• Менің таңдаулыларым
Банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

Банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 315 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 14832 болып тіркелді

Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 жылғы № 159 Қаулысына сәйкес (26.12.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулының тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына және 54-1-бабының 1-тармағына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-1-бабының 1-тармағына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-4-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 67 Қаулысына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 жылғы № 14 Қаулысына сәйкес (19.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (26.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысының кірістері мен мүлкі туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің лауазымды тұлғалары туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, банк холдингі және сақтандыру холдингі қатысушысы (акционері) болып табылатын ұйымдар туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушылары (акционерлері) туралы есептің, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысын, банк холдингін, сақтандыру холдингін бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтердің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес байланысты тұлғалармен, оның ішінде үлестес тұлғалармен есепті кезең ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күндегі жағдай бойынша қолданыстағы мәмілелер туралы есептің және байланысты тұлғалар, оның ішінде үлестес тұлғалар тізілімінің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау жөніндегі жұмыс кестелерінің талдамасы туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептіліктің нысаны және оған түсіндірме жазба;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды немесе жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне тиесілі екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының және (немесе) пайыздық арақатынасының, сондай-ақ акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздерінің өзгеруі туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес сақтандыру тобына қатысушылардың сақтандыру тобы меншікті капиталының он және одан көп пайызы болатын, есепті күндегі жағдай бойынша қолданыстағы, үшінші тұлғалар (тұлғалар тобы) алдындағы барлық міндеттемелері туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес есепті кезең ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күндегі жағдай бойынша қолданыстағы сақтандыру тобының топ ішіндегі мәмілелері туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға берілген талап ету құқықтары туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымға күмәнді және үмітсіз актив ретінде берілген мүлік және дербес сатып алынған мүлік туралы есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу нәтижесінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның меншігіне өткен мүлік туралы есептің нысаны;
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларының, екінші деңгейдегі банктердің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Екiншi деңгейдегi банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру холдингтері, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушылары, екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта мынадай есептілікті:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (30.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 жылғы № 14 Қаулысына сәйкес (19.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 67 Қаулысымен (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.10.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 жылғы № 80 Қаулысына сәйкес (26.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) екiншi деңгейдегi банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы қаулының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген есептілікті жыл сайын, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күннен кешіктірмей;
2) екiншi деңгейдегi банктің ірі қатысушысы мәртебесі бар екiншi деңгейдегi банктерді немесе банк холдингін қоспағанда, екiншi деңгейдегi банктің Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банк холдингі:
осы қаулының 1-тармағының 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
осы қаулының 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей;
3) сақтандыру холдингі мәртебесі бар екiншi деңгейдегi банктерді, сондай-ақ сақтандыру холдингі мәртебесі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын сақтандыру холдингі осы қаулының 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі бар екiншi деңгейдегi банктерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы осы қаулының 1-тармағының 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларында көзделген есептілікті - жыл сайын, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесі бар екінші деңгейдегі банктерді, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру холдингі болмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы қаулының 1-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
6) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесі бар екiншi деңгейдегi банктерді қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы қаулының 1-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген есептілікті:
тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
жыл сайын, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
7) банк конгломератының құрамына кіретін банк холдингі, банк холдингі жоқ екiншi деңгейдегi банк, сақтандыру тобының құрамына кіретін сақтандыру холдингі осы қаулының 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген есептілікті:
тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей;
жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 (отыз бірінші) мамырдан (қоса алғанда) кешіктірмей;
8) екiншi деңгейдегi банктің Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банк холдингі, банк холдингі жоқ, банк конгломератының құрамына кіретін екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын сақтандыру холдингі, екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда, инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы осы қаулының 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген есептілікті шоғырландырылған қаржылық есептілік бөлігінде:
тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей;
жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 (отыз бірінші) мамырдан (қоса алғанда) кешіктірмей;
шоғырландырылмаған қаржылық есептілік бөлігінде:
тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылғы 31 (отыз бірінші) мамырдан (қоса алғанда) кешіктірмей;
9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру холдингі болмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға-резидент болып табылатын ірі қатысушысы осы қаулының 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген есептілікті шоғырландырылмаған қаржылық есептілік бөлігінде:
тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
жыл сайын, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күннен кешіктірмей;
10) екiншi деңгейдегi банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды немесе жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі осы қаулының 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген есептілікті оған тиесілі акциялардың санын және (немесе) пайыздық арақатынасын өзгерту туралы шешімді қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
11) сақтандыру тобының құрамына кіретін сақтандыру холдингі осы қаулының 1-тармағының 11) және 12) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей;
12) екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, банк холдингі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру холдингі жыл сайын, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік 150 (бір жүз елу) күннен кешіктірмей - шоғырландырылған, бар болса - шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық ұйым растаған мемлекеттік немесе орыс тілдерінде оған түсіндірме жазбаны ұсынады.
Түсіндірме жазба өзі орналасқан елдің тиісті қадағалау органының талаптарына сәйкес жасалады;
13) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк холдингі осы қаулының 1-тармағының 6) тармақшасында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей ұсынады.
14) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымы бар екінші деңгейдегі банктер осы қаулының 1-тармағының 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей ұсынады.
3. «Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларының, сақтандыру холдингтерінің есептілікті ұсыну қағидаларын және есептілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 229 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8855 тіркелген, 2013 жылғы 10 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 185 (2560) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.