• Мое избранное
«Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 14.05.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 сәуірде № 14973 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 14 мамырдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.04.2020 жылғы № 203 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
______________ Д. Абаев
2017 жылғы 28 ақпан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 4 наурыз
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 24 ақпандағы № 112
бұйрығымен бекітілген
  • 1
«Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын (бұдан әрі – энергия аудиторының аттестаты) беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;
энергия аудиторы аттестатының телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;
  • 1
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі белгіленген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жауабын береді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – энергия аудиторының аттестаты, энергия аудиторы аттестатының телнұсқасы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан дәлелді бас тарту.
Көрсетілетін қызметті алушы қағаз тасығыштағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басылып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету ақысыз негізде жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыға) көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерін қабылдау мен нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерін қабылдау мен нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
  • 1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) энергия аудиторының аттестатын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жоғары инженерлік-техникалық білімі туралы дипломның көшірмесін;
энергия аудиті бағыты бойынша энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы курстардан өткені туралы куәліктің көшірмесін;
кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін және жалпы техникалық жұмыс өтілінің кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде энергия аудиторлық ұйымда кемінде 1 (бір) жыл болуын;
III және одан жоғары рұқсат беру тобының электр қондырғыларындағы жұмыс қағидалары мен нормаларын білуін тексеру хаттамасының көшірмесін;
  • 1
2) энергия аудиторы аттестатының телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия аудиторы аттестатының телнұсқасын алуға арналған өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
жоғары инженерлік-техникалық білімі туралы дипломның көшірмесі;
энергия аудиті бағыты бойынша энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы курстардан өткені туралы куәліктің көшірмесі;
кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін және жалпы техникалық жұмыс өтілінің кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде энергия аудиторлық ұйымда кемінде 1 (бір) жыл болуы;
III және одан жоғары рұқсат беру тобының электр қондырғыларындағы жұмыс қағидалары мен нормаларын білуін тексеру хаттамасының көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті беруші егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделмесе мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.
Көрсетілетін қызметті берушіге хат арқылы жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар тігіледі, нөмірленеді, көрсетілетін қызметті алушымен әр парағына қол қойылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошталық байланыс арқылы) берген кезде – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы болып, құжаттар топтамасын қабылдаудың тіркеу нөмірін, күні мен уақытын көрсете отырып өтініштің көшірмесінде қойылған көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің мөрі табылады;
портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
  • 1
10. Энергия аудиторларына кандидатты аттестаттаудан бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлікті, энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1125 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12566 болып тіркелген) бекітілген рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, немесе Нұр-Сұлтан қаласы, 010000, Сол жағалау, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
11-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, немесе көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол берілді.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шығымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі, шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті алушының Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.comprom.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (24.02.2017 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты портал арқысы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-48-60. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
«Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
Нысан
 _________________________________________ (уәкілетті органның атауы) ________________________________________ (мекенжайы) ______________________________________ Тегі,аты,әкесінің аты (бар болған кезде) _________________________________________ ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________ (мекенжайы, телефон, электрондық мекенжайы) __________________________________________
Өтініш
 Мені, ______________________________________________________________, (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) ____________________________________________________________________
Энергия аудиторы ретінде аттестаттауды сұраймын.
 Осы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1. __________________________________________________________________ 2. __________________________________________________________________ 3. __________________________________________________________________ 4. __________________________________________________________________ 5. __________________________________________________________________
 Осы өтінішпен ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғайтын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес ақпараттарды ұсынғаны үшін жауаптылық туралы хабардармын. ________________________________________________ ______________ (Тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде) (қолы)
«Энергия аудиторларына
кандидаттарды аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
Нысан
 _________________________________________ (уәкілетті органның атауы) _________________________________________ (мекенжайы) ______________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) _________________________________________ ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________ (мекенжайы, телефон, электрондық мекенжайы) __________________________________________
Өтініш
 ____________________________________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Энергия аудиторы аттестатының телнұсқасын беруді сұраймын.
 ______жылғы « » ___________№ _____аттестат мындай жағдайлар кезінде жоғалды: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
 Құжаттарды ұсынамын: 1._____________________________; 2._____________________________.
 Осы өтінішпен ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғайтын құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес ақпараттарды ұсынғаны үшін жауаптылық туралы хабардармын. ________________________________________________ ______________ (Тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде) (қолы)