ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 446 Жарлығы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 446 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуір № 378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережесінің 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй.».
2. «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында:
мына:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі»;
мына:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі,
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі»;
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары» деген жол алып тасталсын.
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына:
Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы |
- |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
енгізілсін;
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан: Е.Ә. Ыдырысов, Б.А. Майлыбаев шығарылсын.
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (26.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
6. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының екі орынбасары,» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары,» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Н.Н. Малярчук шығарылсын.
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 26.11.2022 жылғы № 5 Жарлығымен (03.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)
8. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамына:
Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы |
- |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, |
Әбдіқадыров Еліс Нұрқасымұлы |
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы (келісім бойынша), |
Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы |
- |
Қазақстан Республикасындағы «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы (келісім бойынша), |
Соловьева Айгүл Сағадибекқызы |
- |
жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі «Аймақ» қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша) |
енгізілсін;
мына:
«Дүйсенова Тамара Босымбекқызы |
- |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Дүйсенова Тамара Босымбекқызы |
- |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі»; |
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан: Е.Ә. Ыдырысов, Ж.Ж. Құсманғалиева, А.Ж. Рахметулин шығарылсын.
9. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 421-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереженің 8-тармағында және Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі,» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі,» деген сөздер алып тасталсын.
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
11-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығымен (16.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)
12. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі» деген жолдың алдында мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі»;
мына:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |
- төрағаның орынбасары, |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры |
- Комиссия хатшысы» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
- төрағаның орынбасары, |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры |
- Комиссия хатшысы»; |
13. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 18.09.2019 жылғы № 163 Жарлығына сәйкес (09.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
14. ҚБПҮ.
15. «Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Мемлекеттік рәміздер және ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі,» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі,
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі»;
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға орынбасары» деген жол алып тасталсын.
16. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 442-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидасы мен шарттарында:
«мәдениет саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен берілген «Академиялық» мәртебесі бар;».
17. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 477-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің құрамында:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі».
18. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 659 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 59, 807-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңестің құрамында:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі».
19. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 767 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 124-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітіліген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің жарғысында:
25-тармақтың 8) және 11) тармақшаларында тиісінше «атқарушы директорды,» және «атқарушы директордың,» деген сөздер алып тасталсын.
20. «Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 6-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі»;
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
- |
төрағаның бірінші орынбасары» |
деген жол алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
- |
төрағаның орынбасары» |
деген жол алып тасталсын.
21. «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығына («Егемен Қазақстан» 2015 жылғы 26 желтоқсан, № 247 (28725):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы ереженің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Аппараттың заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 1В-кіреберіс.».
22. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
мына:
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры, атқарушы директоры, директорының орынбасарлары»
деген жолда «атқарушы директоры,» деген сөздер алып тасталсын.
23. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
23-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 16.08.2017 жылғы № 532 Жарлығымен (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
24. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
24-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 09.02.2018 жылғы № 632 Жарлығымен (20.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
25. «Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 39, 230-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:
мына:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві директорының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі директорының орынбасарлары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының атқарушы директоры, директорының орынбасарлары |
- |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві директорының орынбасарлары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі директорының орынбасарлары |
- |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы». |
26. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына енгізілсі:
Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы |
- |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, |
|
Сүлейменов Тимур Мұратұлы |
- |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, |
Тұяқбаев Сапарбек Құрақбайұлы |
- |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы; |
жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан: Қ.У. Бишімбаев, Л.Ж. Жұмағалиева, Е.Ә. Ыдырысов, И.Н. Тасмағамбетов шығарылсын.
27. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына енгізілсін:
Мұқашев Рахмет Желдібайұлы |
- |
«Қазақстанның заңгерлер одағы» Республикалық бірлестігінің төрағасы» (келісім бойынша). |
28. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
28-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.04.2021 жылғы № 544 Жарлығымен (18.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
29. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне («Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 10 желтоқсан № 271 (28210):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның хатшысы, Комиссия хатшысы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі»;
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі»;
«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі» деген жол алып тасталсын.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |