Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 6 ақпандағы
№ 80 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмдерiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) темекі өнімдеріне акциздік маркаларды, алкоголь өнімдеріне (шарап материалдарын, сыра және сыра сусындарын қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну тәртібін реттейді.
Toggle Dropdown
2. Мыналар:
Toggle Dropdown
алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімін импорттайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - резиденттері;
Toggle Dropdown
борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде банкроттық және оңалтушы басқарушылар есепке алу-бақылау маркаларын (бұдан әрі - ЕБМ) алушылар болып табылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасында темекі өнімдерін өндіру және (немесе) импорттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
Toggle Dropdown
борышкердің мүлкін (активтерін) өткізген кезде банкроттық және оңалтушы басқарушылар акциздік маркаларды алушылар болып табылады.
Toggle Dropdown
3. ЕБМ және акциздік маркаларды облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері (бұдан әрі - Департамент) береді.
Toggle Dropdown
4. ЕБМ және акциздік маркаларды жасап шығаруды, оларды Департаментке жеткізуді және беруді Қазақстан Республикасының Азаматтық
Toggle Dropdown
кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (бұдан әрі - Комитет) жасасқан шарттарға (келісімшарттарға) сәйкес ұйым (бұдан әрі - жеткізуші) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрі - импорттаушы) ЕБМ алғанға дейін мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін (бұдан әрі - Міндеттеме), осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Toggle Dropdown
6. Міндеттеме:
Toggle Dropdown
ЕБМ, олардың мақсаттарына сәйкес пайдалануды;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республиканың аумағынан тыс жерлерде алкоголь өніміне жапсыруы үшін импорттаушының ЕБМ әкетуін;
Toggle Dropdown
ЕБМ таңбаланған алкоголь өнімдерін әкелу;
Toggle Dropdown
импортталған алкоголь өнімдері бойынша жанама салықтарды төлеуді;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларды нысаналы пайдалану туралы импорттаушылардың есебін ұсынуды;
Toggle Dropdown
бүлінген және (немесе) пайдаланылмаған ЕБТ-ны берген Департаментке қайтаруды қамтиды.
Toggle Dropdown
2-тарау. Темекі өнімдеріне акциздік маркаларды, алкоголь өніміне (шарап материалдары, сыра мен сыра сусынын қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну тәртібі
Toggle Dropdown
7. ЕБМ және акциз маркаларын алушылар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында орналасқан ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе ) арқылы салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері орналасқан жері және (немесе) тіркеу орны бойынша Департаментке жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға (бұдан әрі – 2 және 3-Қосымшалар) сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін немесе импортталатын алкоголь өнімдеріне есепке алу-бақылау маркаларын немесе темекі бұйымдарына акциздік маркаларды дайындауға өтінім (бұдан әрі - өтінім) ұсынады.
Toggle Dropdown
8. Департамент ақпараттық жүйе арқылы күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде алдағы жылға алушылар ұсынған өтінімдерді келіседі.
Toggle Dropdown
Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі табыс етілмеген жағдайда Департамент алдағы жылға өтінімді келісуден бас тартады.
Toggle Dropdown
9. Комитет жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмей жеткізушіге Департаменттермен келісілген осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға (бұдан әрі – 4 және 5-Қосымшалар) сәйкес нысан бойынша алдағы жылға Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін немесе импортталатын алкоголь өнімдеріне есепке-алу бақылау маркаларын немесе темекі бұйымдарына акциздік маркаларға жиынтық өтінімдерді қағаз тасымалдағышында береді.
Toggle Dropdown
10. Жаңадан құрылған немесе алкоголь өнімін немесе темекі өнімдерін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі қызметті бастаған алушылар ақпараттық жүйе арқылы салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері орналасқан жері және (немесе) тіркеу орны бойынша Департаментке 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ЕБМ немесе акциздік маркаларды алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмейтін мерзімде әр ай бойынша бөліп өтінімдерді ұсынады.
Toggle Dropdown
Алушылар бұрын ұсынылған өтінімдерге ЕБМ немесе акциздік маркалардың түрлері мен саны бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар бар өтінімдерді Департаменттерге 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ЕБМ немесе акциздік маркаларды алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмей ұсынады.
Toggle Dropdown
Осы тармақта көрсетілген, алушылар ұсынған өтінімдерді, келіп түскен күннен бастап, күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Департамент ақпараттық жүйе арқылы келіседі.
Toggle Dropdown
Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі ұсынылмаған жағдайда Департамент өтінімді келісуден бас тартады.
Toggle Dropdown
11. Осы Қағидалардың 7 және 10-тармақтарында көрсетілген талаптар сақталмаған кезде Департамент өтінімдерді қабылдамайды.
Toggle Dropdown
Алушылар табыс еткен, оның ішінде алдағы жылға арналған өтінімдер келесі күнтізбелік жылға көшірілмейді.
Toggle Dropdown
12. Алушылардың өтінімдерінде көрсетілген ЕБМ немесе акциздік маркалар көлемі Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге (импорт) сыртқы сауда шартына қосымшада қарастырылған таңбалануға жататын бөтелке немесе буманың жалпы мөлшерінен аспайды.
Toggle Dropdown
13. Алушыларға берілген ЕБМ немесе акциздік маркалар иеліктен алынбайды және басқа жеке және заңды тұлғаларға берілмейді.
Toggle Dropdown
14. Комитет ЕБМ немесе акциздік маркаларды алу жүзеге асырылатын айдың 1-не дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей жеткізушіге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Департаментпен келісілген, бұрын ұсынылған өтінімдерге ЕБМ немесе акциздік маркалардың түрлері мен саны бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар бар жиынтық өтінімдерді, сондай-ақ жаңадан құрылған немесе алкоголь өнімін немесе темекі өнімдерін өндіру және (немесе) олардың айналымы жөніндегі қызметті бастаған алушылардың жиынтық өтінімдерін жолдайды.
Toggle Dropdown
15. Алкоголь өнімін немесе темекі өнімдерін импорттайтын алушылардан өтінімдерді қабылдау, соның негізінде акцизделетін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) түпнұсқасын көрсете отырып, сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмелері ұсынылған кезде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
16. ЕБМ немесе акциздік маркаларды жасап шығарғаны үшін төлемді алушылар олардың өтініміне сәйкес жеткізушінің банк шотына ақша аудару жолымен ЕБМ немесе акциздік маркаларды алу жүзеге асырылатын айдың 1-і күніне дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмейтін мерзімде әр ай бойынша бөлек жүргізеді.
Toggle Dropdown
17. Жеткізуші ЕБМ немесе акциздік маркаларды Департамент басшысының бұйрығымен тағайындалатын, Департаменттің материалдық-жауапты тұлғаларына (бұдан әрі - материалдық-жауапты тұлға) береді.
Toggle Dropdown
18. ЕБМ немесе акциздік маркаларды беру кезінде жеткізуші екі данада жүкқұжат жазып береді, оған жеткізуші және материалдық-жауапты тұлға қол қояды. Жүкқұжаттың бір данасы Департаментке беріледі, екінші данасы жеткізушіде қалады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте көрсетілген жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:
Toggle Dropdown
ЕБМ немесе акциздік маркалар берілген күн;
Toggle Dropdown
ЕБМ сериясы, нөмірлер диапазондары және саны немесе акциздік маркалардың түрлері мен саны.
Toggle Dropdown
19. Алушылар ЕБМ алу мақсатында Департаментке ақпараттық жүйе арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау маркаларына штрих-код жапсыру үшін әрбір алушыға бөлек өтініш ұсынады.
Toggle Dropdown
20. Импорттаушы ЕБМ-ға штрих-код салуға арналған өтініштен басқа қосымша, Департаментке қағаз тасымалдағышында және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы Міндеттеме, сондай-ақ импорттаушы:
Toggle Dropdown
Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін тиісті Департаменттің шотына ақша салғандығын растайтын, төлем құжатын;
Toggle Dropdown
банктік кепілдікті;
Toggle Dropdown
кепілгерлік шартын;
Toggle Dropdown
мүлік кепіл шартын таңдауы бойынша Міндеттемені төлеуді қамтамасыз ету тәсілдерін ескере отырып Міндеттеме ұсынады.
Toggle Dropdown
21. Алушыларға ЕБМ беруді Департаментте материалдық - жауапты тұлғасы ЕБМ-ға тиісті штрих-код жапсырылғаннан кейін және ЕБМ-ға штрих-код жапсыру үшін өтінішке ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын таңу жүзеге асырылғаннан кейін ЕБМ-ға штрих-код жапсыру үшін өтініш ақпараттық жүйе арқылы келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.