• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және зертханалық бақылау желісін ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 477, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 601, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 736, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бірлескен бұйрығы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және зертханалық бақылау желісін ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныстың байқау және зертханалық бақылау желісі туралы қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 72, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 130, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 680, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 14/167, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 170, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 4 мамырдағы № 268, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 209 бірлескен бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі К. Бишімбаев
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі И. Тасмағамбетов
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің,
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі № 477,
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 11 тамыздағы № 601,
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің,
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 11 шілдедегі № 736,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
бірлескен бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және
 зертханалық бақылау желісін ұйымдастыру жөніндегі қағидалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және зертханалық бақылау желісін ұйымдастыру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау және зертханалық бақылау желісінің (бұдан әрі - БЗБЖ) ұйымдастырылуын, негізгі міндеттері мен жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Азаматтық қорғаныстың байқау және зертханалық бақылау желісі жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтерінің базасында құрылады және:
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының кезекшілік-диспетчерлік қызметтерінен;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың кезекші қызметтерінен;
ықтимал қауіпті объектілердің кезекшілік-диспетчерлік қызметтерінен;
радиациялық және ядролық қауіпсіздікті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан;
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарынан;
ветеринария, фитосанитария, жануарлар мен өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардан;
қоршаған орта мен табиғи ресурстардың, оның ішінде гидрометеорология бойынша мониторинг қызметтерінен тұрады.
3. Азаматтық қорғаныстың байқау және зертханалық бақылау желісі бейбіт және соғыс уақытында ауыз судың, тамақтың және жемшөп шикізатының, азық-түліктің, қоршаған ортаның (ауаның, топырақтың, судың, өсімдіктің) радиоактивті, химиялық, биологиялық зақымдануын (ластануын) уақтылы табуға және индикациялауға арналған.
4. Азаматтық қорғаныстың байқау және зертханалық бақылау желісіне жалпы басшылық етуді және іс-қимылын үйлестіруді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.
5. Азаматтық қорғаныстың байқау және зертханалық бақылау желісі құрамына кіретін ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдарға тікелей басшылық етуді салалық министрліктер мен ведомстволар жүзеге асырады.
6. Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен объекті мен аумақта кезек күттірмейтін авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысу БЗЖБ құзыретіне кірмейді.
2. Байқау және зертханалық бақылау құрылымы
7. Байқау және зертханалық бақылау:
бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде ауыз судың, тамақтың және жемшөп шикізатының, азық-түліктің, қоршаған ортаның (ауаның, топырақтың, судың, өсімдіктің) радиоактивті заттармен (бұдан әрі - РЗ), уландырғыш заттармен (бұдан әрі - УЗ), қатты әсер ететін уытты заттармен (бұдан әрі - ҚӘУЗ) және биологиялық (бактериологиялық) агенттермен (бұдан әрі - БА) зақымдануын (ластануын) уақтылы анықтау және индикациялау;
азаматтық қорғаудың басқару органдарына және халыққа РЗ, УЗ, ҚӘУЗ, БА-мен зақымдану (ластану) орны, уақыты және ауқымы туралы шұғыл ақпараттандыру, сондай-ақ халықты қорғау бойынша шаралар қабылдау мақсатында ұйымдастырылады және жүргізіледі.
8. БЗБЖ құрамы осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.
9. БЗБЖ құрылымына кіретін Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу мекемелерінің тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.
10. Облыстық, аудандық (қалалық), объектілік деңгейдегі БЗБЖ-ның қызметін үйлестіруді:
1) қоршаған ортаның жай-күйіне мониторингтеуді ұйымдастыру және жүргізу, жағдай деректерін жинау, қорытындылау және талдау кезінде;
2) бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларды жою кезінде министрліктердің және ведомстволардың аумақтық бөлімшелерімен (ведомстволық бағынысты ұйымдарымен), Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған мекемелерімен бірлесіп, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау
және зертханалық бақылау желісінің негізгі міндеттері
11. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне:
1) мекемелер (метеоалаңдар, станциялар) орналасқан аудандағы жерде радиоактивті сәулелену мөлшерінің қуатын өлшеу;
2) қоршаған ортаның радиоактивті ластану әсерін анықтау;
3) атмосфераның жерүсті қабатынан ауаның, аэрозольдердің, ашық су айдындарындағы судың сынамаларын іріктеуді жүзеге асыру;
4) басқа министрліктер мен ведомстволардың БЗБЖ мекемелерін метеорологиялық деректермен қамтамасыз ету;
5) радиациялық ахуалға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
6) иондалған сәулелену көздерін мемлекеттік есепке алуды және бақылауды жүзеге асыру.
12. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне:
1) азық-түлікті, ауыз суды және тамақ шикізатын жұқпалы аурулар қоздырғыштарымен зақымдануына зертханалық бақылауды және сараптаманы қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге (қорытынды бере отырып) қатысу, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың БЗБЖ мекемелеріне бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда әдістемелік көмек көрсету;
2) қоршаған орта объектілерінде, азық-түлікте, ауыз суда, тамақ шикізатында, сондай-ақ науқастардан және адамдардың мәйіттерінен алынған материалдарда УЗ, ҚӘУЗ және БА-мен радиоактивті ластануын (зақымдануын) анықтау және бағалау, оларды индикациялау әдістерін әзірлеуге қатысу;
3) қызмет көрсетілетін аумақта және жаппай зақымдау ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық сараптама базасында құрылатын құралымдардың (эпидемиологиялық барлау топтарының, санитариялық-эпидемиологиялық жасақтардың және т.б.) күштерімен санитариялық-эпидемиологиялық (радиациялық, химиялық және бактериологиялық) барлау жүргізу;
4) микроағзалардан бөлінген штаммдар мен токсиндерді сәйкестендіруді жүзеге асыру;
5) мекемелер (ведомстволық бағынысты ұйымдар) орналасқан аудандағы жерде радиоактивті сәулелену мөлшерінің қуатын өлшеу;
6) бақыланатын объектілердегі азық-түліктің, ауыз судың және тамақ шикізатының сынамаларында радионуклидтердің үлестік және көлемдік белсенділігін айқындау;
7) соғыс және бейбіт уақытта микробиологиялық құралдардың, жауынгерлік рецептуралар мен жұқпалы аурулардың (қоздырғыштардың) түрлерін анықтау;
8) белгілі қоздырғыштармен зақымдануына қоршаған ортадан, азық-түліктен, ауыз судан және тамақ шикізатынан іріктеп алынған сынамаларды зерттеу;
9) РЗ, УЗ, ҚӘУЗ, БА-мен зақымданған қоршаған ортадан, азық-түліктен, ауыз судан және тамақ шикізатынан сынамаларды іріктеп алу және іріктеп алынған сынамаларды тасымалдауды және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарында оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
10) БЗБЖ мамандарын даярлау;
11) қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдайлар оқиғаларын жинау және талдау;
12) қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдайлар туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Байланыс пунктін ақпараттандыру;
13) инфекциялық аурулар, химиялық, радиологиялық уақиғалар саласында ахуалға және тәуекелдерге бағалау жүргізу;
14) науқастардың және/немесе инфекциялық ауруларға күдіктілердің материалын жинау, сақтау, тасымалдау және зерттеу кезінде биологиялық қорғау және биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жүктеледі.
13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне:
1) азық-түлікте, ауыз суда, тамақ және жемшөп шикізатында, сондай-ақ науқастардан, жануарлар мен құстардың өлекселерінен алынған материалдарда РЗ, УЗ, ҚӘУЗ және БҚ-ны анықтау, бағалау және индикациялау ұсынымдарын әзірлеу;
2) ветеринариялық барлау жүргізу;
3) жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларының зертханалық диагностикасын өткізу;
4) РЗ, УЗ, ҚӘУЗ және БА-мен зақымданған жануарлар мен құстарға зертханалық зерттеу жүргізу;
5) бөлінген микроағзалардың идентификациясын жүргізу;
6) мекемелер орналасқан аудандағы жерде радиоактивті сәулелену мөлшерінің қуатын өлшеу;
7) жануарлардан, өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттардың, жемшөп шикізаттарының және судың сынамаларында радионуклидтердің үлестік және мөлшерлік белсенділігін айқындау;
8) ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің, жемшөп шикізаттарының және судың УЗ, ҚӘУЗ-бен зақымдануын айқындау, сондай-ақ олардың индикациялауды жүзеге асыру;
9) қорытынды бере отырып, РЗ, УЗ, ҚӘУЗ және БА-мен зақымданған жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың, судың (ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін), сондай-ақ жемшөп шикізатының ветеринариялық-санитариялық сараптамасын жүргізу;
10) жоспарланып жатқан қорғау іс-шараларын негіздеу мақсатында радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды болжау және бағалау;
11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде жануардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың, жемшөп, су сынамаларын, сондай-ақ РЗ, УЗ, ҚӘУЗ, БҚ-мен зақымданған науқастардан, жануарлар мен құстардың өлекселерінен материалдарды алу және күдік тудырған жағдайларда зертханалық зерттеулер мен ветеринариялық-санитарлық сараптама жасау үшін оларды бас мекемелерге жеткізу;
12) РЗ, УЗ, ҚӘУЗ зақымданған топырақ, өсімдіктер, азық, су, минералдық және органикалық тыңайтқыштар сынамаларын алу және зертханалық зерттеулер жасау үшін бас мекемелерге жеткізу;
13) қоршаған орта объектілерінде УЗ, ҚӘУЗ және өсімдік өсіру объектілерімен ауылшаруашылығы жайылымдары аумағында өсімдіктер ауруы қоздырғыштарының болуын анықтау, УЗ және ҚӘУЗ индикациялау жүргізу;
14) ветеринариялық зертханаларға әдістемелік көмек көрсету және БЗБЖ мамандарын даярлауды ұйымдастыру.
14. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігіне:
1) радиациялық және химиялық барлау жүргізу;
2) басқару органдарын радиоактивті, химиялық, биологиялық (бактериологиялық) зақымдану (ластану) туралы құлақтандыруды ұйымдастыру, (ықтимал зақымдану (ластану) аймағына жататын) халықты құлақтандыру;
3) сыртқы ортаның (жұмыс аймағының) жай-күйін байқауды және зертханалық бақылауды жүзеге асыратын БЗБЖ мекемелерінен радиоактивті, химиялық, биологиялық (бактериологиялық) зақымдану (ластану) туралы ақпарат алу және оларды қорытындылау;
4) төтенше жағдайлар аймақтарында және зақымдану ошақтарында, қозғалыс бағдарларында, құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында радиациялық және химиялық бақылауды ұйымдастыру;
5) төтенше жағдай аймақтарында және зақымдану ошақтарында ықтимал радиациялық және химиялық зақымдану ахуалын болжау және бағалау;
6) халықты радиоактивті, химиялық және биологиялық (бактериологиялық) зақымдану (ластану) жағдайларындағы іс-қимылға оқыту;
7) Қазақстан Республикасы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органының ведомствосын ауызсудың, тамақ және жемшөп шикізатының, азық-түліктің, қоршаған ортаның (ауа, топырақ, су, өсімдік) халықаралық маңызы бар радиоактивті, химиялық, биологиялық (бактериологиялық), экологиялық зақымдану (ластану) жағдайлары туралы ақпараттандыру жүктеледі.
15. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша радиоактивті, химиялық және биологиялық зақымдану (ластану) аудандарына радиациялық, химиялық және биологиялық барлау жүргізуге қатысу;
2) әскери бөлімдер мен мекемелер орналасқан жерлердегі радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалды үнемі бақылау;
3) төтенше жағдайлар қатері төнген және туындаған кезде құлақтандыру және байланыс жүйесіне қатысу;
4) БЗБЖ құрылымына қосылған министрліктердің, ведомстволардың аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау жүктеледі.
16. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрілігіне:
1) ҚӘУЗ өндіретін, сақтайтын және өңдейтін қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, сондай-ақ оларды бейбіт уақытта да және соғыс уақытында да тасымалдау кезінде ҚӘУЗ әсерінен болған залалды азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) химиялық қауіпті объектілерден ҚӘУЗ-бен химиялық зақымдану туралы ақпараттарды алу және қорытындылау;
3) ҚӘУЗ өндірілетін, пайдаланылатын, сақталатын және қайта өңделетін қауіпті өндірістік объектілерді есепке алу.
17. Өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне:
1) жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларына зертханалық диагностика жүргізу;
2) РЗ, УЗ, ҚӘУЗ және БА-мен зақымданған жануарлар мен құстарға зертханалық зерттеулер жүргізу;
3) жануарлар мен құстардың, мал шаруашылығы азығының, өсімдік шаруашылығының зақымдануын айқындау, сондай-ақ оларды индикациялауды жүзеге асыру;
4) жоспарланған қорғау іс-шараларын негіздеу мақсатында биологиялық ахуалды болжау және бағалау жүктеледі.
4. Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының байқау
және зертханалық бақылау желісі мекемелерінің жұмыс істеуі
және ақпаратты беру тәртібі
18. БЗБЖ жұмыс істеуі үш режимде жүзеге асырылады:
1) күнделікті қызмет режимінде (бейбіт уақыт, қалыпты радиациялық, химиялық және биологиялық ахуал, эпидемияның, эпизоотийдің, эпифитотийдің болмауы) байқау және зертханалық бақылау жоғары тұрған өкілетті органның регламенттейтін құжаттарымен (ережелер, қағидалар, нұсқаулықтар, жарғылар) әрбір мекемеге белгіленген міндеттер көлемінде жүргізіледі. Байқау және зертханалық бақылау нәтижелері туралы ақпарат белгіленген регламент бойынша бағыныстылығы бойынша жоғары тұрған ұйымға ұсынылады;
2) жоғары әзірлік режимінде (радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалдың нашарлауы, эпидемияның, эпизоотийлердің, эпифитотийлердің қатері, ықтимал төтенше жағдайлардың және соғыс қауіпінің туындауы туралы қысқа мерзімді болжам) байқау және зертханалық бақылау осы Қағидада көзделген міндеттер көлемінде жүзеге асырылады;
3) төтенше жағдайлар режимінде (бейбіт уақытта төтенше жағдайлардың туындауы және оларды жою, соғыс уақытында зақымдаудың заманауи құралдарын қолдану) байқау және зертханалық бақылау осы Қағидаларда көзделген міндеттер көлемінде жүргізіледі.
19. Қатты әсер ететін уытты заттар шығарылған (шығару қатері бар), табылған (жоғалған) аварияға;
РЗ шығарылған (шығару қатері бар), табылған (жоғалған) аварияға;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан 30 шақырым шегінде радиация деңгейінің жоғарылауына;
биологиялық қауіпті заттар шығарылған (шығару қатері бар), табылған (жоғалған) аварияға;
қоршаған ортаның экстремалды жоғары ластануына;
радиациялық ахуалдың нашарлауына байланысты астрономиялық қауіпті құбылыстарға байланысты төтенше жағдайлар қатері төнген және/немесе туындаған жағдайда ақпарат азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосына беріледі.
Қазақстан Республикасы
Азаматтық қорғанысының байқау
және зертханалық бақылау желісін
ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының
байқау және зертханалық бақылау желісінің
құрамы
БЗБЖ құрамына:
1) салалық ғылыми-зерттеу мекемелері;
2) жоғары оқу орындарының кафедралары (зертханалары), гидрометеорологиялық, химиялық, токсикологиялық, радиологиялық, микробиологиялық, гигиеналық, ветеринарлық, агрохимиялық және фитопатологиялық бейіндегі зертханалар (бекеттер, станциялар);
3) Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, оның аумақтық органдары;
4) «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, оның аумақтық филиалдары;
5) «Қазаэросервис» (ҚАС);
6) Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың аумақтық органдары (МСЭҚАО);
7) теміржол көлігіндегі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың бөлімшелік органдары;
8) обаға қарсы станциялар (ОҚС);
9) аумақтық ветеринариялық зертханалар (АВЗ);
10) ветеринариялық-санитариялық пункттер (ВСП);
11) Қазақстан Республикасы АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық инспекциялары (Қазақстан Республикасы АШМ АКМИК және ВҚБК АИ);
12) фитосанитарлық бақылау бекеттері (ФББ);
13) Қазақстан Республикасы министрліктерінің, ведомстволарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының өндірістік (объектілік) зертханалары;
14) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Арнайы әскерлерінің бас басқармасы;
15) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері өңірлік қолбасшылықтары мен әскери бөлімдерінің есептік-аналитикалық станциялары;
16) радиациялық және химиялық байқаудың объектілік бекеттері (РХБОБ) кіреді.
Қазақстан Республикасы
Азаматтық қорғанысының байқау
және зертханалық бақылау желісін
ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға
2-қосымша
БЗБЖ құрылымына енгізілген Қазақстан Республикасының
ғылыми-зерттеу мекемелерінің  
 тізбесі

Р/с №

Зертханалар атауы

Ведомстволық тиістілігі

Орналасқан мекенжайы

Байқау және зертханалық бақылауды жүргізу мүмкіндігі

1

Топырақтану мен гидрохимиялық талдау зертханасы

Қазақстан Республикасы ҰЯО РМК ГЗИ ЕМК

ШҚО 071100 Курчатов қаласы, «Меридиан» алаңы

Ауыз су, жерасты, жерүсті суларын және қатып қалғаннан басқа топырақтың барлық кластарын сынау (№ 1 нысанда санамаланған көрсеткіштер бойынша)

2

Кешенді экологиялық зерттеулер орталығы

ҚР ҰЯО РМК

 

ҚР ЯФИ РМК

ШҚО Курчатов қаласы, Красноармейская көшесі, 10

 

 

Алматы қаласы, Ибрагимов көшесі, 1

Табиғи және өнеркәсіп объектілері (топырақ, түпті шөгінділер, өсімдік, минералды шикізат, құрылыс материалдары, өнеркәсіптік қалдықтары, ауа сүзгілері) альфа, бета және гамма-сәулелену радионуклидтері

3

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Алматы қаласы, Мақатаев көшесі, 34

бар

4

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Алматы қаласы Қапал көшесі, 14

бар

5

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 84

бар

6

«Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ» РМК

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский қта.

бар

7

«Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» РМК

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Астана қаласы, Уалиханов көшесі, 43

бар

8

«Республикалық карантиндік зертхана» ММ

Қазақстан Республикасы AШM Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

010000 Астана қаласы, Ш. Құдайбердіұлы, 8 ВП-1 (бас кеңсе)

бар

9

«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ

Қазақстан Республикасы АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

010000 Астана қаласы, Б. Майлин көшесі, 16/4

бар

10

«Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК

Қазақстан Республикасы АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

010006 Астана қаласы, Дулатов көшесі, 187/2

бар

11

«Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық» РМК

Қазақстан Республикасы АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

010006 Астана қаласы, Көктал 1 шағын ауданы, Абайға 150 жыл көшесі, № 22/3

бар