Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы
№ бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары
Toggle Dropdown
Редакция 10.07.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде әзірленді және шағын қалалардан басқа, Қазақстан Республикасының қалаларында кредиттер/микрокредиттер беру шарттары мен тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
Қағидалар шеңберінде кредит беру/микрокредит беру жұмыссыздарға, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар ретінде пайдаланылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Терминдер және анықтамалар
Toggle Dropdown
2. Қағидаларда мынандай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады;
Toggle Dropdown
2) бюджеттік кредит шарты – жергілікті атқарушы орган мен микрокредит беру ұйымы арасында азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын бюджеттік кредит беру туралы жазбаша келісім;
Toggle Dropdown
3) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Toggle Dropdown
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5) инвестициялар – негізгі құралдарды сатып алу/ салу/жаңғырту/реконструкциялау/күрделі жөндеу, биологиялық/материалдық емес активтерді сатып алу;
Toggle Dropdown
6) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – кәсіпкерлік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Toggle Dropdown
7) кредитор – микроқаржы ұйымы/ екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – ЕДБ);
Toggle Dropdown
8) кредиттік келісім –микрокредит беру ұйымы мен кредитор арасында азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын қарызға беру туралы жазбаша келісім. Кредиттік келісімнің нысанын микрокредит беру ұйымы бекітеді;
Toggle Dropdown
9) кредит/микрокредит беру туралы шарт – кредитор мен Бағдарламаға қатысушының арасында соңғысына осы Қағидаларда айқындалған мақсаттарға берілетін қарыз қаражаты есебінен кредит/микрокредит беру үшін жасалатын жазбаша келісім;
Toggle Dropdown
10) кредит/микрокредит – ЕДБ/МҚҰ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану шарттарымен кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша Бағдарламаға қатысушыға беретін қарыз қаражаты;
Toggle Dropdown
11) қарыз – Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын одан әрі қаржыландыру үшін кредиттік келісім негізінде кредиторға микрокредит беру ұйымы беретін ақша сомасы;
Toggle Dropdown
12) микрокредит беру ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
Toggle Dropdown
13) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтуімен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ 2012 жылғы 26 қарашадағы «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
14) бастапқы бизнес (стартап жобалар) – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген кезде бір жылдан кем уақытты құрайтын Бағдарламаға қатысушылардың бизнес-жобалары;
Toggle Dropdown
15) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер;»;
Toggle Dropdown
3-тарау. Кредиторларға қаражатты шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері
Toggle Dropdown
3. Кредиттерді/микрокредиттерді Бағдарламаға қатысушыларға бюджет қаражаты есебінен кредиторлар береді.
Toggle Dropdown
Уәкілетті орган ЖАО-ларға Бағдарламаға қатысушылардың жобаларына кредит беру/микрокредит беру үшін қаражат бөледі. ЖАО-лар қоса қаржыландыру шарттарында жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөледі. ЖАО мен микрокредит беру ұйымы арасында бюджеттік кредит шарты жасалады, оған сәйкес бюджет қаражатының жалпы сомасы бюджеттік кредит түрінде микрокредит беру ұйымына мынадай шарттармен бөлінеді:
Toggle Dropdown
1) жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 %-бен қайтарымдылық, жеделділік, ақылылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану қағидаттарымен 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзімге;
Toggle Dropdown
2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларды одан әрі қаржыландыруға арналған қаражатты кредиторларға орналастыру;
Toggle Dropdown
3) қаражатты игеру мерзімі – 12 ай;
Toggle Dropdown
4) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Toggle Dropdown
4. Микрокредит беру ұйымы кредиторлардың өтінімдері негізінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін кредиторлар тізбесін және олар бойынша орналастырылу сомасын айқындайды;
Toggle Dropdown
Микрокредит беру ұйымы азаматтық заңнамаға сәйкес кредиторлармен мынадай шарттармен кредиттік келісімдер жасасады:
Toggle Dropdown
1) қарыз Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында іске асырылатын және (немесе) іске асыруға жоспарланатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын нысаналы мақсатпен қаржыландырумен жылдық 1%-бен 7 жылдан астам мерзімге беріледі;
Toggle Dropdown
2) кредит валютасы – теңге;
Toggle Dropdown
3) кредиторлардың орналастырылған қаражатты игеру мерзімі кредиттік келісім жасалған күннен бастап 6 (алты) ай;
Toggle Dropdown
4) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі – кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Toggle Dropdown
5) ЕДБ-ге арналған қарыздар қамтамасыз етусіз беріледі. Микрокредит беру ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес есептелген «сенімділігі жоғары» және «сенімді» рейтингімен қаржылық тұрақты МҚҰ үшін қарыздар қамтамасыз етусіз беріледі. Рейтинг деңгейі неғұрлым төмен МҚҰ қарыздары микрокредит беру ұйымының кепілзат саясатының талаптарына сай келетін қамтамасыз етумен беріледі (екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктері, ақша, банк салымдары, жылжымайтын мүлік объектілері, жер учаскелері);
Toggle Dropdown
6) кредиторлар микрокредит беру ұйымының алдында орналастырылған кредит қаражатының игерілуі мен мақсатты пайдаланылуы бойынша есеп береді. Кредиторлардың есеп беру тәртібі, нысаны және кезеңділігі, сондай-ақ қарыз берудің өзге де шарттары кредиттік келісімде белгіленеді;
Toggle Dropdown
7) кредиторлар орналастырылатын қаражатты мақсатты пайдаланбаған, толық немесе жартылай игермеген жағдайларда, және/немесе кредиттік келісімде көзделген өзге де жағдайлар орын алған кезде, микрокредит беру ұйымы кредиттік келісім шарттарына сәйкес кредиторларға қатысты шаралар қолданады, оның ішішде кредиттік келісімді мерзімінен бұрын бұзу және (немесе) оларды одан әрі басқа кредиторлар арасында қайта бөле отырып, орналастырылған қаражатты қайтарып алу мәселесіне бастамашылық жасауға құқылы. Қайтарылған, сондай-ақ кредиторлар мерзімінен бұрын өтеген қаражатты қайта бөлу қайта бөлінетін қаражат бастапқыда қаражат бөлінген өңірлерде пайдалануға тиіс болған жағдайда микрокредит беру ұйымының шешімі негізінде кредиторлар арасында жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
8) кредиторлар бөлінген қаражатты қаржы құралдарына инвестициялауға және/немесе олармен операция жасауға, сондай-ақ, шетелдік валюта сатып алу үшін валюта нарығына жібермейді;
Toggle Dropdown
9) Бағдарламаға қатысушылар қайтарған қарыз қаражатын кредиттік келісім бойынша кредиторлар бұрын алынған кредиттерді/микрокредиттерді өтеу арқылы кредиттік келісімде айқындалған шарттармен Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын одан әрі қаржыландыруға үш айдың ішінде жолдайды не мерзімінен бұрын микрокредит беру ұйымына қайтарылады.
Toggle Dropdown
4-тарау. Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын қаржыландыру шарттары
Toggle Dropdown
5. Кредиттер/микрокредиттерді шағын қалалардан басқа, Қазақстан Республикасының қалаларында, моноқалаларында жобаларын іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысушыларға, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге олардың шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген жерін есепке алмай, кредиторлар береді.
Toggle Dropdown
6. Бағдарламаға қатысушыларға арналған кредиттер/микрокредиттер олардың «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өтуі шеңберінде бизнес-жобаларды қорғағаннан кейін не бағдарламаға қатысушылардың кредит/микрокредит алуға жүгінген күнінің алдында сертификат алған күннен бастап соңғы 24 ай ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты болған кезде беріледі.
Toggle Dropdown
«Бастау Бизнес» жобасында оқуды аяқтағаны туралы сертификат алған (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне жіберілгендер үшін) Бағдарламаға қатысушылар кредиттер/микрокредиттер алудың басым құқығына ие.
Toggle Dropdown
7. Кредиттер/микрокредиттер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің және (немесе) зәкірлік кооперациялар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысушылардың қызметін дамыту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, кемінде екі жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады. Кредиттер/микрокредиттер ұсыну туралы келісімдерде кредитор кемінде екі жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шарттарын белгілейді.
Toggle Dropdown
Кредиттер/микрокредиттер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту және (немесе) зәкірлік кооперациялар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысушылардың қызметін дамыту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып, кемінде екі жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады.
Toggle Dropdown
8. Кредиттер/микрокредиттер жеделділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатқа сай пайдалану қағидаттары сақтала отырып, Бағдарламаға қатысушыларға мынадай шарттармен ұсынылады:
Toggle Dropdown
1) Бағдарламаның бір қатысушысын қаржыландырудың ең жоғары лимиті:
Toggle Dropdown
қалаларда, моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) –республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген 6,5 мың айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
Toggle Dropdown
Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында –республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген 8,0 мың АЕК.
Toggle Dropdown
Бұл ретте, Бағдарламаның бір қатысушысын қаржыландырудың ең жоғары лимиті кредиттер және (немесе) микрокредиттер және (немесе) онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың қаржы лизингінің шарттары бойынша берешекті есепке алмай есептеледі;
Toggle Dropdown
2) кредит/микрокредит (тер) бойынша кредиторлардың алдында Бағдарламаның бір қатысушысының негізгі борышы бойынша берешек қалдығының жалпы сомасы:
Toggle Dropdown
қалаларда,моноқалаларда (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) 6,5 мың АЕК;
Toggle Dropdown
Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында 8,0 мың АЕК.
Toggle Dropdown
Осы шартты ескере отырып, Бағдарламаның бір қатысушысы үшін кредиттер/микрокредиттер саны шектелмейді;
Toggle Dropdown
3) кредиттердің/микрокредиттердің нысаналы мақсаты – айналымдағы қаражатты инвестициялау/толықтыру.
Toggle Dropdown
4) кредиттердің/микрокредиттердің мерзімі:
Toggle Dropdown
инвестицияларға 5 (бес) жылдан көп емес;
Toggle Dropdown
айналымдағы қаражатты толықтыруға 3 (үш) жылдан көп емес;
Toggle Dropdown
5) кредит/микрокредит бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі – жылына 6% аспайды;
Toggle Dropdown
6) кредиттердің/микрокредиттердің валютасы – теңге;
Toggle Dropdown
7) негізгі борыш және есептелген сыйақы бойынша жеңілдік кезеңі – кредитор шешімі бойынша кредит/микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды;
Toggle Dropdown
8) кредиторлар Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Бағдарламаға қатысушының кредитіне/микрокредитіне байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер өндіріп алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері микрокредит беру ұйымымен алдын ала жазбаша келісіледі;
Toggle Dropdown
Бағдарламаға қатысушылар мүлікті бағалау және сақтандыру бойынша шығыстарды төлейді.
Toggle Dropdown
9. Кредиторлар кредиттік келісім сомасының кемінде 20%-ын бастапқы бизнесті (стартап жобаны) қаржыландыруға жібереді.
Toggle Dropdown
10. Кепілзаттық қамтамасыз етуі жеткіліксіз болған жағдайда, Бағдарламаға қатысушылар кредит/микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде микрокредит беру ұйымының кепілдігін алуға құқылы. Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушылардың жобалары осы бұйрықпен бекітілген қалалардағы микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін Микрокредиттер жөніндегі кепілдендіру қағидаларының талаптарына сәйкес келуі қажет.
Toggle Dropdown
11. Мына кәсіпкерлер Бағдарламаға қатысушылар бола алмайды:
Toggle Dropdown
1) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар;
Toggle Dropdown
2) «2. Терминдер және анықтамалар» деген тараудың және «4. Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын қаржыландыру шарттары» деген тараудың талаптарына сәйкес келмейтін;
Toggle Dropdown
3) салықтық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі барлар.
Toggle Dropdown
Берешегінің жоқ екендігі Бағдарламаға қатысушы қаржыландыруға өтінім берген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) Дербес шоттарды жүргізу ережелерінің 18-қосымшасына сәйкес берешектің жоқ екендігі мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін есептегі берешектің жоқ (бар) туралы мәліметтерімен расталады;
Toggle Dropdown
4) қару (оның ішінде қару шығаруға арналған құрамдас бөліктер), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті шығаруды немесе жеткізуді көздейтін жобаларды іске асыратындар;
Toggle Dropdown
5) ойын бизнесін ұйымдастыруды және (немесе) дамытуды көздейтін жобаларды іске асыратындар;
Toggle Dropdown
6) террористік және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған кез келген өзге де қызметпен байланысты қызметті көздейтін жобаларды іске асыратындар;
Toggle Dropdown
7) моторлы көлік құралдарын және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын;
Toggle Dropdown
8) қиыршықтас және құм карьерлерін игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өнеркәсібінде қызметін жүзеге асыратындар;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының Cалық Кодексінің 130-баптың 3-тармақшасына сәйкес бекітілген мониторингтеуге жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын;
Toggle Dropdown
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын кәсіпкерлер;
Toggle Dropdown
11) жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі кредиторға кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер.
Toggle Dropdown
12. Кредиторлар Бағдарламаға қатысушыларға мына мақсаттарға кредиттер/микрокредиттер бермейді:
Toggle Dropdown
1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу;
Toggle Dropdown
2) Бағдарламаға қатысушылардың бұрын жұмсалған шығындарын өтеуі, Бағдарламаға қатысушылардың жеке және/немесе заңды тұлғалардан, оның ішінде қатысушылардан, акционерлерден, лауазымды тұлғалардан және Бағдарламаға қатысушылардың жұмыскерлерінен қаржылай көмек алуына байланысты туындаған берешекті өтеуі;
Toggle Dropdown
3) тұтынушылық кредит беру;
Toggle Dropdown
4) қолданыстағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру;
Toggle Dropdown
5) Бағдарламаға қатысушы жер учаскелерінің/жылжымайтын тұрғын үй мүлкінің нысаналы бағыты кредит/микрокредит беру туралы шарт жасасқан күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсаттарға өзгертетін жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын тұрғын үйді, жер учаскелерін (нысаналы бағыты кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес) сатып алуға және салуға;
Toggle Dropdown
6) Бағдарламаға қатысушылардың шаруашылық қызметтерінің шығындарын жабу (бұл ретте, қаржы нәтижесі теріс Бағдарламаға қатысушыларға кредит/микрокредит беруге рұқсат етіледі);
Toggle Dropdown
7) сенім білдірілгендердің (агенттердің) қызметтеріне ақы төлеу;
Toggle Dropdown
8) Бағдарламаға қатысушылардың кредитімен/микрокредитімен байланысты комиссияларды, алымдарды және / немесе өзге де төлемдерді төлеу;
Toggle Dropdown
9) құнды қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);
Toggle Dropdown
10) үлестес/ байланысты компаниялардан/тұлғалардан негізгі құралдарды, активтерді сатып алу;
Toggle Dropdown
11) жалған немесе жасанды мәмілелерді төлеу;
Toggle Dropdown
12) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 болып тіркелген) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесінде және/немесе Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 145 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5371 болып тіркелген) бекітілген «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесінде көзделген оффшорлы аумақтарда тіркелген/ашылған контрагенттердің заңды мекенжайлары және/немесе банк шотының деректемелері туралы ақпарат бар кез келген шарттарды/келісімшарттарды/келісімдерді төлеу.
Toggle Dropdown
13. Бағдарламаға қатысушыларды қаржыландыру кезінде кредиторлар мынадай қосымша шарттарды сақтайды:
Toggle Dropdown
1) 8 000 (сегіз мың) АЕК-тен асатын жалпы сомаға бір жобаны іске асыру үшін Бағдарламаның бірнеше үлестес қатысушыларын қаржыландыруды жүзеге асырмау. Мына өлшемшарттардың барлығына бір уақытта сәйкес келетін екі немесе одан көп жоба жиынтығы бір жоба болып саналады:
Toggle Dropdown
жоба бір объектінің аумағында іске асырылады;
Toggle Dropdown
жоба ЭҚЖС бір кіші сыныбының шеңберінде іске асырылады;
Toggle Dropdown
бір жобаны іске асыратын Бағдарламаға қатысушылар арасында қаржы ағындары бар;
Toggle Dropdown
2) Бағдарламаға қатысушылар кредит/микрокредит қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті/активтерді үшінші тұлғаларға ресімдемейді, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіндегі құрылысты қоспағанда, үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскесінде объект салуды жүзеге асырмайды;
Toggle Dropdown
3) Бағдарламаға қатысушы ұзақ мерзімді активті сатып алу-сату мәмілесін бұзған не кредит/микрокредит қаражатының есебінен сатып алынған ұзақ мерзімді активті иеліктен шығарған жағдайда, Бағдарламаға қатысушы осындай бұзудан/иеліктен шығарудан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде кредиторға жазбаша түрде хабарлайды. Аталған шарт кредит/микрокредит беру туралы тиісті шартта бекітіледі. Кредитор Бағдарламаға қатысушыдан осындай хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде микрокредит беру ұйымының тиісті хабарламасын жолдайды. Микрокредит беру ұйымы жазбаша талабын жіберген жағдайда, кредитор және/немесе Бағдарламаға қатысушы микрокредит беру ұйымының талаптарында көрсетілген тәртіппен және мерзімде микрокредитті мерзімінен бұрын өтейді;
Toggle Dropdown
4) Бағдарламаға қатысушының контрагентпен жасасқан тиісті шартында тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алудың өзге мерзімі көзделмесе, Бағдарламаға қатысушылар қаржыландырылған күннен бастап 6 (алты) айдың ішінде мақсатқа сай пайдалану бойынша кредитті/микрокредитті немесе оның бір бөлігін пайдаланады;
Toggle Dropdown
5) кредиттер/микрокредиттер ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қазіргі үлестес кәсіпкерлердің қызметіне сәйкес келетін ЭҚЖС экономика секторларында жобаларды іске асыруға берілмейді (ЭҚЖС сыныбының деңгейінде);
Toggle Dropdown
14. Бағдарламаға қатысушыларды қаржыландырудың өзге де шарттары кредитордың уәкілетті органының шешімімен айқындалады.
Toggle Dropdown
5-тарау. Бағдарламаға қатысушыларға микрокредиттер беру тәртібі
Toggle Dropdown
15. Үміткерлер тікелей не "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары/ қалалар мен қалалар құрамындағы аудандардың әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар алу үшін және Бағдарламаға қатысушыларға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінеді;
Toggle Dropdown
16. Бағдарламаға қатысушылар кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысуға жіберіледі.
Toggle Dropdown
17. Қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда, халықты жұмыспен қамту орталығының берген жолдамасының бар болуы Бағдарламаға қатысушының кредит/микрокредит алуы үшін міндетті шарт болып табылады. Бағдарламаға қатысушылар жолдама алу үшін мына құжаттарды ұсынады: жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, болған жағдайда кәсіпкерлік негіздеріне оқығаны (куәлік, сертификат) туралы құжаттың көшірмесі
Toggle Dropdown
Бұл ретте «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тексерулердің нәтижелері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары
Toggle Dropdown
екі жұмыс күні ішінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларына қатысу үшін жолдама береді.
Toggle Dropdown
Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және кредитті/микрокредитті алуға арналған өтініммен кредиторға жүгінеді, оған халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы (қаржыландыру мақсаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қызметін кеңейту болып табылатын жобаларды қоспағанда) кәсіпкерлік негіздеріне оқыған сертификатты қоса береді.
Toggle Dropdown
18. Кредиторлар әлеуетті бизнес-жобаға бағалау жүргізеді, қорытынды береді және кредитті/микрокредитті берудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылған жұмыскер кредитті/микрокредитті алуға өтініш бергенге дейін шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісінің мәртебесіне ие болады.
Toggle Dropdown
19. Кредиторлар кредит/микрокредит беру туралы оң шешім қабылдағаннан кейін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Бағдарламаға қатысушылармен кредит/микрокредит беру туралы шарт жасасады.
Toggle Dropdown
20. Кредиторлар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырма) күніне дейін берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты микрокредит беру ұйымына ұсынады.
Toggle Dropdown
21. Микрокредит беру ұйымы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органдарға және уәкілетті органға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпарат береді.
Toggle Dropdown
Уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша ақпаратты ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 (бес) күніне дейін береді.
Toggle Dropdown
22. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
6-тарау. Кредиторларға қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
23. ЕДБ-ге қойылатын талаптар:
Toggle Dropdown
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша мерзімі 90 күннен артық кешіктірілген берешегі бар кредиттер деңгейі кредиттік келісім жасалған күні 10%-дан аспайды;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындау;
Toggle Dropdown
4) микрокредит беру ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестілігі.
Toggle Dropdown
24. МҚҰ-ға қойылатын талаптар:
Toggle Dropdown
1) микроқаржы ұйымының өз капиталы Қазақстан Республикасының Ұлтты Банкі белгілеген ең аз деңгейден төмен емес;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеудің болуы;
Toggle Dropdown
3) кредитке өтінім берудің алдында кемінде 1 (бір) жыл негізгі қызметпен айналысу;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындау.
Toggle Dropdown
5) микрокредит беру ұйымының ішкі құжаттарына сәйкестілігі.
Toggle Dropdown
7-тарау. Мониторинг
Toggle Dropdown
25. Микрокредит беру ұйымы мыналарды жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
1) кредиторлардың қаражатты уақтылы игеруіне мониторинг;
Toggle Dropdown
2) кредиторлардың қаражатты мақсатқа сай пайдалануына, сондай-ақ Бағдарламаға қатысушылардың алынған кредиттерді/микрокредиттерді мақсатқа сай пайдалануына ішінара мониторинг жүргізу. Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушылардың кредиттерді/микрокредиттерді мақсатқа сай пайдалануын тексеру кредиторлар дайындаған қаражатты мақсатқа сай пайдалануды тексеру актісінің негізінде жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
3) Бағдарламаға қатысушыларды бұрын берілген кредиттерді/микрокредиттерді өтеуден босатылатын қаражат есебінен кредиторлардың уақтылы қаржыландыруына мониторинг жүргізу.
Toggle Dropdown
26. Кредиторлар қаражаттың игерілуі туралы есептерді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырма) күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымдарына жібереді. Есепті берудің нысаны мен мерзімдері тиісті кредиттік келісімде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
27. Микрокредит беру ұйымы өзінің жалғыз акционерінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Парламенті және мемлекеттік органдардың талабы бойынша оларға Бағдарламаға қатысушылардың кредит/микрокредит алуына, игеруіне, Бағдарламаға қатысушылардың кредитті/микрокредитті мақсатқа сай пайдалануына байланысты ақпаратты береді;
Toggle Dropdown
28. Кредиторлар Бағдарламаға қатысушылардың қаржыландырылған жобаларына мониторинг жүргізеді. Бұл ретте, Бағдарламаға қатысушының әрбір қаржыландырылған жобасы бойынша жеке кредиттік дерекнама жүргізіліп, онда Бағдарламаға қатысушылардың қаражатты мақсатқа сай пайдаланғанын растайтын құжаттар сақталады;
Toggle Dropdown
29. Микрокредит беру ұйымы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін Бағдарламаға қатысушыларды қаржыландыруға қатысатын кредиторлардың қаржы-экономикалық жағдайын талдауды жүзеге асырады.