• Менің таңдаулыларым
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 4

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 ақпанда № 14764 болып тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2025 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (15.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 24.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-5, 5-6-баптарына - баптарына «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 2-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2025 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (15.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2025 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (15.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидалары;
2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2017 жылғы 3 ақпан
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы «31» қаңтарда
№ 34 бұйрығымен
бекітілген
  • 1
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидалары
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2025 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (15.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-5 және 5-6-баптарына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 2-1) тармақшаларына сәйкес әзірленді және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2025 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (15.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы өтеу үшін субсидиялар беру көзделеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 08.10.2018 жылғы № 695 Бұйрығына сәйкес (31.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а 15.10.2020 жылғы № 535 Бұйрығына сәйкес (25.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 04.03.2025 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (15.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпаратты тасымалдаудың қаржылық автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – АТҚАЖ) – жөнелтілетін құжаттамаға санкцияланбаған қолжетімділіктен қажетті қорғауы бар арнайы байланыс арнасы;
2) банктік қарыз шарты – екінші деңгейдегі банк пен қарыз алушының арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызы беріледі;
3) бастапқы тұрғын үй – құрылыс салушыдан (тапсырыс берушіден) немесе құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) тұрғын үйін өткізетін басқа заңды тұлғалардан сатып алған кезде меншік құқығы бірінші рет тіркелетін жылжымайтын мүлік объектісі (салынған объектідегі пәтер, жеке тұрғын үй);
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес (31.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4) екінші деңгейдегі банктер – банктік және өзге де операцияларды, оның ішінде банктік қарыз операцияларын жүргізуге тиісті лицензиясы бар, жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы және Бағдарламаға қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының банктері (бұдан әрі – ЕДБ);
5) жеке тұрғын үй – жер учаскесі және жүргізілген инженерлік инфрақұрылымы бар жеке тұрғын үй;
6) ипотекалық тұрғын үй қарызы – сатып алынатын жылжымайтын тұрғын үй мүлкі ипотекасымен қамтамасыз етілген бастапқы тұрғын үйді сатып алу мақсатында берілетін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің ипотекалық қарызы, алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары;
7) қаржы агенті - Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а 15.10.2020 жылғы № 535 Бұйрығына сәйкес (25.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
8) қарыз алушы – субсидияланатын ипотекалық тұрғын үй қарызы қаражаты есебінен бастапқы тұрғын үйді сатып алушы жеке тұлға;
9) субсидия – қарыз алушыларға ЕДБ берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін қаржы агенті арқылы өтеусіз және қайтарымсыз негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат;
10) субсидиялау – ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы ретінде қарыз алушы ЕДБ-ге төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын қарыз алушыны қолдау нысаны;
11) субсидиялау шарты – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) бекіткен нысан бойынша қаржы агенті, ЕДБ және қарыз алушы арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенті ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін субсидияларды мерзімді төлеуді жүзеге асырады;
12) төлемдер кестесі – банктік қарыз шартының ажырамас бөлігі болып табылатын негізгі борышты, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы сомасын өтеу кестесі;
13) уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық мемлекеттік орган.
2-тарау. Субсидиялау шарттары
4. Осы Қағидаларға сәйкес келетін шарттарда бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін банктік қарыз шартының негізінде ЕДБ берген ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қарыз алушылар субсидия алушы болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 08.10.2018 жылғы № 695 Бұйрығына сәйкес (31.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а 15.10.2020 жылғы № 535 Бұйрығына сәйкес (25.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
5. Тұтынушылық мақсат, қарызды қайта қаржыландыру, тұрғын емес жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алу үшін ЕДБ берген ипотекалық қарыздар субсидиялауға жатпайды.
6. Субсидиялау жылдық 16 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша ЕДБ беретін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ғана жүзеге асырылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес (31.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Субсидия тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінен жылдық 6 %-ға дейін, Бағдарламаның «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» деген кіші бөліміне сәйкес пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үй сатып алған кезде тұрғын үй ипотекалық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінен жылдық 7 %-ға дейін қайтарылады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес (31.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-1. Субсидиялар қаржы агенті арқылы жіберіледі,оның көрсеткен қызметіне ақы тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Осы Қағидалар 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а 15.10.2020 жылғы № 535 Бұйрығына сәйкес (25.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.11.2020 жылдан бастап)
Түпкілікті қарыз алушыларға аударылатын субсидиялардан жеке табыс салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын ескере отырып, тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
8. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қарыз алушы төлейді.
9. Субсидияланғаннан кейін қарыз алушы үшін сыйақының түпкілікті мөлшерлемесі ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша жылдық 10 %-дан аспайды, Бағдарламаның «Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» деген кіші бөліміне сәйкес пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үй сатып алған кезде ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5 %-дан кем емес болады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес (31.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақыны есептеген кезде жылына 360 (үш жүз алпыс) күнге және айына 30 (отыз) күнге тең уақыт базалары пайдаланылады.
11. Сыйақының жалпы сомасын, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақыны есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады (есептеу нәтижесі жүздікке дейін дөңгелектенеді):
 
сыйақының жалпы сомасы:
мұндағы:
L – сыйақының жалпы сомасы;
S – қарыз бойынша негізгі борыштың қалдығы;