теңге;

ЖБ - 204,5 млрд теңге;

басқа көздер - 97,6 млрд теңге;

* -  сомалар тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады 
2. Кіріспе
АӨК елдің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігін, сондай-ақ ауылдық аумақтардың еңбек және қоныстанушылық әлеуетін қалыптастыратын экономиканың маңызды секторының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) АӨК-сі әрі қарай дамыту үшін жақсы перспективаларға ие: майлы, етті секторлардың экспорттық позициясы күшеюде, ал астық пен ұн бойынша Қазақстан қысқа мерзімде әлемдегі ірі экспорттаушы елдердің қатарына кірді. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі - ЕАЭО) және Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі - ДСҰ) мүшелігі мүмкіндіктер ашады және сонымен бірге ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілеттілікке жоғары талаптар қояды. Осыған байланысты, АӨК-ні мемлекеттік реттеудің рөлі аса маңызды.
Тәуелсіздік кезеңінде тоғыз бағдарламалық құжат әзірленді, олардың негізінде АӨК саласындағы мемлекеттік саясат іске асырылды: 1991 - 1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған «Ауыл» әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, АӨК-ні дамытудың 1993 - 1995 және 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамалық бағдарламасы, Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың 2000 - 2002 жылдарға арналған бағдарламасы, 2003 - 2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы, Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, АӨК-ні тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы, ҚР АӨК-сін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар бағдарламасы, АӨК-ні дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама және ҚР АӨК-сін дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы.
Тамақ өнімдерінің анағұрлым сұранысқа ие түрлеріне баса назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін ұлғайту және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту мақсатында бәсекеге қабілетті өнімді бастапқы қайта өңдеу, сақтау мен өткізу үшін қолайлы жағдай және инфрақұрылым жасау жолымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді (бұдан әрі - АШТӨ) мемлекеттік қолдаумен барынша қамтуды қамтамасыз ету қажет.
Осы ҚР АӨК-сін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарына және «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес әзірленді.
Осылайша, аталған Бағдарлама ауыл шаруашылығы өнімдерінің аса қажетті түрлері бойынша халықтың ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге, мақсатқа бағытталған экспорттық саясатты айқындауда бағытталатын болады.
Бағдарлама АӨК-ні дамытудың «Агробизнес-2017» бағдарламасы мен Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын интеграциялау негізінде әзірленді.
3. Ағымдағы ахуалды талдау
Ауыл шаруашылығында елдің жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі - ЖІӨ) шамамен 5%-ы жасалады. 2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 3,3 трлн. теңгені құрады, бұл нақты мәнде 2011 жылдың деңгейінен 4,1 %-ға төмен.
1-диаграмма. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің серпіні, млрд тенге
 
Саланың жалпы өнімі құрылымында жеке қосалқы шаруашылықтар өнімінің жоғары үлесі байқалады. Қазақстанда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің 80%-ға жуығы қайта өңделместен шикізат түрінде өткізіледі, ал дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігі төмен.
АӨК саласын SWOT талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Қазақстан аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орынды иеленеді;

Қазақстан жан басына шаққандағы жыртылған жерлердің алаңы бойынша әлемде екінші орынды иеленеді;

Қазақстан астық пен ұн бойынша ірі экспорттаушылардың қатарына кіреді; ауыл халқының көптігі (барлық халықтың 43%-ы), жұмыспен қамтылғандардың жоғары үлесі (жұмыспен қамтылған халықтың 18%-ы);

ТМД және Орталық Азия елдерінің өткізу нарықтарының азық-түлік өнімдеріне деген жоғары әлеуетті сұранысы;

АӨК жалпы өнімінің тұрақты өсімі; органикалық өнім өндірісі мен экспортының жоғары әлеуеті

елдің ЖІӨ-сінің төмен үлесі (4,8%); сауданың, оның ішінде экспорттық сауданың дамымағандығы;

ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарды енгізудің төмен деңгейі;

ветеринария және тамақ қауіпсіздігі деңгейінің төмендігі;

жоғары капитал сыйымдылығы; өзін-өзі ақтау мерзімінің ұзақтығы;

табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділік;

төмен еңбек өнімділігі;

АШТӨ табысының төмен деңгейі

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

халық санының өсуіне және тамақтану құрылымының өзгеруіне байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерінің көлемін ұлғайту мүмкіндігі;

АШТӨ-ні және ауыл шаруашылығы кооперативтерін тиімді мемлекеттік қолдауды қалыптастыру;

перспективалы салалар бойынша жеткізілімдер географиясын және экспорт көлемін кеңейту

табиғи-климаттық жағдайлардың қолайсыз өзгерістері, ауа-райы жағдайларының тұрақсыздығы;

жануарлар мен өсімдіктер ауруларының таралуы және табиғи ортаның ластануы;

ДСҰ-ға кіруге байланысты жекелеген өнім түрлері бойынша халықаралық нарықтардағы бәсекелестіктің өсуі; сапаны тиімсіз мемлекеттік реттеу тәуекелі

3.1. Ішкі нарықтың және экспорттың АӨК өнімімен қамтамасыз етілуі және ауыл шаруашылығы кооперациясы
Жалпы азық-түлік тауарларының өндіріс көлемінің орташа жылдық өсу қарқыны халықтың тұтынысы мен кірісінің өсу қарқынына үлгермейді, осының нәтижесінде нарықтағы бос тауаша импорт есебінен толтырылады және оның үлесі ішкі тұтынуда едәуір жоғары күйінде қалып отыр.
Тамақ өнімдері өндірісінің жалпы шығарылымы 2015 жылы 1,1 трлн. теңгені құрады, бұл нақты мәнде 2011 жылдың деңгейінен 12,5%-ға жоғары.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымындағы негізгі үлес астықты қайта өңдеу саласына (22,3%), сүт (16,7%), нан және нан-тоқаш (15%), етті қайта өңдеу (13,6%), май-тоң май (7,9%), жеміс-көкөніс (7,6%) салаларына және өзге салаларға (16,9%) тиесілі.
2-диаграмма. 2015 жылғы ақшалай мәндегі ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімінің өндірісі, млн теңге
 
Елдің ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі өнімдері бойынша сыртқы саудадағы тауар айналымының көлемі 2015 жылы 3,2 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылдың көлемінен (3,8 млрд АҚШ доллары) 17,7%-ға төмен.
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі өнімдері бойынша экспорт көлемі 6,5%-ға (1,0 млрд АҚШ долларынан 0,9 млрд АҚШ долларына дейін) азайды.
Импорт көлемі 2015 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 21,6%-ға азайды және 2,3 млрд АҚШ долларын құрады.
Анағұрлым жоғары технологиялы өндіріс бойынша импорттың жоғары үлесі сақталуда. Орташа есеппен бес жылда мал шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдері бойынша импорттың анағұрлым жоғары үлесі ірімшік пен сүзбеге (51%), шұжық өнімдеріне (46%), ет және ет-өсімдік консервілеріне (40%) және сары майға (36,4%) тиесілі. Өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімдері бойынша импорттың анағұрлым жоғары үлесі қант (42%) бойынша байқалады, ал құрақ қант шикізатын әкелу есебінен импорт 97%-ға дейін жетеді. Бұл ретте қант зауыттарының өндірістік қуаттары 37,1 %-ға жүктелген. 2015 жылы жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін кәсіпорындардың жүктелуі 27% деңгейінде болғанда жеміс-көкөніс консервілерінің импорты 98,7 мың тоннаны немесе ішкі тұтынудың 84%-ын құрады. Ішкі тұтынудағы май-тоң май өнімдері импортының үлесі 30-40%-ға жетеді. Бұл ретте, май-тоң май кәсіпорындарының қуаты 45-50%-ға жүктелген. Өндірістік қуатты жүктеуге арналған сапалы шикізаттың жетіспеушілігі проблемасы жалпы барлық қайта өңдеу саласы үшін өткір мәселе. Жарма мен ұн өндірісі ішкі тұтынуды толығымен қамтамасыз етеді (осы Бағдарламаға 1-қосымшаны қараңыз).
3-диаграмма. АӨК өнімдерінің экспорты, импорты және сальдосы, млрд АҚШ доллары
 
Қайта өңделген немесе консервіленген картоп өндірісінің көлемі 0,4 мың тоннаны, ішкі тұтынудағы импорт үлесі 98%-ды құрады. Картопты қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаты 23%-ға жүктелген.
Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балықтың ішкі нарығы 70 мың тонна деңгейінде бағаланады. Ішкі тұтынудағы импорттың үлесі 75%-ды құрайды.
Балықты қайта өңдейтін кәсіпорындардың қуаты жылына 64 мың тоннаны, жүктелуі 43%-ды құрайды.
Қайта өңдеу қуаттылықтарын орналастыру ірі балық кәсіпшілігі су айдындарына байланыстырылған. Балық шығарылымының негізгі көлемі Атырау және Қызылорда облыстарына тиесілі.