«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14943 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 26 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.03.2023 жылғы №36 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6174 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 маусымдағы № 249-250 (26648) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде:
«14) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің құрамында бар:
бөлім меңгерушісінің кабинеті;
дәрігерге дейінгі кабинет;
акушерлік қабылдау (қарау) кабинеті;
әлеуметтік қызметкер/психолог кабинеті;
салауатты өмір салты кабинеттері/диабет, демікпе, артериялық гипертензия, тууға дайындау, жас ана және басқа бейіндер бойынша мектептер;
денсаулық сақтау жастар орталығының кабинеттері;
білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттерді.»;
«36. Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің мамандары МСАК шеңберінде профилактикалық қызметтерді, білім беру ұйымдарының медициналық пункттерінде халыққа амбулаториялық деңгейде, үйге барып әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді, олар мыналарды қамтиды:
1) № 685 бұйрыққа сәйкес профилактикалық және скринингтік бағдарламаларды іске асыруды;
2) салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен сабақтастықты ұйымдастыруды;
3) қызмет көрсетілетін аумақтық учаскелер бөлігінде скринингтік қарап-тексеруге жататын тіркелген халықтан тұлғалар тізімін жасауды;
4) қажетті көлемді көрсете отырып профилактикалық қарау және скринингтік зерттеп-қараулар өту қажеттігі туралы тіркелген халықтың нысаналы топ тұлғаларын атаулы хабарландыру (тұрғылықты орны бойынша және жұмыс орны бойынша). Профилактикалық қарау және скринингтік зерттеп-қарауларға шақыра отырып атаулы хабарландыру тұрғылықты орнына, сондай-ақ қызметкерлердің тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде профилактикалық қарау және скринингтік зерттеп-қараулар өтуі қажеттігі туралы жұмыс берушінің хабарламасымен жұмыс істейтін тұлғаларға жұмыс орны бойыша жеткізіледі;
5) профилактикалық қарау және скринингтік зерттеп-қарауларға жататын тұлғаларды, оның ішінде бейінді мамандармен зерттеулер көлеміне сәйкес қараудың уақыты мен кестесін анықтау;
6) жүргізілген профилактикалық қарау және скринингтік зерттеп-қараулар нәтижелері бойынша аурудың қаупі факторлары бар халықтың нысаналы тобын қалыптастыру және мониторингілеу;
7) аурудың қаупі факторлары бар тұлғаларды және науқасарды салауатты өмір салтын насихаттау салауатты өмір салтын қалыптастыру, профилактика әдістері бойынша оқыту жүргізу;
8) бейіндер бойынша денсаулық, жастар денсаулық орталығы мектептерінің, егде адамдар клубының қызметін ұйымдастыру;
9) аурудың созылмалы формалары бар тұлғаларға тұрақты негізде қамқоршылық жүргізу;
10) № 630 бұйрығына және уәкілетті органмен бекітілген әдістемелік ұсыныстарға сәйкес тіркелген халыққа психологиялық көмек және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету;
11) № 907 бұйрығына сәйкес статистикалық есеп және есептілік, оның ішінде электрондық форматта, сондай-ақ статистикалық мәліметтер талдауын жүргізу.»;
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріЕ. Біртанов
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |