2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 14827 болып тіркелді
Редакция 06.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _____________Т. Сүлейменов 2017 жылғы 26 қаңтар «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі _____________Қ. Бозымбаев 2017 жылғы 19 қаңтар
Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен бекітілген
Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – әдістеме) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және су пайдаланушылардың су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын (бұдан әрі – үлестік норма) әзірлеуі тәртібін айқындайды.
2. Үлестік нормаларды әзірлеу су алуды қысқартуға және сулардың зиянды әсерін төмендетуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы технологияларды игере отырып, суды кешенді және ұтымды пайдалану қағидатын іске асыру мақсатында жүзеге асырылады.
2-бөлім. Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу тәртібі
1-параграф. Үлестік нормаларды есептеудің жалпы ережелер
3. Нормалауға жатады:
1) сумен жабдықтау жүйесін және су сапасын ескере отырып, өнім бірлігін (орындалатын жұмыс көлемін) өндіру үшін қажетті жалпы су көлемін тұтыну, оның ішінде технологиялық және шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына, қосалқы өндіріске арналған қажеттілік;
2) өндірістен бұрылатын сарқынды сулардың, орын алатын ысыраптардың, өтеусіз су тұтыну және басқа тұтынушыларға берілген су мөлшері.
4. Үлестік нормалар берілген сападағы өндірілетін өнім (орындалған жұмыс) бірлігіне арналған текше метрлермен белгіленеді.
5. Өндірілетін өнімнің өлшем бірлігі ретінде сандық көрсеткіштер пайдаланылады.
6. Үлестік нормаларды әзірлеу мынадай бірізді өзара байланысқан іс-қимылдарды көздейді:
1) су тұтыну және сарқынды суларды жіберу талаптары, су шығысын айқындайтын факторлар және факторлардың әрқайсысының норма шамасына әсер ету дәрежесі, өндірісте орын алатын су ысыраптарының себептері қарастырылатын су шығысын, тасымалдаушы желілердегі, су тұтыну нүктелеріндегі су ысыраптарын есепке алуды ұйымдастыруға және су объектілерінен су алу көлемдерін қысқарту мүмкіндігіне жыл сайын талдау (бұдан әрі - талдау) жүргізу;
2) үлестік нормаларды есептеу.
7. Үлестік нормаларды есептеу мынадай бөлімдерден құралады:
1) жеке немесе заңды тұлғаның қызметі туралы жалпы мәліметтер, онда қызметтің бағыты, су пайдалану мақсаты, шығарылатын өнім көлемі, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің сипаттамасы, су өлшеу жүйелерінің немесе құрылғыларының сипаттамасы көрсетіледі;
2) су пайдалануды алғаш рет жүзеге асыруды жоспарлаушы жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, үлестік нормаларды есептеу жылының алдындағы бес жыл ішінде суды пайдалану туралы мәліметтерді, іске асырылған су ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар туралы ақпаратты көрсете отырып, жүргізілген талдау барысында алынған қорытындылар;
3) үлестік нормаларды есептеу алгоритмін қамтитын әдістемелік бөлім;
4) үлестік нормаларды есептеу нәтижелері:
осы әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптің түрлі салалары үшін өнім бірлігіне су тұтынудың үлестік нормалары;
осы әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптің түрлі салалары үшін өнім бірлігіне су бұрудың үлестік нормалары;
осы әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес тұрақты суармалау кезінде су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары;
осы әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес лиманды суару кезінде су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары;
осы әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес жайылымдарды суландыру кезінде малды суару үшін су тұтынудың үлестік нормалары;
5) болашақ бес жылдық кезеңге арналған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың тізбесін қамтитын, су ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі жоспар.
8. Нормаларды әзірлеу үшін теориялық және есептік-талдамалық әдістер пайдаланылады.
9. Өртке қарсы мұқтаждықтар үшін су қажеттіліктері нормаларды есептеу кезінде ескерілмейді.
2-параграф. Өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін су тұтынудың үлестік нормаларын есептеу
10. Су тұтынудың үлестік нормалары судың сапасы (ауыз су, техникалық) және сумен жабдықтау жүйелері (айналмалы, бірізді пайдаланылатын) ескере отырып, сатылар бойынша есептеледі:
1) әртүрлі технологиялық процестерге су шығысының жобалық нормативтері негізінде технологиялық және шаруашылық-ауыз су мұқтаждары, сондай-ақ қосалқы өндіріс қажеттілігі үшін су тұтыну көлемдері анықталады;
2) технологиялық мұқтаждықтар үшін су тұтынудың үлестік нормасы, қосалқы өндірістің су тұтынуының үлестік нормасы және шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына су тұтынудың үлестік нормасы есептеледі;
3) технологиялық мұқтаждықтарға арналған су тұтынудың үлестік нормасының, қосалқы мұқтаждықтарға арналған су тұтынудың үлестік нормасының және шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына арналған су тұтынудың үлестік нормасының жиынтығын құрайтын су тұтынудың жиынтық үлестік нормасы анықталады.
11. Технологиялық мұқтаждықтар үшін су тұтынудың үлестік нормаларын (бұдан әрі – технологиялық үлестік норма) анықтауға арналған негіз су шығысының жобалық нормативтері болып табылады.
Су шығысының жобалық нормативтері белгілі бір операцияны орындау кезінде өнім (орындалған жұмыс) бірлігін өндіруге арналған суға қажеттілікті анықтайды және негізгі өнім (жұмыс) бірлігіне кететін технологиялық қажетті судың мөлшерінен және судың нормаланатын шығыстарынан құралады.
Технологиялық мұқтаждықтарға арналған су шығысының жобалық нормативтері:
1) негізгі өндірістің технолгиялық процесін қамтамасыз ететін жабдықтардың техникалық сипаттамаларына;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |