• Мое избранное
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 139-ө Өкімі

1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді қабылдасын, қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 139-ө өкімімен
бекітілген
 «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» және
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының
заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
құқықтық және құқықтық актілердің
  тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық немесе құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындалу мерзімі

Осы актілердің реттеу саласына жетекшілік ететін нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің сапасы, уақтылы әзірленуі және енгізілуі үшін жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1.

Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және «Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

К.Ф. Плотников

2.

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (ҚР Президентінің Жарлықтары: 2002 ж. 29.03 № 828, 2002 ж. 05.08 № 917, 2009 ж. 18.06 № 827, 2009 ж. 16.09 № 871, 2010 ж. 04.03 № 931; ҚР Президентінің 1999 ж. 08.11 № 90 өкімі.)

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

А.М. Мұхаметкәрім

3.

Республикалық бюджет жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау туралы

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

ЕК (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ

2016 жылғы қараша

К.Ф. Плотников

4.

Ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

Р.Б. Бекетаев

5.

Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

А.М. Мұхаметкәрім

6.

Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

А.М. Мұхаметкәрім

7.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

К.Ф. Плотников

8.

Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

С.Н. Нөгербеков

9.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

А.В. Горяинов

10.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

С.Н. Нөгербеков

11.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

С.А. Кұлмағанбетов

12.

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

Ж. Сәрсенқұлов

13.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйесіне бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

ЕК (келісім бойынша), Қаржымині

2015 жылғы 21 желтоқсан

К.Ф. Плотников

14.

Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби этикасының қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

ЕК (келісім бойынша), Қаржымині

2015 жылғы 21 желтоқсан

С.Н. Нөгербеков

15.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимылдары туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

ЕК (келісім бойынша), Қаржымині, тексеру комиссиялары (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

ЕК - С.Н. Нөгербеков, Қаржымині - Р.Б. Бекетаев, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының төрағалары

16.

Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі және мемлекеттік кірістер органдарының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

Қаржымині, ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

Қаржымині - А.М. Теңгебаев, ЕК - Ж. Сәрсенқұлов

17.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

ЕК (келісім бойынша), Қаржымині

2015 жылғы21 желтоқсан

С.Н. Нөгербеков

18.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтардың сыныптауышын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

И.Л. Ақпомбаев

19.

Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

И.Л. Ақпомбаев

20.

Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер тұлғаларды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

ЕК (келісім бойынша), Қаржымині

2015 жылғы 21 желтоқсан

С.Н. Нөгербеков

21.

Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер тұлғаларды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

ЕК (келісім бойынша), Қаржымині

2015 жылғы 21 желтоқсан

С.Н. Нөгербеков

22.

Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

ЕК (келісім бойынша), Қаржымині, ҰЭМ

2015 жылғы 21 желтоқсан

А.М. Мұхаметкәрім

23.

Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулысы

ЕК (келісім бойынша), МҚІМ

2016 жылғы қараша

С.Н. Нөгербеков

24.

Иеленуі үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдардың тізбесін бекіту туралы

бұйрықтар

ЕК (келісім бойынша), Қаржымині, тексеру комиссиялары (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

ЕК - С.Н. Нөгербеков, Қаржымині - Р.Б. Бекетаев, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының төрағалары

25.

Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 21 желтоқсан

Р.Б. Бекетаев

26.

Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2018 жылғы қараша

Р.Б. Бекетаев

27.

Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде қолданылатын үлгілік тәуекелдерді басқару жүйесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 21 желтоқсан

Р.Б. Бекетаев

28.

Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 21 желтоқсан

Р.Б. Бекетаев

29.

Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын мемлекеттік аудиторлары лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, МҚІМ

2016 жылғы қараша

Р.Б. Бекетаев

30.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша шығыс операциялар тоқтата тұру, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің банк шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша ішкі мемлекеттік аудит бойынша уәкілетті орган өкімінің формасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2015 жылғы 21 желтоқсан

Р.Б. Бекетаев

31.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұйрығы

ҰҚК (келісім бойынша), ЕК (келісім бойынша), Қаржымині

2015 жылғы 21 желтоқсан

М.О. Қолқабаев

32.

Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінде мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бұйрығы

Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі (келісім бойынша), Қаржымині, ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

Р.И. Омаров

33.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі басшысының бұйрығы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қаржымині, ЕК (келісім бойынша)

2015 жылғы 21 желтоқсан

А.А. Жүсіпов

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
МҚІМ - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті