Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы № 407
бұйрығына 13-қосымша
«Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
Редакция 03.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – Регламент) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрықпен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі және Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру, ұзарту және оны қайта ресімдеу рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында болған жағдайда – көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
1) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктіліктің сәйкестігі туралы анықтаманы (бұдан әрі – анықтама) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысаны бойынша үш айға дейінгі мерзімге беру;
2) шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасқан жағдайда анықтаманы ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысаны бойынша үш ай ішінде беру;
3) анықтаманы қайта ресімдеу;
4) Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы;
5) анықтама жоғалған, бұзылған кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде анықтаманың телнұсқасын беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері болып табылады.
2 тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
6. Көрсетілетін қызметті алушының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы.