• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 23.03.2018 г

Отправить по почте

Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмдерiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу және қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 80 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 наурызда № 14875 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 23 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 08.02.2018 ж. № 144 Бұйрығына сәйкес
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмдерiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімдерін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін есепке алу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімдерін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін қамтамасыз ету мөлшері осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағы елдерінен Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені, есепті табыс ету, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 591 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10108 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі Б. Сұлтанов