• Мое избранное
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Связанные
  • Редакции абзаца

Отправить по почте

  • 1

«Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларының ең төменгі және ең жоғарғы шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларының ең төменгі және ең жоғарғы шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу қағидаларын бекіту туралы
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларының ең төменгі және ең жоғарғы шектері;
2) Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларын төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшері, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшері мен оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 183 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10808 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 мамырда жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 705 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14768 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде 2017 жылғы 17 ақпанда жарияланған) 1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы __ _________
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларының ең төменгі және ең жоғарғы шектері
 

р/с

Сыйақыны алатын тұлға

Негізгі сыйақының ең төмен шектері

Негізгі сыйақының ең жоғары шекте рі

1

Уақытша әкімші

15 АЕК

30 АЕК

2

Оңалтуды басқарушы

25 АЕК

50 АЕК

3

Уақытша басқарушы

15 АЕК

30 АЕК

4

Банкрот тықты басқарушы

25 АЕК

50 АЕК

Ескертпе: Аббревиатураның толық жазылуы:
АЕК – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы __ _________
№ ____ бұйрығымен
бекітілген
Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларын төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларын төлеу қағидалары «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларын төлеу тәртібін белгілейді.
2. Уақытша әкімші мен оңалтуды басқарушы үшін негізгі сыйақы кредиторлар жиналысында белгіленген өкілеттігін жүргізу кезінде оның ұзақтығына қарамай бүкіл кезең үшін ай сайынғы сыйақылар болып табылады.  
3. Уақытша басқарушы үшін негізгі сыйақы кредиторлар жиналысында белгіленген өкілеттігін жүргізудің бүкіл кезеңі үшін ай сайынғы тіркелген сыйақы болып табылады.
4. Банкроттықты басқарушы үшін негізгі сыйақы кредиторлар жиналысында белгіленген банкроттық рәсімін жүргізу кезеңі үшін, оны созу мерзімін қоспағандағы ай сайынғы тіркелген сыйақы болып табылады.
5. Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларының мөлшері уәкілетті орган айқындалған шекте белгіленеді.  
2-тарау. Уақытша әкімшіге негізгі сыйақыны төлеу тәртібі
6. Уақытша әкімшінің негізгі сыйақысының мөлшері кредиторлардың бірінші жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.
7. Уақытша әкімшіге негізгі сыйақы оңалтуды басқарушы немесе төлем қабілеттілігі жоқ борышкердің лауазымды адамы, сот оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін немесе оңалту рәсімі тоқтатылғаннан кейін ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан уақытша әкімшінің банк шотына аудару арқылы төленеді.
3-тарау. Оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі
8. Оңалтуды басқарушының ай сайынғы негізгі сыйақы мөлшері кредиторлардың жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.
9. Оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысы оңалтуды басқарушының өз міндеттерін орындауының барлық кезеңі ішінде кезектен тыс борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.  
10. Негізгі сыйақыны төлеу ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан оңалтуды басқарушының банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
11. Негізгі сыйақының мөлшері кредиторлар жиналысында, уәкілетті орган белгілеген мөлшерде қайта қаралуы мүмкін. Жұмыс істеген кезеңі үшін негізгі сыйақының мөлшерін өзгертуге жол берілмейді.
4-тарау. Уақытша басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі
12. Уақытша басқарушының негізгі сыйақысы әкімшілік шығыстарға жатады және егер осы Қағидаларда өзгеше көзделмесе, уақытша басқарушының өз міндеттерін орындауының барлық кезеңі үшін оның қызметінің нәтижелері бойынша кезектен тыс, борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.
13. Борышкер банкрот деп танылған жағдайда, уақытша басқарушыға негізгі сыйақыны банкроттықты басқарушы ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан уақытша басқарушының банк шотына аудару арқылы төлейді.
14. Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, сондай-ақ негіздердің болмауына байланысты борышкерді банкрот деп танудан бас тартылған жағдайларда уақытша басқарушының негізгі сыйақысын уәкілетті орган белгілеген ең төменгі шегінде сотқа жүгінген арызданушы төлейді.
Сотқа екі және одан да көп кредиторлар жүгінген кезде негізгі сыйақыны төлеу бойынша шығыстар осындай кредиторлардың арасында олардың талаптарына қарай пропорционалды түрде бөлінеді.
Негізгі сыйақыны төлеу сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарғаннан не соттың борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім заңды күшіне енгеннен кейін ақшалай қаражатты арызданушының банк шотынан уақытша басқарушының банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
5-тарау. Банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі
15. Банкроттықты басқарушының ай сайынғы негізгі сыйақы мөлшері кредиторлар жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.
16. Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы әкімшілік шығыстарға жатады және банкроттық рәсімін жүргізу кезеңі үшін, оның ұзарту мерзімін есепке алмағанда, кезектен тыс банкроттың мүлкі есебінен өтеледі.
Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі ұзартылған жағдайда, банкроттық рәсімі аяқталғанға дейінгі банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы, осы ұзартуға дейін кредиторлар жиналысында белгіленген негізгі сыйақы мөлшерінің елу пайызынан аспауы қажет.
17. Негізгі сыйақыны төлеу ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан банкроттықты басқарушының банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.  
6-тарау. Қорытынды ережелер
18. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы өзіне жүктелген міндеттердi орындаудан босатылған немесе шеттетiлген жағдайда, босатылған немесе шеттетiлген күннен бастап оған сыйақы төленбейді.  
19. Осы Қағидалар уақытша және банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысын қоса алғанда, банкроттық істі қозғауға және банкроттық рәсімді жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстар сот шешімі бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор есебінен өтелген жағдайларға қолданылмайды.