• Мое избранное
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Связанные
  • Редакции абзаца

Отправить по почте

  • 1

«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер мүлік үлес меншігінде болған жағдайда тізілімге тек жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік үлесі ғана енгізіледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Мынадай мүлік түрлерін: жануарлар, жануарлардан алынатын шикізаттар, алкоголь өнімдері, темекі және темекі өнімдері, сондай-ақ жойылуға жататын немесе меншік үлесіндегі мүлікті қоспағанда тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызметтердің субъектілеріне олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуы тиіс.
Мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынғанға дейін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мынадай құжаттардың:
1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;
2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.
Үлес меншігіндегі мүлікті сатушы сауда-саттыққа шығару алдында нарықтық құны бойынша үлес меншігінің жекелеген қатысушыларына ұсынады.  
Мұндай қатысушылар сатушы жазбаша ұсынысты жіберген күннен бастап бір ай ішінде жылжымайтын мүлікті, он жұмыс күні ішінде өзге мүлікті сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда мүліктің осы үлесі сауда-саттыққа шығарылады.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және оны бекіту мүліктің атауын, қажетті санын, сондай-ақ жауапты хатшының, ал мұндай лауазым болмаған жағдайда тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы не болмаса оны алмастырушы тұлға қол қойған мүлікті беру қажеттілігі туралы тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысының электронды (сканерленген) көшірмесін қоса бере отырып, мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып тізілімнің веб-порталында тіркелетін мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.»;
7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті беру туралы шешімді қабылдайды.
Қабылдаушы тарап мүлікті қабылдап алу-беру актісіне уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қол қояды.»;
12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (комиссия) сәйкес сауда ұйымы арқылы мүлікті сату үшін беру комиссиялық тапсырма, қабылдап алу-беру актісі және мүлікті сату үшін алынған құннан жиырма бес пайыз мөлшеріндегі комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді растайтын құжат (төлем тапсырмасы немесе банктік кепілдік) негізінде жүзеге асырылады.
Сауда ұйымы төлеген комиссиялық тапсырманың орындалуын ақшалай қамтамасыз ету сатылған мүліктен түскен түсімдер есебіне есептеледі.
Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.  
Ақшаларды аудару үшін деректемелер мемлекеттік сатып алулар туралы шартта (комиссияда) көрсетіледі.
13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап үш ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджет кірісіне аударады.
14. Егер үш ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.
Сауда ұйымы сатушыдан қабылдап алу-беру актісі бойынша қабылдаған мүлік қайтарылмайды.
Сауда ұйымының бастамасы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) бұзылған жағдайда комиссиялық тапсырмаларда көрсетілген мүлікті сатуға алынған сома сатушыға төленуі тиіс.»;
19-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мүлік туралы мәлiметтерді (сатушы тізілімнің веб-порталында жариялайтын мүлік туралы мәліметтер сандық және сапалы өлшенуі және салыстырылуы тиіс);»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:
1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;
2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің;  
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларының 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген құжаттардың электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  
«26. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.
Кепілдік жарна сомасы сату бағасынан асқан жағдайда сатушы жазбаша өтініш берген күннен бастап кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей жеңімпазға айырмасы қайтарылады.»;
35-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер мүлік екінші сауда-саттықта өткізілмеген болса, сауда ұйымдарының қызметтерін жеткізушілер болған жағдайда алғашқы бағадан елу пайыз мөлшеріндегі баға бойынша сауда ұйымына сатуға беріледі.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  
«45. Сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып сатушы мен жеңімпаз қол қояды. Шартта сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға шартты жасасу негіздемесі ретінде сілтеме көрсетіледі.
Сатып алу-сату шартын сатушы қалыптастырады және сауда-саттық өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жеңімпазға келісуге жібереді.»;
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушы тиісінше хабарламадан кейін шартты бiр жақты тәртiппен бұзады. Бұл ретте, сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы мүлік сауда-саттыққа қайта шығарылады.»;
55-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеңімпаз белгіленген мерзімде қабылдап алу-беру актісіне қол қоймаған жағдайда сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы мүлік сауда-саттыққа қайта шығарылады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
___________ М. Бекетаев
2017 жылғы «___»_____________  

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы «___»_____________
 «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2017 жылғы «__» ______ №___ бұйрығына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
 
Құрылымы

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығымен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасы

1

3 -тармақ

3. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде өткізу немесе беру үшін бағалау «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесiнде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті есепке қабылдағаннан кейін мүлікке бағалау жүргізеді.

Уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті бағалау туралы есептерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мүлік жөніндегі деректерді тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

Егер мүлік үлес меншігінде болған жағдайда тізілімге тек жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік үлесі ғана енгізіледі.

Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған борышкердің мүлік үлесі туралы мәліметтер тізіліміне енгізуді реттеу үшін.

2

4 -тармақ

4. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді комиссия қабылдайды.

Жойылуға жататын мүлікті қоспағанда тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызметтердің субъектілеріне олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуы тиіс.

Мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынғанға дейін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мынадай құжаттардың:

1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;

2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

4. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

Мынадай мүлік түрлерін: жануарлар, жануарлардан алынатын шикізаттар, алкоголь өнімдері, темекі және темекі өнімдері, сондай-ақ жойылуға жататын немесе меншік үлесіндегі мүлікті қоспағанда тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызметтердің субъектілеріне олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуы тиіс.

Мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынғанға дейін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган тізілімге мынадай құжаттардың:

1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;

2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

Үлес меншігіндегі мүлікті сатушы сауда-саттыққа шығару алдында нарықтық құны бойынша үлес меншігінің жекелеген қатысушыларына ұсынады.

Мұндай қатысушылар сатушы жазбаша ұсынысты жіберген күннен бастап бір ай ішінде жылжымайтын мүлікті, он жұмыс күні ішінде өзге мүлікті сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда мүліктің осы үлесі сауда-саттыққа шығарылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына (бұдан әрі - № 833 қағида) сәйкес келтіру мақсатында, оған сәйкес мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйіне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

Орынсыз болуына байланысты теңгерімдеріне беру үшін мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге ұсынылуға жататын мүліктен жануарлар, жануарлардан алынатын шикізаттар, алкоголь өнімдері, темекі және темекі өнімдері сияқты мүлік түрлерін алып тастау қажет.

Мемлекеттік заңды тұлғаларға, оның ішінде әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге жалпы үлес меншігіндегі мүлікті берумен байланысты сот талқылауларын болдырмау үшін.

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 216-бабының 2-тармағына сәйкес үлесiн сатушы оның сату бағасын және оны сатудың басқа да шарттарын көрсете отырып, үлестi меншiктiң басқа қатысушыларына өз үлесiн бөтен адамға сату ниетi туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. Егер үлестi меншiктiң басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығындағы сатылатын үлестi бiр ай iшiнде, ал басқа мүлiк жөнiнен - хабар алған күннен бастап он күн iшiнде сатып алмаса, сатушы өз үлесiн кез келген адамға сатуға құқылы.

АК нормаларын сақтау мақсатында (222-баптың 2-тармағы).

Ортақ меншiктiң өзге қатысушылары борышкердің үлесiн сатып алудан бас тартқан реттерде несие берушi борышкердің ортақ меншiк құқығындағы үлесiн жария саудаға салу жолымен осы үлестен сот арқылы ақы өндiрiп алуға талап етуге құқылы.

3

6-тармақтың бірінші бөлігі

6. Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және оны бекіту мүліктің атауын, қажетті санын, сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы не болмаса оны алмастырушы тұлға қол қойған мүлікті беру қажеттілігі туралы тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысының электронды (сканерленген) көшірмесін қоса бере отырып, мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып тізілімнің веб-порталында тіркелетін мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.

6. Мүлікті мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру және оны бекіту мүліктің атауын, қажетті санын, сондай-ақ жауапты хатшының, ал мұндай лауазым болмаған жағдайда тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы не болмаса оны алмастырушы тұлға қол қойған мүлікті беру қажеттілігі туралы тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) қорытындысының электронды (сканерленген) көшірмесін қоса бере отырып, мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып тізілімнің веб-порталында тіркелетін мемлекеттік заңды тұлғалардың электрондық өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес орталық атқарушы органның, оның ведомстволарының, сондай-ақ аумақтық органдары мен бөлімшелерінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады .

Бұдан басқа, орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдардың ведомстволарында тиісті өкілеттіктерді мемлекеттік органның (жергілікті атқарушы органның) басшысы өзге лауазымды тұлғаға жүктеуі мүмкін, осыған байланысты мүлікті беру қажеттілігі туралы қорытындыны жауапты хатшының, ал мұндай лауазым болмаған жағдайда тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) басшысы не болмаса оны алмастырушы тұлғаның қол қоюын қарастыру ұсынылады.

4

7-тармақтың 7) тармақшасы

7. Мүлікті беру және оны мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне бекіту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

7) қабылдаушы тарап мүлікті қабылдап алу-беру актісіне өтініштерді қарау нәтижелері турады хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қол қояды.

Қабылдаушы тарап мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қоймаған жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті береді және келесі өтініш иелерінің теңгеріміне бекітеді, ал ондайлар болмаған жағдайда мүлікті сауда-саттыққа шығарады;

7. Мүлікті беру және оны мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне бекіту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

7) комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті беру туралы шешімді қабылдайды.

Қабылдаушы тарап мүлікті қабылдап алу-беру актісіне уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қол қояды.

Қабылдаушы тарап мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қоймаған жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті береді және келесі өтініш иелерінің теңгеріміне бекітеді, ал ондайлар болмаған жағдайда мүлікті сауда-саттыққа шығарады;

833 Қағиданың 16-тармағына сәйкес мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді (республикалық немесе коммуналдық мүліктің құрамына беру, оның ішінде балалар үйіне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге өтеусіз беру, өткізу немесе жою) уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

5

12 , 13, 14-тармақтар

12. Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (комиссия) сәйкес сауда ұйымы арқылы мүлікті сату үшін беру комиссиялық тапсырма, қабылдап алу-беру актісі және мүлікті сату үшін алынған құннан он бес пайыз мөлшеріндегі комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді растайтын құжат (төлем тапсырмасы немесе банктік кепілдік) негізінде жүзеге асырылады.

Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.

13. Комиссиялық тапсырмада көрсетілген мүлікті өткізуден алынған қаражатты комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап үш ай ішінде сауда ұйымы тиісті бюджет кірісіне аударуы тиіс.

Ақшаны аудару үшін деректемелер мемлекеттік сатып алу туралы шартта (комиссия) көрсетіледі.

14. Егер үш ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.

Қалған мүлікті сатуды сауда ұйымы үш ай ішінде жүзеге асырады, ол аяқталғаннан кейін оны нақты сатқанына қарамастан сауда ұйымы тиісті бюджетке соманы аударады.

Сауда ұйымы сатушыдан қабылдап алу-беру актісі бойынша қабылдаған мүлік қайтарылмайды.

Сауда ұйымының бастамасы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) бұзылған жағдайда комиссиялық тапсырмаларда көрсетілген мүлікті сатуға алынған сома сатушыға төленуі тиіс.

12. Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа (комиссия) сәйкес сауда ұйымы арқылы мүлікті сату үшін беру комиссиялық тапсырма, қабылдап алу-беру актісі және мүлікті сату үшін алынған құннан жиырма бес пайыз мөлшеріндегі комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді растайтын құжат (төлем тапсырмасы немесе банктік кепілдік) негізінде жүзеге асырылады.

Сауда ұйымы төлеген комиссиялық тапсырманың орындалуын ақшалай қамтамасыз ету сатылған мүліктен түскен түсімдер есебіне есептеледі.

Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.

Ақшаларды аудару үшін деректемелер мемлекеттік сатып алулар туралы шартта (комиссияда) көрсетіледі.

13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап үш ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджет кірісіне аударады.

14. Егер үш ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.

алынып тасталсын

Сауда ұйымы сатушыдан қабылдап алу-беру актісі бойынша қабылдаған мүлік қайтарылмайды.

Сауда ұйымының бастамасы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия) бұзылған жағдайда комиссиялық тапсырмаларда көрсетілген мүлікті сатуға алынған сома сатушыға төленуі тиіс.

Мемлекеттік сатып алулар туралы шарт шеңберінде сауда ұйымдары қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында

Сауда ұйымдары арқылы мүлікті сату рәсімдерін ретке келтіру мақсатында.

8

19-тармақтың екінші бөлігінің

3) тармақшасы

21. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:

1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;

2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

21. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:

1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;

2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларының 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген құжаттардың электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.

Жекелеген негіздер бойынша мүлік меншігіне айналдырылған мүлік есебі және сату бойынша деректер қорына енгізілетін мүлік санын нақтылау мақсатында.

Сондай-ақ, өлшем бірлігі ретінде «орынды» көрсететін объектілерді тіркеуді болдырмау мақсатында (мысалы, 73 орын мөлшеріндегі немесе 1852 кг. ыдыс және тапшандар. Алматы облысында, Алматы қ. ММЖК, ММЖК-нің Жетісу филиалы).

9

21-тармақ

3) жоқ ;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларының 6-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген құжаттар;

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүлік есебі мен сату бойынша деректер қорына есепке алынуы тиіс мүлікті енгізу үшін негіз

10

26 -тармақ

26. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

26. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.

Кепілдік жарна сомасы сату бағасынан асқан жағдайда сатушы жазбаша өтініш берген күннен бастап кемінде үш жұмыс күнінен кешіктірмей жеңімпазға айырмасы қайтарылады.

Кепілдік жарна көлемі асқан жағдайда жеңімпазға кепілдік жарна мен сату бағасы арасындағы айырманы қайтаруды ретке келтіру үшін.

11

35-тармақтың алтыншы бөлігі

Егер мүлік екінші сауда-саттықта өткізілмеген болса, сауда ұйымдарының қызметтерін жеткізушілер болған жағдайда сауда ұйымына сатуға беріледі.

Егер мүлік екінші сауда-саттықта өткізілмеген болса, сауда ұйымдарының қызметтерін жеткізушілер болған жағдайда алғашқы бағадан елу пайыз мөлшеріндегі баға бойынша сауда ұйымына сатуға беріледі.

Нақтылаушы редакция

12

45-тармақ

45. Сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып сатушы мен жеңімпаз қол қояды. Шартта сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға шартты жасасу негіздемесі ретінде сілтеме көрсетіледі.

Сатып алу-сату шартын сатушы қалыптастырады және сауда-саттық өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей жеңімпазға келісуге жібереді.

Сатушының шартты қалыптастыру және оны жеңімпазға келісуге жіберу мерзімдерін ретке келтіру, сондай-ақ сатушының жеңімпазға келісуге және қол қоюға уақтылы жібермеуі сот талқылауы үшін себеп болып табылатын тәуекелдерді болдырмау мақсатында.

13

54 -тармақ

54. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушы тиісінше хабарламадан кейін шартты бiр жақты тәртiппен бұзады.

54. Аванстық немесе түпкiлiктi төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда сатушы тиісінше хабарламадан кейін шартты бiр жақты тәртiппен бұзады. Бұл ретте сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы мүлік сауда-саттыққа қайта шығарылады.

Нәтижелердің күшін жою және жаңа сауда-саттықты өткізу рәсімдерін ретке келтіру мақсатында, өйткені, шарттың ережелерін тиісінше орындамағаны үшін сатушы шартты біртарапты тәртіпте бұзады.

14

55 -тармақ

55. Мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы қағаздарды қоспағанда, сатып алушыға мүлікті беру сатып алу-сату шарты бойынша сату бағасын сатып алушы толық төлегеннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі бойынша жүргізіледі.

Қабылдап алу-беру актісі мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада (еркін нысанда) жасалады, қол қойылғаннан кейін сатушы екі жұмыс күні ішінде тізілімге енгізеді, оның біреуі сатушыда сақталады, ал екіншісі сатып алушыға беріледі.

Жеңімпаз белгіленген мерзімде қабылдап алу-беру актісіне қол қоймаған жағдайда сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы мүлік сауда-саттыққа қайта шығарылады.

Нәтижелердің күшін жою және жаңа сауда-саттықты өткізу рәсімдерін ретке келтіру мақсатында, өйткені, шарттың ережелерін тиісінше орындамағаны үшін сатушы шартты біртарапты тәртіпте бұзады.

Қазақстан Республикасының
Қаржы Вице-министрі Б. Шолпанқұлов
« » 2017 жыл