Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 23 Қаулысы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 14997 тіркелді
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Банктерді қадағалау департаменті(Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы(Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі ________________________ 2017 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________________ 2017 жылғы «___» _________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы «28» қаңтардағы № 23 қаулысымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.11.2020 жылғы № 114 Қаулысына сәйкес (19.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3.«Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне өтуге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы жөніндегі өтініш нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 216 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4430 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы туралы өтініш нысанын бекіту туралы»;
«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы туралы өтініш нысаны бекітілсін.»;
қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.04.2026 жылғы № 70 Қаулысымен (16.04.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2026 жылғы № 68 Қаулысына сәйкес (07.04.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.04.2026 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес (16.04.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 жылғы № 30 Қаулысымен (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.04.2026 жылғы № 89 Қаулысына сәйкес (20.04.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.04.2026 жылғы № 66 Қаулысына сәйкес (07.04.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.04.2026 жылғы № 58 Қаулысына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.04.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес (28.01.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 216 қаулысына қосымша
Нысан
_________________________________________
(депозиттерге міндетті кепілдік беруді
жүзеге асыратын ұйымның атауы)
Күні 20__ жылғы «____»__________
Өтініш
Екінші деңгейдегі банк __________________________________________
_________________________________________________________________
(банктің толық атауы)
(бұдан әрі - Банк) _____________________________________________________
___________________________________________________________ негізінде
(жарғы, бұйрық, сенімхат немесе өзге құжаттың)
іс-әрекет ететін, ______________________________________________________
______________________________________________________________атынан
(лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты(ол бар болса)
депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін банктің қосылу шартына қосылады.
Банк қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу бойынша операцияны қоса алғанда, банктік операцияларды жүргізуге арналған 20____ жылғы «____»_____________ лицензияны 20____ жылғы «____»_____________ алды.
Банк «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» 2006 жылғы
7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында және қосылу шартында көзделген қатысушы банктің міндеттемелерін өзіне қабылдайды.
Банк деректемелері:
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
____________________________________________________________________
анықтамаға сәйкес банктің қазақ және
____________________________________________________________________
орыс тілдеріндегі атауы)
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)
____________________________________________________________________
туралы анықтаманың куәліктің берілген күні)
____________________________________________________________________
(заңды мекенжайы)
____________________________________________________________________
(нақты мекенжайы)
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
___________________________________________________________________
корреспонденттік шоттың нөмірі)
___________________________________________________________________
(банктік сәйкестендіру коды)
Бірінші басшы ______________________________________ __________
(тегі, аты және әкесінің аты(ол бар болса))(қолы)
Мөр орны (бар болса)
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 жылғы № 30 Қаулысымен (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 5-қосымша
5-қосымша күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 жылғы № 30 Қаулысымен (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 6-қосымша
6-қосымша күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 жылғы № 30 Қаулысымен (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |