• Мое избранное
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Связанные
  • Редакции абзаца

Отправить по почте

«Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы наурыздағы № 128 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ереженің 12-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттары» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары 3.02-01-2017;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бірпәтерлік тұрғынүйлер мен олардың инженерлік жүйелерін жобалау» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары 3.02-02-2017;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үй» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары 3.02-03-2017;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қонақ үйлерді жобалау» Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары 3.02-06-2017 бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің техникалық реттеу және нормалау басқармасы:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін баспасөз басылымдарында ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
Төраға М. Жайымбетов