• Мое избранное
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2018 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 15 ақпанда № 14804 болып тіркелді

Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 жылғы № 139 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының қаржы секторының шолуын жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он бес күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
 «КЕЛІСІЛДІ»
 Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрлігінің
 Статистика комитетінің төрағасы
 ________________ Н. Айдапкелов
 2017 жылғы 13 қаңтар
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2016 жылғы 26 желтоқсандағы
 № 316 қаулысымен
 бекітілді
Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну тәртібін нақтылайды.
2. Мәліметтер Нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде жасалады.
3. Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар - халықаралық капитал нарықтарында қаражат тарту мақсатында қазақстандық компаниялар шет елдерде құратын еншілес ұйымдар;
2) институционалдық бірліктер - активтерге иелік ететін, өздеріне міндеттемелер қабылдайтын, шаруашылық қызметпен және басқа институционалдық бірліктермен операциялармен айналысатын шаруашылық бірліктер;
3) халықаралық банкаралық үзіліссіз байланысқан есеп айырысулар жүйесі (бұдан әрі - CLS халықаралық банкаралық жүйесі) - валюталық операциялар бойынша есеп айырысуға маманданатын төлем жүйесі, оның көмегімен ірі әлем банктері халықаралық валюта нарығында нақты уақыт режимінде сауда жасайды және ол валюталық операциялар бойынша есеп айырысулар кезінде кредиттік тәуекелді болдырмауға мүмкіндік береді;
4) экономика секторы – айналысатын негізгі қызмет түрі бірдей институционалдық бірліктерді біріктіретін экономиканың негізгі бөлімшесі.
4. «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым» деген ұғым «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәнінде пайдаланылады.
5. «Резидент» және «резидент емес» деген ұғымдар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндерінде пайдаланылады.
2-тарау. Мәліметтерді жасау тәртібі
6. Нұсқаулықта мынадай экономика секторлары мен олардың кодификациясы пайдаланылады:
1) мемлекеттік басқару органдары секторы:
«1» Орталық Үкімет;
«2» өңірлік және жергілікті басқару органдары;
2) қаржы ұйымдары секторы:
«3» Орталық (ұлттық) банктер;
«4» басқа депозиттік ұйымдар;
«5» басқа қаржы ұйымдары;
3) қаржылық емес ұйымдар секторы:
«6» мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;
«7» мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;
4) үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар секторы:
«8» үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар;
5) үй шаруашылықтары секторы:
«9» үй шаруашылықтары.
7. Әрбір жеке институционалдық бірлік өзінің негізгі қызметінің түріне сәйкес экономиканың тұтастай бір секторына жатады. Институционалдық бірліктерді жіктеу қағидаты олар жүзеге асыратын негізгі қызмет түріне сәйкес оларды экономика секторлары бойынша бөлу болып табылады.
Әрбір сектордың оны басқа секторлардан өзгеше ететін экономикалық сипаттары болады.
8. Мемлекеттік басқару органдары секторына ел аумағында орналасқан басқа институционалдық бірліктерге қолданылатын заң шығарушылық, сот немесе атқарушылық билігі бар институционалдық бірліктер кіреді. Мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары мыналар: тұтастай қоғамды және жеке үй шаруашылықтарын тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ету жауапкершілігі; бұл үшін қажетті қаржы қаражатын салық салу арқылы немесе басқа кірістер есебінен жұмылдыру; трансферттер арқылы кірістерді мен байлықты қайта бөлу және нарықтық емес өндірісті жүзеге асыру болып табылады. Бұл секторға Орталық Үкімет (код «1»), өңірлік және жергілікті басқару органдары (код «2») кіреді.
«1» кодына республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын министрліктер, ведомстволар және агенттіктер, ғылыми-зерттеу институттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенттері – институционалдық бірліктер, мемлекеттік басқару органдардың бақылауындағы және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын қорлар, сондай-ақ мемлекеттік органдарға тән функцияларды орындайтын, мемлекеттің бақылауындағы және нарықтық өндіріспен айналыспайтын басқа ұйымдар жатады.
«2» кодына өңірлік (жергілікті) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын, облыс, қала және аудан деңгейінде басқару функцияларын жүзеге асыратын институционалдық бірліктер жатады.
9. Қаржы ұйымдары секторына негізгі функциялары қаржылық делдалдық немесе қаржылық делдалдыққа тығыз байланысты қосалқы қаржы қызметі болып табылатын институционалдық бірліктер кіреді. Бұл секторға Орталық (ұлттық) банктер ( «3» коды), басқа да депозиттік ұйымдар («4» коды), басқа қаржы ұйымдары («5» коды) кіреді.
«3» кодына қаржы жүйесінің негізгі аспектілерін бақылауды жүзеге асыратын институционалдық бірліктер кіреді, олардың негізгі қызмет түрлері ұлттық валюталардың эмиссиясы, халықаралық резервтерді басқару, Халықаралық валюта қорымен және басқа да халықаралық қаржы ұйымдарымен операцияларды жүзеге асыру, басқа депозиттік корпорацияларға кредит беру болып табылады.
«4» кодына негiзгi қызмет түрi қаржылық делдалдық болып табылатын және мiндеттемелерiнің депозиттердiң немесе сол сияқтылардың (ауқымды ақшаның ұлттық сипаттауына кiретiн депозиттердiң жақын алмастырушылары) нысаны бар институционалдық бiрлiктер кіреді. Осы топқа банктер, оның ішінде исламдық қаржыландыруды жүзеге асыратын банктер жатады.
«5» кодына әртүрлi делдалдық не қосалқы қаржылық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын немесе қызметi қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты болатын, бiрақ өздерi делдалдардың қызметiн атқармайтын осы сектордың қалған барлық институционалдық бiрлiктері жатады. Осы топқа кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, ломбардтар, айырбастау пункттері, ипотекалық компаниялар, брокерлік және дилерлік компаниялар, арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар, инвестициялық қорлар, қаржылық лизинг компаниялары, факторинг компаниялары, сондай-ақ валюталық және қор биржалары, сақтандыру брокерлері, кепілдік беру қорлары және басқа да қаржы ұйымдары сияқты көптеген әртүрлі қаржы ұйымдары жатады.
10. Қаржылық емес ұйымдар секторына негiзгi қызмет түрi көбiнесе нарық тауарларының және қаржылық емес қызметтiң өндiрiсi болып табылатын институционалдық бiрлiктер кіреді. Осы секторға мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар («6» коды) және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар («7» коды) жатады.
«6» кодына көбінесе нарықтық өндіріспен айналысатын және мемлекеттік басқару органдарының бақылауындағы институционалдық бiрлiктер кіреді.
Мемлекеттік басқару органдарының бақылауы:
дауыс беретін акциялардың бақылау пакетін сатып алу немесе акционерлер дауыстарының жартысынан көбін бақылаудың өзге нысандарын белгілеу арқылы;
мемлекеттік басқару органдарына корпорацияның саясатын айқындау немесе оның директорларын тағайындау құқығын беретін арнайы заңнаманы, жарлықты немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдау нәтижесінде жүзеге асырылады.
Осы шағын топқа мемлекеттік басқару органдары бақылайтын және қаржыландыратын коммерциялық емес ұйымдар кірмейді, себебі олар мемлекеттік басқару органдары секторына жатады.
«7» коды көбінесе нарықтық өндіріспен және (немесе) қаржылық емес нарықтық қызметтермен айналысатын және мемлекеттік басқару органдары бақыламайтын институционалдық бірліктер кіреді.
11. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар («8» коды) тауарларды немесе қызметтерді өндіретін, бірақ осындай ұйымдарды бақылайтын институционалдық бірліктерге кіріс немесе өзге қаржылық игіліктерді әкелмейтін институционалдық бірліктерді қамтиды және оған мынадай:
1) тұлғалар қауымдастықтары осы қауымдастардың мүшелерін тауарлармен немесе қызметтермен қамтамасыз ету үшін құрылатын институционалдық бірліктер. Осындай қызметтер әдетте тегін көрсетіледі немесе жүйелі мүшелік жарналар есебінен қаржыландырылады. Оларға саяси партиялар, кәсіподақтар, діни бірлестіктері, қоғамдық, мәдени, ойын-сауық және спорт клубтары және басқалар жатады;
2) негізгі қызметінің түрі қайырымдылық көмек көрсету болып табылатын институционалдық бірліктер кіреді. Оларға қоғам мүшелерінің мүдделеріне қызмет көрсету үшін қайырымдылық мақсаттарда құрылатын қайырымдылық ұйымдары мен зардап шеккен немесе мұқтаж адамдарға көмек көрсету жөніндегі агенттіктер жатады. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін осындай коммерциялық емес ұйымдар мұқтаж үй шаруашылықтарына нарықтық емес негізде тауарлар ұсынумен немесе қызмет көрсетумен айналысады. Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін осындай коммерциялық емес ұйымдардың қаражаты жұртшылықтан, мемлекеттік басқару органдарынан ақшалай немесе заттай нысанда келіп түсетін қайырмалдықтардың және резидент еместерден түсетін трансферттердің есебінен қалыптасады.
12. Үй шаруашылықтары секторы («9» коды) жеке тұлғалардан, сондай-ақ бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкiн бiрiктiретiн (толық немесе iшiнара) және тауарлар мен қызметтердің белгiлi бір түрлерін (тұрғын үйді, тамақ өнiмдерiн және басқаларды) бiрлесiп тұтынатын жеке тұлғалардың шағын топтарынан (отбасылардан) құралған институционалдық бiрлiктерден тұрады. Бұл топқа, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатқызылады.
13. Халықаралық ұйымдар мүше мемлекеттердің арасындағы саяси келісімнің негізінде құрылады. Осындай келісімнің халықаралық шарт мәртебесі болады. Халықаралық ұйымдарды құру мақсаты осы ұйымдар мүшелерінің бірлесіп тұтыну үшін нарықтық емес қызметтер көрсету және (немесе) қаржылық делдалдықты жүзеге асыру не әртүрлі елдердің кредиторлары мен қарыз алушыларының арасында қаржылық ресурстарды қайта бөлу болып табылады. Халықаралық ұйымдарға белгілі басымдықтар мен жеңілдіктер беріледі. Осындай ұйымдарға олар аумағында орналасқан елдің заңнамасы қолданылмайды. Осындай ұйымдар олар аумағында орналасқан елді немесе олардың қызметі таралатын елді қоса алғанда қандай да бір елдің резиденті болып саналмайды.
Қаржылық қызметпен айналысатын халықаралық ұйымдар «Орталық (ұлттық) банктер» экономика секторында есепке алынады. Барлық басқа халықаралық ұйымдар «Орталық Үкімет» экономика секторында есепке алынады.
14. Қаржы секторының шолуын жасауға арналған көрсеткіштер бойынша мәліметтер Нұсқаулыққа 1-қосымшада (бұдан әрі – Нұсқаулыққа 1-қосымша) белгіленген нысан бойынша жасалады.
Шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен операциялар бойынша мәліметтер Нұсқаулыққа 2-қосымшада (бұдан әрі – Нұсқаулыққа 2-қосымша) белгіленген нысан бойынша жасалады.
15. Нұсқаулыққа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген көрсеткіштерді кодтау үшін мынадай валюта түрлері пайдаланылады:
1) Қазақстан теңгесі – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (бұдан әрі – теңге) – «1» коды;
2) еркін айырбасталатын валюта (бұдан әрі - ЕАВ) – «2» коды.
ЕАВ тобына CLS халықаралық банкаралық жүйесінде есеп айырысуларға қабылданған және осы валютадағы төлемдер бойынша шектеулер болмайтын шетел валютасының түрлері жатады.
Осы топқа мыналар кіреді:
Австралия доллары (AUD)
АҚШ доллары (USD)
Біріккен Корольдіктің фунт стерлингтері (GBP)
Венгрия форинті (HUF)
Гонконг доллары (HKD)
Дат кронасы (DKK)
Еуро (EUR)
Жаңа Зеландия доллары (NZD)
Жаңа Израиль шекелі (ILS)
Жапон йенасы (JPY)
Канада доллары (CAD)
Корей Республикасының вонасы (KRW)
Қытай юані (CNY)
Мексика песосы (MXN)
Норвегия кронасы (NOK)
Оңтүстік Африка рэнді (ZAR)
Сингапур доллары (SGD)
Швед кронасы (SEK)
Швейцария франкі (CHF);
3) басқа валюта түрлері (бұдан әрі – БВТ) - «3» коды.
БВТ тобына теңгеден және ЕАВ тобына кірмейтін валюталарды қоспағанда, барлық басқа валюталар кіреді.
16. Нұсқаулыққа 1 және 2-қосымшалардағы мәліметтер көрсеткіштер нөмірлері бойынша ұсынылады, осыдан кейін олар резиденттіктің, экономика секторының және валюта түрлерінің белгілері бойынша нақтыланады.
Нұсқаулыққа 1 және 2-қосымшалардағы көрсеткіштер кодтарының құрылымы АААА Х У Z (бұдан әрі - код) цифрлық символдар жүйесін білдіреді, мұнда:
АААА – көрсеткіш нөмірі;
X - резиденттік белгісі («1» - Қазақстан Республикасының резиденті, «2» - Қазақстан Республикасының резиденті емес);
Y – экономика секторының белгісі (экономика секторларының сипаттамасы Нұсқаулықтың 8 – 13-тармақтарында көрсетілген);
Z – валюта түрінің белгісі («1» - теңге, «2» - ЕАВ, «3» - БВТ).
17. X, Y және Z символдарында мәліметтердің нөлдік белгісі осы позиция бойынша нақтылаудың жоқ екенін білдіреді.
18. X және Y символдары бойынша активтерді нақтылау дебитордың (эмитенттің) резиденттігі және экономика секторы бойынша, осы позициялар бойынша міндеттемелерді нақтылау кредитордың резиденттігі мен экономика секторы бойынша жүргізіледі.
19. Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларында мерзімдер бойынша активтер мен міндеттемелердің мынадай жіктелімі қабылданады:
1) қысқамерзімді – қоса алғанда бір жылға дейін;
2) ұзақмерзімді – бір жылдан асатын.
3-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
20. Нұсқаулыққа 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша мәліметтер күн сайынғы және ай сайынғы негізде ұсынылады:
1) он филиалға дейін бар екінші деңгейдегі банктер:
күн сайынғы мәліметтерді – есепті күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бір мезгілде берілетін айдың бастапқы есепті күндері үшін мәліметтерді қоспағанда);
ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) он және одан көп филиалы бар екінші деңгейдегі банктер:
күн сайынғы мәліметтерді – есепті күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бір мезгілде берілетін айдың бастапқы есепті күндері үшін мәліметтерді қоспағанда);
ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) Қазақстанның Даму Банкі ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) ипотекалық ұйымдар ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
21. Нұсқаулыққа 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша мәліметтер ай сайын ұсынылады:
1) он филиалға дейін бар екінші деңгейдегі банктер:
ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) он және одан көп филиалы бар екінші деңгейдегі банктер:
ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) Қазақстанның Даму Банкі ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) ипотекалық ұйымдар ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
22. Мәліметтер теңгемен жасалады.
23. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және ипотекалық ұйымдар Ұлттық Банкке мәліметтерді электрондық форматта ұсынады.
Екінші деңгейдегі банктердің,
 Қазақстанның Даму Банкінің
 және ипотекалық ұйымдардың
 Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкіне қаржы
 секторына шолуды қалыптастыруға
 арналған мәліметтерді ұсынуы
 жөніндегі нұсқаулыққа
 1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қаржы секторының шолуын жасауға арналған көрсеткіштер бойынша мәліметтер
 Есепті кезең: 20__ жылғы «___» «_________________»
Индекс: 700-Н (Д)
Мерзімділігі: күн сайын, ай сайын
Ұсынатындар: екінші деңгейдегі банктер, ипотекалық ұйымдар, Қазақстанның Даму Банкі
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімдері:
1) он филиалға дейін бар екінші деңгейдегі банктер:
күн сайынғы мәліметтерді – есепті күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бір мезгілде берілетін айдың бастапқы есепті күндері үшін мәліметтерді қоспағанда);
ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) он және одан көп филиалы бар екінші деңгейдегі банктер:
күн сайынғы мәліметтерді – есепті күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы мәліметтермен бір мезгілде берілетін айдың бастапқы есепті күндері үшін мәліметтерді қоспағанда);
ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) Қазақстанның Даму Банкі ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) ипотекалық ұйымдар ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Нысан
 ______________________________________________________________
 (банктің және ипотекалық ұйымның толық атауы)
 _______________ жағдай бойынша
 (мың теңге)
Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам
 ___________________________________________________________ ____________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам
 ___________________________________________________________ ____________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
 Орындаушы _________________________________________________ ____________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
 Телефон:_________________________
 Есепке қол қойылған күн 20___жылғы «___»__________
Мөр орны (бар болса)
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген
Қаржы секторының шолуын жасауға
 арналған көрсеткіштер бойынша
 мәліметтер нысанына
 қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
 Қаржы секторының шолуын жасауға арналған көрсеткіштер бойынша мәліметтер
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Қаржы секторының шолуын жасауға арналған көрсеткіштер бойынша мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер күн сайын және ай сайын, Қазақстанның Даму Банкі және ипотекалық ұйымдар – ай сайын жасайды. Нысан есепті кезең соңындағы жағдай бойынша жасалады. Нысандағы сома мың теңгемен көрсетіледі. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан көп сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша Түсіндірме
5. Нысанда мынадай баланстық тепе-теңдік сақталады:
Активтер сомасы (1 000 коды) = Міндеттемелер сомасы (2 000 коды) + Меншікті капитал сомасы (3 000 коды).
6. 1405, 1406, 1425, 1752, 1864 көрсеткіштер нөмірлері бойынша вексель берушінің экономика секторы қойылады.
7. 1401, 1411, 1417, 1420, 1421, 1424, 1740, 1741 көрсеткіштер нөмірлері бойынша «1», «5», «6» экономика секторлары бойынша «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар мен қаржы лизингі» 1320 тобы көрсеткіштерінің және 1733, 1734 көрсеткіштер нөмірлерінің анықтамасына сәйкес келмейтін басқа ұйымдар бойынша мәліметтер көрсетіледі.
8. 1201, 1202, 1205, 1206, 1208, 1209, 1451, 1452, 1453, 1454, 1456, 1457, 1459, 1481, 1482, 1483, 1485, 1486, 1491, 1492, 1494, 1495, 1744, 1745, 1746, 1750, 1757 көрсеткіштер нөмірлері бойынша эмитенттің резиденттігі мен экономика секторы көрсетіледі.
9. 2301, 2303, 2306, 2401, 2402, 2405, 2406 көрсеткіштер нөмірлері бойынша бағалы қағазды ұстаушының резиденттігі мен экономика секторын дұрыс анықтауға мүмкіндік болмаса номиналды ұстаушының (сенімгерлік меншік иесінің) резиденттігі мен экономика секторы көрсетіледі.
10. Егер екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың салымдарын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға не «Қазпочта» акционерлік қоғамына орналастыру операциясы орын алса, бұл операция «Басқа банктерге орналастырылған салымдар» 1250 тобының шоттарында тиісті экономика секторын көрсете отырып, көрсетіледі.
11. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықпен ұсынылады.
Екінші деңгейдегі банктердің,
Қазақстанның Даму Банкінің
және ипотекалық ұйымдардың
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкіне қаржы
секторына шолуды қалыптастыруға
арналған мәліметтерді ұсынуы
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен операциялар бойынша мәліметтер
 Есепті кезең: 20__ жылғы «___» «_________________» жағдай бойынша
Индекс: 700 (ДФ)
Мерзімділігі: ай сайын
Ұсынатындар: екінші деңгейдегі банктер, ипотекалық ұйымдар, Қазақстанның Даму Банкі
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімдері:
1) он филиалға дейін бар екінші деңгейдегі банктер:
ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) он және одан көп филиалы бар екінші деңгейдегі банктер:
ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) Қазақстанның Даму Банкі ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдың соңғы күнінен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) ипотекалық ұйымдар ай сайынғы мәліметтерді – есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Нысан
 ______________________________________________________________
 (банктің және ипотекалық ұйымның толық атауы)
 _______________ жағдай бойынша
 (мың.теңге)

Кодтар

Көрсеткіштер атауы

Сома

1401

Клиенттерге берілген овердрафт заемдары


 

1403

Клиенттердің кредит карточкалары бойынша шоттар


 

1405

Клиенттердің есепке алынған вексельдері


 

1406

Клиенттердің есепке алынған вексельдері бойынша бұрынғы вексель ұстаушылар есептеген сыйақы


 

1407

Клиенттерге факторинг


 

1409

Клиенттердің факторинг бойынша мерзімі өткен берешегі


 

1411

Клиенттерге берілген қысқа мерзімді заемдар


 

1417

Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді заемдар


 

1420

Клиенттерге берілетін қаржы лизингі


 

1421

Клиенттердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі


 

1422

Клиенттерге форфейтинг


 

1423

Клиенттердің форфейтинг бойынша мерзімі өткен берешегі


 

1424

Клиенттердің заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі


 

1425

Клиенттердің наразылық білдірілген вексельдері


 

1426

Клиентке сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша қойылатын талаптар


 

1427

Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек


 

1428

Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)


 

1429

Клиенттерге берілген басқа да заемдар


 

1434

Клиенттерге берілген заемдар бойынша дисконт


 

1435

Клиенттерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы


 

1445

Сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер


 

1461

Бағалы қағаздармен кері репо операциялары


 

1462

Бағалы қағаздармен кері репо операциялары бойынша мерзімі өткен берешек


 

1491

«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар


 

1492

«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша дисконт


 

1493

«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша сыйлықақы


 

1494

«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша мерзімі өткен берешек


 

1552

Клиенттермен есеп айырысулар


 

1740

Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер


 

1741

Клиенттерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы


 

1748

Бағалы қағаздармен кері репо операциялары бойынша есептелген кірістер


 

1749

Басқа да мерзімі өткен сыйақы


 

1753

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген кірістер


 

1755

Сенімгерлік басқаруға берілген қаржылық активтер бойынша есептелген кірістер


 

1756

Басқа да операциялар бойынша есептелген кірістер


 

1757

«Заемдар және дебиторлық берешек» санатындағы басқа да борыштық құралдар бойынша есептелген кірістер


 

1772

Жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек


 

1792

Алынған заемдар мен салымдар бойынша сыйақыны алдын ала төлеу


 

1799

Басқа да алдын ала төлемдер


 

1853

Акционерлермен есеп айырысулар (дивидендтер бойынша)


 

2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары


 

2210

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер


 

2211

Заңды тұлғалардың талап етілмелі салымдары


 

2212

Клиенттердің тазартылған қымбат металдағы металл шоттары


 

2215

Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары


 

2216

Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы мерзімді салымдары


 

2217

Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары


 

2219

Заңды тұлғалардың шартты салымдары


 

2221

Заңды тұлғалардың карт-шоттары


 

2223

Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым


 

2224

Клиенттердің талап етілмелі салымдары бойынша мерзімі өткен берешек


 

2225

Клиенттермен жасалған басқа да операциялар бойынша мерзімі өткен берешек


 

2226

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша мерзімі өткен берешек


 

2227

Алынған қаржы лизингі


 

2228

Мерзімінде орындалмаған нұсқаулар


 

2230

Алынған қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек


 

2232

Клиенттердің шартты салымдары бойынша мерзімі өткен берешек


 

2237

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жөнелтушінің нұсқауларын сақтау шоты


 

2238

Клиенттерден тартылған салымдар бойынша сыйлықақы


 

2239

Клиенттерден тартылған салымдар бойынша дисконт


 

2240

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты


 

2255

Бағалы қағаздармен репо операциялары


 

2451

Мерзімсіз қаржы құралдары


 

2552

Клиенттермен есеп айырысулар


 

2707

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыстар


 

2717

Клиенттердің тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар


 

2718

Клиенттердің ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар


 

2719

Клиенттердің шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар


 

2720

Клиенттердің талап етілмелі салымдары бойынша есептелген шығыстар


 

2721

Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар


 

2723

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар


 

2725

Бағалы қағаздармен репо операциялары бойынша есептелген шығыстар


 

2726

Клиенттердің карт-шоттары бойынша есептелген шығыстар


 

2731

Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар


 

2741

Алынған заемдар мен қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы


 

2742

Талап етілмелі салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы


 

2743

Мерзімді салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы


 

2745

Алынған қаржы лизингі бойынша есептелген шығыстар


 

2746

Шартты салымдар бойынша мерзімі өткен сыйақы


 

2747

Басқа банктердің және клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзімі өткен сыйақы


 

2748

Ағымдағы шоттар бойынша мерзімі өткен сыйақы


 

2749

Басқа да мерзімі өткен сыйақы


 

2755

Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржылық активтер бойынша есептелген шығыстар


 

2757

Мерзімсіз қаржы құралдары бойынша есептелген шығыстар


 

Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам
 ___________________________________________________________ ____________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам
 ___________________________________________________________ ____________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
 Орындаушы _________________________________________________ ____________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
 Телефон:_________________________
 Есепке қол қойылған күн 20___жылғы «___»__________
Мөр орны (бар болса)
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген
Шетелдік компаниялардың
 филиалдарымен және өкілдіктерімен
 операциялар бойынша мәліметтер нысанына
 қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
 Шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен операциялар бойынша мәліметтер
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен операциялар бойынша мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі және ипотекалық ұйымдар ай сайын жасайды. Нысан есепті кезең соңындағы жағдай бойынша жасалады. Нысанда сома мың теңгемен көрсетіледі. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан көп сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша Түсіндірме
5. Нысанда Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және резидент еместерге жататын шетелдік компаниялардың филиалдарымен және өкілдіктерімен жасалған операциялар бойынша ғана мәліметтер ұсынылады.
Мәліметтер мынадай экономика секторлары бойынша нақтылаумен ұсынылады:
1) басқа қаржы ұйымдары – «5» коды;
2) мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – «6» коды;
3) мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – «7» коды;
4) үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар - «8» коды.
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік компаниялар филиалдарының және өкілдіктерінің секторлары олардың бас компанияларының экономика секторларына сәйкес келеді.
6. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан ұсынылмайды.
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2016 жылғы 26 желтоқсандағы
 № 316 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6772 тіркелген).
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 280 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7961 тіркелген, 2013 жылғы 13 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 66 (28005) жарияланған).
3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 148 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8607 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 24 қыркүйекте № 143 (2344) жарияланған).
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторының шолуын қалыптастыру үшін мәліметтерді ұсыну жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 105 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 73 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11161 тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).