• Мое избранное
Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 305 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 наурызда № 14958 болып тіркелді

Редакция 17.11.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10305 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) және «Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 16 шілдедегі № 396 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Бекетаев
Қазақстан Республикас
Әділет министріні
2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
бұйрығымен бекітілді
Сот сараптама объектілерменжұмыс істеу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 29.10.2018 жылғы № 1508 Бұйрығына сәйкес (27.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сот сараптамаобъектілермен жұмыс істеу қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар) сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі, адам психикасының жай-күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасының мәніне жататын, ол бойынша сот сараптамасы жүргізіліп жатқан іс материалдарында қамтылған мәліметтер (бұдан әрі–сот сараптамасы объектілері)- сот сараптамасы объектілері болып табылады.
3. Сот сараптамасын жүргізуге қажетті тірі адамның, мәйіттің, жануардың, өсімдіктің, бұйымның, материалдың немесе заттың қасиеттерін бейнелеп көрсететін материалдық объектілер - үлгілер болып табылады.
4. Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу тәртібін сот сараптамасы органының қызметкерлері, лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдар және «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда сот сараптамасын жүргізуді бір жолғы тәртіппен жүзеге асыратын өзге де адамдар жүзеге асырады.
2-тарау. Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеутәртібі
Параграф 1. Сот сараптамасы объектілерін қабылдау тәртібі
5. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам)сот сараптамасы органының басшысына нелицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарға немесесот сараптамасын жүргізуді бір жолғы тәртіппен жүзеге асыратын өзге адамға сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қажетті зерттеу объектілерін және өзге де материалдарды ұсынады.
Сонымен қатар, зерттеу объектілері мен материалдардысараптама тағайындаған органның (адамның) уәкілетті өкілі ұсынуы, не болмаса пошта немесе арнайы пошта байланысы арқылы жолдануы мүмкін.
Пошта және арнайы пошта байланысы арқылы қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамдарды, жарғыш құрылғылар мен жару құралдарын, жеңіл тұтанатын және жанғыш заттарды, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды, қатты әсер ететін, уытты және улы заттарды, радиоактивті заттар мен ядролық материалдарды, қымбат заттарды, құнды қағаздарды, табиғи күйіндегі биологиялық объектілерді, рабайсыз объектілерді жіберуге тыйым салынады.
6. Сот сараптамасы объектілері оралған және мөрленген күйінде ұсынылады.
Сот сараптамасыныңәрбір объектісі өзінің ерекшелігіне байланысты және заттардың үлгілері олардың зақымдануы, түрінің өзгеруі, ауысып кетуі мүмкіндігін болдырмайтын және сақтау мен тасымалдау кезінде белгілері мен қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін бөлек ыдысқа салынады.
Сот-гистологиялық сараптамасы объектілері үшін бір ыдысқа салу рұқсат етіледі.
Биологиялық объектілерді олардың табиғи күйінде тасымалдау өздерінің бастапқы қасиеттерін өзгертуге кедергі келтіретін жағдайларда қамтамасыз етіледі.
Басқа жағдайларда сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сарапшысын зерттеу объектілерінің орналасқан жеріне жеткізуді, оларға кедергісіз қол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.
7. Орамада сот сараптамасы объектісінің атауы, оның пайда болуы, алу күні мен шарттары, объекті табылған және алынған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туралы мәліметтер, сот сараптамасы объектісін табу, алу және орау кезінде қатысқан адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолдары, алуды жүргізген немесе сот сараптамасын тағайындаған лауазымды адамның қолы және оның қолын куәландыратын мөрдің бедері көрсетіледі.
Биологиялық объектілер үшін орамада объектілерді алужүргізілген орнымен уақыты, объектілерді алу жүргізілген адамның немесе мәйітінен объектілерді алу жүргізілген өлген адамның(объектілерді белгісіз тұлғадан немесе мәйіттен алған кезде тірі адамдардан алынған биологиялық объектілерді және мәйіттен алынған объектілерді тіркеу журналдарыныңреттік нөмірі, сондай-ақ консервілеу ортасы (егер мұндайлар қолданылса) көрсетіледі) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туралы мәліметтер қосымша көрсетіледі.
8. Сот,сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамаларын тағайындау туралы қаулы, ұйғарым осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот, сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамаларын жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеу журналында (бұдан әрі – №1 журнал) тіркеледі.
Бөлімшелерде (облыстық, қалалық, аудандық және ауданаралық) сот-медициналық сараптамасын тағайындау туралы қаулы, ұйғарымзерттеуге ұсынылған объектілер көрсетіле отырып, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот-медициналық сараптамаларынжүргізу үшін келіп түскен материалдар мен объектілерді тіркеу журналында, 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот-медициналық мәйітханасында мәйіттерді тіркеу журналында(бұдан әрі – №3 журнал), 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жәбірленушілердің, күдіктілердің және басқа да адамдардың сот-медициналық сараптамасынтіркеу журналында тіркеледі. Сот-наркологиялық сараптамасын тағайындау туралы қаулы, ұйғарымосы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот-наркологиялық сараптамасын жүргізуді тіркеу журналында, сот-психиатриялық сараптамасы - 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша амбулаторлық және стационарлық сот-психиатриялық сараптамасын тіркеу журналында, комиссиялық сот медициналық сараптамалары - 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша комиссиялық сот медициналық сараптамаларды тіркеу журналында тіркеледі.
Біртекті заттар болған кезде сараптамаларды тіркеу журналында олардың саны, заттар үшін - орамалардың саны, мазмұны бірдей құжаттар үшін - парақтар саны көрсетіледі.
Қылмыстық, азаматтық істің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын алған кезде оның нөмірі, күдіктінің (күдіктілердің), айыпталушының (айыпталушылардың) немесе азаматтық істегі тараптардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), томдарының және іс парақтарының саны қосымшакөрсетіледі.
Мәліметтердің сараптамаларды тіркеу журналдарына уақытылы, толық және дұрыс енгізілуіне сараптама материалдарын тіркеуді жүзеге асыратын адам (бұдан әрі – кеңсе қызметкері) жауаптылықта болады.
9. Сараптама жүргізу үшін материалдарды сараптаманы тағайындаған орган (адам)немесе оның уәкілетті өкілі ұсынған кезде сарапшы сараптама тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) көрсетілген объектілер тізбесінің, олардың санының сәйкестігін тексереді.
Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген объектілер тізбесінің, олардың санының сәйкессіздігі, ораманың бүтіндігі бұзылғандығы анықталған жағдайда сараптамаға келіп түскен материалдар мен объектілерді қарау актісі (бұдан әрі – Қарау актісі) осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данада жасалады. Қарау актісіне осы сараптаманы қабылдаған сот сарапшысы, сараптаманы тағайындаған орган (адам)немесе оның уәкілетті өкілі және кеңсе қызметкері қол қояды.
Қарау актісінің бір данасы сот сараптамасын тағайындаған адамға тапсырылады, екіншісі - сарапшы қорытындысының екінші данасымен бірге бақылау өндірісіне тігіледі.
Объектілер пошта немесе арнайы пошта байланысыарқылы жеткізілген жағдайда, Қарау актісіне:
аумақтық бөлімшенің басшысы не оның орынбасары;
осы сараптаманы қабылдағансот сарапшысы;
кеңсе қызметкері қол қояды.
Сонан кейін актінің бір данасы сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) қайтарылады, екіншісі - сарапшы қорытындысының екінші данасымен бірге бақылау өндірісіне тігіледі.
Биологиялық объектілердің тізілімі мен сандарының сәйкессіздігі анықталған кезде объектілердің бұзылуына жол бермеу мақсатында сот сараптамасы органы, лицензиат немесе сот сараптамасын жүргізуді бір жолғы тәртіппен жүзеге асыратын өзге де адам сараптама объектілерін орындау үшін (объектілердің қойылған мәселелерді шешуге жарамды болуы шартымен) қабылдайды. Бұл ретте Қарау актісі жасалады.
10. Зерттеуге келіп түскен есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды сот сарапшысы сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның)немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен таразыға тартады(сұйықтың көлемі өлшенеді).
Аталған объектілерді қараудың және таразыға тартудың (көлемін өлшеудің) нәтижелері Қарау актісінде көрсетіледі, оған осы сараптаманы қабылдаған сот сарапшысы,сот сараптамасын тағайындаған орган (адам)немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды.
11. Сот сараптамасы органы жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамдардың, жарғыш құрылғылар мен жару құралдарының, жеңіл тұтанатын және жанғыш заттардың, қатты әсер ететін, уытты және улы заттардың, радиоактивті заттар мен ядролық материалдардың объектілерін қабылдаған жағдайда, сондай-ақ сот сараптамасына ақша қаражаттары, құнды қағаздар, қымбат заттаркеліп түскен кезде Қарау актісі жасалады, оған сот сарапшысы мен сот сараптамасын тағайындаған орган (адам)немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды.
12. Сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін есірткі құралдары, психотроптық заттар, олардың аналогтары мен прекурсорлар осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардыңаналогтары мен прекурсорларды тіркеу журналында тіркелуге жатады.
13. Сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғылар осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ойық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құрылғыларды тіркеу журналында тіркелуге жатады.
14. Бағалы металдардан (осы бұйымдардың сынықтары), асыл тастар мен інжуден жасалған бұйымдар, сондай-ақ зергерлік қолөнер бұйымдары, асыл тастар, бағалы металдардан жасалған тиындар,ұлттық және шетел валютасы осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды, құнды қағаздарды, Қазақстан Республикасының және басқамемлекеттердің ақша банкноттарын тіркеу журналында тіркелуге жатады.
15. Молекулярлық-генетикалық, сот-биологиялық сараптамалар жүргізу үшін ұсынылатын тірі адамдардан алынған биологиялық үлгілер осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тірі адамдардан алынған биологиялық үлгілерді тіркеу журналында тіркелуге жатады.
Мәліметтердің осы Қағидалардың 8,13,14 - тармақтарында көрсетілген сараптамаға келіп түскен материалдарды тіркеу журналдарына уақытылы, толық және дұрыс енгізілуіне кеңсе қызметкері, ал 12,15 - тармақтарда –сараптама жүргізу тапсырылған сот сарапшысы жауаптылықта болады.
Параграф 2. Сот сараптамасы объектілерін сақтау тәртібі
16. Сот сараптамасының биологиялық емес объектілері объектілердің жекелеген санаттарын сақтау ерекшелігін ескере отырып арнайы жабдықталған үй-жайларда (сот сараптамасы объектілерін сақтау камераларында) сақталады. Арнайы сақтау шарттарын талап етпейтін объектілер мөрленетін сейфтермен метал шкафтарда сақталады.
Биологиялық объектілер, оладың бастапқы қасиеттерін сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады.
Сот сараптамасы объектілеріне сот сараптамасының нөмірі, келіп түскен күні көрсетілген жазбасы бар жапсырма қағаздар бекітіледі.
17. Сот сараптамасы органының сақтау камерасындағы объектілердің сақталуына жауапты адам (бұдан әрі - сақтауға жауапты адам) сот сараптамасы органы басшысының бұйрығымен (өкімімен) тағайындалады.
Бұнымен қатар бұйрықта (өкімде), ол болмаған кезеңде сақтауға жауапты адамды алмастыратын адам айқындалады.
Сақтауға жауапты адам жұмыстан ауысқан, шыққан немесе демалысқа кеткен жағдайда сот сараптамасы органының басшысы сақтау камерасындағы іс жүзінде қолда бар сот сараптамасы объектілерініңосы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкеснысан бойынша сот сараптамасы объектілерін сақтау камерасына қабылдауды және тапсыруды тіркеу журналындағы (бұдан әрі - №13 журнал) жазбаларға сәйкестігін тексеру жөніндегі комиссия тағайындайды.
Тексеру нәтижесі жаңа жауапты немесе оны алмастыратын адамға қабылдау-өткізу актісімен ресімделеді.
18. Сақтауға жауапты адам сот сараптамасы органының сот сарапшысына сақтау камерасынан сот сараптамасы объектілерін беруді, сондай-ақ оларды сақтау камерасына қабылдауды жүзеге асырады.
Сот сараптамасы объектілерін қабылдау және беру туралы мәліметтер №13 журналға енгізіледі.
19. Егер, сот сараптамасы объектілерінің көлемдері, өлшемдері мен қасиеттері мүмкіндік берсе, онда олар сот сараптамасын жүргізу кезеңінде сот сарапшысында мөрленетін сейфтерде, металл шкафтарда сақталады.
Сот сараптамасы объектілерінің сақталуын сот сарапшысы қамтамасыз етеді.
Сот сараптамасы объектілерінің жұмыстағы үзіліс уақытында жұмыс орнында сақталуын қамтамасыз етпей қалдыруға, сондай-ақ объектілерді сот сараптамасы органынан тыс жерге шығаруға жол берілмейді.
20. Сот сарапшысы осы Қағидалардың 10-14-тармақтарында көрсетілген сот сараптамасы объектілеріносы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін сақтау камерасына тапсырады.
21. Сот сарапшысы, сот сараптамасын жүргізу аяқталғаннан кейін биологиялық объектілерді қоспағанда,сот сараптамасы объектілерін буып-түйілген (таңбаланған) және мөрленген күйінде заттай дәлелдемелерді сақтау камерасына тапсырады. Орамаға мынадай жазбалар енгізіледі: сот сараптамасының нөмірі, аяқталу күні, орманың ішіндегісі, объектілерді ораған адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның қолы. Орама «Пакеттер үшін» дөңгелек мөрінің бедерімен мөрленеді.
Биологиялық объектілер (мәйіттен басқасы) буып-түйіледі және мөрленеді және сараптама тағайындаған органға (адамға) немесе оның уәкілетті өкіліне беру кезеңіне дейін обьектілердің жекелеген санатын сақтау ерекшелігі ескеріле отырып, бөлімшелерде сақталады.
Химиялық-токсикологиялық және гистологиялық сараптамалық зерттеу объектілері аталған бөлімшелердің мұрағаттарында сақталады.
Аумақтық бөлімшенің басшысы сараптама объектілерін сақтауды ұйымдастыруды және шарттарын, сондай-ақ қызметкерлердің оларды сақтау жөніндегі белгіленген талаптарын орындауын ұдайы тексеруді жүзеге асырады.
22. Сараптамаларды жүргізу нәтижесінде пайда болатын материалдарды бақылау өндірісінде сақтау ұйымдастырылады, оған сараптама тағайындау туралы қаулы, ұйғарым, жолдау хаттардың көшірмелері, қосымшаларды қоса алғандағы сарапшы қорытындысының екінші данасы, өтінішхаттар туралы материалдар мен оларды қарау нәтижесі, сараптаманы жүргізу кезінде пайда болған өзге де материалдар тігіледі.
23. Сараптама жүргізу үшін келіп түскен материалдар мен объектілерді тіркеу журналдарын (осы Қағидаларға 1-17 қосымшалар), сондай-ақ бақылау өндірістерін сақтау мерзімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізібесінде 2017 жылғы 18 қарашада № 15997 болып тіркелген)сәйкес айқындалады.
Параграф 3. Сот сараптамасы объектілерін қайтару тәртібі
24. Бастапқы қасиеттерін сақтауды талап ететін биологиялық объектілерді қоспағанда, сот сараптамасына ұсынылған сот сараптамасы объектілері сараптаманы тағайындаған орган (адам) белгілеген мерзіммен сот сараптамасы органдарында, лицензиатта немесе сот сараптамасын жүргізуді бір жолғы тәртіппен жүзеге асыратын өзге де адамда, тек олардың сот-сараптамалық зерттеуін жүргізу уақытында ғана болады.
Биологиялық объектілердің бастапқы қасиеттерін сақтауды талап ететін ерекше жағдайларда (танылмаған мәйіттер, техногенді апаттар мен дүлей апаттар жағдайларында табылған адам денесінің бөліктері), оларсот сараптамасы органында сот сараптамасын тағайындағанорган (адам) белгілеген мерзімде сақталуы мүмкін.
25. Химиялық-токсикологиялық және сот-гистологиялық зерттеудің биологиялық объектілерін қоспағанда, сот сараптамасы объектілері сот сараптамасын тағайындаған адамның тікелей өзіне немесе сенімхаттың негізінде оның уәкілетті өкіліне беріледі, не белгіленген тәртіппен пошта байланысы құралдарымен жолданады.
Бұл ретте №1 журналда және сот сараптамасы органың бақылау өндірісінде сақталатын сот сарапшысы қортындысының екінші данасында алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы, оның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, сериясы мен нөмірі, алған күні мен қолы көрсетіледі.
Сот сараптамасы объектілерін беру кезінде №1 журналға «өзі алды», «сенімхат бойынша берілді» деген белгілер мен материалдардың берілген күні қойылады.
26. Пошта байланысымен жөнелтуге жатпайтын қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамдар, жарғыш құрылғылар мен жару құралдары, жеңіл тұтанатын және жанғыш заттар, есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар, қатты әсер ететін, уытты және улы заттар, радиоактивті заттар мен ядролық материалдар, қымбат заттар, құнды қағаздар, рабайсыз және осал объектілерді қайтару coт сараптамасын тағайындаған органның (адамның) тікелей өзіне не оның уәкілетті өкіліне сарапшы қорытындысымен (қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламамен) бірге жүргізіледі.
27. Сот сарапшысының қорытындысын, бастапқы қасиеттерін сақтауды талап ететін табиғи күйдегі биологиялық объектілерді қоспағанда, сот сараптамасы объектілерінсіз сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) арнайы пошта байланысымен жөнелтуге жол берілмейді.
Материалдарын пошта байланысымен жолдауға болмайтын сараптаманы орындағаннан кейін, басшы бұл туралы сараптаманы тағайындаған органды (адамды) белгіленген тәртіппен хабардар етеді.
Пошта байланысы құралдарымен жолдауға болмайтын объектілерді тасымалдауды, сараптаманы тағайындаған орган (адам) қамтамасыз етеді.
Сот сараптамасы органының басшысы сараптаманы тағайындаған адам талап етпеген орындалған сараптама материалдары туралы, оған тиісті хабарламажолданған кезден бастап он күн ішінде сараптама тағайындаған органның басшысына жазбаша хабарлайды.
Параграф 4. Мәйіттерді тапсыру, қабылдау және тіркеу тәртібі
28. Мәйіт, сот сараптамасы органына, лицензиатқа немесе сот сараптамасын жүргізу бір жолғы тәртіппен тапсырылған өзге адамға мәйітке сот-медициналық сараптамасын тағайындау туралы қаулымен, мәйітті оқиға орнында (немесе мәйіттің табылған орнында) қарау хаттамасының көшірмесімен, медициналық құжаттармен (ол болған жағдайда) бірге жіберіледі.
29. Мәйітті сот сараптамасы органы, лицензиат немесе сот сараптамасын жүргізуді бір жолғы тәртіппен жүзеге асыратын адам қабылдап алған кезде, қайтыс болған адамның киімдері, құнды заттары, құжаттары және мәйітпен бірге жеткізілген басқа да заттары осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күнделікті киетін киімдерді, заттай дәлелдемелерді, құнды заттар мен құжаттарды мәйітханада тіркеу журналында тіркеледі және мәйітке оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қайтыс болған адамның жасы мен тіркеу нөмірі көрсетілген жапсырма қағаз немесе тіркеу нөмірі таңбаланған метал жетон ілінеді.
30. Сот-медициналық сараптамасын тағайындаған орган (адам) мәйітті сот сараптамасы органына, лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарға немесе сот сараптамасын жүргізуді бір жолғы тәртіппен жүзеге асыратын өзге адамға жіберген кезде, медициналық картасының түпнұсқасын қосымшаларымен бірге және ол медициналық мекемеге келіп түскен кездегі киімдерін жеткізуді сонымен бір мезгілде қамтамасыз етеді. Егер киімдерін анықтау немесе тергеу органдары алған болса немесе олардың рұқсатымен заңды өкілдеріне берілген болса, қаулыда тиісті жазба жазылады.
31. Мәйітті және жолдау құжаттарын №3 журналда тіркейді.
32. Сот-биологиялық (медициналық), сот химиялық-токсикологиялық және гистологиялық зерттеулер жүргізу үшін мәйіттен объектілерді алуды мәйіттің сараптамасын жүргізетін сарапшы жүргізеді. Объектілер алынып, оралады, таңбаланады және осы Қағидаларға сәйкес зерттеуге жолданады.
33.Материалдарды және мәйіттен алынған объектілерді сот-биологиялық бөлімінде тіркеу осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойыншасот-биологиялық (медициналық) зерттеулерін жүргізу үшін материалдар мен мәйіттен алынған объектілерді тіркеу журналында жүргізіледі.
34. Материалдарды және мәйіттен алынған объектілерді химиялық-токсикологиялық бөлімінде тіркеу осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойыншасот химиялық-токсикологиялық зерттеулерін жүргізу үшін материалдар мен мәйіттен алынған объектілерді тіркеу журналында жүргізіледі.
35. Материалдарды және мәйіттен алынған объектілерді сот-гистологиялық бөлімінде тіркеу осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойыншасот гистологиялық зерттеулерін жүргізу үшін материалдар мен мәйіттен алынған объектілерді тіркеу журналында жүргізіледі.
Параграф 5. Мәйіттерді сақтау тәртібі
36. Мәйіттің киімі және онымен бірге жеткізілген өзге де заттар сот-медициналық сараптамасын жүргізу басталғанға дейін сот сараптамасы органдарына, лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарға немесе сот сараптамасын жүргізуді бір жолғы тәртіппен жүзеге асыратын өзге адамға қандай күйде түссе, сондай күйінде сақталады.
Ылғал киімдер мен аяқкиім мәйітке сот-медициналық зерттеуі жүргізілгеннен кейін тікелей күн сәулесі түспейтін, желдетілетін бөлмеде, бөлме температурасында кептіріледі.
37. Мәйіттер, сондай-ақ мәйіттердің бөлінген бөлшектері сот сараптамасы органында, лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарда немесе сот сараптамасын жүргізуді бір жолғы тәртіппен жүзеге асыратын өзге адамда олардың бастапқы қасиеттерін өзгертуге жол бермейтін жағдайларда сақталады.
38. Карантинді және аса қауіпті инфекциялардан өлген адамдардың мәйіттері басқа мәйіттерден оқшауланып сақталады.
39. Мәйіттер, сот сараптамасы органында, лицензияның негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарда немесе сот сараптамасын жүргізуді бір жолғы тәртіппен жүзеге асыратын адамда қайтыс болуы туралы медициналық куәлігін, перинаталдық өлім туралыкуәлігін рәсімдегенге және қайтыс болған адамның туыстарына не жақындарына бергенге дейін сақталады.
Танылған мәйіттерді одан әрі қарай сақтау қайтыс болғандардың туыстарымен келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.
40. Санитар, мәйіттерді жерлеу үшін қайтыс болған адамның туыстарына, жақындарына немесе жерлеу міндетін өзіне алған уәкілетті қоғамдық ұйымдарға сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) жазбаша рұқсаты бойыншабереді.
41. Карантинді және аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін тасымалдау және жерлеу, сондай-ақ одан кейінгі дезинфекциялау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 131 бұйрығымен бекітілген «Инфекциялық аурулардың (обаның, тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде №10644 болып тіркелген) санитариялық қағидаларынна сәйкес жүргізіледі.
42. Сот-медициналық зерттеуін жүргізгеннен кейін танылмаған және талап етілмеген мәйіттер туралы деректер 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін арнайы коммуналдық қызметтердің жерлеуді ұйымдастыруы үшін сот-медициналық сараптамасын тағайындаған органға (адамға) беріледі.
2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша
Нысаны
Сот, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамаларын жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеу журналы

Сараптама нөмірі

Материалдардың сот сараптамасы органына келіп түскен күні

Сараптама шифры

Сараптаманы тағайындаған орган (адам), Т.А.Ә. лауазымы, атағы

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істің, СДТБТ нөмірі,күдіктінің, айыпталушының немесе тараптардың тегі, аты, әкесінің аты(ол болған жағдайда), іс томдары мен парақтарының саны

Зерттеуге келіп түскен объектілер

Материалдарды ұсынған адамның Т.А.Ә., өткізгені туралы белгі, өткізген күні, қызметтік куәліктің нөмірі, қолы

Сот сарапшы-сының тегі, аты, әкесінің аты(ол болған жағдайда), алғаны туралы белгі, қолы

Өтініш-хаттар туралы белгі (шығару күні, қанағаттан-дыру күні, тоқтата тұру мерзімі)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Кестенің жалғасы

Статистикалықдеректер

Сараптаманы тапсыру күні, сот сарапшы- сының қолы

Сараптама қорытындысын алғаны туралыбелгі, алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жұмыс орны, дауазымы, қызметтік куәлігінің, сенім хаттың немесе жеке куәлігінің нөмірі мен берілген күні

Объектілердің саны

Сұрақтардың саны

Тұжырымдардың саны

Кесімді

Ықтималды

Мүмкінеместігі

Сараптама мерзімі

Күрделілігі

Безендірулері


 


 

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Ескерту: *шифрі 2017 жылғы 27 наурыздағы № 306 Сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және біліктілігін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі беретін сараптама мамандықтарының тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 14992 болып тіркелген) сәйкес айқындалған.
2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша
Нысаны
 Сот-медициналық сараптамаларын жүргізу үшін ____________ бөлімшеге келіп түскен материалдар мен объектілерді тіркеу журналы

р/с

Сарапта маның нөмірі

Материал дардың сот сараптамасы органына келіп түскен күні

Жәбірленушінің, күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Сараптама тағайындаған орган (адам),тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, атағы

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істің,СДТБТ нөмірі, томдар мен парақтардың саны

Келіп түскен құжаттар дың, зерттеу объекті лері мен салыстырмалы үлгілердің тізбесі

Істің қысқаша мән-жайы

1

2

3

4

5

6

7

8

Кестенің жалғасы

Сот сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алғаны туралы белгі, қолы

Өтініш-хаттар туралы белгі (шығару күні, қанағаттандыру күні, тоқтата тұру мерзімі)

Сараптаманы (зерттеуді) жүргізу мерзімі

Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама, орындаусыз кері қайтару

Күрделілік санаты

Сараптама қорытындысын алғаны туралы белгі, алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алған күні, қызметтік куәлігінің нөмірі, қолы

басталуы

аяқталуы

8

9

10

11

12

13

14

2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
3-қосымша
Нысаны 
Мәйіттерді сот-медициналық мәйітханада тіркеу журналы

р/с

Сараптама нөмірі

Өлген адамның тегі, аты, әкесінің аты (олболған жағдайда)

Туған күні

Жынысы

Мәйіт мәйітханаға жеткізілді

Өлген адамның тұрғылықты жері және жеке куәлігінің нөмірі

Мәйіт мәйітханаға қайдан жеткізілді (үйден, көшеден және т.б.)

уақыты

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Кестенің жалғасы

Сараптаманы тағайындаған орган (адам), тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), сараптаманы тағайындау туралы қаулыны шығару күні

Сот сарапшысы ның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және сараптаманы жүргізу уақыты

Өлімнің себебі (өлім жөнінде медициналық куәландыруға, перинаталды өлім туралы дәрігерлік куәландыруға сәйкес қысқаша сот-медициналық диагнозы)

Түпкі лікті сот-медици налық диагноз

Зертханалық зерттеу үшін жолданған объектілердің тізбесі

Сот сараптамасының аяқталу күні

Сарапшы қорытындысын кеңсеге өткізу күні

Мәйітті беру немесе көму күні, күні, қайтыс болғаны туралы медициналық куәландыру нөмірі

10

11

12

13

14

15

16

17

2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
4-қосымша
Нысаны
Жәбірленушілердің, күдіктілердің, айыпталушылардың және басқа да адамдардың сот медициналық сараптамаларын тіркеу журналы

р/с

Сараптаманың нөмірі, материалдардың сот сараптамасы органына келіп түскен күні

Сараптама тағайындаған орган (адам), тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, атағы

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істің, СДТБТ нөмірі, томдар мен парақтардың саны)

Куәландырылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты(ол болған жағдайда)

Туған күні, жынысы

Жеке адамды куәландыратын құжат, қашан және кім берген

1

2

3

4

5

6

7

Кестенің жалғасы

Үй мекен-жайы тұрғылықты жері

Ұсынылған құжат тардың тізбесі

Сараптаманы жүргізу мерзімдері

Сараптама түрі (жыныстық жай-күйі, медициналық құжаттар және іс материалдары бойынша куәландыру)

Тексерудің қосымша әдістері, тексеру кезінде алынған обьектілердің тізбесі

Сараптама нәтижелері

Сот сарапшы сының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Сарапшы қорытын дысын кеңсеге өткізу күні

басталуы

аяқта луы

8

9

10

11

12

13

14

15

16

2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
5-қосымша
Нысаны
Сот-наркологиялық сараптамасын жүргізуді тіркеу журналы

р/с

Сараптама нөмірі (сараптаманың процессу-алдық мәртебесі

Материалдардың сот сараптамасы органына келіп түскен күні

Жәбірленушінің, күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жынысы, жасы

Сараптама тағайындаған орган, сараптама тағайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Диагноз

Қорытынды

Медициналық сипаттағы ұсынылатын шаралар

Сараптаманы жүргізу мерзімі

Сарапшы қорытындысын кеңсеге өткізу күні

басталуы

аяқталуы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
6-қосымша
Нысаны
Амбулаториялық және стационарлық сот-психиатриялық сараптамасын тіркеу журналы

р/с

Сараптама нөмірі

Материалдардың сот сараптамасы органына келіп түскен күні

Тегі, аты, әкесінің аты(ол болған жағдайда), жынысы

Туған күні (жылы, айы, күні)

Сараптама тағайындаған орган, сараптама тағайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қаулыны (ұйғарымды) шығару күні

Істің нөмірі мен санаты (қылмыстық, азаматтық), іс томдары мен парақтарының саныр

Сараптама жүргізілуі тиіс адамның мәртебесі (жәбірленуші, күдікті, айыпталушы, сотталушы, азаматтық істегі тарап)

1

2

3

4

5

6

7

8

Кестенің жалғасы

Жүргізу күні

Үйлестіруші-сарапшы, комиссия мүшелері

Диагноз

Ұсынылған медициналық шаралар

Сарапшы қорытындысын кеңсеге өткізу күні

9

10

11

12

13

2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
7-қосымша
Нысаны
Комиссиялық сот медициналықсараптамалардытіркеу журналы

р/с

Сараптаманың нөмірі

Материалдар-дың сот сараптамасы органына келіп түскен күні

Сараптама тағайындаған орган (адам), сараптама тағайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істің, СДТБТ нөмірі, іс томдары мен парақтардың саны

Жәбірленушінің, күдіктінің, айыпталушының, азаматтық іс тараптарының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған күні, жынысы

Ұсынылған құжаттар-дың тізбесі

1

2

3

4

5

6

7

8

Кестенің жалғасы

Күрделілік санаты

Комиссия құрамы

Үйлестіруші сарапшы

Сараптаманы жүргізу мерзімі

Сарапшы қорытындысын кеңсеге өткізу күні

басталуы

аяқталуы

9

10

11

12

13

14

2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
8-қосымша
Нысаны
Зерттеуге келіп түсетін материалдар мен объектілерді қарау актісі
 Қабылдау уақыты: ______________ Күні "___" ___________20__ ж.
 Біз, төменде қол қойған комиссия құрамында: _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________
сараптама тағайындаған адамның (не оның уәкілетті өкілінің) қатысуымен:
 _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ қаулы (ұйғару) ____________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ Қысқаша мән-жайы: _______________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ жүргізу үшін Жалпы ораманың және бөлек әрбір обьектінің күйі: ____________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________
 Қаулыға (ұйғаруға ) сәйкес материалдар мен зерттеу объектілерінің тізбесі: _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ Өлшеу (көлемді өлшеу, санын есептеу) сараптама тағайындаған адамның не оның уәкілетті өкілінің (ол болған жағдайда) қатысуымен жүргізілді: _________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________
Актіні келесі құрамдағы комиссия жасады: 1. 2. 3.
2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
9-қосымша
Нысаны
Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларды тіркеу журналы


 

р/с

Сараптама нөмірі, материалдардың сот сараптамасы органына келіп түскен күні

Сараптама тағайындаған орган (адам), тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, атағы

Қылмыстық, әкімшілік істің, СДТБТ нөмірі ұсталғанның, күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Пакеттердің саны, обьектілердің түрі, массасы, көлемі

Объектілерді кім жеткізді, күні, қолы

1

2

3

4

5

6

Кестенің жалғасы

Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), сараптаманы алу күні

Зерттеуге келіп түскен есірткі құралдарының, психотроптық заттармен прекурсорлардың түрі, жұмсалған/қайтарылатын заттың) массасы (көлемі)

Қорытындыны кеңсеге тапсыру күні

Сұрақтардың, жауаптардың саны, сараптаманы жүргізу мерзімі

Сараптама қорытындысын және объектілерді алу туралы белгі, алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы, қызметтік куәліктің, сенімхаттың немесе жеке куәліктің нөмірі мен берген күні

7

8

9

10

11

2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
10-қосымша
Нысаны
Ойық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құрылғыларды тіркеу журналы

р/с

Күні

Сараптама нөмірі

Объектілерді зерттеуге жіберген органның атауы

Келіп түскен обьектілердің тізбесі

Объектілерді алған сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

Сақтауға өткізгені туралы белгі, сот сарапшысының қолы

Алғаны туралы белгі, жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
11-қосымша
Нысаны
Бағалы металдармен асыл тастардан жасалған бұйымдарды, құнды қағаздарды, Қазақстан Республикасының және басқада мемлекеттердің ақша банкноттарын тіркеу журналы

р/с

Күні

Сараптама нөмірі

Объектілерді зерттеуге жіберген органның атауы

Келіп түскен обьектілердің тізбесі

Объектілерді алған сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

Сақтауға өткізгені туралы белгі, сот сарапшысының қолы

Алғаны туралы белгі, жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
12-қосымша
Нысаны
Тірі адамдардан алынған биологиялық объектілерді тіркеу журналы

р/с

Зерттелетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Туған күні

Жеке басын куәландыратын құжат, қашан және кімберді

Сараптаманы жүргізудің негізі

Алынған объект

Биологиялық материалды алу күні

1

2

3

4

5

6

7

2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
13-қосымша
Нысаны
Сот сараптамасы объектілерін сақтау камерасына қабылдауды және тапсыруды тіркеу журналы

р/с

Күні

Сараптама нөмірі

Объектілерді зерттеуге жіберген органның атауы

Келіп түскен объектілердің тізбесі

Объектілерді алған сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

Сақтауға өткізгені туралы белгі, сот сарапшысының қолы

Алғаны туралы белгі, жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
14-қосымша
Нысаны
Киім заттарын, зерттеу объектілерін, құндылықтар мен құжаттарды мәйітханада тіркеу журналы

р/с

Келіп түскен күні

Қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Мәйітті кім жеткізді

Мәйітпен бірге жеткізілген киім заттарының, зерттеу объектілерінің және басқа да заттардың тізбесі мен қысқаша сипаттамасы

Мәйітпен бірге жеткізілген құжаттар мен құндылықтардың тізбесі мен қысқаша сипаттамасы

1

2

3

4

5

6

Кестенің жалғасы

Адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

Мәйітпен бірге жеткізілген киім заттарын, құжаттарды, құндылықтарды, зерттеу объектілерін берудің негізі

Берілген киім заттарының, құжаттардың, құндылықтардың, зерттеу объектілерінің тізбесі, алушы туралы мәлімет: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және нөмірі, алушының тұратын жері, қолы, күні

Талап етілмеген киім заттарының, құжаттардың, құндылықтардың және басқа да заттардың тағдыры туралы мәліметтер

мәйітті, заттарды, құжаттарды, құндылықтарды жеткізген

мәйітті, заттарды, құжаттарды құндылықтарды қабылдаған

7

8

9

10

11

2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
15-қосымша
Нысаны
Сот-биологиялық зерттеуін (медициналық) жүргізу үшін мәйіттен алынған объектілерді тіркеу журналы

р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жасы

Объектілерді жолдаған сот-медициналық сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Сот медициналық сарапшы қорытындысының нөмірі

Объектілерді алу күні

Бөлімшеге келіп түскен күні

Тізбесі, орамасы, саны

Объектілерді тіркеген адам (қолы)

1

2

3

4

5

6

7

8

2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
16-қосымша
Нысаны
Сот химиялық-токсикологиялық зерттеулерін жүргізу үшін мәйіттен алынған материалдар мен объектілерді тіркеу журналы

Зерттеудің нөмірі

Объекті-лермен құжаттар-дың келіп түскен күні

Зерттеуді жүргізудің негізі (объектілерді жолдаған сот-медициналық сарапшының тегі, аты, әкесінің аты, қорытындының нөмірі, жолдаған күні)

Қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жынысы, туған күні

Келіп түскен объектілер-дің, құжаттардың тізбесі

Зерттеудің мақсаты

Істің қысқаша мән-жайы

Зерттеуді жүргізген сарапшының және сынама дайындығын және объектілерді зерттеуге дайындауды жүргізген зертханашының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Күрделілігі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Кестенің жалғасы

Зерттеуді жүргізу мерзімі

Зерттеу нәтижелерін қысқаша баяндау

Зерттелген объектілердің саны/жүргізілген зерттеулердің саны

Сұрақтардың саны

Тұжырымдардың саны

Бөлімшеде қалдырылған объектілер болса, солар туралы ақпарат

Зерттеуді алғаны туралы белгі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), зерттеу нәтижесін алған адамның қолы, зерттелген объектілер (құжаттар), зерттеуді алған күні

Кесімді

Ықтималды

Мүмкін еместігі

басталуы

аяқталуы

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

2017 жылғы 27 наурыздағы № 305
Сот сараптамасы объектілерімен
жұмыс істеу қағидаларына
17-қосымша
Нысаны
Сот-гистологиялық зерттеулерін жүргізу үшін мәйіттен алынған материалдар мен объектілерді тіркеу журналы

Зерт теудің нөмірі

Объектілер мен құжаттар-дың келіп түскен күні

Зерттеуді Жүргізудің негізі (объектілерді жолдаған сот медициналық сарапшының тегі, аты, әкесінің аты, қорытынды ның нөмірі, жолдаған күні)

Қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жынысы, туған күні

Келіп түскен объектілер-дің, құжаттардың тізбесі

Зерттеудің мақсаты

Істің қысқаша мән-жайы

Зерттеуді жүргізген сарапшының және сынама дайындығын, объектілерді зерттеуге дайындауды жүргізген зертханашының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Күрделілігі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Кестенің жалғасы

Зерттеуді жүргізу мерзімі

Зерттеу нәтижелерін қысқаша баяндау

Зерттелген объектілердің саны/жүргізілген зерттеулер дің саны

Сұрақтардың саны

Тұжырымдардың саны

Зерттеуді алғаны туралы белгі, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), зерттеу нәтижесін алған адамның қолы, зерттелген объектілер (құжаттар), зерттеуді алған күні

Объектілердің (органдардың, ұлпалардың кесектерінің) шығындалғаны немесе қалғаны туралы мәліметтер

Гистологиялық зерттеу жүргізілмей дымқыл мұрағат етіп қалдырылған

Кесімді

Ықтималды

Мүмкін емес

Сарапшы қорытындысымен бірге берілген

Бөлімшеде қалдырылған

Жойылған (жойылған күні)

басталуы

аяқталуы

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22